Материалдар / 25 қазан Республика күніне арналған ертеңгілік
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

25 қазан Республика күніне арналған ертеңгілік

Материал туралы қысқаша түсінік
Толық жазылған, айтылатын әндері де толық жазылған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қазан 2024
186
0 рет жүктелген
900 ₸
Бүгін алсаңыз
+45 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +45 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Менің елім-мәңгілік ел»

Мектепалды даярлық топ

Құрметті ата - аналар, кішкене бүлдіршіндер және балабақша ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні мерекесімен «Таңшолпан» мектепалды даялық тобы атынан шын жүректен құттықтаймыз! Баршаңызға отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілеймін.

1 Әнұран.


2 Тақпақтар

Ақжайық, Алтай арасы ( Мариям)

Қазақтың шалқар даласы

Республикама қарашы!

Жерімнің дәні маржандай

Қырманы асқар таулардай

Республикама қарашы!

Құрметті қонақтар қош келдіңіздер!



Республика күнімен

Құттықтаймын сіздерді

Республика күнімен

Құтты болсын қазағым (Айшанұр)

Қуанатын күнің ең



Республика күні бұл

Мерекеміз мерейлі

Тақпақ айтып жаттаймыз (Асылай)

Тақылдатып көмейді



Елімнің атын айтсам Қазақстан

Жерімнің атын айтсам Қазақстан

Қайнауы қазынаға толған мекен Шахнур

Байлығым атын айтсам қазақстан











3 Қонақ:

Қонақ : -Сәлеметсіңдер ме!

- Мен ел аралап жүрген саяхатшымын. Сыңғырлаған балалардың күлкісін естіп, қай елдің бақытты балалары екенін білейін деп келдім.

Жүргізуші:

-Саламатсыз ба, олай болса, қош келдіңіз! бүгін бізде 25 қазан Республика күніне арналған ертеңгілігіміз өткелі жатыр. Қонақ болыңыз

Қонақ:

- Сендер өте көңілді, әрі бақытты көрінесіңдер. Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?

Балалар:

- Қазақстан Республикасы.

Қонақ :

- Президент кім?

Балалар:

- Тоқаев Қасымжомарт Кемелұлы

Қонақ :

- Отандарыңның астанасы қай қала?

Балалар:

- Астана қаласы.

қонақ

- Қазақ елі қандай қасиеттерімен ерекше?

Балалар:

- Әнұран, Туы, Елтаңбасымен.

Қонақ :

- Өте жақсы.

Жүргізуші

Сіз демалыңыз, біздің балалардың тақпағын тамашалаңыз

4 Тақпақтар


1. Каусар Әнұраным, жан ұраным

Айтар әнім, сөйлер сөзім

Туған жерім сағынарым

Мәңгі - бақи шырқалады

Республикам, Әнұраным



2. Даниял Елтаңбасы елімнің

Неткен көркем, әдемі

Тұнығындай көңілдің

Ортада аспан әлемі.


3 Алуа Бақыт бірлік күн талабы

Тоқтамайды дүбір әні

Мәңгі бақи шырқалады

Республика әнұраны




4 Альтайыр Айнымайды аспаннан

Біздің тудың бояуы

Оны халық қадірлеп

Биікке іліп қояды


5 Дәулет Арқасына күнді алып

Қыранымыз самғап жүр

Көк туымыз желбіреп

Жер мен көкті жалғап жүр


5 Ән: «Атамекен».

6 Тақпақтар


1 Абылай Сүйсең ғой даланың

Гүл жайнаған алабын

Білсең ғой сен біріқ

Қазақстан жалауын


2 Дария Елтаңбасы елімнің

Ортасында шаңырақ

Мемлекеттік туымнан

Күн шығып тұр жарқырап


3 Айнамкөз Арқасына күнді алып

Қыранымыз самғап жүр

Көк туымыз желбіреп

Жер мен көкті жалғап жүр




7. Би (Қыздар)


Жүргізуші:

- Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың қасиетті белгілерін біледі екенсіңдер. Онда Отан дегеніміз не?

Балалар:

- Отан дегеніміз біздің әке - шешеміз, туған туыстарымыз, ауыл қалаларымыз, өзіміз туып - өскен жеріміз.




8 Тақпақтар


1 Дулат Отан туған үйіміз

Отан туған жеріміз

Отан ортақ үйіміз

Көңілді ән мен күйіміз


2 Досжан Отаным менің Қазақстан

Атыңнана сенің айналам

Бас иіп саған өтемін

Жасай бер жаса Қазақстан



3 Медина Отан – сенің ата - анаң,

Отан – досың, бауырың

Отан - өлкең, астанаң

Отан – аудан, ауылың.


4 Ажар Отан деген атамекен

Отан деген туған жер

Отан-ана, Отан үлкен

Қазақстан туған ел



5 Аружан Отаным менің Қазақстан

Мәңгілік сенімен мақтанам

Саяңда жүрсем әрдайым

Күлімдеп жүрем бақ табам



6 М Медина Туыспыз біз бәріміз

Біз Отанды сүйеміз

Бақытты елде тұрған соң

Бақытты өмір сүреміз


9 Ән «Отанымыз Қазақстан»

10 Ойын «Кім жылыдам?» кілем құрастыру


Тәрбиеші:

- Ал, балалар, біз Отан туралы қандай нақыл сөздер білеміз ?








11 Нақыл сөздер.

1. Отан – оттан да ыстық. Айлина

2 Отан үшін отқа түс күймейсің Айша

3. Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі. Муслим М


4. Өз елің алтын бесік. Муслим Е


5. Халқын сүйген, салтын сүйеді. Ибрахим


6. Туған жердің қадірін, шетте жүргенде білерсің. Қуаныш


12. Би Жігіттер «жалаумен»


13. Көрініс: «Көк байрақтай, көк жиде»


Асан ата - анасымен бірге Алматыға қайтып барады. «Ата бата берші»,- деп атасынан бата сұрайды.

Атасы: «Сұрасаң бата берейін

Үстем болсын мерейің

Ықыласпен қол жайсаң

Ақ тілепен төгейін

Жорытқанда жолың болсын,

Қыдыр ата жолдасың болсын, аумин!»


Содан кейін Асан атасына қиыла қарайды. Ата-ата?

Атасы:

- Ау қарағым, айта ғой балам.

немересі:

- Ата, сіздердің «Алтын тойларыңыздан» теберік әкетсем деп едім. Көп сыйлықтың ішінен бір көк көйлек ұнап қалды.

Атасы:

- Қалағаның сол болса несін аяймын. Киім көп, қазір оны кимеспін

- Тура Қазақстанның көк байрағы секілді көркем жиде өзі.

немересі:

- «Ту желбіресе көңілім көтеріледі. Осы көйлекті атамды сағынғанда иіскеп күтіп киемін.

Атасы:

- Еліңе, жеріңе адал қызмет ет, балам. Өркенің өссін балам!

немересі:

- Қазақстанды қорғайтын ұрпақ біздерміз ғой. Туған өлкені, сіздерді өте жақсы көремін. Атамның көкпеңбек жидесін терең құрметпен қарайтын боламын.


14 Ән «Біз отанның бөбегі ». Дарияның жеке орындауында

Елші:





Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны

Алтын күн аспаны,

Алтын дән даласы,

Ерліктің дастаны,

Еліме қарашы!

Ежелден ер деген,

Даңқымыз шықты ғой.

Намысын бермеген,

Қазағым мықты ғой!



Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!



Ұрпаққа жол ашқан,

Кең байтақ жерім бар.

Бірлігі жарасқан,

Тәуелсіз елім бар.

Қарсы алған уақытты,

Мәңгілік досындай.

Біздің ел бақытты,

Біздің ел осындай!



Менің елім, менің елім,

Гүлің болып егілемін,

Жырың болып төгілемін, елім!

Туған жерім менің — Қазақстаным!

«Атамекен»
Әні: Е.Хасанғалиев
Сөзі: Қ.Мырзағалиев

1. Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем.

Қ-сы:
Қайда жүрсем Атамекен
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.

2. Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.

3. Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем.
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан
Қазағымның мәртебесі деп білем.

















Қазақстаным Отаным

1 Қазақстаным Отаным

Шалқыған шаттық ордасы

Тәуелсіздіктің ұраны

Шаттық ән жырдың арнасы

Қ-сы

Елім де тыныш, жерім де тыныш

Бейбіт күн әні шырқалсын

Бақытты елім,жақұтты елім

Тіл көзден сені сақтасын





2 Тәуелсіз елдің ұраны

Қырандай көкке самғасын

Көк туым менің желбіреп

Тұғыры мәңгі таймасын



Елім де тыныш, жерім де тыныш

Бейбіт күн әні шырқалсын

Бақытты елім,жақұтты елім

Тіл көзден сені сақтасын

























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!