400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·20.10.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

22 Наурыз күні мерекесіне ашық сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
ашық сабақ балабақшаға 22 Наурыз мерекесі
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сценарий тақырыбы: 22 Наурыз мерекесі!

Сценарий мақсаты: Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесін тойлау. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып жайында қарапайым түсінік беру. Ата-бабаларымыздың кейінгі ұрпаққа мирас еткен асыл мұрасын қадірлеп, қастерлеуге, қасиетін түсінуге баулу.

Жүргізуші : Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,



Жап-жасыл болып кетті дүние жаңғырып.



Жақсылыққа жаршы болған Наурызым!



Сен өмірдің көктемісің мәңгілік!





Жүргізуші : Уа, халайық, халайық!



Ақ сандықты ашайық,



Бұл мереке, бұл тойдың



Шашуларын шашайық!



Ән: Наурыз тойы



Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.



Жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,



Сыйла, бақыт баршаға.



Сәбидің әсем шат үнін



Тыңдат абзал анаға.



Наурыз – достық,



Наурыз – күн.



Барша халық бірлігі.



Тағы келді ұлыс күн.



Жүргізуші: Наурыз ұлттық мереке болғандықтан, қазақтың салт-дәстүрлері туралы айтып кету де дұрыс деп санаймыз.



Бесікке салу салт дәстүрі



Би:



Жүргізуші : Ал балалар енді сендерді қазақтың ұлттық ойындарын ойнауға шақырамыз.



1. Асық ойынынан жарыс



2. Арқан тартыстан жарыс

3. Қол күрестен жарыс



Жүргізуші :



Ерітіп қарын даланың,



Жинатып гүлін саланың.



Жетелеп жұмсақ самалын,



Келді Наурыз – жыл басы.



Күлімдеп қарап күміс күн,



Аспаның бүркіп пүліш түн.



Ұлы күні Ұлыстың,



Келді Наурыз – жыл басы!





Жүргізуші:



Қашанда құт – береке орнасын деп,



Тойларда шашу шашу - салты елімнің.



Уа, халайық! Теріп ал несібіңді,



Қабыл болсын, жамағат, ақ тілеуің!

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
30.09.2025
71
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі