22 Наурыз - Наурыз мейрамы (Жыл басы -
Наурыз)
Мақсаты:
Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат
беру;
Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін дәріптеуге
тәрбиелеу;
Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй керегесі, ұлттық
бұйымдар.
Барысы:
І Кіріспе
Мейрам өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар
ұлттық киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна жасалынады.
Ұлағатты сөздер:
«Наурыз құтты болсын!»
«Жыл басы- наурыз!»
«Наурыз құт әкелсін!»
«Құт береке мейрамы Наурыз жасасын!»
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Тәрбиеші: Армысыздар құрметті қонақтар. Ұлыс күндеріңіз
құтты
болсын!
Келе жатыр жылымыз,
Мейрамдаймыз мұны біз.
Халқы сүйген мейрамды
Қарсы алайық Наурызды!
(Әжесі мен Наурыз қыз ортаға
келеді. Әжесі шашу шашады)
Наурыз қыз:
Наурыз тойы-береке,
Наурыз тойы-жыр аңыз.
Қызып дулы мереке
Қызық думан құрамыз.
1
бала: Жылдың
басы-Наурыз
Күліп шықпас үйден
кім?
Пісіріп әжем сары
уыз
Ауыз аққа тиген
күн
2
бала: Наурыз келді,
балалар
Көктерді қыр
жағалар,
Наурыз тойын
тойлайық,
Жаңа жылда, балалар
ІІ. Негізгі
бөлім:
Құрметті қонақтар, сіздерге арналған бақша бүлдіршіндерінің «Алтын
сақа » ертегісінің желісімен қойылған «Жыл басы- Наурыз» атты
ертеңгілігімізді тамашалауға шақырамыз.
Көрініс.
(Шал қолында қамшысы бар, қой жайып
жүреді)
Шал: Шек, шеку , ей кебенек! Мына
ешкілер әбден мазамды алды. «Қой бақтым қоңырау тақтым, ешкі бақтым
еңіреп бақтым » деген осы екен ғой. Уһ, әбден шаршадым, дем
алайыншы,- деп малдас құрып отыра кетеді.Сол кезде артынан Мыстан
кемпір келіп шалды қылқындыра бастайды.
Мыстан: Уһ, бәлем қолыма түстің
бе?
Шал: Ойбай, ойбай жіберші, қылқынып
барамын.
Мыстан: Сен
маған не бересің?
Шал: Бір
отар қой беремін.
Мыстан: Жоқ
маған қой керек емес, балаңды бер әйтпесе
жібермеймін.
Шал: Жәрәйді, жалғыз Кенжебек деген ұлым бар еді ,
соны ал.
Мыстан: Онда келісімін, оны қалай
бересің?
Шал: Баламның жақсы көретін алтын сақасы бар , соны
саған беріп кетейін, балам алтын сақасын іздеп келгенде өзің ұстап
ал.
- Міне, алтын сақа,- деп қалтасынан алтын сақасын алып береді де
өзі кетіп қалады.
Мыстан алтын сақаның жанында отырады.
( Бала сақасын іздеп шығады)
Бала: Апа, апа анау сақамды алып
беріңізші?
Мыстан: Ой,
мен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын, өзің ал.
Бала еңкейіп сақаны ала бергенде мыстан оны шап беріп ұстап алады.
Осы кезде қыздар Кенжебекті іздеп шығады.
Қыздар: Кенжебек, Кенжебек, қайдасың? Біз сені іздеп
жүрміз.
Осы кезде ортаға Мыстан атын шығып, қыздарды қорқытады. Қыздар
қорқып бірінің артына бірі тығылады.
Мыстан: Сендерге Кенжебек керек болса , менің шартымды
орындаңдар.
Қыздар: Орындаймыз, апа орындаймыз.
Мыстан: Онда маған Наурыз туралы тақтақ айтып
беріңдер.
(Балалар Наурызға байланысты жаттаған тақпақтарын
айтады)
3 бала
: Ата-бабам
тойлаған,
Наурыз,армысың?
Қызығына
тоймаған,
Дақан дала, қарлы
шың
Мыстан: Жарайсыңдар!
Қыздар: Апа ,енді Кенжебекті жібересіз
бе?
Мыстан: Жоқ, маған енді өнерлеріңді
көрсетіңдер
( Балалар Наурызға арналған ән, билерін ортаға салады) Ән
Наурыз
Мыстан: Ой, рахмет, көңілім көтеріліп
қалды ғой.
Қыздар: Енді, жібересіз
бе?
Мыстан: Жібермеймін, (ойланып тұрып)
қане ойын ойнандар (Тақия тастаман )
Ұлттық ойындар ойналады.
Мыстан: Қандай күшті балалар. Бірақ
мен Кенжебекті жібере алмаймын, менің қарным ашты.
(Қыздар жиналып ақылдасады)
Қыздар: Апа, мынау ұялы телефон ,
мұнымен барлық жермен сөйлесе
аласың,өлең тыңдайсың, ойын ойнайсың, суретке
түсесің.
Мыстан: Қане, әкел бері көрейін.
Мыстан телефонды алып бұрышқа қарай барғанда қыздар Кенжебекті алып
шығып кетеді.
Мыстан: Әй,әй тоқтаңдар..
- Алло, Таусоғар, Желаяқ ұстаңдар
аналарды!
Тәрбиеші: Мына атпен шауып келе жатқан
батыр кім болда екен?
( Тақтақтатып Махамбет келеді)
Махамбет: Мына халық не үшін жиналған?
Ел басына тағы қандай күн туды
деп ат басын бұрып едім.
Тәрбиеші: Дұрыс жасағансыз батыр. Бізде
Наурыз мерекесі өтіп жатыр.
Төрге шығып тойымыздың қадірлі қонағы болыңыз.
- Балалар Бұл кісі Махамбет батыр , өзі ақын, ел басына небір ауыр
күн туғанда ел қорғаған батыр ағамыз осы
кісі.
ІІІ.
Қорытынды:
Тәрбиеші: балалар бүгінгі мейрамға бізге
бата беруге арнайы Қызыр атамыз
да келіпті. Келіңіз, ата төрлетіңіз.
Қызыр ата батасын береді.
Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!
Дендеріміз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барлық халық бақытты болсын,
Қош ,сау болыңыздар, халайық!
Көріскенші күн жарық болсын!
Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Көжеден дәм татыңыздар.