§24. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

§24. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңа ҚМЖ; 8.1.3.12- қан-тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау;
Материалдың қысқаша нұсқасы

8 сынып №27

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Жүрек - қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт).Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау, т.б.

БЖБ (20-мин) §24. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Заттардың тасымалдануы»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жүрек - қантамырлар жүйесі аурулары (гипертония, инфаркт, тахикардия, ишемиялық ауру, атеросклероз, инсульт).Аурудың себептері: тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, салауатты өмір салтын дұрыс ұстанбау, т.б.

БЖБ (20-мин) §24. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.12- қан-тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

қан-тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттайды және заттардың тасымалдануы бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


«Бір қадам алға..» әдісі арқылы өткен материалды және үй жұмысын пысықтау мақсатында тапсырма беру.


Денешынықтыру жаттығулары жүрек жұмысына қалай әсер етеді?


Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.



Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Дескриптор:

- Сұрақтың дұрыс жауабы үшін -2 балл;


Интерактивті панель, презентация




Оқушылардың назарын аудару

Дәйек сөз немесе цитата:

"Салауатты өмір сүру – жүрекке жасалған ең үздік сыйлық."


«Ой қозғау» әдісі

«Гипотония» және «Гипертония»

«Тонометр» және «ЭКГ»


«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.


Тарихтағы алғашқы жүрек операциясы:

1938 жылы американдық дәрігер Роберт Гросс тарихта алғаш рет жүрекке ашық операция жасады. Бұл оқиға медицинада жаңа дәуірдің бастамасы болды. Оның жаңашылдығы жүрек-қантамыр жүйесінің емдеу тәсілдерін түбегейлі өзгертті.


Гипертонияның үнсіз жауы:

Жоғары қан қысымы немесе гипертонияны жиі "үнсіз жау" деп атайды, себебі ол ұзақ уақыт бойы ешқандай белгі бермеуі мүмкін. Бұл ауру әлемдегі өлім себептері арасында жетекші орында тұр.


10 000 қадам ережесі:

Ғалымдар күніне 10 000 қадам жүру жүрек ауруларының алдын алуға және қан қысымын тұрақты ұстауға көмектесетінін дәлелдеген. Бұл қарапайым әрекет салауатты өмір салтын ұстанудың жеңіл әрі тиімді тәсілдерінің бірі.


Алма жеу:

"Күніне бір алма жесеңіз, дәрігер қажет емес" деген ағылшын мақалы бар. Ғалымдар алма құрамындағы антиоксиданттар мен талшықтардың жүрек ауруларының қаупін азайтуға көмектесетінін дәлелдеді.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.



Дескриптор:

- кілт сөздердің айырмашылықтарын сипаттағаны үшін -2 балл;

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

8.1.3.12- қан-тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау;


Оқу мақсаты бойынша

Дәйек сөз немесе цитата:

"Ауруды емдегеннен гөрі, оның алдын алған оңай."

Әбу Насыр әл-Фараби


Кілт сөздер (жұп/топ бөлу үшін):

Гипертония

Инфаркт

Тахикардия

Ишемиялық ауру

Атеросклероз

Инсульт

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.


Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: қан-тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттайды; Практикалық дағдылар: қан-тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін зерттейді; Функционалдық сауаттылық: қан-тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін түсіндіреді;

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация

Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты таныстыру


«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


Оқушылар жаңа сабақ бойынша дайын кестені дәптерге түртіп жазады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Оқушыларға бағыт бағдар беру

«Проблемалық оқыту әдісі»

Мақсаты: Оқушылардың нақты өмірлік жағдайларды шешуге қабілетін арттыру.


Тапсырма-1:

Мәселе:

Мектеп оқушысының ата-анасы гипертония мен атеросклерозға шалдыққан. Оқушы бұл аурулардың өзіне әсер ету қаупінен алаңдайды және оларды болдырмау үшін қандай шаралар қабылдау керектігін білгісі келеді.


Сұрақтар:

1.Гипертония мен атеросклероздың негізгі себептері қандай?

2.Осы аурулардың алдын алу үшін қандай шаралар қолдануға болады?

3.Егер бұл аурулар тұқым қуалаушылыққа байланысты болса, денсаулықты қалай қорғауға болады?

Жауабы:

1.Гипертония мен атеросклероздың негізгі себептері:

Тұқым қуалау ықтималдығы жоғары.

Майлы және тұзды тағамдарды көп тұтыну.

Физикалық белсенділіктің төмендігі.

Артық салмақ пен жоғары холестерин деңгейі.

Стресс және дұрыс демалмау.

2.Алдын алу шаралары:

Дұрыс тамақтану: Майлы тағамдарды азайтып, көкөніс, жеміс-жидек, жаңғақтарды көбейту.

Физикалық белсенділік: Жаяу жүру, күнделікті жаттығулар.

Зиянды әдеттерден бас тарту: Темекі мен алкогольді тұтынуды шектеу.

Қан қысымын бақылау: Дәрігерге қаралып, тұрақты тексерістен өту.

Күн тәртібі: Жеткілікті ұйықтау және стрессті басқару.

3.Тұқым қуалау ықтималдығы болса:

Қалыпты салмақты сақтау.

Ерте жастан дұрыс әдеттерді қалыптастыру.

Жыл сайын дәрігерге қаралып, холестерин мен қан қысымын бақылау.

Дескриптор:

-тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл;


Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Практикалық тапсырмалар беру.

«Деректермен жұмыс әдісі»

Мақсаты: Графиктерді, диаграммаларды, карталарды, және басқа визуализация құралдарын талдау қабілетін дамыту.


Тапсырма-2:

Оқушыларға төмендегі деректер беріледі:

Деректер:

1.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, жыл сайын шамамен 17,9 миллион адам жүрек-қантамыр жүйесі ауруларынан қайтыс болады.

2.Жүрек ауруларының 85%-ы инфаркт пен инсультке байланысты.

3.Жоғары қан қысымы әлемдегі ересек адамдардың 20%-ынан астамында кездеседі.

4.Салауатты өмір салтын ұстану арқылы жүрек-қантамыр ауруларының 80%-ын алдын алуға болады.

5.Темекі шегу жүрек-қантамыр ауруларының даму қаупін 2 есе арттырады.


Сұрақтар:

1.Деректерді талдай отырып, жүрек-қантамыр ауруларының таралуының негізгі себептерін атаңыз.

2.Берілген мәліметтерді пайдаланып, жүрек ауруларының алдын алу шараларын жоспарлаңыз.

3.Салауатты өмір салтына көшу қаншалықты маңызды екенін дәлелдеп көрсетіңіз.



«STEM тәсілі»

Мақсаты: Жаратылыстану ғылымдарын технологиямен, инженериямен және математиканы біріктіре отырып қолдану.


Тапсырма-3:

Мәселе: Қан-тамыр жүйесі ауруларының белгілерін анықтау үшін қарапайым өлшеу әдістерін қолданып, физикалық белсенділіктің аурудың алдын алудағы рөлін зерттеңіз.


Тапсырма бөліктері:

1. Science (Ғылым):

Қан-тамыр жүйесінің негізгі аурулары (гипертония, атеросклероз, инфаркт, т.б.) туралы қысқаша теориялық ақпарат жинаңыз.


Себептері:

Тұқым қуалаушылық

Жоғары қан қысымы

Семіздік

Стресс

Қан құрамындағы холестериннің жоғарылауы


Белгілері:

Бас айналу

Қан қысымының жоғарылауы

Кеуде тұсындағы ауырсыну

Тыныс алудың қиындауы


2.Technology (Технология):

Қан қысымын өлшейтін тонометрді немесе жүрек соғу жиілігін өлшейтін смарт құрылғыны пайдаланыңыз.

Өлшеу қадамдары:

Физикалық белсенділік алдында қан қысымы мен жүрек соғу жиілігін анықтаңыз.

Белгілі бір физикалық жүктемеден кейін қайта өлшеу жүргізіңіз.


3.Engineering (Инженерия):

Деректерді визуализациялау үшін график немесе кесте жасаңыз:

X осі – өлшеу уақыты (жаттығуға дейін, жаттығудан кейін).

Y осі – жүрек соғысы мен қан қысымы деңгейі.

График жаттығудың қан-тамыр жүйесіне әсерін көрсетуі керек.


4.Mathematics (Математика):

Алынған деректер бойынша өзгеріс көрсеткіштерін есептеңіз:

Жаттығу кезінде жүрек соғысы мен қан қысымының орташа өзгерісі.

Деректерді пайыздық қатынаста көрсетіңіз.

Жауабы:

1. Жүрек-қантамыр ауруларының таралу себептері:

Жоғары қан қысымы (20%-дан астамында).

Темекі шегу (ауру қаупін 2 есе арттырады).

Инфаркт пен инсульт (жүрек ауруларының 85%-ы).

Салауатты өмір салтын ұстанбау.


2.Алдын алу шаралары:

Темекіден бас тарту.

Жүрекке пайдалы тағамдарды тұтыну (аз майлы тағамдар, көкөністер, жаңғақтар).

Күнделікті физикалық белсенділікті арттыру (күніне кемінде 30 минут жаяу жүру).

Жыл сайын қан қысымы мен холестерин деңгейін тексерту.

Стресті басқару және жеткілікті ұйықтау.


3.Салауатты өмір салтының маңыздылығы:

Берілген деректер көрсеткендей, жүрек ауруларының 80%-ы алдын алуға болады. Бұл темекіден бас тарту, дұрыс тамақтану және белсенді өмір сүрудің жүрек-қантамыр жүйесіне оң әсер ететінін дәлелдейді. Мысалы, жоғары қан қысымы мен холестерин деңгейін бақылау жүрекке түсетін жүктемені азайтып, инфаркт пен инсульттің қаупін төмендетеді.
















Жауабы:

Тәжірибе нәтижесі:

Алдын ала өлшеу: Қан қысымы – 120/80 мм сын. бағ., Жүрек соғысы – 72 рет/мин.

Физикалық жүктеме (10 минут жүгіру):

Қан қысымы – 135/85 мм сын. бағ.

Жүрек соғысы – 90 рет/мин.

10 минут демалғаннан кейін:

Қан қысымы – 122/81 мм сын. бағ.

Жүрек соғысы – 75 рет/мин.


График:

Өлшеу нәтижелерін кестеге түсіріп, график сызыңыз. Жаттығудан кейін жүрек соғысының жиілеуі және қан қысымының уақытша артуы байқалады, бірақ 10 минут ішінде көрсеткіштер қалыпқа келеді.


Қорытынды:

Физикалық белсенділік қан-тамыр жүйесін жақсартады. Жаттығудан кейін жүрек жұмысы белсенді болып, қан айналым жақсарады. Дер кезінде демалу жүрек-қантамыр ауруларының алдын алуға көмектеседі.

Дескриптор:

-тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл;


Интерактивті панель

Презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Бағалау

«Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары»

Мақсаты: Оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін қорытындылау дағдыларын дамыту.

Оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Дескриптор:

-тапсырманың әр дұрыс жауабы үшін -1 балл;


Интерактивті панель, презентация



Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

1,2-«Бүгін сабақта зерттедім»

3- «Бүгінгі сабақта маған түсіну қиынға соқты»

4-«Менің жеңісім»

Білім алушылар өздері зерттеген, қиынға соқтырған және өз жеңісін жазады, кері байланыс береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс. Тірек сызба


§25. Газ алмасу.


Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


Атауы

Себептері

Ауру белгілері

Алдын алу жолдары

1

Гипертония (жоғары қан қысымы)

- Тұқым қуалаушылық
- Қан тамырларының тарылуы
- Тұзды тағамдарды шамадан тыс тұтыну
- Стресс
- Семіздік

- Бас айналу
- Құлақтағы шу
- Тыныс алудың қиындауы
- Бастың ауырсынуы

- Тұзды тұтынуды шектеу
- Физикалық белсенділік
- Стресті бақылау
- Артық салмақтан арылу

2

Инфаркт

- Атеросклероз
- Қан айналымының бұзылуы
- Жоғары холестерин
- Шылым шегу

- Кеуде тұсындағы ауырсыну
- Тыныс алу қиындығы
- Терлеу
- Әлсіздік

- Дұрыс тамақтану
- Холестерин деңгейін бақылау
- Темекіден бас тарту
- Дәрігерге тұрақты тексерілу

3

Тахикардия (жүрек қағысының жиілеуі)

- Қалқанша безінің аурулары
- Қан аздық
- Дәрі-дәрмектердің жанама әсерлері
- Стресс

- Жүрек қағысының жиілеуі
- Тыныс алудың қиындауы
- Қысқа мерзімді бас айналу

- Стрессті болдырмау
- Денсаулыққа зиянсыз дәрі-дәрмек қолдану

4

Ишемиялық жүрек ауруы

- Атеросклероз
- Холестерин деңгейінің жоғары болуы
- Қан айналымының бұзылуы

- Кеуде ауырсынуы
- Тыныс алудың қиындығы
- Қарқынды физикалық жүктемеде шаршау

- Физикалық белсенділік
- Дұрыс тамақтану
- Дәрігерге уақтылы қаралу

5

Атеросклероз

- Майлы тағамдарды көп тұтыну
- Жоғары холестерин
- Тұқым қуалаушылық
- Темекі шегу

- Қан айналымының бұзылуы
- Аяқ-қолдың жансыздануы
- Шаршау және әлсіздік

- Майлы тағамнан бас тарту
- Жақсы тамақтану тәртібі
- Физикалық белсенділік

6

Инсульт

- Қан қысымының жоғары болуы
- Қан айналымының бұзылуы
- Атеросклероз
- Тромбоз

- Қол-аяқтың жансыздануы
- Сөйлеу қабілетінің жоғалуы
- Беттің қисайып қалуы
- Бас айналу, есінен тану

- Гипертонияны бақылау
- Темекі мен алкогольден бас тарту
- Дұрыс өмір салтын ұстану





Қосымша тапсырмалар


«Гипотония» және «Гипертония»

Сұрақтары:

  • Қан қысымы дегеніміз не?

  • Қан қысымының жоғарылауы дегеніміз не?

  • Қан қысымының төмендеуі дегеніміз не?

  • Миға қан құйылу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Қан қысымының жоғарылауы мен төмендеуіндегі айырмашылықтар неде?

  • Қан қысымының жоғарылауы мен төмендеуінде ұқсастықтар бар ма? Дәлел келтіре аласыз ба?



«Тонометр» және «ЭКГ»

Сұрақтары:

  • Төменде суретте берілген құрылғыларды сипаттаңыз?

  • Бұл құрылғылармен қай мүшелерді өлшеуге қолданылады?

  • Бұл құрылғылармен қандай ауруды анықтауға болады? Мысал келтіресіңбе?

  • Бұл құрылғылардың бір-бірінен айырмашылығы неде?

  • Бұл құрылғылардың маңыздылығы неде?



















Оқушының аты-жөні:_____________________________________________________________сыныбы_____


«Заттардың тасымалдануы» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары

Оқу мақсаттары:

8.1.3.5- лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау;

8.1.3.1 - қан құрамы мен қызметін сипаттау;

8.1.3.3 - лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау;

8.4.3.1- қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау және алдын алу шараларын сипаттау;

8.1.3.9- қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату;

8.1.3.10 - жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау;


1-тапсырма.

Ағзаның ішкі сұйық ортасы:

А)қан,лимфа, лимфа түйіндері

В)қан, лимфа, ұлпа сұйықтығы

С)қан ,лимфа, ұлпа

D)қан, жасуша,ұлпа сұйықтығы


2-тапсырма. Бос орынды толтырыңыз.


Қан жасушалары

Мөлшері 1мм3

Түзілетін орны

Қызметтері

Эритроциттер






Лейкоциттр


Жілік кемігінде,лимфа түйінінде,айырша безде,көкбауырда






Тромбоциттер

180-400мың






Қанның ұюына қатысады



3-тапсырма. Сызбаға назар аударыңыз.

Shape1


Әріптер Ажәне В әріптері мен белгіленген типтерінің қызметін жазыңыз.

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________





4-тапсырма. Сәйкестігін табыңыз.


Әр түрлі паразиттер

сәйкестендір

Жұқпалы аурудың түрі

1

Қарапайымдар


a.күл(дифтерия)

2

Саңырауқұлақтар


b.лейшманиоз

3

Бактериялар


c.герпес

4

Вирустар


d.фитофтороз




е.тырысқақ (холера)




f.амеба дизентериясы


5-тапсырма. Қан тамырлардың түрлерін анықтап,құрылысын жазыңыз. Қан тамырлардың түрлерін жазыңыз.


Қан тамырлары

Қан тамыр атаулары



Вена



Қан тамырлардың құрлысы








6-тапсырма. Қан тамырлары қабырғаларының құрылысын атаңыз.

А.сыртқы қабаты дәнекер ұлпа

В.сыртқы қабаты эпителий ұлпа

С.ортанғы қабаты бірыңғай салалы бұлшық ет

Д.ортаңғы қабаты көлденең жолақты бұлшық ет

Е.ішкі қабаты эпителий ұлпа

Ғ.ішкі қабаты дәнекер ұлпа


7-тапсырма. Түрлі жануарлардың қан айналымы және жүрек жүрек құрылысын сипаттаңыз.(бос кесте орнын толтырыңыз)

Жануарларлар класы

Қан айналу түрлері

Жүрек құрылысы

Қосжақтаулы ұлулар



2 жүрекше,1 қарынша

Бунақденелілер

ашық



Сүтқоректілер



2 жүрекше,2 қарынша



















Балл қою кестесі


Бағалау критерийі

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

8.1.3.5- лимфа жүйесін және қан, ұлпа сұйықтығы мен лимфа арасындағы өзара байланысты сипаттау;

1

Ағзаның ішкі сұйық ортасын анықтайды;

1

8.1.3.1 - қан құрамы мен қызметін сипаттау;

2

Лейкоциттер мөлшерін анықтайды;

1

Эритроциттердің түзілетін орнын жазады;

1

Эритроциттердің қызметін сипаттайды;

1

Тромбоциттердің түзілетін орнын анықтайды;

1

Лейкоциттердің қызметін сипаттайды;

1

Эритроциттердің мөлшерін жазады;

1

8.1.3.3 - лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау;

3

Түйіршікті және түйіршіксіз лейкоциттерді сипаттайды;


1

8.4.3.1- қарапайымдылар, саңырауқұлақтар, бактериялар мен вирустар қоздыратынмен туындайтын аурулардың ерекшеліктерін сипаттау және алдын алу шараларын сипаттау;

4

Қарапайымдылардан туындайтын ауруды анықтайды;

1

Саңырауқұлақтан туындайтын ауруларды атайды;

1

Бактериялық ауруларды дұрыс жазады;

1

Вирустық ауруларды дұрыс жазады;

1

8.1.3.9- қантамыр қабырғасының құрылысы мен олардың қызметі арасындағы байланысты орнату;






8.1.3.10 - жануарлардың қантамырлар жүйесі түрлерін сипаттау;


5

Артерия қантамырын дұрыс жазады;

1


Капилляр қан тамырын дұрыс жазады;

1

6

Сыртқы қабат дәнекер ұлпасын дұрыс белгілейді;

1

Ортаңғы қабаты бірыңғай бұлшық ет талшықтарынан тұратынын табады;

1

Ішкі қабат жалпақ эпителийден туратынын анықтайды;

1

7

Қосжақтаулы ұлулардың қан таралуын жазады;

1

Бунақденелілер жүрек құрылысын анықтайды;

1

Сүтқоректілердің қан айналу жүйесін дұрыс жазады;

1

Жалпы балл саны

20





















Оқушыға беретін мәтін

8.1.3.12- қан-тамыр жүйесі ауруларының себептері мен ауру белгілерін сипаттау.

§24. Жүрек-қан тамырлары жүйесінің аурулары.

Гипотония – қан қысымының төмендеуі.

Тамырлар мен жүрек бұлшық етінің әлсіздігінен, төмен зат алмасуға, аз қозғалуға байланысты дамиды: Гипотония

Тамырлардың қабырғасы созылғыш қасиетін жоғалтып, тығыздала бастайды және артерия тарылады: Жас ұлғайған сайын

Гипертония – қан қысымының артуы

Қан тамырлары кеңейіп, тері қызарады, мұрыннан қан кетуі мүмкін: Гипертония

Тамырлар жарылып, қан мүшелерге ағуы мүмкін: Қан қысымы қатты жоғарылағанда

Инсульт – миға қан құйылуы

Инсульт кезінде:

Ми жасушаларының зақымданады

Сезімталдылық, сөйлеу, есте сақтау және бұлшық етті басқару жойылуы мүмкін

Дененің жеке бөліктері не бүкіл ағза қозғалмай қалуы ықтимал

Тонометр – қан қысымын өлшейтін құрал

Миокард инфаркты – қанағым бұзылуы салдарынан жүрек бұл шық етінің кейбір жерлерінің семуі.

Қанағым бұзылуына жатады: Тромб түзілу, Спазм, Тамырдың жарылуы

Инфарктің белгілері: Кеуде тұсының қатты ауыруы

Электрокардиограмма – жүрек жұмысын электрондық жолмен жазу

Инфаркт белгілерінің бірі болып есептеледі: Нитроглицериннің ауруды жоймауы

Ишемиялық ауру – жүректің қанмен қамтамасыз етілуінің бұзылуы

Миокард жасушаларының оттексіз семіп қалуынан келіп шығады: Инфаркт, Ишемия

Инфаркт және ишемия ауруларының туындауына көбінесе себеп болады: Атеросклероз

Атеросклероз – ағзада май алмасуының бұзылуы

Ірі тамырларда май шытыраларының түзілуі: Атеросклероз

Тромбоз – май шытыраларының орнына тамырларда қан ұйығының пайда болуы

Мидың қанмен қамтамасыз етілуі бұзылса орын алады: Инсульт

Тахикардия – жүректің жиі соғуы

Тахикардияның белгілері: Жүректің соғуы жиілеп, Жүрек аймағының ауруын сезінуі

Жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына себеп болуы мүмкін:

Тұқымқуалаушылық

Өмір сүру салты

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.12.2024
177
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі