Материалдар / 25 Қазан-Республика күні (Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

25 Қазан-Республика күні (Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем)

Материал туралы қысқаша түсінік
Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

25 Қазан-Республика күні (Қазақстан-туған елім, ұлы өлкем)


Тақырыбы:  25 Қазан-Республика күні

Мақсаты: Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан  Республикасының рәміздерін қастерлеуге, еліне, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру мақсатында олардың сөздік қорларын көбейтіп, танымдық қызығушылықтарын арттыру.

Керекті құралдар: Қазақстан Республикасының картасы, ҚР президентінің суреті, мемлекеттік рәміздердің суреті, глобус.

Барысы: Еліміздің  әнұранымен басталады. (ҚР әнұраны айтылады)

Тәрбиеші:  Бейбіт таңдар арайланып атады,

Туған жерді аймалады шапағы,

Байтақ елім, Қазақстан!

Ең бақытты балалардың Отаны!

Тәрбиеші:-Балалар Біздің планетамыз неге ұқсайды? (Тәрбиеші глобусты балаларға көрсетіп, оның неге ұқсайтынын сұрайды)

Балалар: -Дөңгелек шарға!

Тәрбиеші:-Балалар, қалай ойлайсыңдар, глобустағы көк түс нені білдіреді?

Балалар: Мұхиттар, көлдер, өзендер.

Тәрбиеші:-Ал сары түс ше?

Балалар:-Мемлекеттер мен елдер!

Тәрбиеші:-Балалар, жер шарымызда қандай елдерді білесіңдер?

Балалар:-Германия, Америка, Қытай, Ресей, Жапония, Түркия, т.б.

Тәрбиеші:-Балалар, ал біз тұратын мемлекет қалай аталады?

Балалар:-Қазақстан!

Тәрбиеші: -Дұрыс айтасыңдар, біз Қазақстанда тұрамыз! Барлығымыз да Қазақстан картасына назар аударайық.  Мынау біздің байтақ жеріміз (Қазақстанның жерін картадан көрсетеді) Қазақстанның табиғаты алуан түрлі,  жері кең,  байтақ. Оны білу немесе түсіну үшін картаны пайдалану қажет.Сондай-ақ қай жерде қала, әдемі ормандар, биік таулар,теңіз, көл, қазына байлықтары бар екендігін картадан білеміз. Осы картадан еліміздің басты қалаларын кім көрсетеді?

(Балалар жеке-жеке картадан көрсетіп қысқаша мағұлмат береді)

Тәрбиеші: Біз картаға қарап байтақ жерімізбен таныстық. Ендеше осы Отанымыз Қазақстан  туралы  тақпақтарды айтып еске түсірейік. 

Аружан:Байтақ дала – туған жердің

Қымбат маған әр тасы.

Өзен, көлі, самал желі

Асқар тауы, баршасы.


Мейірғали:Алтын дәнді даласы бар

Ақ күмістей қаласы бар

Неткен сұлу, неткен көркем

Осы менің туған өлкем


Айзере:Ен даласын егін жапқан,

Бар баласы бақыт тапқан,

Менің елім, туған жерім

Күн сәулелі, Қазақстан!


Тәрбиеші:  Балалар, Отан туралы қандай мақал – мәтелдер білеміз?

« Отан –елдің анасы».

« Отан – оттан да ыстық»

« Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас».

« Отанды сүю отбасынан  басталады».

« Жері байдың елі бай».   т.б.

Тәрбиеші:  Жарайсыңдар, балалар. Ал біздің Отанымыздың бас қаласы қалай аталады?

Балалар:Астана

Тәрбиеші: -Балалар, әр мемлекеттің өз президенті  және мақтан ететін рәміздері бар, ал біздің президентіміз кім?

Балалар: Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Тәрбиеші сөзі: ҚР президенті жайында қысқаша мәлімет беру

Тәрбиеші: Ал, еліміздің мемлекттік рәміздерін кім айтады?

Балалар: Ту, Елтаңба, Әнұран.

Тәрбиеші: -Дұрыс,  мемлекеттің рәміздері:  елтаңба, ту, әнұран  жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейін. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы: суретші Шәкен Ниязбеков.

         Қазақстан Республикасының  мемлекеттік  елтаңбасы.  Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәңгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтаңба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтаңбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтаңбасының  авторлары сәулетшілер:  Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.

           Ал Қазақстан Республикасының  мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев,  әнін жазған  Шәмші Қалдаяқов.


Дидактикалық ойын: «Өз туыңды тауып ал»

Мақсаты:Ой –өрісін дамыту арқылы мемлекеттік туларды ажырап атауды үйрену.

Шарты: Әр түрлі мемлекеттердің туы көрсетіледі.Балалар өз елінің мемлекеттік туын табады.


Сергіту сәті.

Көк жалау желбіре (екі қолмен екі жаққа сермеу )

Асқақтап аспанда, (екі қолмен жоғары созылу)

Жас ұлан,  ел бірге

Сап түзе, жасқанба. (бір орында сап түзеп жүру)


Дидактикалық ойын: «Басқа әуендердің ішінен әнұранды тап»

Мақсаты: Әнұрандарды тыңдау арқылы оларды ажыратып, танымдық қабілеттерін арттыру.

Шарты: Басқа мемлекеттердің әнұраның тыңдайды.Соның ішінен ҚР әнұраның табады.

Тәрбиеші:  Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілін кұрметтеп, өз еліңді, жеріңді қорғап, халқына адал еңбек ету керек.  Сондағана  адал азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.

Қазақстаның әрі қарай бұданда жақсы көркейуі үшін сендер мына қағазға өз тілектеріңді тілеп, қолдарыңның ізін қалдырасыңдар. (Балалар дайын бояуға қолдарын батырып, қағаз ортасына алақандарын қойып тілектерін білдіреді)

Қорытынды:Балалар сендердің кішентай ғана жүректеріңнен шыққан тілектерің қабыл болсын! Енді осы Отанымыздың адал азаматы болу үшін не істеуміз керек? (Балалардың жауабы)

Тәрбиеші :Арысбаева А.

Әдіскер:______________Алғатаева Қ.

 

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!