Қош келдің,
Наурыз!
Сценарий
мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы
мағлұмат беру; Балаларды елін , Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрін
дәріптеуге тәрбиелеу; Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін
қалыптастыру. Сценарий көрнекілігі: газеттер, нақыл сөздер, киіз үй
керегесі, ұлттық
бұйымдар. Сценарий
барысы: Мейрам
өтетін жер салт –дәстүрге байланысты жабдықталады.Балалар ұлттық
киімдерімен келеді. Киіз үй керегесінен сахна
жасалынады.
Қыздар
безендірілген залға билеп кіреді.
Ұлдардың
орындауында «Адай» биі.
Тәрбиеші: Ұлыс
күндеріңіз құтты
болсын!
Келе жатыр
жылымыз,
Мейрамдаймыз
мұны біз.
Халқы сүйген
мейрамды,
Қарсы алайық
Наурызды!
Наурыз тойын
жұп жазбай,
Қошеметпен
қарсы алып
Досқа құшақ
ашайық,
Өлең жырға
басайық,
Қазақтың бір
салты деп
Тойға шашу
шашайық!
(Әже шашу
шашады).
Әже: Ұлыс
оң
болсын!
Ақ мол
болсын!
Қайда барсан
жол болсын
Ұлыс береке
берсін
Бәле-жала жерге
еңсін
Ұлы халқым тең
болсын
Қуаныш көп
болсын!
Тәрбиеші: Құрметті қонақтар, Наурыз мейрамына
арналған ертеңгілікке қош
келдіңіздер!
Тәрбиеші: Балалар, Наурыз мерекесіне арналған
тақпақтарымызды айтып
берейік!
Айша: Сәнді
көктем -
Наурыз!
Наурыз тойы
жырымыз
Көңілді гүлдей
жайнасын
Құлпырсын күн
мен ай
Құтты болсын
Наурыз!
Диляра: Уа,
халайық,
халайық
Әсем әнге
салайық
Наурыз тойын
көңілді
Бирге қарсы
алайық!
Софья: Здесь
скачки, гульбища,
забавы:
Вот в схватке
силачи сошлись.
Почувствуй вкус
и запах славы
В чудесный
праздник Наурыз
Ибраһим: Ұлыс
оң
болсын!
Ақ мол
болсын!
Қайда барсан,
жол болсын!
Төрт түлік ақты
болсын,
Ұлыс береке
берсін,
Бәле-жәле жерге
еңсін!
Хор:
«Дастарқан»
Би:
«Апамның шайы»
Тәрбиеші: Наурыз
мерекесі ұлттық мерекеміз болғандықтанда өз ұлтымыздың
салт-дәстүрін айтпай кетпеске болмайды. Сіздерге «Тұсау кесу»
рәсімін назарларыңызға ұсынамыз.Тұсау кесу бала тәй- тәй басқанда
жасалатын думанды дәстүр. «Тұсауы кесілмеген бала» көп сүрінеді
дейді. Тұсау кесу рәсімі ұлға да, қыз балаға да жасалады.Тұсауды
ала жіппен кеседі, ол біреудің «ала жібін аттамасын» деген ниет
білдіреді. Жүйрік бол, шауып кет т.б. тілектерді айта отырып,
баланың аяғына байланған тұсауын кесіп
жібереді.
Тәрбиеші: Әжей,
Сіз бізге көмектесесіз ба? Сіздің жолыңызбы
берсін!
«Тұсау
кесу» рәсімі
ата-аналарға
ұсынылады.
Хор:
«Төлдер».
Амина: Осыншама
жақсылық
Алып келген
Наурызым
Төрлет бізге
нұр беріп
Шуақ шашып ақ
жүзін.
Айназ: Наурыз
шаттық
әніміз
Салтанатты
әніміз
Ән саламыз
бәріміз
Би билейміз
бәріміз!
Расул: Наурыз
келді
тамаша,
Ән айтамыз
таласа.
Атам, әжем, той
тойлап,
Қуанып жүр
балаша,
Би билейміз
тамаша.
Тәрбиеші:
Ортаға «Күйшілерді» шақырамыз.
Тәрбиеші: Балалар, сендер қандай ұлттық ойындарды
білесіндер? (балалардың жауаптары) олай болса сендерді «Теңге алу»
ойынына
шақырамын.
Ойын:
«Теңге алу».
Хор:
«Наурыз».
: Кел
балалар
ойнайық
Наурыз тойын
тойлайық
Баянды болып
мереке
Қыр гүлдей
жайнайық.
: Арпа,
бидай, тары
бар,
Қатық, малта
тағы бар.
Ішілетің
жейтінің,
Бұл көжеде бәрі
бар.
: Бата
беріп
атамыз,
Бата беріа
әжеміз.
Тәтті болып
жасаған,
Көжеден дәм
татыңыз.
Би: «Қара
жорға».
Осыменен Наурыз
мерекесіне арналған ертеңгілік аяқталды. Сіздерді Наурыз көжеден
дәм татуға шақырамыз.