Күні: 27.09.2023ж Кунанбаева А.Т.
Топ: 5
24 қыркүйек - Еңбек күні!
«Менің ата-анамның мамандығы» сурет көрмесі.
Мақсаты: Тәрбиеленушілердің еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
Шығармашылық қабілеттерін дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекілік: ТВ,тақырып бойынша презентация, көзге арналған сергіту сәті, ақ парақтар, қарындаштар;
Ұйымдастыру кезеңі:
- Балалар, мен бүгін сендерді көргенімен қуаныштымын. Кәнеки, жаттаған төрт жол тақпағымызды айтайық: Бәріміз бір топпыз,
Жалқаулыққа жоқпыз.
Аянбай еңбек етеміз,
Мұратымызға жетеміз
-
Балалар, өткен аптада жұма күні кімдерді келе жатқан мерекесімен құттықтап видеоға түстік, естеріңе түсіріңдерші?
-
Иә, Еңбек мерекесі қарсаңында, еңбек етіп жүрген, еңбектері сіңген адамдарды құттықтаған болатынбыз, дұрыс айтасыңдар.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 қарашадағы Жарлығымен Қазақстанда қыркүйек айының соңғы жексенбі күні «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленді. Биылғы жылы ол 24.09.23ж атап өтілді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Еңбек күнімен құттықтады. Президент өз құттықтауында: Бұл – мемлекетіміздің тұрақты дамуына жасампаз ісімен үлес қосып келе жатқан нағыз еңбекқор жандарды ұлықтауға арналған маңызды мереке екенін баса атап өтті. "Олар туған елдің жарқын болашағы үшін күн сайын тынбай еңбек етіп, отаншылдықтың озық үлгісін көрсетіп жүр. "Адал азаматқа" тән еңбекқорлық, іскерлік, жауапкершілік, білімпаздық және жақсыдан үйрену, жаманнан жирену сынды асыл қасиеттің бәрі шынайы еңбек адамының бойынан табылады. Сондықтан өз ісінің майталмандары қашанда қоғамның назарында болуға тиіс. Ал, жастарымыз соларға қарап бой түзеуі керек"-деген.
-
Балалар, еңбек деген не? Оның неше түрі бар? (слайд1)
-
Қандай мамандық түрлерін білесіңдер? (слайд2)
-
Не үшін, «Еңбек мерекесі» атап өтіледі?
Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек.
Кесте тіксең зерлеп,
Мұның аты – еңбек.
Сабағыңды жөндеп,
Әзірлесең еңбек.
Қиындықтың бәрін,
Еңбек қана жеңбек!
Балалар, кәзір Абай Құнанбайұлының И. А. Крыловтан аударған « Шегіртке мен құмырсқа» мысалын оқып беремін, мұқият тыңдаңдар!
Шырылдауық шегіртке
Ыршып жүріп ән салған.
Көгалды қуып гөлайттап,
Қызықпен жүріп жазды алған.
Жаздыгүнгі жапырақтың
Бірінде тамақ, бірінде үй,
Жапырақ кетті, жаз кетті,
Күз болған соң кетті күй.
Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,
Өкінгеннен не пайда?
Суыққа тоңған, қарны ашқан
Ойын қайда, ән қайда?
Оныменен тұрмады,
Қар көрінді, қыс болды.
Сауықшыл сорлы бүкшиді,
Тым-ақ қиын іс болды.
Секіру қайда, сүрініп,
Қабағын қайғы жабады.
Сабанда жатып дән жиған
Құмырсқаны іздеп табады.
Селкілдеп келіп жығылды,
Аяғына бас ұра:
Қарағым, жылыт, тамақ бер,
Жаз шыққанша асыра!
Мұның, жаным, сөз емес,
Жаз өтерін білмеп пе ең?
Жаның үшін еш шаруа
Ала жаздай қылмап па ең?
Мен өзіңдей шаруашыл,
Жұмсақ илеу үйлі ме?
Көгалды қуып, ән салып,
Өлеңнен қолым тиді ме?
Қайтсін, қолы тимепті,
Өлеңші, әнші есіл ер!
Ала жаздай ән салсаң,
Селкілде де, билей бер!
Сұрақ-жауап айдары:
-
Балалар, мен оқыған мысал-өлең не жайлы екен?
-
Шегіртке қалай уақытын өткізді?
-
Құмырсқа немен айналысты?
-
“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
-
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
-
Қандай адамды еңбекқор дейміз?
-
Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
-
Өздерің қандай еңбекпен айналысқанды ұнатасыңдар?
(Сабақ оқу, мамаларымызға көмектесеміз.)
-
Адам бойында қандай қасиеттер болғанда жетістіктерге жетуге болады?
(Адал, еңбек сүйгіш, жалқау болмағанда, көп оқығанда, үлкенді тыңдағанда.)
Балалар, адамға өмір сүру үшін нелер қажет?
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы, адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бәрі, бәрі, бәрі де еңбекпен келеді.
-Балалар, еңбек жайлы қандай мақал-мәтелдер білесіңдер? Мағынасын түсіндіру. Жаңа мақалдарды есте сақтайық! (слайд 4-5)
Сергіту сәті « Дұрыс па, бұрыс па?» Дұрыс болса қол шапалақтайды, бұрыс болса үндемейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді
Аспазшы үй салып жүр.
Дәрігер адамдарды емдейді.
Дәрігер етік тігіп отыр.
Мұғалім балаларды емдеп жүр.
Ұшқыш әдемі киім тігеді.
Өрт сөндіруші өртті сөндіреді.
Суретші сахнада ән айтып тұр.
Шығармашылық тапсырма:
- Еңбек құралдарының қолдану аясын тап. (слайд 6)
- Балалар, сендердің ата-аналарың да еңбек етеді, әр қайсысы әр салада қызмет етіп жүр. Жаңа тапсырма, қазір барлығың қарындаштарыңды алып, «Менің ата-анамның мамандығы» деген сурет саламыз.
Көзге арналған сергіту сәті.
-
Кәнекей балалар, кім салып бітті?
-
Ата-аналарыңның қандай мамандық иесі екенін, қайда жұмыс істейтінін айтып берсеңдер.
-
Өте жақсы!
Қорытынды: Сонымен балалар, еңбек етпеген адам еш нәрсеге де қол жеткізе алмайды екен, сондықтан да ерінбей, жалқау болмай еңбек етсек міне сол еңбегіміздің жемісін жейміз. Біздің ең бірінші еңбегіміз ол біліміміз. Міне көп оқып, тәртіпті болып, сабақты жақсы оқысақ болашақта жақсы оқу орындарына түсіп, сол оқудың, білгеннің арқасында еңбегіміздің жемісін жейміз екен. Сондықтан тек білімді болып денсаулығымызды күтіп, алға қойған мақсатымызға жетуге тырысуымыз керек.
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады.
-Балалар, белсенді қатысқандарыңа рақмет!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

шағым қалдыра аласыз