25 қазан – Республика күніне арналған «Мен Отаныммен мақтанамын!» атты ертеңгіліктің сценарийі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

25 қазан – Республика күніне арналған «Мен Отаныммен мақтанамын!» атты ертеңгіліктің сценарийі

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін құрметтеуге, туған еліне деген сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

25 қазан – Республика күніне арналған «Мен Отаныммен мақтанамын!» атты ертеңгіліктің сценарийі


Арыстангалиева Мейрамгуль Гизатовна

тәрбиеші, педагог-модератор

Атырау қаласы

55 «Жадыра» бөбекжай-бақшасы



«Мен Отаныммен мақтанамын!»

Мақсаты:
Балалардың Отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту. Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін құрметтеуге, туған еліне деген сүйіспеншілікке, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Жүргізуші: Салематсыздар ма, құрметті ұстаздар, қонақтар, балалар!

25-қазан Республика күніне арналған «Мен Отаныммен мақтанамын!» атты ертеңгілігімізге «Ботақан» мектепалды даярлық тобының балаларын ортаға шақырамын.

Балалар қолдарына жалауша ұстап музыкамен залға кіреді.

Жүргізуші: Балалар бүгінгі шарамыз  ерекше болғалы тұр ендеше әнұранмен бастайық. ҚР-ның әнұраны орындалады. 

Жүргізуші:

Кенге толы қойнауы

Төлге толы жайлауы

Ол - біздің Қазақстан!

Анамыздай тілеуі- ақ

Отан бізде біреу-ақ,

Ол біздің Қазақстан!


Балалар біздің Отанымыз қалай аталады?
-Біздің отанымыз Қазақстан.

Ия, балалар, туып өскен жеріміз-Отанымыз, туған-туысқандарымыз, біз тұратын атамекен – Қазақстан.

Балалар 25 қазан қандай мереке?– 
Республика күні.
1990 жылы қазан айының 25-і Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаны туралы құжат қабылданды. Сол сәттен бастап егеменді Қазақстан жеке мемлекет ретінде таныла бастады.  Бұл құжт қабылданғанда Еліміздің егемендігін мәлім ететін жеке территориясы, азаматтығы, мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран, сондай-ақ ұлттық валютамыз «теңге» бекітілді.


Еліміздің бас қаласы қалай аталады?
-Біздің бас қаламыз Астана
- Біздің Президентіміз кім?
- Қасымжомарт Кемелұлы Тоқаев
- Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер?
- Ту, Әнұран, Елтаңба.

Балалар, біз  бүгін  барлық  әндерімізді, билерімізді, жыр-шумақтарын   Отанымызға арнаймыз, өйткені  25- қазан күні Республика күні болып тойланады.

Ортаға жыр-шумақтарын айтуға Еркемай, Фариза, Муслим, Назарды шақырамыз.

Еркемай Жарқырап жайнаған күндей азаттығы,

Көрінер ұлтымның да,ғажаптығы.

Республика күнімен құттықтаймын,

Өйткені ол-Ұлт күні,қазақ күні.


Фариза Нұрына шомылдырып алтын күннің,

Республикам ертеңге талпындырдың.

Өзінен шабыт алып,ақын қиял,

Шалықтап, кең даламда шалқып жүрмін.


Муслим Қатар шапқан қос тұлпар,

Ай астында қазақ үй.

Қалықтаған жас сұңқар,

Шарықтаған таза күй.

Қара шаңырық ел күні,

Асқақтатып тұр мұны.


Назар Аспан түстес көгілдір,

Тік бұрышты матаның.

Ортасында төгіп тұр,

Күн жаяды шапағын.

Астында оның қалқыған,

Қыран құстың бейнесі.

Азат елдің шалқыған,

Көңілі деп білерсің.


Жарайсыңдар, балалар!
-Балалар, бізге ата қонаққа келе жатыр екен, салематсыз ба ата?

Ата: Салематсыздар ма, балалар, бұл жерде Республика күнін тойлап жатырсыңдар ма?

