Бекітемін:
«Успех GOLD-8» ЖШС
«Асыл бесік» балабақшасының
меңгерушісі
____________ А. Мамырбаева
« » « » 2023жыл
Қош келдің, Наурыз!
22-наурыз Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне арналаған ертеңгілік
«Балапан» орта топ
Тәрбиеші: Тилейхан К
Мұхатова Ж.С.
Музыка жетекшісі: Шапатов Н.М.
2022-2023 оқу жылы
Мақсаты:
Білімділік: Ұлыстың Ұлы күні 22-наурыз мерекесімен, ұлттық тағам түрлерімен таныстыру;
Дамытушылық: Ата-бабамыздан келе жатқан бесікке салу салт-дәстүрі, асық туралы түсінік қалыптастыру және халық ауыз әдебиетінің кейіпкері Тазша бала туралы білімдерін кеңейту
Тәрбиелік: Туған жерді, салт-дәстүрді және үлкендерді құрметтеуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Мерзімі: 14.03.2023жыл
Уақыты: 9:35-9:55
Өтетін орыны: 22-наурызға сай безендірілген музыка залы
Қатысушылар: Балабақша меңгерушісі, әдіскер, музыка жетекшісі, жүргізуші, Ата-Әже, келін балалар және қатысушылар.
Кейіпкерлер: Ата-әже, Қыдыр ата – Сайлау Тілеужан, Келін- Аяулым Ануарханқызы, Тазша бала- Мухатова Жансая Серікқызы.
Көрнекіліктер: Бесік, қуыршақ, домбыра, түбек, конфет, дорба, асық.
«Наурыз» әні әуенімен балалар залға келеді, төрде ата мен әже күтіп алады.
Балалар жайғасып, орындыққа екі жаққа бөлініп отырады.
Ата: Қош келдіңдер, менің кішкентай немерелерім! Келіңдер жоғары шығыңдар! Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамы құтты болсын!
Әже және келін: Қайырлы күн тәрбиешілер, балалар және қонақтар!
Жүргізуші: Армысыздар құрметті қонақтар, амансыздар ма ата-әже! Ұлы Наурыз мерекесі құтты болсын! Күлімдеген көктеммен бірге қазақ даласына Жаңа жыл келді! Жаңа жылда армандарыңыз орындалсын! Ақ мол болсын! Бақшамыз әнмен жырға толсын! Балалар, міне ата-әжеміздің үйіне де келдік! Қараңдаршы, қандай керемет!
-
Балалар атыңдаршы қазір жылдың қай мезгілі?
-
Көктем мезгілі.
-
Иә, көктем мезгілінде қар еріп, күн жылынады. Бүгін біз сендермен Наурыз мейрамын қарсы аламыз. 22-Наурыз мейрамында күн мен түн теңеліп, жер шуаққа кенеледі. Балалар, бүгінгі күн ерекше күн! Ертеде бұл күні ата-әжелеріміз жақсы киініп алып, бір-бірінің үйіне қонаққа барған! Және мерекенің жалғасы әнмен биге, көңілді ұлттық ойындарға жалғасқан екен! Ендеше ата-әжемізге және келінге арнап тақпақ айтып берейік.
Муратханов Дамир:
Наурыз бұл мереке,
Құтты болсын береке.
Бақытбек Ясмин:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Мұратбек Дария:
Қыдыр ата келсін,
Жақсы тілек әкелсін.
Көңілді музыка әуенімен Қыдыр ата кіреді
Қыдыр ата:
Армысың Халқым,
Армысыңдар жас балалар,
Көктем келді, Наурыз келді,
Жер көгерді, тал гүлденді.
Дастарханын жайып дархан,
Жақсылық пен бақыт шашқан
Наурыз той құтты болсын!
Әже: Ал балалар, бүгінгі мерекеге тағы қандай сыймен келдіңдер?
Жүргізуші: Ұлыстың ұлы күніне арнап дайындаған балаларымыздың тағы да тақпақтары бар.
Әже: Жақсы, ендеше тыңдайық
Тақпақтар:
Мұратбеков Айсұлтан:
Наурыз тойы -тамаша,
Наурыз тойы – жаңаша.
Джамбулов Дінмухаммед:
Той думанға келіңіз,
Тамашаны көріңіз,
Ән айтайық бәріміз,
Қол соғайық бәріміз.
Манарбек Батырхан:
Кел билейік балақай.
Қанатұлы Ермек:
Бізде қарап тұрмайық,
Тойға шашу шашайық.
Теміржанов Алихан:
Наурыз келді еліме,
Наурыз келді жеріме.
Байлық, бақыт тілеймін,
Бүкіл қазақ еліне.
Әже: Жарайсыңдар балалар! Өркендерің өссін!
Осы кезде есік қағылып, Тазша бала келеді.
Тазша бала:
- Сәлеметсіздер ме!? Мында не болып жатыр? Қандай жақсы!
- Сәлеметсің бе!? Бізде Наурыз мейрамы болып жатыр. Біз арнайы апа мен атаға қонаққа келдік. Ал сен кім боласың?
Тазша бала:
-Мен Тазша баламын. Қиындықта әркез жаныңнан табыламын. Балалар сендерді тапқыр, алғыр және ақылды болуға үйретемін.
Жүргізуші: Сендер де маған тамаша өнер көрсетеді деген ойдамын. Менің де сендерге әкелген сыйым бар! (Тазша бала қоржынынан асықтарын алып, ойын ойнауға балалардың назарын аударады. )
Жүргізуші: Ойын ойнап ән салмай, Өсер бала болар ма?- демекші келесі кезекте ойын ойнасақ.
Ойын «Асық ату»
Шарты: Тазша бала қоржынынан асықтарды алып, көмбеге тізеді. Балалар тізулі тұрған асықтарды кезекпен көздеп атады. Кім тигізсе сол жеңімпаз болады.
Мақсаты: Балаларды жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелейді.
(Адеш Али, Рахатов Умар, Сайлау Айсұлтан, Саматов Амир, Бердіқожа Сұлтан)
Тазша бала: Жарайсыңдар, балалар. Ойынды тамаша ойнадыңдар. Жылдам екенсіңдер. Рахмет сендерге! Ал, сіздердің маған көрсетер қандай өнерлерің бар?
Келін: Жақсы ендеше Тазша бала кел дастарханға кел. Наурыздың дәмінен дәм татып отырып тамашала.
Жүргізуші: Қыздарымыз саған арнап би билеп берсін.
Би: «Домбыра»
Тазша бала: Жарайсыңдар, маған қызық болып барады. Наурызға арналған тағы қанда өнерлеріңіз бар?
Жүргізуші: Әжеміздің және келіннің балаларға көрсетер ата-бабамыздың жақсы бір салт-дәстүрі бар екен. Ол «Бесікке салу». Ендеше көрініске кезек берейік.
Салт-дәстүр көрсету «Бесікке салу»
«Бесік жыры» әуені ақырын қосылып тұрады
Мақсаты: Халқымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамын ашып көрсетіп, балалардың көңіл - күйін көтеру. Балаларға наурыз тойы мерекесіне қызығушылығын тудыру.
Балаларға салт-дәстүрден көрініс көрсету. Бесік туралы мағлұмат беру.
Жоспар: (Әже осы жоспар бойынша баланы бесікке бөлей отырып, төмендегі мәтін бойынша балаларға мәлімет береді. Келіні болысады.)
-
Дастархан
-
Ақ жаулықты әже мен ата ұлттық киімде
-
Тыштыма жайлы түсінік беру
-
Шашу
-
Бесік жыры
Әже: Бесікке салу - жаңа туылған бала үшін, қасиетті мүлік, алтын ұя болып есептеледі. Қазақ халқында бесікте тербелмеген адам жоқ. Қазіргі коляскалардан қарағанда, бесіктің пайдасы әлде қайда көп. Атам қазақ баланы босқа бесікте тербетпеген. Ал туылған баланы бесікке салу - қазақ халқы үшін мәртебелі, қасиетті дәстүр болып есептеледі. Қазақтар балаларын бесікке жатқан кезінен бастап тәрбиелейтін. Баланың денесі түзу болып өсуіне бесіктің пайдасы көп. Бала шошып, қорқақ болмауы үшін, қазақтар ертеде бүркіттің, қасқырдың, үкінің тұяқтарын бесіктің басына іліп қоятын.
Баланы бесікке салу – салтанатты рәсім. Бұл рәсімді жасау үшін, арнайы Бесік тойы өткізіледі. Баланың нағашылары келген кезде, бесікті жасап, сыйлық ретінде алып келеді. Дастарханға ішімдік койылмайды. Тек қана қымыз, шұбат, шәй, айран қойылады. Кейін отырыс басталады. Отырыста ән, жыр, әңгіме айтылады. Кейіннен ақ жаулықты әжелер, баланың анасына, баланың күтіміне, тәрбиесіне байланысты, неше түрлі кеңестер айтады. Отырыстан кейін, баланы бесікке салу рәсімі басталады. Баланы бесікке салмас бұрын, баланың бесігіне, жын-шайтан жоламас үшін, адыраспанмен аластайды. Кейіннен баланы бесікке салады. Баланы бесікке елге беделді, жасы үлкен, көп балалы, ақ жаулықты әже салу керек. Содан кейін тыштырма жасалынады. Тыштырма дегеніміз – ерекше ырым. Бесіктің тесігінен кәмпит, құрт және де т.б тәттілер өткізіледі. Жиналған адамдар қолдарын бесіктің астына салады. Өткізілген тәтті олардың алақанына түседі. Бесіктің астына әрбір тәтті зат түскен кезде, бесікке салған адам басқаларға «тышты ма?», деп сұрақты қояды. Жиналған адамдар «тышты,тышты», деп айтады. Осылайша тыштырма ғұрпы, «тышты ма?» деген сөзден шықты. Содан кейін шашуға дайындалған ірімшік, кәмпит, құрт, май, бауырсақ және т.б заттар, шашылады. Жиналғандар қолдарын жайып, шашудан көбірек тәтті заттарды алуға тырысады. Кейіннен әжелер бесікке бірнеше заттар байлайды: бүркіттей көреген болсын деп, бүркіттің тұяғын, егер қыз бала болса, сұлу да көреген болсын деп, еліктің тұяғын, айна немесе тарақ байлайды. Кейіннен балаға Бесік жыры айтылады. Бесік жыры дегеніміз, балаға әуендетіп арналған шумақтар. Бесік жырын адамдар өз ойынан ұйқастырып айта берген. Оны нәрестенің әжесі немесе анасы айтуы абзалырақ.
Жүргізуші: Жарайсыз әже, балаларға салт-дәстүрімізден жақсы мәлімет бердіңіз.
Қыдыр ата мен Тазша бала: Балалар өнерлі, ақылды екенсіңдер. Өркендерің өссін. Біздің тағы баратын басқа да жерлеріміз бар. Келесі жылы кездескенше сау болыңдар. Рұқсат болса біз қатайық.
Жүргізуші: Қонақ болып келіп, балаларымызбен бірге ойнап, көңілдерін көтергендеріңіз үшін сіздерге де рахмет. Сау болыңыздар.
-
Ата мен әжеге балаларымыздың рахметі ретінде тағы бір өнерін қабыл алыңыздар.
Алтай Нұржігіт:
Жылдың басы – Наурыз,
Жердің басы – Наурыз.
Мерекеге арналсын,
Бүгінгі жыр-әніміз.
Қадылбекова Адина:
Көктем келді балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық.
Жүргізуші: Ендеше мейрамымызды жақсы бір әнмен қорытындыласақ.
Ән «Наурыз»
Ата: Жарайсыңдар балалар жақсы өнер көрсеттіңдер. Сол үшін мен сендерге батамды берейін.
Қарық қып құтты Наурыз,
Қазанға толсын сары уыз.
Қайнасын Наурыз көже де,
Толтырып ішкей кесеңе.
Ұлыстың ұлы күнінде,
Көппенен бірге күлімде.
Көбейсін жаңа достарың,
Молайсын елге қосқаның.
Жарасып көңіл хоштығы,
Бекісін халық достығы.
Ішінде жүрсе азғана,
Шайылсын өкпе, наз - нала.
Алдыға сыймай сәбилер,
Құшағын жайсын жаңа үйлер.
Жастардың самсап отауы,
Мейірім төксін Отаны.
Әспеттеп ата дәстүрін,
Әсем боп өссін жас буын.
Кірбің тартпасын кәрілер,
Барыңның дәмді нәрін бер!
Түрлеген
Қазақстанға
Таңғалсын дос та, дұшпан да!
Ата-Әже: Жарайсыңдар, балалар! Өркендерің өссін! Сау болыңдар!
Жүргізуші: Рахмет, әже! Сау болыңыз!
Айтқаныңыз келсін!
Дендеріңіз сау, мықты болсын!
Наурыз тойы келе берсін!
Барша жұрт бақытты болсын!
Еліміздің несібесі көп болсын!
Көріскенше күн жақсы болсын!-деп ертеңгілігізді аяқтаймыз!
«Наурыз-думан» әуенімен топқа балалар қайтады.
Тексерді:
«Успех-GOLD-8» ЖШС
«Асыл бесік»
балабақшасының әдіскері:
Рашова А.М.__________

жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
22 наурыз Орта топ

шағым қалдыра аласыз