§21.Гаметогенез. адам гаметогенезінің кезеңдері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

§21.Гаметогенез. адам гаметогенезінің кезеңдері

Материал туралы қысқаша түсінік
ЖАҢА ҚМЖ; 11.2.1.1. - адам гаметогенезін түсіндіру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

11 сынып ҚГБ №29

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Адам гаметогенезінің сатылары. §21.Гаметогенез. адам гаметогенезінің кезеңдері. БЖБ (20-мин)

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

Көбею

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 11 «а» ҚГБ

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Адам гаметогенезінің сатылары. §21.Гаметогенез. адам гаметогенезінің кезеңдері. БЖБ (20-мин)

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

11.2.1.1. - адам гаметогенезін түсіндіру;

Сабақтың мақсаты:

адам гаметогенезін түсіндіреді және көбею бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмасын орындайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


"Үш сұрақ – бір жауап" әдісінің мақсаты:

Оқушылардың тақырыпты терең түсініп, сұрақтар арасындағы байланысты анықтау арқылы қорытынды жасау қабілетін дамыту және алған білімін жүйелеу.


Тапсырма

1-сұрақ: "Гаметалар қай жасушалық бөлінудің нәтижесінде түзіледі?"

2-сұрақ: "Мейоз қандай кезеңдерден тұрады?"

3-сұрақ: "Гаметалардың атқаратын басты қызметі қандай?"

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.

Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды.


Тапсырма жауабы:

Гаметалар мейоз нәтижесінде түзіледі.

Мейоз екі кезеңнен тұрады: мейоз I және мейоз II, олардың әрқайсысында профаза, метафаза, анафаза және телофаза бар.

Гаметалардың басты қызметі – ұрықтану арқылы генетикалық ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу.

Жалпы жауап: Гаметогенез.

Дескриптор:

Мейоздың гаметалар түзілуіндегі рөлін түсіндіреді – 1 балл.

Мейоз кезеңдерін толық атайды – 1 балл.

Гаметалардың қызметін нақты сипаттайды – 1 балл.

Үш сұрақтың жауабының "гаметогенез" екенін анықтайды – 2 балл.

Сұрақтардың өзара байланысын анықтайды – 1 балл.

Интерактивті панель

Презентация


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж

Оқушылардың назарын аудару

"Неліктен? Неге? Не үшін?" әдісінің мақсаты:

Оқушылардың сыни ойлауын дамыту, сұрақтар арқылы себеп-салдарлық байланыстарды анықтауға және материалды ғылыми тұрғыдан талдауға ынталандыру.


Тапсырма

Сабақ барысында әр кезең бойынша осындай сұрақтар қойыңыз:

"Неліктен сперматогенезде төрт сперматозоид түзіледі, ал овогенезде бір ғана аналық клетка қалыптасады?"

"Неге овогенездің кейбір кезеңдері балалық шақта тоқтап, кейін белсендіріледі?"

"Гаметаларсыз ұрпақтың пайда болуы мүмкін бе?


«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.


Сперматозоидтың пішіні бейімделгіштікке ие:

Сперматозоидтың басындағы арнайы ферменттер жұмыртқа жасушасының қабығын "ерітіп", ұрықтануға мүмкіндік береді. Оның құйрығы сперматозоидқа жылдам қозғалу үшін қажет.


Жұмыртқа жасушасының өміршеңдігі қысқа:

Әйелдің жұмыртқа жасушасы овуляциядан кейін шамамен 24 сағат бойы өміршең болады. Егер осы уақыт ішінде ұрықтану болмаса, ол жойылады.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.


Жауабы:

"Неліктен сперматогенезде төрт сперматозоид түзіледі, ал овогенезде бір ғана аналық клетка қалыптасады?"

Жауабы: Сперматогенезде барлық бөлінулер тең, себебі сперматозоидтардың саны маңызды. Ал овогенезде цитоплазма бір жұмыртқа клеткасына шоғырланып, болашақ ұрықтың қорегі үшін қажет.


"Неге овогенездің кейбір кезеңдері балалық шақта тоқтап, кейін белсендіріледі?"

Жауабы: Овогенез I профазада тоқтап, жыныстық жетілу кезінде гормондардың әсерімен қайта белсендіріледі. Бұл аналық клеткалардың артық түзілуін болдырмау үшін қажет.


"Гаметаларсыз ұрпақтың пайда болуы мүмкін бе? Не үшін?"

Жауабы: Табиғи жолмен мүмкін емес, себебі гаметалар генетикалық ақпаратты тасымалдайды. Бірақ жасанды әдістерде, мысалы, клондау арқылы, гаметасыз ұрпақ алуға болады.

Дескриптор:

Сперматогенез бен овогенез арасындағы айырмашылықты дұрыс түсіндіреді – 1 балл.

Овогенездің тоқтау кезеңдерін гормоналды тұрғыдан негіздейді – 1 балл.

Гаметалардың маңыздылығын анық түсіндіреді – 1 балл.

Әр сұраққа ғылыми тұрғыдан болжам жасап, жауап береді – 2 балл.

Сұрақтардың өзара байланысын анықтайды және қорытынды жасайды – 1 балл.

Интерактивті панель

Презентация


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж


https://www.youtube.com/watch?v=2cFzM3YO3io



Сабақтың мақсатын таныстыру

11.2.1.1. - адам гаметогенезін түсіндіру;


Оқу мақсаты бойынша

Дәйек сөз немесе цитата:

"Өмірдің жалғасуы – тек гаметалардың түзілуі мен ұрықтанудың үйлесімділігінде."

Эрнст Геккель


"Гаметалар – болашақ өмірдің іргетасын қалап, ұрпақтар арасындағы көпір болып табылады."

Жан Батист Ламарк


Кілт сөздер (жұп/топ бөлу үшін):

Гаметогенез

Сперматогенез

Овогенез

Мейоз

Гаметалар

Ұрықтану

Аналық жасуша

Сперматозоид

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.


Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж

Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: Адам гаметогенезінің фазаларын сипаттайды; Практикалық дағдылар: Адам гаметогенезін зерттеп, талдайды; Функционалдық сауаттылық: Адам гаметогенезінің маңызын түсіндіреді;

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация



Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты таныстыру


«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


Оқушылар жаңа сабақ бойынша дайын кестені дәптерге түртіп жазады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация


Оқушыларға бағыт бағдар беру

"Кім не біледі?" әдісі

Мақсаты: Гаметогенез тақырыбын оқушылардың бір-біріне түсіндіруі арқылы меңгерту.


Тапсырма:

Сыныптағы оқушыларды топтарға бөліп, әр топқа бір фаза туралы ақпарат беріңіз (көбею, өсу, пісіп-жетілу, қалыптасу). Әр топ өз фазасын басқа оқушыларға ауызша түсіндіреді.


Жауап үлгісі:

Бір топ көбею фазасын сипаттайды.

Басқа топтар сұрақтар қойып, талқылайды.

Дескриптор:

Өз фазасын дұрыс түсіндіреді – 3 балл;

Басқа топтарға қойылған сұрақтарға жауап береді – 2 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж

Практикалық тапсырмалар беру.

"Гаметогенез кестесін толтыр" әдісі

Мақсаты: Гаметогенез кезеңдерін салыстыра отырып, олардың ерекшеліктерін түсіну.


Тапсырма:
Оқушыларға гаметогенездің негізгі кезеңдері мен процестері көрсетілген бос кесте беріледі.
Олар сперматогенез бен овогенездің сипаттамаларын кестеге толтырады.

Кесте үлгісі:

Кезең

Сперматогенезде

Овогенезде

Көбею

Бастапқы жасушалар митоз арқылы көбейеді

Бастапқы жасушалар митоз арқылы көбейеді

Өсу

?

?

Пісіп-жетілу

?

?

Қалыптасу

?

?



Жауап үлгісі:

Өсу: Цитоплазманың көбеюі мен ДНҚ репликациясы.

Пісіп-жетілу: Мейоз нәтижесінде 4 сперматозоид немесе 1 аналық жасуша түзіледі.

Қалыптасу: Толыққанды гаметалар түзіледі.

Дескриптор:

Кестені толтыру кезінде гаметогенез фазаларын дұрыс анықтайды – 3 балл;

Әр кезеңнің сипаттамасын нақты көрсетеді – 2 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж

Бағалау

«Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары»

Мақсаты: Оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін қорытындылау дағдыларын дамыту.

Оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Дескриптор ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель

Презентация



Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

"Мен нені түсіндім?" әдісі

Мақсаты: Сабақ мазмұнын жүйелеу және оқушылардың негізгі идеяларды қысқаша, нақты қорытындылап жеткізу дағдыларын дамыту.


Тапсырма:

Оқушылар үш сөйлеммен сабақтан алған білімін қорытындылайды:

Гаметогенез дегеніміз не?

Оның қандай фазалары бар?

Оның биологиялық маңызы қандай?

Оқушы жауабы:

Оқушы гаметогенездің анықтамасын жазады.

(Мысалы: "Гаметогенез – жыныс жасушаларының түзілу процесі").

Гаметогенездің кезеңдерін ретімен жазады.

(Мысалы: "Көбею, өсу, пісіп-жетілу, қалыптасу фазаларынан тұрады").

Гаметогенездің биологиялық рөлін түсіндіреді.

(Мысалы: "Гаметогенез генетикалық ақпаратты ұрпаққа жеткізу үшін маңызды").

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация



Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Үйге: 2 тоқсанда өтілген тақырыптар мен оқу мақсатын қайталау.

2 тоқсанда өтілген тақырыптар мен оқу мақсаттарын қайталайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Биология 11-сынып, Автор: А.Ф.Ковшарь, Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева, Б.Т.Ибраимова, С.А.Куприй, Алматы «Атамұра» баспасы 2020 ж


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


Бөлім

Мазмұны

Уақыт (минут)

Кіріспе

- Гаметогенездің анықтамасы.
- Процестің биологиялық маңызы мен негізгі ерекшеліктері.

1-2 мин

Көбею кезеңі

- Ерлерде сперматогониялар, әйелдерде овогониялардың митоз арқылы көбеюі.

2 мин

Өсу кезеңі

- Біріншілік гаметалардың пайда болуы.
- Хромосомалардың екі еселенуі (ДНҚ репликациясы).

2 мин

Пісіп-жетілу кезеңі

- Мейоз I және мейоз II процестері: хромосомалар санының азаюы.
- Генетикалық әртүрлілік.

3-4 мин

Пішінделу кезеңі

- Сперматозоидтардың қозғалғыш формасын алуы.
- Әйелдерде бұл кезеңнің болмауы.

2 мин

Гаметогенездің ерекшеліктері

- Ерлер мен әйелдер гаметогенезін салыстыру (мысалы: үздіксіз процесс және циклдік процесс).

2 мин

Қорытынды

- Гаметогенездің ұрпақ жалғастырудағы рөлі.
- Қызықты дерекпен аяқтау.

1-2 мин



Оқушының аты-жөні:_____________________________________________________________сыныбы_____


11 КГБ 2-БЖБ


«Координация және реттелу» «Көбею» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Оқу мақсаттары:

11.1.7.1 - биологиядағы басқару жүйесін сипаттау;

11.1.7.2 - гормондардың әсер ету механизмін түсіндіру;

11.1.7.3 - өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер етуін зерттеу;

11.2.1.1. - адам гаметогенезін түсіндіру;


1-тапсырма. Жүйкелік және гуморальдық реттеу бойынша тұжырымдарды жіктеңіз. (2)

Тұжырымдардың мысалдары:

  1. Жүйке жасушалары арқылы іске асырады.

