§24. Тірі ағзалардағы электр үдерістері.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

§24. Тірі ағзалардағы электр үдерістері.

Материал туралы қысқаша түсінік
§24. Тірі ағзалардағы электр үдерістері.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

9.2C Координация және реттелу, биофизика

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Тірі ағзалардағы электрлік үдерістер. Электрорецепторлар және электрлі мүшелер. §24. Тірі ағзалардағы электр үдерістері.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.4.4.1 - тірі ағзалардағы электрлік үдерістерді зерттеу. §24. Тірі ағзалардағы электр үдерістері.

Сабақтың мақсаты:

Тірі ағзалардағы электрлік үдерістерді зерттейді;




Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5мин

Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу. «Мен өзімді..... жұлдызға теңеймінсебебі жұлдыз сияқты жарқырап жүргім келеді.

-Оқудан күтілетін нәтижелерді белгілеу. Табыс критерийлері:

-нақтылық; -белсенділік; -бірлескен жұмыс; -уақыт сақтау;


«Өткенге шолу»-Белсенді әдіс «Ыстық орындық» әдісі арқылы сұрақтар қою және мадақтау.

Оқушылар ұстазымен амандасады, көңіл-күйлерін сұрау арқылы психологиялық ахуал жасайды;

Сен жұлдызсың

Сен көркемсің

Сен кереметсің




Сабақтың ортасы

5-10мин

«Ол кім? Бұл не?» әдісі арқылы жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой талқылау.



Электр разряды деген ұғымды қалай түсінесіңдер?

(Электр разряды – дененің күйіне байланысты ортада электрөткізгіштігін арттырумен қатар жүретін электр тогын өткізу процесі).

Электр тоғы деген не? (электрлік бөлшектердің реттелген қозғалысы)

Неге екі түрлі металды (мыс және темірді) пайдаланды?(өткізгіштік қасиеттері әртүрлі өткізгіштер)

Гальванидің тәжірбиесінде жануарлардың қандай ұлпалары туралы сөз болды?

Жануар ағзасында айтылған ұлпадан қандай мүшелер тұрады?


Мағынаны білу үшін суретті сөйлетеді, ой бөліседі, өз білгенін айтады; Сұрақтарға жауап береді








Бағалау критерийі:

-сұрақтарға жауап береді

презентация




Сабақтың ортасы

10-15мин




Оқушыларға жалпылама төмендегі қолдану тапсырмалары беріледі.


Тапсырма:

«INSERT» әдісі арқылы оқулыққа белгі қойып (+, v, -) тірі ағзалардағы электрлік үдерістердің негізгі ерекшеліктері туралы оқу және кестені толтыру.


Бұрыннан біледі

Жаңа ақпарат

Білгім келеді





Бағалау критерийі:


-тірі ағзалардағы негізгі ерекшеліктерін сипаттайды;



(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


-мәтінде кездестірген өздерінің алдынан бері таныс мәліметтерді келтіреді – 1 балл;

-Осы тақырып бойынша өздерің үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазады – 1 балл;

-Білгісі келетін сұрақтарды жазады – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері





https://learningapps.org/view28472530

Сабақтың ортасы мағынаны бағалау

Топтық тапсырмалар

Тапсырма: «Оқушы пікірі» әдісі.


-Сұрақ: Бір топ зерттеушілердің мысықтар мен жыл құстарында электрлік және электрорецепторлық мүшелер болады деген болжамдары рас па?


-«Қарсымын» және «Қолдаймын» деген дәлелдерді талқылаңдар.

Бағалау критерийі:


-ғалымдардың болжамдарын бағалайды;







Дескриптор:


-оқушы өз пікірін айтады – 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері





Сабақтың ортасы


Жұптық тапсырмалар ұсынады.


1-тапсырма. «Электрорецепцияға» анықтама беру. Әртүрлі жануарларға тән электрлік мүшелердің түрлерін сипаттау.


2-тапсырма. Электрлік мүшелердің қызметінің ерекшеліктеріне сипаттама беру.


3-тапсырма. Электрлік мүшелердің эволюциясындағы байланысты анықтау.



Бағалау критерийі:


-тірі ағзалардағы электр үдерістерін талдайды;


(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


- Жануарлардағы электрлік мүшелердің түрлерін сипаттайды – 1 балл;

- Жануарлардағы электрлік мүшелердің негізгі қызметін сипаттайды – 1 балл;

- Электрлік мүшелердің эволюциясын анықтайды – 1 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері

Сабақтың ортасы





Оқушыларға бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін бекіту тапсырмасы беріледі.


Тапсырма. «Биологиялық диктант». Төмендегі қажетті сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыз.


Электрлік мүшелер эволюцияда үнемі су ортасында тіршілік еткен ................... ең жақсы дамыған. Эволюция барысында ......................... электр тұрғысынан ең белсенді қозғыш ұлпалардан түзілді. .......................-қоршаған ортадан электр сигналдарын сезуге қабілетті жануарлардағы сезімтал түзілімдер. Құрылысы және пайда болу бойынша электрорецепторлар ................... сызығына ұқсайды.


Керекті сөздер: электрлік мүшелер, омыртқалы жануарлар, электрорецепторлар, бүйір.

Бағалау критерийі:


-тірі ағзалардағы электр үдерістерін зерделейді;


(Әр оқушы өз ойымен бөліседі. Бір-бірінің пікірін толықтырып, пікір алмасады, берілген тапсырманы бағалау критерийі бойынша орындайды;)


Дескриптор:


-бос орындарға тиісті сөздерді жазады – 2 балл;

Презентация, оқушы алдындағы оқулықтар, оқушының жұмыс дәптері







Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Кері байланыс


«Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

.

Жеке жұмыс: - бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
08.12.2023
2014
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі