жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
22 наурыз ертеңгілік
Мақсаты:Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы мағлумат беру. Қазақ салт-дәстүрлерін,ұлттық ойындарын дәріптеуге тәрбиелеу;Имандылық,инабаттылық,ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.
Көрнекіліктер мен керекті құралдар: киіз үй, ұлттық ойындарға керек заттар,
Барысы:
Мейрам өтетін жер салт дәстүрге байланысты жабдықталған.Киіз үй құрылып,сахна жасалынған.Балалар ұлттық киімдерімен келеді.
Залда әсем әуен ойнап тұрады.
Көрініс:
Тәрбиеші -балалар : сәлембердік әже,сәлембердік ата!
Ата: амансыңдарма құлындарым өркендерің өссін! (қыз баланың маңдайынан сүйеді)
Әже: ой құлындарым амансыңдарма!
Немере:Ата әже бүгін дастархан ерекше жайылыпты ғой,бүгін қонақ келе ме?
Әже: Бүгін ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесі балам,наурыз мерекесі тоқшылықтың мерекесі сондықтанда әр шаңырақта қазан оттан түспейді ,әр үйде осындай дастархан жайылып тұрады. Наурыз мерекесінде самарқанның көк тасы жібіп,ренжіскен адамдар бір-бірімен татуласатын сондай берекелі де мерекелі күн.
балам бұл күні адамдар өкпе ренішті ұмытып,әр үйде ойын сауық мереке болады.
Келіні:Ұлыстың ұлы күнінде наурыз көже әзірледім наурыз көжеден дәм татыңыздар.
Әже:шырағым Наурыз көжені ішсен бір жыл бойы тоқ боласың,жасыңа жас қосылады.Бұл наурыз көжеден тойып іше ғой құлыным.
Немере:жеңге бүгінгі наурыз көжең ерекше дәмді екен.Ішіне не қостың?
Келіні: бұл қазақта жеті деген сан киелі,сол жеті түрлі дәмнен жасалатын наурыз көже деп аталады.бұл наурыз көжемізде сүр етіміз,қатығымыз,нанымыз,жүгеріміз тұз су болады.наурыз күні әр шаңырақта оттан қатық түспейді,тоқшылық болсын,молшылық болсын деген ниетте жасалады.
Немере:Бүгін сіздерге көп сұрақ қойып мазаларыңызды алдым-ау деймін,бірақта көп сұрақтың жауабын алдым,өзіме көп нәрсе түйдім,қазақтың наурыз мейрамы өте жақсы мейрам екен соны түсіндім.
Ал қыздар наурыз мерекесінің қызығы бұнымен бітпейді,бұл күні әр ауылдың жас кәрілері наурыз тойын думандатып тойлайды жастар бірімен әзілдесіп,жұмбақтар жасырып,салт дәстүрлерін,ұлттық ойын ойнап өз өнерлерін көрсетеді.Сондықтан да бүгінгі наурыз мерекесіне көрші ауылдар келіп салт дәстүрлерін жаңғыртып,өз өнерлерін көрсетпекші.Сондықтанда бізде қалыспай өз өнерлерімізді көрсетуіміз керек.Дайынсыңдарма
Мерген ауылының қыздары әндетіп,шашу шашып ішке кіреді:
-Армысыздар жамағат ұлыс оң болсын наурыз мерекесі құтты болсын.Шашу шашады.
Жүргізуші: қош келдініздер төрлетіңіздер.
Музыкамен алдар көсе келеді.
Алдар Көсе:
Мен, Алдармын, Алдармын,
Досымын адал жандардың.
Жақсыға талай серік боп,
Жаманды талай алдадым.
Ассалаумағалейкум армысыздар жамағат,армысыздар арулар,ал наурыз мерекесі құтты болсын!(Қолын кеудесіне салып иіледі)
Жүргізуші:Қош келдіңіз алдеке
Алдар :Наурыз тойын ауыл ауылдан келіп дүркіретіп тойлайын деп жатыр дегенді естіп бар шаруамды тастап ұшып келдім.
Жүргізуші:ойпырмай бұл не шаруа соншама
Алдар:жердің шетін іздеп жүр едім,бір жағынан осы маңнан табылыпта қалар деп ойладым,көрмедіңдер ме арулар?
Жүргізуші: ой алдеке,бізді бұлай алдай да алмайсыз, алдымен төрге шығып отырыңыз басқа қандай өнеріңіз бар екенін сосын көреміз.