  2. Электр импульстары және медиаторлардың көмегімен іске асырылады.

  3. Бұлшық ет қысқаруының бір ғана реттеуіші болып саналады.

  4. Психикалық үдерістердің өтуін қамтамасыз етеді.

  5. Биологиялық белсенді заттар арқылы іске асырады.

  6. Баялау іске асырылады.


Жүйкелік реттелу

Гуморальдық реттелу

 

 

 

 

 

 

 


2-тапсырма.

2 (а) Адреналин гормонының гомеостазға әсерін кестеге толтырыңыз. (2)

 

Бауыр

Жүрек

Тері

Өкпе

Адреналин

 

 

 

 

 


2 (ә) 5.1 графикті пайдаланып, адреналин гормонының қанда глюкоза мөлшерін арттыруға әсер ету механизмін сипаттаңыз. (2)

3-тапсырма.

3.1.Кестеде гормондардың бір немесе бірнеше әсерінің сипаттамасына сәйкес келетін белгілерді қойыңыз. (2)

3.2.D резервуарында сақталған көмірсуларды атаңыз

………………………………………………………………………………………………(1)

3.3.А-да глюкоза айналатын сақтау қосылысын атаңыз ………………………………………………………………………………………………(1)


Гормонның әсері

инсулин

 

глюкагон

D резервуарындағы көмірсулардың мөлшерін азайтады

 

 

 

А арқылы қан глюкозасының жоғалуына ықпал етеді

 

 

Ақуыздың ыдырауына ықпал етеді, сондықтан С глюкозасына көбірек түседі.

 

 

Е-де ағып кету жылдамдығын арттырады

 

 


4-тапсырма.
«Шындық / Жалған» әдісі. Төменде берілген сипаттамалардың шындық немесе жалған екенін анықтаңыз.(2)

Сипаттамалары

ШЫНДЫҚ

ЖАЛҒАН

1

Цитокининдер жасушалардың ұзаруына және көбеюіне ықпал етеді.

 

 

2

Абсциз қышқылы – газ тәрізді, жемістердің пісіп жетілуі үдерісін жылдамдатады.

 

 

3

Ауксиндер лептесіктердің жабылуына ықпал етеді.

 

 

4

Цитокининдер өсімдік ДНҚ-мен өзара әрекеттесіп, оның әртүрлі нәруыздарды түзуіне кедергі келтіреді.

 

 


5-тапсырма.Төменде гаметогенез процесі сызбасы берілген. (3)

Х,Ү, Z жасушаларын атаңыз

Х...........................................

Ү..........................................

Z..........................................

Q және G деп белгіленген жасуша бөліну түрін анықтаңыз.

................................................................................(2)


Балл қою кестесі


Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

биологиядағы басқару жүйесін сипаттайды;

1

жүйкелік және гуморальдық реттеу бойынша тұжырымдарды жіктейді;

2

гормондардың әсер ету механизмін түсіндіреді;

2 (а)

адреналин гормонының гомеостазға әсерін анықтайды;

2

2 (ә)

адреналин гормонының қанда глюкоза мөлшерін арттыруға әсер ету механизмін сипаттайды;

2

өсімдіктердің өсуіне стимуляторлардың (өсіргіш заттар) әсер етуін зерттейді;

3.2

D резервуарында сақталған көмірсуларды атайды;

1

3.3

А-да глюкоза айналатын сақтау қосылысын атайды;

1

4

берілген сипаттамалардың шындық немесе жалған екенін анықтайды;

2

адам гаметогенезін түсіндіреді;

5

Х,Ү, Z жасушаларын атайды;

3


Q және G деп белгіленген жасуша бөліну түрін анықтайды;

2

Барлығы

15






МӘТІН

Гаметогенез сатылары

Гаметогенез-жыныстық жасушалардың түзілу процесі. Ол жыныстық бездерде – гондарда (ұрғашыларда және ұрғашыларда) өтеді. Әйел адам ағзасындағы Гаметогенез әйел жыныс жасушаларының (аналық жасушалардың) пайда болуына байланысты және овогенез деп аталады. Ер адамдарда ерлер жыныс жасушалары (сперматозоидтар) пайда болады, олардың пайда болу процесі сперматогенез деп аталады.


Гаметогенез кезеңдері


1. Көбею сатысы. Кейіннен ерлер мен әйелдер гаметтері пайда болатын жасушалар сперматогония және овогония деп аталады. Бастапқы жыныс жасушалары митозбен бірнеше рет бөлінеді, нәтижесінде олардың саны айтарлықтай артады. Сперматогония ерлер ағзасында репродуктивті кезең ішінде көбеюде. Овогонияның көбеюі эмбрионалды кезеңде жүреді.

7 айдың соңына қарай овоциттердің басым бөлігі I мейоз профиліне өтеді.

Егер одинарлы гаплоидті жиынтықта хромосомалардың санын N ретінде, ал ДНҚ санын с ретінде белгілесе, онда көбею сатысындағы жасушалардың генетикалық формуласы митоздың синтетикалық кезеңіне дейін (ДНҚ репликациясы болған кезде) 2n2c және одан кейін 2n4c сәйкес келеді.


2. Өсу сатысы. Жасушалар мөлшері ұлғаяды және І ретті сперматоциттер мен овоциттерге айналады. Бұл кезең I мейоздың интерфазасына сәйкес келеді. Осы кезеңнің маңызды оқиғасы – хромосомалардың өзгермеген Саны кезінде ДНҚ молекулаларының репликациясы. Бұл кезеңде жасушалардың генетикалық формуласы 2n4c сияқты көрінеді.

3. Жетілу сатысы. Екі тізбекті бөлінулер орын алады – редукциялық (мейоз I) және эквациялық (мейоз II), олар бірге мейозды құрайды. Бірінші бөлуден кейін (мейоза I) ІІ ретті сперматоциттер мен овоциттер (n2c генетикалық формуласы бар), екінші бөлуден кейін (мейоза II) – ұрықтар және үш редукциялы торлы жетілген аналық жасушалар (nc формуласы бар), олар өледі және көбею процесіне қатыспайды. Осылайша, пісу сатысының нәтижесінде І ретті бір сперматоцит (2n4c формуласымен) төрт сперматид (nc формуласымен) береді, ал І ретті бір овоцит (2n4c формуласымен) бір жетілген аналық жасушаны (nc формуласымен) және үш редукциялық Тельц құрады.


4. Қалыптастыру сатысы немесе спермиогенез (тек сперматогенез кезінде). Осы процестің нәтижесінде әрбір жетілмеген сперматид жетілген сперматозоидқа (nc формуласымен) айналады, оған тән барлық құрылымдарды сатып алады. Сперматидтер ядросы тығыздалады, функционалды инертті болатын хромосомалардың шамадан тыс жиналуы орын алады. Гольджи кешені ядро полюстерінің біріне ауысады, акросоманы қалыптастырады. Ядроның басқа полюстеріне центриолдар ұмтылады,оның біреуі жгутиктерді қалыптастыруға қатысады. Жгутик айналасында бір митохондрия спиральды бұрылады. Барлық цитоплазма сперматидадан бөлінеді, сондықтан сперматозоидтың басы дерлік жоқ.

























Жұптық жұмыс

«Сипатта, анықта,түсіндір» әдісі.

«Гамотогенез кезеңдері»


Сұрақтар:

  • Гамотогенездің көбею сатысында жүретін үдеріс....

  • Гамотогенездің өсу сатысында.....

  • Гамотогенездің жетілу сатысы....

  • Гамотогенездің қалыптасу сатысы.....



«Қызметін сипаттау» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма және сұрақ қойылады.


  1. Сперматозоид құрлысы

  2. Жұмыртқа жасушасы құрлысы


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.12.2024
228
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі