22 НАУРЫЗ - “ЖЫЛ БАСЫ - АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ” сценарии

Тақырып бойынша 11 материал табылды

22 НАУРЫЗ - “ЖЫЛ БАСЫ - АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ” сценарии

Материал туралы қысқаша түсінік
22 НАУРЫЗ - “ЖЫЛ БАСЫ - АРМЫСЫҢ, ӘЗ НАУРЫЗ”
Материалдың қысқаша нұсқасы

Армысың әз Наурыз

Кіру: Балалар екіге бөлініп отырады. (Лия,Нұрайлым,Айана,Азалия,Аяла,)кірмейді.

Жүргізуші:

Армысың Наурыз мереке,ырыс,береке

Қош келдің сені,күтуде бүгін кең өлке.

Армысың Наурыз! Қуаныш болып кір төрлет.

Ел болып саған, көрсетіп жатыр саған сый құрмет.

Бүгін БАЛБӨБЕК ауылында қасиетті ораза айына тұспа-тұс келген ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР! ҰСТАҒАН ОРАЗАЛАРЫҢЫЗ ҚАБЫЛ БОЛСЫН.

Наурызым бабабамның сөзі

Наурызым анамның сөзі.

Ғасырдан ғасырға кеткен,

Даламның сөзі.

Ән: Әз,Наурыз топпен айтады.

Әжелер ортаға шығады тілек айтып наурыз мерекесімен құттықтайды. (Қыздарға киіз басуды,құрт жасауды,ою оюды үйретеді) (киіз басуға:Раяна,Жасмин,Дина,Лия,Амина),(Құрт жасау: Айлин,Ясмин,Айана,Лия,Аяла),(ою оюға шығады: Азалия,Нұрайлым,Даннэль,Нұикамал,Мөлдір)

Жұмыстарын біткен соң , дастарқанға жайғасады , дастарқанға сол үйдің иесі атасы да , келіп отырады.

Осы кезде сүйінші сұрап Атымтай кіреді. Апа сүйінші,сүйінші қара биеміз құлынды болды,сүйінші.

Ата : сүйіншісін бер баланың (СҮЙІНШІНІ БЕРЕДІ)

Осы кезде апа сүйіншінің мағынасын түсіндіреді,Қымыз мұрындық бие байлап алғашқы қымыз ішу тойы. Құлын байлап бие сауылып оның сүті қорланып ашытылған соң,күні бойы жиналған қымызға,ақсақалдар мен көрші-қолаңдар қымыз мұрындыққа шақырылады.Яғни алғашқы қымыз адамдарға салтанатпен ұсынылып көпке бұйырсын деген тілекпен беріледі.Айналайын құрметті қонақтар ,бүгінгі мінекей наурыз тойына арналған үлкен дүбір тойымызда,сіздердің осы күні осы үйде дастарқанда орырған сіздер құтты қонақ болдыңыздар.Осы құтты қонақтарымыз,бүгінгі қымызымыздан ауыз тисін.Қане келінжан қымызыңнан құйып жібер.Қымыздан ауыз тиіп шәшу шашып той-тойға ұлассын деп тілек айтады.

Тәрбиеші: Рақмет сіздерге әжелер,дастарқанға жайғасып төрге шығыңыздар!

Ал,енді қазақ халық ертегісі «Алтын сақа» ертегісін тамашалаңыздар. (аудио запись қосылады)

Мыстан: Уһ,бәлем қолыма түстің бе? Сені ұстауды армандап жүр едім.

Әкесі : Ойбай,ойбай жіберші қылқынып барамын.

Мыстан: Сен маған не бересің?

Әкесі: Бір отар қой беремін,ат басындай алтын берейін жібер мені

Мыстан: Жо-оо-қ маған қойда,алтында,жылқыларыңда керек емес,жалғыз балаңды бер,әйтпесе жаныңды аламын.

Әкесі: Жалғыз баламды Алладан сұрап алғанмын саған қалай беремін? Жарайды,жарайды жалғыз Кенжебек деген ұлымды берейін.

Мыстан: Онда келісемін,оны қалай бересің?

Әкесі: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар, соны саған беріп кетейін. Балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап аларсың.

Ертесінде ауыл көшеді,ал бала болса сақасын іздеп жылайды.

Әкесі: Не болды балам,неге жылап отырсың? дейді

Бала: Мен алтын сақамды жоғалтып алдым,балалармен ойнайын десем сақам жоқ.

Әкесі: Ой ақымақ басым ай кеше ауылдан көшкенде сол жаққа ұмытып кетіппін.Өзің барып алып келе ғой.

Бала: жақсы әке мен тез барып келейін.

Автор: Жылқысына мініп бала көшкен ауылына келеді.Келсе ескі пештің жанында алтын сақасы жатыр екен.Оның жанында мыстан кемпір отыр екен.

Бала: апа,апа анау сақамды алып беріңізші. (Айнар)

Мыстан: Ой, мен отырсам тұра алмаймын,тұрсам отыра алмамын.Өзің ал(бала еңкейіп сақасын ала бергенде,мыстан ұстап алады.)

Бала: ой апатай- апатай жіберіңіз,мені үйде әкем күтіп отыр.

Сол кезде ортаға қыздар шығады.

Қыздар: Апа,апа Кенжебекті жіберіңізші.

Мыстан: Жібермеймін,сендер маған би билеп беріңдер.

Қыздар: Қыздар жүріңдер би билеп берейік,сол кезде Кенжебекті босатып қалар.

Би: «Қазақ биі»

  1. Даннэль 1.Айлин А

  2. Раяна 2.Дина

  3. Ясмин 3.Мөлдір

  4. Нурикамал 4.Жасмин

  5. Айлин Р 5.Амина

Жүргізуші: Ал, жалмауыз қыздардың биін тамашаладың ,енді Кенжебекті жіберетін шығарсың?

Мыстан: жоқ жібермеймін бұл би маған аз.Наурыз тойы болып жатыр дейсіңдер, ұлттық ойындарың қайда? Мен соны көргім келеді, жақсылап ойнасаңдар мүмкін ойланып көремін.

Ұлттық ойын: Көкпар

1.Айнар

2.Атымтай

3.Бекжан

4.Мансұр

5.Ерасыл

6.Дияр

Жүргізуші: Қазағымыздың ұлттық ойыны КӨКПАРды тамашаладыңыз, енді ұлдарымызбен, қыздарымыздың айтысын тамашалаңыз.

(Осы кезде ұлдарды шығарып жіберемін)



Мансұр: Мансұр ұлың мен болам.

Әке шешем мақтаған,

Жарыс десе жайнаймын.

Намысымды қорғаймын



Мөлдір: Өнердің ашып есігін

Шешендік сөзбен көсілдім

Таныстырсам өзімді,

Мөлдір менің есімім.



Мансұр; Ал, Мөлдір сұлу қыз

Қандай күшті бұрымың

Қасыңдағы қыздардың,

Ішіндегі сұлу қыз



Мөлдір: Мені мақтап не істейсің?

Білем өзім сұлумын

Дайынсың ба? Мектепке

Соны айтып білдіргің.

Екеуі бірге: Оу, халайық,халайық,

Әсем әнге салайық.

Наурыз тойын көңілді

Бірге қарсы алайық.

Жүргізуші: Ал, мыстан балаларымыздың өнерін тамашаладыңыз,енді Кенжебекті жіберетін шығарсыз?

Мыстан: Мен қыздардың биін тамашаладым, енді нағыз жігіттердің биін тамашалағым келеді.

Жүргізуші: Ал, қанекей ЖІГІТТЕР! Намысты қолдан бермейік. (БАТЫРЛАР) биі.

1. Атымтай

2. Мансұр

3. Ерасыл

4. Бекжан

5. Айнар

6.Дияр

Мыстан: Рақмет! Сендер өнерлі екенсіңдер,Кенжебекті жіберейін, алтын сақасын да, берейін. Ал мен енді жақсы көңіл күймен қайтайын. Сау болыңдар!

Жүргізуші: Балалар біз мыстанның көңілінен шықтық,көңілімізді көтеріп ән салайық.

Ән: Жау,жау жаңбыр.Топпен айтады.

Жүргізуші:

Көңіл бөліп қараңыз

Жалындап тұр ғой баламыз.

Көрсетсін қане өнерін

Қол соғып қарсы аламыз.

Біздің айдай сұлу қызымыз Нұрикамалдың «АСЫЛ ӘЖЕМ» әнін қабыл алыңыздар!

Жүргізуші: Рақмет саған Нурикамал өнерің,өрге жүрсін.

Жүргізуші:Біз үлкеннен бата алып үйренген халықпыз,атамыздың батасын алайық.

Жүргізуші:Рақмет ата,осымен Әз,Наурыз атты ертеңгілігіміз аяқталды,келгендеріңізге көп рақмет,келесі кездескенше қош сау болыңыздар!

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
06.02.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі