«И.Шорманов атындағы орта мектеп – мектепке
дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
«Мен – өз елімнің патриотымын» атты ән
байқауы
Жауаптылар:
Музыка пәнінің мұғалімі - Бектасов Мейрамбай
Досмаханович .................
Пед
– ұйымдастырушы - Карипбек Айбегім
Дулатқызы.......................
2017-2018 оқу
Бекітемін
Мектеп директоры ____________
М.Даулетова
«.......»...............................2017ж
«И.Шорманов атындағы орта мектеп – мектепке
дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
«25 - ән» жобасы аясында өткізілетін «Мен - өз
елімнің патриотымын» атты патриоттық әндер байқауының
жоспары
Тақырыбы: «Мен – өз елімнің
патриотымын»
Байқаудың
мақсаты:
-
Балалардың өнерге деген құштарлығын
арттыру;
-
ол
болашағы саналатын жастарға қолдау көрсетіп, шығармашылық
деңгейлерін көтеру;
-
оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін,
Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
-
патриоттық әндерді орындау шеберлігін
арттыру.
Өтетін орны:
Ән
– саз залы
Байқауға
қатысатындар: 3-7 сынып оқушылары
Байқау барысы:
1-жүргізуші:
Ардақты елім, кең елім,
Құтты болсын мерекең.
Ырыс көктеп жеріңде,
Арта берсін берекең
2-жүргізуші:
Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және
оқушылар! «25-ән жобасы» аясында өткізілетін «Мен – өз елімнің
патриотымын» атты патриоттық ән байқауына қош
келдіңіздер!
1-жүргізуші:
Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
2-жүргізуші:
Азат өлкем күндей күлген
шығыстан,
Асыл елім жан - жүректі
ұғысқан.
Ата бабам аңсап өткен
бақытым,
Айналайын, Қазақстан -
Гүлстан!
1-жүргізуші
Өзіңсің , Қазақстан, ән, арманым да,
Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.
Бір нәрсе жетпейді деу қате болар
Өзіңдей ұлан байтақ далам барында.
Гүл дала – Қазақстаным.
2-жүргізуші
Сен үшін бар сөздіктен сөз таңдайын көп,
Сен барда басылмайды жез таңдайымда от.
Мен сенен кете алмаспын, амалсыздан
Бір кетсем, оралармын бозторғайың боп.
Ән дала –
Қазақстаным.
-
жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.
2-жүргізуші
-
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Шүкірбаев.Ә.Ә
-
Директордың әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Қоңырбаева.С.Қ
-
Педагог – психолог
Бокаева.Л.
1-жүргізуші:
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық біз,
Ән шырқап, би-билеуден қашпайық біз.
Ал енді сіздер рұқсат етсеңіздер,
Сонымен кешімізді бастайық біз.
2-жүргізуші
Сайысқа қатысушы оқушыларды қошеметтеп қарсы
алайық:
-
3-сынып оқушылары
-
4 – сынып
оқушалары
-
5-сынып оқушылары
-
6-сынып оқушылары
-
7- сынып
оқушылары
Қазақпын, еңселі елмін
егеменді,
Кеңейттім кең әлемге
керегемді.
Мұхиттың ар жағында жатқан
жұрттар
Таныды тепе-тең деп
тереземді.
Қазақпын, қойнауы-құт,
жері-дархан,
Әнімді бес құрлықтың бәрінде
айтам.
3а –сынып
............................................................................................қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші
Бойымда әні бұлақ жатыр
бұрқырап
Сол бұлақтан сыр ағыздым жыр
құрап
Тілейтінім барша жұртқа бір
ғана
Ырыс, бақыт, татулық пен
ынтымақ.
3ә-
сынып....................................................................................
қабыл алыңыздар.
2-жүргізуші
Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін
қазақтан?!
3б – сыныбының
орындауында___________________________________ қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші
Жырлайды сені жел жұпар шашқанда,
Жырлайды көктем гүлдерін ашқанда.
Тұрасың сен мәңгі жас болып жүректе,
Жүресің сен мәңгі ән болып аспанда.
3в- сынып қыздарының
орындауында «Инаш ата » әнін қабыл
алыңыздар
2-жүргізуші
Сен
неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім?
4а –сынып
..................................................................................................қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші
Бойда қызу қаны ойнаған жігерлі,
Қаһарманы заманымның бұл енді.
Отан даңқын мүддесі үшін қажеттік,
Сарбаздар ол – елдігімнің тірегі.
4ә –сынып...................................................................................................қабыл
алыңыздар
2-жүргізуші
Халқым менің! Саған қарап жұбанам,
Тарих беті қатар-қатар бұралаң.
Талай зардап қайғы мұңның- соңынан,
Егеменді алғаныма қуанам.
4б – сынып
.......................................................................................қабыл
алыңыздар
1-жүргізуші
Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Кенжебектей баламыз ән шырқаса,
Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған
4в- сынып оқушысы Ахметов Элдар, Ораз Ерсұлтанның
орындауында «Жас Ұландар» әнін қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші
Армысың ата-қоныс, атамекен,
Киелі қасиетті туған өлкем
Саған деген сезімім, сағынышым,
Жыр болып төгіледі жүрегімнен.
5а сынып....................................................................................................
қабыл алыңыздар.
1-жүргізуші
Көптен күткен көк Байрақ желбіреді,
Күннің көзі көктемдей елжіреді.
Мұнан ыстық, жалын - от бар ма сірә,
Отан - әнмен жүрегім тербеледі.
5ә- сыныбының
оқушысы Ермағамбет Аяулымның орындауында «Жасыл жайлау» әнін қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші
Ту тігілді халқымның бүгін
бағына,
Жас өрендер желбіретіп нық
ұста.
Ғасырларға жалғастырып
елдікті,
Дақ түсірме ата баба
рухына.
5б - сынып
....................................................................................................қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші
Орындап ата - ана өсиетін
Баламын жасы үлкенге бас иетін
Паш етем ер жеткен соң бар әлемге
Жаңарған нағыз қазақ қасиетін
6а сынып...................................................................................қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші
Мұңға батқан жүректі ән оятар
Тәтті үннің әсерін жан оятар
Жанға қуат жүрекке шаттық сыйлап
Жас балаша көңілді жадыратар.
6ә сынып.....................................................................................қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші
Достық жасасыншы мәңгілік
Достықты жүрейік тек ән қылып
Татулық пен достық біздің Отанды
Жарастырсын бейбітшілік сән құрып
6б сынып....................................................................................қабыл
алыңыздар.
2-жүргізуші
Ән
көңілдің ажары,
Бөлейтұғын шаттыққа.
Қуаныштың базары,
Тарқамасын аптықпа.
Арман қуған жастарым,
Кеудеңе үміт нұрланар.
Ән шырқалсын келіңдер,
Талаптарыңа нұр жауар.
7а сынып..................................................................................................қабыл
алыңыздар.
1-жүргізуші
Арайлап атса келешектің ақ таңы,
Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.
Бүгінгі балғын, балауса жастар,
Қазақтың ертеңі мен мақтаны
7ә сынып
.............................................................................................қабыл
алыңыздар.
1 – жүргізуші: Ал ендігі сөз әділ
– қазы алқаларына береміз.
2 – жүргізуші: Рахмет.
1 – жүргізуші: Көпшілік құрметіне
бөленген әншілеріміз алдағы уақытта көптеген байқаудың жеңімпаздары
атанып, орындаушылық шеберлігімен талғампаздығымен үлкен – үлкен
табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз дей келе концерттік
кешімізді аяқтай отырып «өнер талантты өсіреді» деген ақын сөзінен
қуат алып, асыл мұраны сақтап, өркендете берейік дегім
келеді.
2 –
жүргізуші:
Арайлап атса келешектің ақ таңы,
Біз үшін мәртебе тұлпардың шапқаны.
Бүгінгі балғын, балауса жастар,
Қазақтың ертеңі мен мақтаны
Көңіл бөліп тамашалағандарыңызға көп рахмет!
Сау – саламатта болыңыздар!
Тексердім 2017ж