25 қазан Республика күні

Тақырып бойынша 31 материал табылды

25 қазан Республика күні

Материал туралы қысқаша түсінік
25 қазан Республика күніне арналған бастауыш сыныпқа сынып сағат
Материалдың қысқаша нұсқасы

25 қазан –Республика күні

Табырыбы : Қазақстан –туған елім, ұлы өлкем

Тәрбие сағатының мақсаты:

1. Балалардың отан, Қазақстан, туған жер туралы түсініктерін кеңейту.

2. Балаларды Отанды сүюге,еліміздің рәміздерін қастерлеуге, туған еліне деген сүйіспеншілігін аттыру.

3. Балаларды достыққа, адамгершілікке, саналылыққа тәрбиелеу.

Тәрбие сағатының әдісі: сұрақ- жауап, әңгімелеу.

Тәрбие сағатының барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық ахуал: «Додакаэдр» әдісі

Сәлеметсіздерме балалар!

Күз: сәлеметсіздерме балалар!

Бүгін сіздерде тәрбие сағаты болып жатыр екен. Дендерің сау, дастархандарың мол болсын ! Мен өзім ғана келген жоқпын, өзіммен бірге айларымды ерте келдім.

Мұғалім: Бізге қонаққа күздің қыркүйек, қазан, қараша айлары келіпті.Осы айлар ішінен қазан айына сөз берсек.

Менің атым- қазан. Күзгі жиын-терінің соңғы айымын, еңбеккер елді той- думанға кенелтемін. Балалар қазан айында қандай мереке күндер барын білесіңдер?

Балалар:- Ұстаздар күні, -Қарттар күні, – Республика күні.

Мұғалім: Олай болса балалар! 25-қазан Республика күніне арналған «Қазақстан – туған елім,ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз.

Хор:Әнұран.

Мұғалім: Балалар арайлаған таңды сүйетін кім?

-Мен

Алтын сәулені сүйетін кім?

-Мен

Жарын даланы сүйетін кім?

-Мен

Ата-ананы сүйетін кім?

-Мен

Досын сүйетін кім?

-Мен

Кәне балалар Отан деген не?

Адамның туып өскен жері, туған-туысқандары, біз тұратын атамекен. Балалар біздің отанымыз қалай аталады?

-Біздің отанымыз Қазақстан.

Еліміздің бас қаласы қалай аталады?

-Біздің бас қаламыз Астана

Біздің Президентіміз кім? Қасым Жомарт Тоқайев

Еліміздің қандай рәміздерін білесіңдер? Ту, Әнұран, Елтаңба.

Балалар біздің елімізде көп ұлт өкілдері тұрады,кәне соларды атап айтайықшы: орыстар, өзбектер, қырғыздар, татарлар, немістер.

Иә балалар дұрыс айтасыңдар әр түрлі көп ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тұрады екенбіз. Балалар кәнекей әр ұлт өкілдері бір шаңырақ астында қалай тұратынын киіз үй құрып көрсетейік. Кәне, кәне тұрайық, Сол қолымды көтердім, Киіз үй біз құрайық. Уықты мен көтердім. Оң қолымды көтердім, Киіз үйді тұрғыздық, Уықты мен көтердім Жұмысты біз тындырдық..

Балалар Қазақстан туралы өлеңдер оқып, жақсы мақал-мәтелдер айту,елімізді, жерімізді мадақтау бүгін біздің еншімізде. Ендеше өнерімізді ортаға салайық. Арыстандай айбаттым.

Тақпақтар:

Мұғалім: Қазақ халқының мұраларының бірі – халық ауыз әдебиеті . Ал халық ауыз әдебиетіндегі жол- ол даналар мәйегі. Олай болса балалар қазақтың қандай билерін білесіңдер?

«Сөз бастаған шешендер» атты көрніс тамашалайық..

Төле би: Бір бала әкесінен өтіп туады, Бір бала әкесіне жетіп туады, Бір бала кері кетіп туады.

Қазбек би: Біз мал баққан елміз, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз, басымыздан сөз асырмаған елміз.

Әйтеке би: Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін, Батыр болсаң,жауыңа найзаң тисін.

Мұғалім: Даналық сөздеріңізге рахмет. Балалар енді «Ғажайып қоржын» ойынын ойнайық.

Қоржын ішіне жасырылған сұрақтарға жауап беру. Балаларды мадақтау. -Балалар! Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы екен. Отансыз адам болмайды. Отанымыз көркейіп, гүлдену үшін біз көп еңбектенуіміз керек. Еңбектену дегеніміз білімді,тәртіпті болуымыз. Балалар бүгінгі ашық тәрбие сағаты ұнады ма?

Қорытынды: Байтақ дала жерім менің Арта берсін даңқың сенің Көк байрағың желбіресін

Егеменді елім менің – дей отырып, Құрметті қонақтар, балалар осымен Республика күніне арналған «Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
03.11.2023
1857
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі