|
ІІ . Мағынаны
тану.
Үлкен өмірге енді ғана аяқ
басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан біреуін таңдау
міндеті тұрады . Мамандық таңдауда Жүсіпбек Аймауытовтың
«Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ оның кез келгеніне икемділік қажет,
бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор
шеберлікті қажет ететін нәрсе»-деген сөзін басшылыққа алу
керек.
Кейбір жастар мамандық таңдау
ережесін білмегендіктен өзі қызықпайтын мамандықты таңдайды. Осыдан
өз мамандығына қанағаттанбаушылық, реніш сезімдері болып , тіпті
алдарына жоспар да құрғысы
келмейді.
Жеке өмірге қадам басқан әрбір
жас үшін мамандық таңдау мәселесі ең маңызды кезең болып
табылады.
Психолог мамандардың айтуынща,
кез келген жеке тұлға өзі шұғылданғысы келген мамандықты
армандағаннан гөрі алға өмірлік мақсат ретінде қойып жоспар құра
білгені жөн. Мамандық таңдауда әркім өзінің көңіл қалауына ерік
беруі керек.Алайда мамандықтың түрі көбейген сайын оны таңдау да
қиынға соғатыны тағы бар.Әлемде 50 мыңға жуық мамандық бар екен
және жыл сайын оған 500 –ге тарта жаңа түрі қосылып отырады
екен.Олардың ішінен өзімізге қажеттісін таңдап алу үшін бізге икем,
қабілет және мінез қажет.
Сондай-ақ енді-енді өзін тұлға
ретінде сезіне бастаған адамға қоғамның өз заманына сай ұсынатын
қызметтері бар.Міне адамның мамандыққа, мамандықтың адамға сай
болуы, қоғамның сұранысы,тұлғаның қабілеті, осы үш фактор мамандық
таңдауда бірін-бірі
толықтырады.
«Мамандық» сөзіне анықтама
беру.
Профессия- латын сөзінен шыққан
, “professio”- анықталған іс, мамандық
дегенді білдіреді.
Мамандық- қарапайым өмір сүру көзі
болып табылатын және қандай да бір дайындықты, жауапкершілікті
талап ететін еңбек қызметінің маңызды
бөлігі.
«Менен сұрақ, сенен жауап»
әдісі
1) «Маман иесі»-дегенді қалай түсінуге
болады?
2) Алдағы уақытта қандай маман иесі болатыныңды, қандай бағытты,
қандай оқу орнында оқитыныңды және де өзіңнің болашақ кәсіби
қызметің туралы білесің бе? Осы туралы ойладың ба?
3) Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдай отырып, сен тіршілік ететін
аймаққа қандай мамандықтар
қажет.
4)
Мамандық таңдауда ең бастысы
не: қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі
ме?
5)Белгілі бір кәсіптің иесі
болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет
пе?
6)Әрбір жеке адам бақытты болу
үшін, тоқшылықта өмір сүру үшін не істеу
керек?
7)Адам өз мамандығын таңдаған
кезде, нені басшылыққа алу
керек?
8)Жақсы маман болу үшін адам
нені білуі және үйренуі
керек?
9)Адам белгілі бір мамандыққа
қашан, қалай дайындалуы
керек?
10)Адам бірнеше мамандықты
меңгерсе, оның өмірі қандай болады деп
ойлайсыздар?
Осы аталған мамандықтарды
игеру үшін кәсіптік білім алуымыз
қажет.
Мамандықтарды
сәйкестендіру
1)қазіргі уақытта жоқ,
жойылған
2) ХХ ғасырда пайда
болды
3) соңғы 10 жылдықта пайда
болды
Суретші, ЭВМ
операторы, машинист, программист, егінші, трубочист, редактор,
атқосшы, дәрігер, продюсер, экскурсовод, космонавт, аспазшы,
гувернер, клоун, дизайнер,
педагог.
|