Материалдар / «21ғасыр көшбасшысы»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«21ғасыр көшбасшысы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас мамандарға қосымша көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
393
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


«Алматы облысының білім басқармасы» мемлекеттік мекемесінің «Талдықорған қаласының облыстық есту қабілеті бұзылған балаларға арнайы мектеп-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бесбаева Аида Есимхановна



Мұғалімнің алғашқы сөзі: -Армысыздар, ұлағатты ұстаздар, жадыраған жас достар, сайысқа қатысушы үміткерлер! Бүгінгі өткізілгелі отырған «21ғасыр нөшбасшысы» атты интеллектуалды ойынына қош келдіңіздер! «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе – білім» деп ұлы жазушымыз М.Әуезов айтқандай, бұл сайыста оқушылар өз білімдері мен алғырлықтарын көрсетпек.

Бәйгеге түсіп жарыспай
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие, тәлім табар мән.
Бұл бәйге ойдың бәйгесі
Кім жүйрік ойға, сол алда,-дегендей, бүгінгі интеллектуалды ойынымыз сайыс түрінде өтеді.

Беташарын додамыздың бастайық,

Көпшілікті бір серпілтіп тастайық

Ортамызды сайыскермен толтырып,

Қошеметпен шақырайық қол соғып!

Ал бұл сайыстың әділ бағасын беретін әділқазылар алқасымен таныстырып өтейін.

Сайысымыз 6 кезеңнен тұрады:

1.Сәлем сөздің атасы

2.Зымыран сұрақтар

3.Сөз мерген

4.Ойлы болсаң, озып көр

5.Полиглот

6.Сөз ойла, тез ойла

7.Ғажайып алаң


1-кезең Сәлем- сөздің атасы. Әр оқушы өздерін таныстырады.

2-кезең Зымыран сұрақтар. Бұл кезеңді оқушыларымызды жылдамдыққа, тапқырлыққа сынаймыз. 15сұрақ қойылады, қойылған сұрақтарға жылдам әрі дұрыс жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 10ұпай беріледі.

  1. «Бәйтерек» монументінің биіктігі неше метр? 97м

  2. Қазақстанда неше облыс бар? 14

  3. Төрт түлікті ата

  4. Аспан мен жердің түйіскен жері? Көкжиек

  5. 10ның квадраты 100

  6. Ата, әже, әке, ана, бала кімдер? Отбасы

  7. 1тоннада неше кг бар? 1000кг

  8. «Менің атым Қожа» әңгімесіндегі жағымсыз кейіпкер? (Жантас)

  9. Қазақ тілінде неше сөз табы бар?

  10. «Қазақ хрестоматиясын» жазған кім?

  11. Абайдың туған жылы? (1845ж)

  12. «Ақылды» сөзінің түбірі (Ақыл)

  13. «Мұғалім» сөзінің синонимі (ұстаз, оқытушы)

  14. Компьютер қасына қойылатын өсімдік (кактус)

  15. Мағыналары бір-біріне қарама-қарсы сөздер (антоним)

  16. Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, малшашпақ)

  17. 1-желтоқсан қандай күн?

  18. Дүниежүзіне көп тараған тіл? (Ағылшын тілі)

  19. Жеті ата? Ата, әке, бала,немере, шөбере, шөпшек, туажат

  20. Н.Ә.Назарбаевтің оң қолының таңбасы бар тұмар «Аялы алақан» композициясы



3-кезең Сөз мерген

Берілген сөздерден фразеологизмдер құра. Әр дұрыс жауап 10 ұпай

4-кезең Ойлы болсаң, озып көр. Күнделікті өмірде қолданылып жүрген тыйым сөздерден жарыс, бір- бірін қайталамайды, әр айтылған сөзге 3ұпайдан алады.

5-кезең Полиглот Мақал-мәтел беріледі жасырын тұрған сөзді қазақ, орыс тілінде айту керек.Толық жауап 10ұпай, ал бір тілде айтылса 5 ұпай

1) Өнер алды ..... тіл.(қызыл, красный)

2) Тіл тас жарады, тас жармаса...... жарады. (бас, голова)

3) Ел іші ....бесік. (алтын-золото)

4) Аузың біреу, ...... екеу. (құлақ, ухо)

5)..... инемен құдық қазғандай. (білім, знание)

6) Көз- қорқақ, ....- батыр. (қол-рука)

4) ..... оттан да ыстық. (Отан- Родина)

5) Жаман жігіт жасында..... болар(Шал-старик)


6-кезең Сөз ойла, тез ойла Қолдарыңа сөздер беріледі, сол сөздердің синоним, антоним сыңарларын табу керек.

Үлкен, ертеде, таңертең, ұсақ, баяу, батыр, жақында, жолдас.


7-кезең Таңғажайып алаң. Пәндер бойынша сұрақтар берілген, сұраққа дұрыс жауап берсендер сол ұпайға ие боласыңдар.

Математика

10 9 7 4 =7 дұрыс амалды қой

20 Жазықта қиылыспайтын түзулер (паралель)

30 Рационал сандар деп қандай сандарды атайды?(Бүтін сандар,теріс сандар,оң сандар, бөлшек сандар, рационал сандар)

40 Бөлмсде 10 маса мен 2 өрмекші бар, әр өрмекші 3 масадан жеп қойды. Бөлмеде неше маса қалды? (4 маса)

50 Ләйләнің үш бүтін екі жарты және төрт ширек алмасы бар. Ләйләда неше алма бар? (5 алма бар)

60 Аксиома мен теореманың айырмашылығы неде? (Аксиома-дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым. Теорема-дәлелдеуді қажет ететін тұжырым)


Қазақ тілі, әдебиет, орыс тілі

10 Главные члены предложения? Подлежащее, сказуемое

20 Халық ауыз әдебиетінің түрлері? Аңыз, ертегі, жұмбақ, шешен сөздер

30 Состав слова? Корень, окончание, приставка, суффикс, основа слова

40 Есімдіктің түрлерін ата

50 Мұқағалидың бір өлең шумағын жатқа айт

60 Есімшенің жұрнақтарын ата

Тарих, география, биология

10 Қазақстан қандай материкте орналасқан?Еуразия

20 Қалталы сүтқоректі? Кенгуру

30 Қан жасушаларын ата? Эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер

40 демократия деген сөзді қалай түсінесіңдер? Демократия дегеніміз халық билігі деген сөз

50 ҚР қандай мемлекет? ҚР демократиялық, зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет

60 22 жасында орыс география қоғамына мүше болған қазақ саяхатшысы? Ш.Уәлиханов

Әр түрлі сұрақтар

10 Қазақ елін бір тудың астына біріктірген хан? Абылайхан

20 Қазақтың батыр қыздары

30 Үш бәйтеректі ата

40 Жыртқыш құстарды ата

50 Күн жүйесіндегі ғаламшарларды ата

60 Баяу жүретін жәндік



Ұшқыр ойға серік болсын шеберлік,

Сөз кезегін қазыларға берелік

Арамызда тапқыш достар көп екен,

Солардың біз нәтижесін көрелік,- деп сөз кезегін әділқазыларға береміз












































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!