-Қош келдіңіздер көршілес ауылдастар.
-Барлық ауыл жиналған секілді.
(осы кезде жарапазан айтып үш бала кіреді)
«Жарапазан»
1-бала :Алақай наурызда тәттіге тоятын болдық
2-бала;Енді көрші ауылға барып жарапазан айтайық
3-бала: Жүріңдер ,жүгірелік
(үшеуі үш столдан тәттілер алады,шығып кетеді)
Жүргізуші: Міне көрші ауылдың балалары да жарапазан айтты.Ендеше наурыз мейрамын әсем әнмен ашайық.
Ән: наурыз
Жүргізуші. Ал, Алдеке сіздің ауылдан бастайық.Алдаудан басқа қандай өнер ала келдіңіз.Қарап отырсам,жалғыз келмеген екенсіз, қасыңыздағы шәкіреттеріңіз болды ау шамасы. Қалдай алдауды үйретіп жатқан шығарсыз, сірә.
Алдар: жоқ,керісінше,бұлар адайдың балалары, өте өнерлі балалар,бидің түбін түсіреді,Ал адайдың балалары ,келіңдер өнерімізді көрсетейік, аттың басын жіберейік.
Би адай.
Жүргізуші: ой бәрекелді
Алдар. Ол олма,керек десеңіз адайдың балалары наурызға арнап тақпақта айтып береді.
Балалардың тақпақтары.
Осман: Қарды ерітіп жылғасы
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың.
Мансұр: Наурыз тойы тамаша
Наурыз тойы жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жаңаша
Амирхан: Ой халайық халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Ахмет: Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы.
Нұрсұлтан: Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің.
Жүргізущі: Ал қыздар бізде қалысамызба, наурызға арнаған тақпағымызды айтып берейік.
Қыздардың тақпақтары
Нұрбибі: Құт бауырсақ шашылып
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Еөрімдігін асырсын.
М.Айша: Наурыз келді еліме
Наурызкелді жеріме
Байлықбақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне
Д.Айша: Наурыз тойым наурыз тойым
Құтты болсын халайық
Кәне достар кәне достар
Шырқап әнгесалайық.
Жүргізуші: ал адайдың балалары ойынға қалай екен.
Алдар көсе: Өөй біздің жігіттер ойынды да жақсы ойнайды.
Жүргізуші: Ал ендеше көрейік,Адайдың балаларының қайсысының күші басымырақ екен. Ұлттық ойынымыз күш сынасу ойынын ойнайық.
Алдар көсе: Ойнасақ ойнайық.
Ұлттық ойын: Күш сынаспақ.
Жүргізуші: Ал асық атуға қалай екен.
Ұлттық ойын: асық ату.
Жүргізуші: Қарап тұрсам мергендер ауылында тек жастар жиналған екен.Бұның мәнісі неде болды екен.
Мергендер ауылы:
-Бүгін ауыл жастары болып қазақтың ұмытылып бара жатқан бастаңғы салт-дәстүрін жаңғыртып жатырмыз.
Жүргізуші: Сонда бастаңғы дегеніміз қандай дәстүр?
Мергендер ауылы: -Бастаңғы -үйдің үлкендері алыс жолға жол жүріп кеткенде, ауыл жастары сол үйге жиналып «жолауышлардың бастары аурымасын,бастаңғы жаса» деп,жастардың басы қосылып сол үйде бастаңғы жасайды.Міне бүгінде үйдің үлкендері ұзақ жолға шығып кетіп,сол үшінде бүгін ауыл жастары жиналып бастаңғы жасап жатқан жайымыз бар.Бастаңғыда жастар бірі бірімен әзілдесіп,ұлттық ойындар ойнап,өз өнерлерін көрсетеді.Бастаңғыны тек жастар жасайды.
Жүргізуші: ой, бәрекелді,жастарға арналған өте бір керемет дәстүр екен.
Мергендер ауылы: Бүгінгі ұлыстың ұлы мерекесі наурыз мейрамын ауыл –ауыл болып жиналып тойламақшы дегенді естіп, келіп жатырған жайымыз бар. Бізде өз өнерімізді көрсетпекшіміз.
Жүргізуші:.Ал ендеше мерген ауылының қыздарының өнерлерін тамашалайық..
Мергендер ауылы: қыздар келіңдер өзіміздің қамажайымызды билейік.
Би: «қамажай»
Мергендер ауылы: Бүгінгі наурыз мерекесін тек жастар емес үлкендерде тойлайтын мейрам .Сондықтан, біз ұлттық тағам «белкөтерер» асын дайындап келдік,
Жүргізуші: ал жеңеше белкөтерер деген қандай тағам,не мағына береді?
Мергендер ауылы: Белкөтерер деген тіске жұмсақ болатындай сары май жент ірімшік бал қосып дайындалатын ас.Үлкен кісілердің көбінесе тісі болмайдығой сол үшін жегенде ауызға жұмсақ татымды болсын деп жасалатын астың бір түрі.Біздің көнеден келе жатқан ұлттық асымыздың бірі болып саналады.
(үлкендерге таратып береді)
Жүргізуші:Ал ендеше қыздармен бірге ұлттық ойынымыз теңге ілу ойынын ойнайық.
Ұлттық ойын: теңге ілу.
Жүргізуші: Ендігі кезекті көрші ауылымызға берейік,Мергендер ауылының жастары бастаңғы дәстүрін жаңғыртып жатыр.Сіздер Ұлыстың ұлы күні қандай дәстүрді жаңғыртып отырсыздар
Әже: Бүгін менің кішкентай немерем Әминаның тұсауын кеспекшіміз.
Тұсаукесер-сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып,ырым.Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады.Сол жіппен баланың аяғын тұсап оны жүріс -тұрысы ширақ әйелге қидырады.Сүрінщек жәйбасар адамға баланың тұсауын кестірмейді.Тұсаукесердің жібін дайындаудың бірнеше түрлері жолдары сенімдері де
бар. Көбейіп көгере берсін деп көк шөптен есіп жасайды.Бай болсын деп малдың тоқ ішегінен де өреді.Адал болсын деп ала жіптенде жасайды.
Біз мінеки адал болсын,біреудің ала жібін аттамсын деген ниетте баланың тұсауын ала жіппен кескелі жатырмыз.
Жүргізуші: Бәрекелді ендеше тұсаукесер рәсімін тамашалайық.
«Тұсаукесер»рәсімі.
Әже: дәстүр бойынша баланың ата анасы тұсау кесушінің кәдесін беру керек. Кәдеңізді ала қойыңыз.(тұсау кесушіге орамал береді)
Жүргізуші: Ал , ендеше, Әминаның тұсаукесер рәсіміне арнап қыздарымыз «қарлығаш»биін билеп берсін.
Би:«қарлығаш»
Көрші ауыл: Біз бүгін наурыз мейрамында дайында латын «ұйқыашарды» дайындап әкелдік.
Жүргізуші: ал ұйқыашар дегеніміз не мағына білдіреді,ол қандай тағам?
Көрші ауылы: Әз Наурыздың ерекше салт-дәстүрі «ұйқыашар» мен «селткеткізер». Наурыз мейрамында жастарды табыстырға арналған бір керемет дәстүр. Қыздар жағы өздері ұнатқан жігітке «ұйқыашар» дайындап әкеліп берген,ал жігіт өзінің сезімін білдіру үшін «селтеткізер»ұсынған. Селтеткізерге айна,тарақ,ұлттық бұйымдар берген. Ұйқыашарды ет,тәтті уыз сиқты дәмді тағамдардан жасайды.Бұрындары ұйқыашарға бұлақтың таза суын да берген.Біз бүгін етті уызға салып дайындап әкелдік.
Жүргізуші: Ой бәрекелді,наурыз мейрамында өте керемет дәстүрлер көп екен.
-Ал ендеше өнерлеріңізді де тамашалайық.
Ән: «Балқадиша»
Жүргізуші. Ой бәрекелді көрші ауылдың қыздары өнерлі екен.
-Ал алдеке сіз отырып қалдыңыз ғой, бір бимен құтыла алмайсыз.жігітке жеті өнерде аз деген.сізді бір сынап алайын.Жұмбақ шешуге қалай екенсіз
Алдар: шешсек шешейік
Жүргізуші: Мінгені қалқатайдың белең екен
Жігіттің бір өнері өлең екен.
Қалқатай жұмбағымды шешіп берші
Бірінші жылға кірген немене екен?!
Алдар: Дүние ойлап тұрсаң ұшан теңіз
Құрбыңнан жұмбағыңыз болсын деңіз
Болжайын сен сұрасаң мен айтайын
Бірінші жылға кірген тышқан деңіз.
Жүргізуші: Жарқылдан соң жаңағы
суды бөкті аралап
Көкте түрлі жолақта
Өрмек түрлі ғаламат.
Бұл не екен?!
Жүргізуші -ай Алдеке таба алмайсыз ау.Бұл кемпірқосақ қой.
Ал.ендеше Алдеке сізді қинамай ақ қояйын,барлықтарыңызға ортақ наурыз мерекесіне қатысты сұрақтар қояйын,білімдеріңізді тексеріп жіберейін.
Наурызкөк –наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.Қарасы шағын ғана осы құсты шығс елі күтіп жүреді.Оны алғаш көргендер «наурызкөк келдіңе»деп шақырып, жем шашады.Наурызкөкті ешкім қумайды,үрітпейді екен.
Наурыз төл- наурыз айында мал төлдей бастайды.Олар наурыз төл деп аталып,төл басыретіндебағаланып,малжанды қазақ баласы оны ерекше күтіп бағады.Төл юасы сатылмайды,ешкімге сыйғаберілмейді.
Наурыз есім-наурыз күнінде немес айында ьуғандарды халық бақытты санған.Сондай себеппен оларға наурыз есімін беретін болған.
Наурызша-наурыз айыныда жұп жақа мамықтайқар жауса,соны наурызшадеп атаған.
Жүргізуші:Ой бәрекелді, өте білімді екенсіздер.
-Домбырасыз ән барма
Домбырасыз сән барма
Ән мен күй бар өмірде
Отта лаулап жанбайма
-Нағыз қазақ қазақ емес ,нағыз қазақ домбыра демекші, ал жеңеше қара домбыраңыздан бір шертіп жіберіңіз.
Күй домбыра
Жүргізуші:ал қыздар әр ауылдың билерін әндерін тамашаладық,енді бізде қалыс қалмай пиаламен би билейік.
Би: пиаламен би
Алдар көсе: пай-пай керемет
Жүргізуші: енді ұлттық ойындарымызды жалғастырайық.
Қазақтың бір керемет ұлттық ойыны жаяу тартыс.Жігіттерді тағы бір сынайық.
Ортаға екі ойыншы шықсын, мына екі басы біріктіріліп түйілген арқанды екеуі бірдей екі жағынан мойындарына іліп,екі қолтығының астынан жібереді де, екі жаққа еңбектеп белгіленген жерге дейін бірін бірі тартып жету керек.Қайсысы сүйреп жетсе сол ойыншының ұтқаны.Ойын кішкене қызығырақ болсын деп, әрқайсысына белгіленген жерге тақия қойдым, ал ойыншылар бірін бірі тартып,сүйреп сол тақияны алу керек.
Ұлттық ойын: Жаяу тартыс.
Жүргізуші: енді жігіттеріміз қыздарымызды қуып жете алама екен көрейік.Ұлттық ойынымыз қыз қууды ойынайық.
«Қыз қуу»ойыны.
Жүргізуші: Өте бір қызықты ойын болды.
-Ал әже көрші ауылдардың өнерлерін көрдік,салт дәстүрлерін тамашалдық.Ұлттық ойындарымызды ойнадық.Осындай жиында аластау рәсімін өткізейік.
Әже: Ал халайық жиналып қалған екенбіз өздеріңді отпен аластап жіберейін.
«Алас,алас бәле жаладан алас,жаңару күніне жақсылықпен жетейік.»
Бұл ұлыстың ұлы күні «саумалық» айтылады: «Саумалық,саумалық !Ескі жыл есіркей кет,жаңа жыл жарылқай кел! Ұлыс оң болсы, ақ мол болсын !(ыдыс сындырады)
Жүргізуші: әже саумалық деген не мағына білдіреді,жеңгеміз ыдысты неге сындырды?
Әже: Шырағым бұл саумалық дегеніміз адамдардың қуанышты көңілмен жаңа жылға енуі.Бұл жаңа жылда саумалық айтып жақсы тілектер тілейді.Жаңағы жегеңнің сындырған ыдысы ескі жылдағы қайғы қасірет жаманшылық пен өкпе реніштің бәрі осы шынының сынығымен кетсін деген ырым қарағым.
Жүргізуші: Расымен де ескі жылдағы қайғы қасірет өкпе реніш сол шының сынығымен кетсін халайық,жаңа жылда әр отбасы тек қуаныш пен жақсылыққа толы болсын.
-Наурыздың 21-нен 22-не қараған түні даланы қыдыр аралайды екен.Сол себепті осы түні «Қыдыр түні»деп аталады екен.Қыдыр ата даланы кезе жүріп назары Жерге түссе оның тон кеудесін жібітеді,ал тасқа түссе тасты ерітіп жібереді екен. Наурыз мерекесінде Қыдыр атадан бата алсақ, шаңырағымыз жылылыққа шаттыққа қуанышқа толы болады екен.
1 бала :Алақай алақай қыдыр ата келе жатыр!
Жүргізуші: Ал ендеше Қыдыр атамызды қарсы алайық.
(музыкамен Қыдыр ата келеді)
Қыдыр ата: Армысыздар жамағат!
Ұлыс оң болсын
Ақ мол болсын!
Жүргізуші: Армысыз қыдыр ата!Бүгін Ұлыстың ұлы күні,Наурыз мейрамын ауыл-ауыл болып жиналып тойлап жатырмыз.
Ұлыс
күні қазан толса,
Ол жылы ақ мол
болар,
Ұлы кісіден бата алса,
Сонда
олжалы жол болар.
- деп бүгінгі наурыз
мерекесіне батыңызды беріңіз.
Бата :Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Аман сақтап төл басын,
Еккен егін солмасын,
Орта толып ырысқа,
Бейбіт өмір орнасын.
Бостандықтың ордасын
Періштелер қорғасын.
Бесіктегі бөпеңнің
Бақайшығы тоңбасын.
Бақыт ашып қақпасын,
Мәңгі-бақи жаппасын.
Пәле-жала қазақты
Іздесе де таппасын!
Әумин!
Жүргізуші: Қазақтың салтында ұзақ жолға шығып келген адам,базарық әкелуші еді.Сіз енді өте ұзақ жолды жүріп келдіңіз. Біздің балаларға базарлық әкелдіңізбе?
Қыдыр ата: әрине,ұзақ жол жүріп келдім,базарлығымды да ала келдім!Ал келіңдер құлындарым,міне сендерге базарлық.Өркендерің өссін құлындарым!
(Балаларға базарлық таратады)
Жүргізуші:
Ата салтын бабамның,
Алып келді ұлыс
күн.
Бір анадан туғандай,
Бір ұядан
ұшқандай.
Бір аспанның астында,
Бір
дастархан басында.
Береке - бірлік
болсын деп,
Наурыз көжеден дәм
татып,
Күшейтейік бірлікті
-Ендеше жеңгеміздің әзірлеген наурыз көжесінен дәм татайық.
(наурыз көже,бауырсақ таратылады.)
Жүргізуші: ендеше халайық келіңдер ортаға шығып ұлттық биіміз қара жорғаны билейік.
Ұлттық
би қара жорға.
(барлығы
ортаға шығып дөңгеленіп «қара жорға»
биін билейді)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар,ата – аналар,ұжымдастар,бүгінгі Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арналған «Жаңа жылым қош келдің!» атты мерекелік шарамыз аяқталды. Ұлыстың ұлы күні Наурыз мейрамы әр шаңыраққа тек шаттық, қуаныш,жақсылық әкелсін.Мерекеден мерекеге жете берейік.Келесі наурызға дейін аман сау болайық!
Қарды ерітіп жылғасы
Наурыз келді жыл басы
Шуақ төкті жарық күн
Мейрамында халықтың.
Наурыз тойы тамаша
Наурыз тойы жаңаша
Табиғатта тамаша
Тамылжып тұр жаңаша
Ой халайық халайық
Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді
Бірге қарсы алайық
Наурыз жауын наурыз сән
Әсем әуен сазды ән
Қыз бозбала қыдырған
Жасыл желек көк аспан
Күттіріп келген жыл басы
Бізбен бірге жырлашы
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы.
Осыншама жақсылық
Алып келген Наурызым
Төрлет бізге нұр беріп
Шуақ шашып ақ жүзің.
Құт бауырсақ шашылып
Наурыз тойы ашылсын
Бір бірімен мына жұрт
Еөрімдігін асырсын.
Наурыз келді еліме
Наурызкелді жеріме
Байлықбақыт тілеймін
Бүкіл қазақ еліне
Наурыз тойым наурыз тойым
Құтты болсын халайық
Кәне достар кәне достар
Шырқап әнгесалайық.

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген