400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

22 қыркүйек - ҚР Тіл мерекесі

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатының жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

№8 мектеп-гимназия











«Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...»

атты қазақ тілі апталығы

(9сәуір – 14сәуір)















Алматы, 2018

Тақырыбы: «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін...»

Мақсаты:Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу. Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу.

4 «В» сынып оқушыларының орындауында қазақша бимен ашу

Айнұр Абаевна:Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары, құрметті ұстаздар,оқушылар! Бүгінгі қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының өткізгелі отырған «Тілім барда тірімін мен, мәңгімін…» атты апталығының ашылу салтанатына қош келдіңіздер!

Анар Асылбекқызы: Армысыздар, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! “Тілім барда тірімін мен, мәңгімін…” тақырыбындағы апталығымызды ашық деп жариялаймыз!

Айнұр Абаевна:Тілім менің-тірлігім

Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?

Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?

Тілім менің-тілім менің тірлігім!

 Анар Асылбекқызы: Қазақ тілім-өз тілім,ана тілім,

Абай,Мұхтарсөйлеген дана тілім.

Қастерлейдіұл-қызыңмәңгісені

Болашағым,бақытым,даратілім.

 Айнұр Абаевна:Қазақтілі – дүниежүзіндегіең бай, беделді де бейнелітілдердіңбірі.

Өткірдің жүзі,

Кестеніңбізі,

Өрнегінсендей сала алмас – депұлы Абай атамызтаңырқаптағзыметкен де осы қасиеттітіліміз. Халық байлығы- әр елдің мақтанышы. Олатадан-балағамирасболыпқалғанбағажетпесмұра. Олайболса, құрметті қонақтар,өзанатіліміздіқұрметтеуперзенттікпарызымызекенінұмытпайық.

 Анар Асылбекқызы: Ия, Тіл – халықтыңтарихы, тіл-ұлттыққазына, тіл-біздіңнамысымыз, арымыз, байлығымыз,барымыз.

 Айнұр Абаевна:Тілімменіңтірегім, дінім менің,

Тілсізқандайболадыкүнім менің.

Өзхалқынажетедіөзмәнінде

Өзтілімдеоқылсажырымменің.

Кешіміздің тізгінін көсемсөз шеберлеріне берейік!

1-оқушы.Ана тілің – біліп қой, -
Еркіндігің, теңдігің.
Ана тілің – біліп қой, -
Мақтанышың, елдігің.

2-оқушы.Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

3-оқушы. Ақыл-ойын дананың,

Ана тілден аламын.

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың.

4-оқушы.Өсірген ой-білімді,

Сүйем туған тілімді.

Мақсат етем әр сөздің

Мәнінтереңбілуге

5-оқушы.Сүйемін туған тілді - анам тілін,

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім

Шыр етіп жерге түскен минутімнен

Құлағыма сіңірген таныс үнім.

6-оқушы.Сол тілмен шешем мені әлдилеген,

Еркелеткен, "құлыным", "жаным" деген

Сол тілменен бірінші білгізілген:

"Ана" деген сүйгендік сөз әм менен

7-оқушы.Қылжықтап, алып қашып құрбы бөркін

Сол тілменен ойнадым далада еркін

Сол тілменен бірінші сыртқа шығып

Өмірде ен далада ұққан көркім.

8-оқушы.Тіліп түсер білгенге тіл дегенің,

Тілім барда мен басқа түрге енемін.

Тілімнің арқасы ғой әрқашанда,

Бойыма дарыса егер білмегенім.

9-оқушы.Ана тілім ғажап деп айта аламын,

Жәннаттай жан балқыта жай табарым.

Шырқатып ғұмыр бойы айтар әнім -

Келеді толас таппай қайталағым.

Тозбайды сыны кетіп, сұры қашып,

Біз әлі қанған жоқпыз сырын ашып...

Қазағы қадырына жеткен сайын

Жайнайды,

Ертеңге де нұрын шашып.

Анар Асылбекқызы: Тіл қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қастерлі де құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл – әрбір елдің жаны.

Айнұр Абаевна:Осыдан тура 29 жыл бұрын – 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» Заң қабылданған болатын. Бұл заң Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі – ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

5-сынып оқушыларының орындауында «Атамекен» әнін қабыл алыңыздар!

Анар Асылбекқызы: Домбыра сенде мін бар ма?

Мінсіз болсаң-тіл бар ма?

Тіл жоқ деуге бола ма?

Тілден анық үн барда!

Домбыраның күші мол,

Көмейінде күй барда! Сахнада 2-сынып оқушысы Айару Болат. Халық күйі «Келіншек».

Айнұр Абаевна:Тіл мәдениеті – халықтың рухани қазынасы. Қазіргі қазақ қоғамында басқа мемлекеттік саясаттар қатарында тіл  саясатының да даму үрдісі күнен-күнге шапшаңдап, ана тілі халықтың рухын, мәдениетін  жаңғыртатын мүдделі мақсаттың біріне айналды. Еліміздің бұрынғысы мен бүгінгісін , болашағын тек тіл арқылы ғана танитынымызға қазақ қоғамының көзі жеткен кезеңді бастан кешіріп отырмыз.

Анар Асылбекқызы: Біз бүгін тіл тағдыры – ел тағдыры екенін нақты мойындадық, сондықтанда елімізде ана тіліміздің жан – жақты дамуына бар мүмкіндік жасалуда.Тіл- мәдениет , тіл- әдебиет, тіл-тарих. Енді бір сәт әдебиетімізге көз салайық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.

1-оқушы: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сенімді байлық». Ғабит Мүсірепов

 2-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен  бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды  ұмыту». Бауыржан Момышұлы

 3-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»

Ғабит Мүсірепов

 4-оқушы: «Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен  жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік». Шерхан Мұртаза

 5-оқушы: «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай  ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр»

 Мағжан Жұмабаев

 Айнұр Абаевна:Өнерді жанымменен түйсінемін,

Қашанда өнерлі жас сүйсінерім.

«Қазақ биін» билесін мың бұралып,

Биіменен шашу шашып, бишілерім-деп, ортаға 1 «г» -сынып оқушыларын «Қамажай» биімен шақырамыз.

Анар Асылбекқызы: Танытқанқазағымның қазақтығын,

Танытқан қазағымның азаттығын.

Танытқан қазағымның ғажаптығын,

Айналдым құдіретіңнен Қазақ тілім! Ортаға кішкентай ғана бүлдіршіндерімізді «Наурыз көктем» әнімен шақырамыз! 2 «в»- сынып оқушылары

Айнұр Абаевна:Ажырамай мектептен бір елі сіз,

Жақсылыққа жаралған жүрегіңіз.

Сөз берелік құрметпен өзіңізге,

Шәкірттерге арналсын тілегіңіз, - деп, сөз кезегін қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Каликова Асия Адильхановнаға береміз. (сөз сөйлеп, экранда көрсетілген апталықтың жоспарымен таныстырып өтеді).

Сөз сөйлеп болған соң «Лего» биі. 4в сынып оқушылары

Айнұр Абаевна:Тіл – ұлттың жаны,халықтығының асыл белгісі, намысы, тыныс тіршілігінің көзі, Ата Заңымен қорғалатын, еркіндігінің үні.Оны құрметтеп қорғау, келешек ұрпаққа жеткізу, Қазақстанның бақытты да парасатты, білімді де еңбекқор ұл-қыздары бізге ғасырлар бойы ата-бабаларымыздан жеткен аманат. Осымен қазақ тілі апталығының ашылу салтанаты өз мәресіне жетті. Аспанымыз ашық, заманымыз тыныш, тіл мәртебесі биік болсын!

Анар Асылбекқызы: Біз сіздермен қоштаспаймыз. Апталықтың іс-шараларына оқушыларымыздың белсенді қатысуларын сұраймыз. Келіп тамашалағандарыңызға көп рақмет, көріскенше күн жақсы болсын, ағайын!(Руслан Мамытовтың«Жаса, қазақ тілім» әнімен салтанатты түрде аяқталады. Қатысушылар сахнаға шыға бастайды).
















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
16 маусым
786
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі