Материалдар / 25 қазан Республика күні
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

25 қазан Республика күні

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2022
1039
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

25 қазан Республика күні


Мақсаты: Оқушыларды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге үйрету. Бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі — туған Отанды сүюден басталатынын түсіндіру. Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту.

Көрнекілігі: Қанатты сөздер ілу. Ту, Елтаңба, ұлы тұлғалардың суреттерін ілу.


Жүргізуші:


Құрметті оқушылар, адам шыр етіп дүниеге келгенде, кіндік қаны тамған жерін – Отан дейді. Әрбір адамда Отанға, туған жерге деген ыстық сезім, үлкен махаббат болады. Алысқа жолаушылап кетіп, туған жеріне оралған сәтте тауы да, тасы да саған ыстық болып тұрады. Адамзаттың парызы — туған Отанын гүлдендіріп, сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізу.

Биыл 13 жылдан соң 25-қазан Республика күні ретінде қайта бекітілді. Республика күніне Ұлттық мереке мәртебесі берілді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қыркүйек күні тиісті заңға қол қойды.

Балалар, енді сұраққа жауап берейік.

  1. Қ.Р. Президенті кім?

  2. Қ. Р. Рәміздерін ата?

  3. Қасым-Жомарт Кемелұлы қай қалада тұрады?

- Балалар, біз қай елде өмір сүріп отырмыз?

Балалар: - Қазақстан Республикасында.

Ән: «Қазақстан отаным»

Қайрат
1. Құттықтаймын қазағым,
Республика күнімен.
Бар ғаламға танылсын,
Әнұраным үнімен.
Ермек
2. Азаттықтың көк туы,
Желбіресін көгімде.
Бар жақсылық орналсын,
Егемендік елімде.


Нұрай
3. Қазақ аты танылсын,
Барлық әлем жұртына.
Таңдансын да таң қалсын,
Салт-дәстүрім, ғұрпыма

Жансерік

  1. Сарқылмайтын қуатым,
    Тірегімсің Қазақстан.
    Мәңгі соғып тұратын.
    Жүрегімсің Қазақстан.


Гүлім

5. Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі
Мықты болсын еліміздің керегесі
Тату тәтті бұл халқымыз әрқашанда
Кетпесін туған жердің берекесі.

Айару

6. Толтырған гүлге даланы
Жайнатқан ауыл қаланы
Ардақты атамекенім,
Отаным - Қазақстаным.


Нұрлыбек
7.Гүл жайнаған Астан,
Қазақстан отаны.
Бірін-бірі сыйлаған,
Туысқандар отаны

Інжу

8. Біз Отанның гүліміз,
Туған жердің нұрымыз.
Тәуелсіз  біздің еліміз.
Қазақстан бай жеріміз.

Абдулла

9. Кең жазық Отан мекенім,
Сен де өсіп көктедім
Сені қорғау парызым,
Мұны біліп өтемін.

10.Тамерлан

Ұлан байтақ жері бар,
Пайдалы қазба кені бар.
Тәуелсіз ел - Қазақстан
Көркіне көркі жарасқан.
Раян
11.Тәуелсіз азат елім,
Туып өскен- байтақ жерім.
Мәңгі жайнап тура бер
Қазақстаным менің!

Ерсін

12. Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.
Ақнұр
13.Отаным менің Қазақстан
Қарызбын саған әрқашан
Азаматтық борышты
Өтеуге мәңгі талпынам.
Айсұлу
14.Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.


Жүргізуші: 1992 жылы 4 маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту, Әнұран бекітілді. «Таңбасыз ел болмайды, найзасыз ер болмайды», дейді халқ. Кез келген халықтың өз таңбасы болады.

Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген, ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында өрнегі бар. Жалаудың ұзындығы 2 метр, ені 1 метр.

  1. Мемлекеттік туының авторы кім?

(Суретші — Шәкен Ниязбеков)








Қазақстан жалауы.

Абдулла

Көк аспандай көкпеңбек
Қазақстан жалауы.
Көк емес ол тектен-тек –
Елдің ашық қабағы.



Қайрат
Ақ ниеті – алтын күн,
Асқақ арман – қыраны.
Жалауы бұл –халқымның

Мәртебесі, туы, ары.
Раян

Бұлт шалмасын күнімді,
Тарылмасын өрісім.
Биік ұстау туымды –
Қасиетті борышым.


Елтаңба


Елтаңба — әлемде сирек кездесетін Елтаңба. Қазақ өмірінің ұлы белгісі шаңырақтан тараған. Таң шапағындай уықтар арасындағы ай мүйізді, алтын қанатты ғажайып пырақтар халқымыздың болашаққа ұмтылған асқақ арманының бейнесіндей болып көрінеді. Қос пырақ ортақ шаңырақты қанатымен қорғап тұр. Қанат — асқақ арман нышаны. Ел белгісінде көк аспан, шаңырақ, жарық жұлдыз, қанатты тұлпар, бидай сабақтары бейнеленген. Аспан көк — кеңшілік, тыныштық, биіктік белгісі. 

«Қазақстан» дейтін Отан — Анамыздың Елтаңбасының авторы кім? (Сәулетші Жандарбек Мәлібеков және әйгілі суретші Шота — Аман Уәлиханов)

Нұрай

Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат, әдемі!
Тұнығындай көңілдіҢ,
Ортада -аспан әлемі.







Гүлім
Құт, береке - шаңырақ,
Орын алған ол төрден.
Қанатты қос арғымақ
Екі жақтан көмкерген.


Қайрат
Тәуелсіздік жолыңда
Талай-талай тер тамған.
Билігім өз қолымда, -
Еркіндігім – Елтаңбам.

Әнұран

Мемлекеттік Әнұран — еліміздің музыкалық поэтикалық эмблемасы, әдеби сазды төл құжаты. Ол халық жүрегінің лүпілін тұмар ғып түйген музыкалық сәлем хат сынды.

Әнұран авторын білесің бе?

(Әнін жазған Шәмші Қалдаяқов. Сөзін жазған Жұмекен Нәжімеденов және қосымша түзетілген нұсқау авторы Н. Ә. Назарбаев)



Әнұраны елімнің

Шақырады бірлікке.

Егеменді халқымның,

Болашағы бірлікте.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындаймыз.

Інжу

Барша халық таныған

Біздің үміт тілекті

Шырқалғанда әнұран

Шаттық кернер жүректі









Раян

Жеңіс туын көтерген

Жарыстарда сан қилы

Жетіп бізге шет елден

Көкке әнұран шалқыды

Шәмші атаның сазды үні

Жігер беріп қайтатты

Бәрімізді мәз ғылып

Жаңғыртады аймақты.



Ән “Біз бақытты балалар”  

Жүргізуші: .
Тәрбиеші: Осымен бүгінгі іс-шара өз мәресіне жетті. Сіздерге отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, осы балапандарыңыз Қазақстанымыздың туын желбірететін, биік шыңынан көрінетін азамат пен азаматша болуға тілектеспіз.























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!