Ия, ата, Республика күнін тойлап жатырмыз, бізбен бірге балалардың өнерін тамашалаңыз. Балалардың дайындаған әсем әні де, биі де бар!

Ата жайғасып отырады.

Жүргізуші:

Құтты болсын әр күнің,

Сыйла, бақыт баршаға.

Мың бұралған қыздардың

Биін қарсы ал, таң қала! - дей отырып қыздарымыздын биін қабыл алыңыздар. Биші қыздарымызды «Қазақ биін» орындауға ортаға шақырамыз!

Ата: Ой, балалар, қандай өнерлі едіңдер, балалар енді «Текшелерді сурет бойынша сәйкестендіру» ойынын ойнайық.

Ойын шарты: Балалар қолдарындағы Астана қаласындағы әдемі ғимараттардың суреттерін алып алдарында тұрған сондай суреттерге бір қарап алады, тәрбиеші сол суреттердің орнын ауыстырып, бағытын бұрып қояды, балалар қолдарындағы суреттерді сәйкестендіріп орнын тауып қоюы керек.
Ойын ұнады ма, балалар, жарайсыңдар!

Ортаға жыр-шумақтарын айтуға Азамат, Айлин, Айсұлтан, Раяна шығады.


Азамат Рәміздерім-елдігімнің белгісі,
Білу керек-бала-дағы ең кіші.
Рәміздерім-Әнұран,Ту, Елтаңба,
Рәміздерді жатқа білген жөн кісі.

Айлин Әнұраны елімнің
Шақырады бірлікке.
Егеменді халқымның,
Болашағы бірлікте.

Айсұлтан

Айнымайды аспаннан,
Біздің тудың бояуы.
Оны халық қашанда,
Биікке іліп қояды

Раяна Елтанбасы елімнің,
Неткен әйбат, әдемі.

Тұнығындай көңілдің,
Ортада аспан әлемі!
Құт, береке шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ,

Екі жақтан көмкерген.


Балалар, енді осы Отанымыз-Қазақстан Республикасына арнап ән орындайтын боламыз.

Ән: Егемен ел- Қазақстан!

Балаларды мадақтау.
Жүргізуші: Балалар, білімді, ақылды болсаңдар Қазақстан елінің көк туын талай көкте желбірететіндеріңе біз  сенеміз!


Ұлдардың орындауында би!

Жүргізуші: Ой, балалар, қандай өнерлі едіңдер, балалар енді тағы бір ойын ойнайтын боламыз.

Ойын «Ғажайып құрсау» Балалар, ұлттық ойын, аспап, тағам, киімдерді жақсы білесіңдер ме?
Ойын шарты: Балалар, осы топтасып жатырған суреттерді - ұлттық киім, ұлттық аспап, ұлттық тағам, ұлттық ойын етіп бөліп құрсау ішіне жинайтын боласыңдар.

Ойын ұнады ма, балалар, жарайсыңдар!

Балалар, енді Назар, Аяулым, Еркемай, Фаризаның орындауында «Отанның жас өркені» әнін тамашалайық.

Жарайсыңдар, балалар!

Балалардың орындауында «Тәуелсіздік ел ұраны» әні.

Ата: Ой, балалар, қандай өнерлі едіңдер, білімді едіңдер! Мен сендерге батамды беремін:

Сұрасаң бата беремін, үстем болсын мерейің!

Жорытқанда жолдарың болсын, Қыдыр ата жолдасың болсын, әумин!

Сау болыңдар, балалар, мен қайтайын!

Сау болыңыз, ата!

Жүргізуші:

Байтақ дала жерім менің,
Арта берсін даңқың сенің!
Көк байрағың желбіресін,
Егеменді елім менің!

Құрметті  қонақтар, ұстаздар, балалар осымен Республика күніне арналған
«Мен Отаныммен мақтанамын» атты ертеңгілігіміз аяқталды. Көңіл қойып келгендеріңізге, ынта қойып тыңдағандарыңызға рахмет!




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
24.01.2026
0
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі