§28.өсімдіктің өсуі мен дамуын реттегіштер.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

§28.өсімдіктің өсуі мен дамуын реттегіштер.

Материал туралы қысқаша түсінік
(ЖАУАБЫМЕН) Зертханалық жұмыс№ 6 «Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу».
Материалдың қысқаша нұсқасы

9 сынып №32

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші. Зертханалық жұмыс№ 6 «Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу». §28.өсімдіктің өсуі мен дамуын реттегіштер.

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Координация және реттелу, биофизика»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 9 «а,ә,б»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттеуші. Зертханалық жұмыс№ 6 «Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу». §28.Өсімдіктің өсуі мен дамуын реттегіштер.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.1.7.6 - өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау;

Сабақтың мақсаты:

өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.




Қызықты әдіс: "Гомеостаз детективі"


Тапсырма:

Сценарий: Адам ағзасында гомеостаз механизмі бұзылды деген хабарлама алдыңыз. Сіз – "Гомеостаз детективісіз".

Міндетіңіз: Гомеостаздың қай механизмі бұзылғанын анықтап, оны түзету жолдарын ұсыныңыз.

Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.


Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды.


Жауабы:

Белгі: Науқастың дене температурасы 39°C-қа дейін көтерілді.

Себебі: Теріс қайта байланыс механизмі бұзылып, тер бездері дұрыс жұмыс істемейді.

Шешім:

Науқасқа көп су ішу ұсынылады.

Температураны төмендету үшін салқын компресс қолдану қажет.

Қажет болса, дәрігердің бақылауымен дене температурасын түсіретін дәрілер қабылданады.

Дескриптор:

Проблеманы анықтады және дұрыс сипаттады – 3 балл;

Гомеостаз механизмінің түрін (теріс қайта байланыс) дұрыс көрсетті – 4 балл;

Шешімін нақты, қисынды және тиімді ұсынды – 3 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж

Оқушылардың назарын аудару

"Таңқаларлық факт" әдісі

Жүргізу тәсілі:

Мұғалім қызықты мәліметпен сабақты бастайды:


"Сіз білесіз бе, ауксиндер тек өсімдіктерде емес, кейбір бактерияларда да кездеседі және олар өсімдіктердің өсуін жақсартады?"



«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.


Күнге ұмтылу: Ауксиндер өсімдіктердің жарыққа қарай иілуіне себеп болады. Бұл құбылыс фототропизм деп аталады.

Өсімдіктің "дәрігері": Ауксиндер жарақаттанған өсімдік бөліктерін қалпына келтіреді.

Жеміссіз жемістер: Ауксиндер тұқымсыз жемістер (мысалы, банан) өсуіне мүмкіндік береді.

Жасанды тамырлар: Ауксиндерді қолдану арқылы өсімдіктерге жаңа тамырлар өсіруге болады.

Бәсекелестік: Ауксиндер мен гиббереллиндер сабақтың өсуін теңестіру үшін бірге жұмыс істейді.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.


Жауабы:

Ауксиндер – бұл өсімдіктердің өсуі мен дамуын реттейтін фитогормондар. Олар өсімдік жасушаларының бөлінуі, ұзарып өсуі және дифференциациялануы процестеріне әсер етеді. Кейбір бактериялар (мысалы, Azospirillum және Rhizobium түрлері) ауксиндер (индол-3-сірке қышқылы, IAA) түзеді. Бұл бактериялар өсімдік тамырының айналасында өмір сүріп, оның өсуін жақсартады. Олар тамыр жүйесінің кеңеюін, қоректік заттардың жақсы сіңірілуін және өсімдіктің жалпы өнімділігін арттырады.

Дескриптор:

Ауксиндердің өсімдік өсуіне қалай әсер ететінін түсіндіреді – 1 балл;

Бактериялар мен өсімдіктер арасындағы өзара әрекеттесу механизмін сипаттайды – 2 балл;

Ауксиннің өсімдіктердегі рөлін талдайды – 2 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


Сабақтың мақсатын таныстыру

9.1.7.6 - өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау;


Оқу мақсаты бойынша

Дәйек сөз немесе цитата:

"Табиғат ауксиндер арқылы өсімдіктерге өзіндік үйлесім мен реттелуді сыйлайды."


Кілт сөздер (жұп/топ бөлу үшін):

Ауксин

Фототропизм

Фитогормон

Өсу реттегіштер

Жасуша өсуі

Тамыр түзілуі

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.


Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж

Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: Ауксиндердің өсімдік өсуі мен дамуын реттеудегі рөлін түсінеді.

Практикалық дағдылар: Ауксин ерітіндісін қолдана отырып, өсімдіктердің өсуін бақылау тәжірибесін жүргізеді.

Функционалдық сауаттылық: Өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін факторларды талдай отырып, нақты деректер негізінде шешім қабылдайды.

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация



Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты таныстыру

«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.



Оқушылар жаңа сабақ бойынша дайын кестені дәптерге түртіп жазады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация



Оқушыларға бағыт бағдар беру

"Жасушалық деңгейде түсіндіру" әдісі


Тапсырма:

Ауксиннің жасуша қабырғасының созылу процесіне әсерін сипаттаңыз.

Нұсқаулық:

1.Микроскоп арқылы өсімдік жасушаларын бақылаңыз.

2.Ауксиннің жасуша қабырғасын жұмсартып, оның созылуына қалай әсер ететінін түсіндіріңіз.

Жауабы:

Ауксин жасуша қабырғасындағы қышқылдықты арттырып, оны жұмсартады, бұл жасушалардың созылуына мүмкіндік береді.

Дескриптор:

Жасуша қабырғасының құрылымын сипаттайды - 2 балл;

Ауксиннің жасуша қабырғасына әсерін дұрыс түсіндіреді - 2 балл;

Жасушалық деңгейде ауксиннің рөлін ғылыми негізде сипаттайды -1 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж

Практикалық тапсырмалар беру.

"Тәжірибе арқылы зерттеу" әдісі


Зертханалық жұмыс№ 6 «Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу»


Жұмыс барысы

Ауксин (немесе гормондар қоспасы) әсеріне ұшыраған және бақылау өсімдігінің вегативті мүшелерінің жағдайын бағалаңдар.

Ұзындығын өлшеп, тәжірибе кезінде түзілген өлкендер мен (немесе) тамырларды санаңдар.

Мәліметтерді дәптерге кестені сызып алып толтырыңдар.

Қандай стимуляторлар немесе олардың қандай концентрациясында едәуір дамыған вегативті мүшелер түзілгенін көрсетіңдер.

Оқушылар зертханалық жұмыс барысын орындайды.

Ауксин (немесе гормондар қоспасы) әсеріне ұшыраған және бақылау өсімдігінің вегативті мүшелерінің жағдайын бағалайды.

Ұзындығын өлшеп, тәжірибе кезінде түзілген өлкендер мен (немесе) тамырларды санайды.

Мәліметтерді дәптерге кестені сызып алып толтырады.

Қандай стимуляторлар немесе олардың қандай концентрациясында едәуір дамыған вегативті мүшелер түзілгенін көрсетеді.



















Дескриптор:

- жұмыстың тақырыбы мен мақсатын жазады – 2 балл;

- ауксин (немесе гормондар қоспасы) әсеріне ұшыраған және бақылау өсімдігінің вегативті мүшелерінің жағдайын бағалайды – 2 балл;

- ұзындығын өлшеп, тәжірибе кезінде түзілген өлкендер мен (немесе) тамырларды санайды – 2 балл;

- фитогормондар әсерінің тиімділігі туралы қорытынды жазады – 2 балл;

- қандай стимуляторлар немесе олардың қандай концентрациясында едәуір дамыған вегативті мүшелер түзілгенін көрсетеді – 2 балл;

Интерактивті панель

Презентация


Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж

Бағалау

"Ғылыми талқылау" әдісі


Тапсырма:

Зертханалық жұмыс нәтижелерін қорытындылап, ауксиннің өсімдіктің дамуына әсерін түсіндіріңіз.

Нұсқаулық:

1.Ауксиннің жасуша бөлінуі мен ұзарып өсуіне әсерін сипаттаңыз.

2.Ауксиннің артық немесе жеткіліксіз мөлшерінің өсімдікке әсерін талдаңыз.

Жауабы:

Ауксин өсімдік жасушаларының бөлінуін және созылуын ынталандырады. Артық мөлшерде ол өсімдіктің өсуін тежей алады.

Дескриптор:

Ауксиннің физиологиялық әсерін түсіндіреді - 2 балл;

Нәтижелерді талдайды және ғылыми тұжырым жасайды - 2 балл;

Зерттеу барысында алынған мәліметтерді қорытындылайды- 1 балл;

Интерактивті панель

Презентация

Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

"Графикалық кері байланыс" әдісі

Жүргізу:

Оқушыларға сабақ соңында ауксиннің өсімдіктерге әсерін түсіндіретін диаграмма немесе сызба салу.


Мысалы:

Ауксиннің өсімдіктің өркендеріне, тамырларына әсерін көрсететін бағыттармен байланыстырылған сызба.

Артықшылығы:

Тақырыпты визуализациялауға және негізгі түсініктерді нақты көрсетуге мүмкіндік береді.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация



Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Үйге: 2 тоқсанда өтілген тақырыптар мен оқу мақсатын қайталау.

2 тоқсанда өтілген тақырыптар мен оқу мақсаттарын қайталайды.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Биология 9-сынып,Автор: Н.Г.Асанов, А.Р.Соловьева,Б.Т.Ибрагимова . «Атамұра» баспасы 2019ж


ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


Бұл кесте зертханалық жұмыстың кезеңдерін, әрекеттерді және оларға сәйкес түсіндірулерді бейнелеп көрсетуге арналған.

Кезеңдер

Әрекеттер

Түсіндіру

1. Өсімдіктерді таңдау және дайындау

Ауксин ерітіндісімен және сумен өңделетін өсімдіктерді дайындау.

Ауксин әсерін бақылау үшін тәжірибе және бақылау өсімдіктерін анықтау қажет.

2. Ауксин ерітіндісін қолдану

Тәжірибелік өсімдікке әртүрлі концентрациядағы ауксин ерітіндісін қолдану.

Ауксиннің концентрациясы оның өсімдік мүшелеріне әсерін анықтайды.

3. Өсімдіктерді бақылау

Өркендер мен тамырлардың ұзындығын өлшеп, санын есептеу.

Фитогормонның жасушалардың бөлінуі мен созылуына әсерін бағалау үшін өсімдіктің биологиялық көрсеткіштері тіркеледі.

4. Мәліметтерді жазу

Мәліметтерді арнайы кестеге енгізу.

Өсу көрсеткіштері дәл тіркелуі үшін деректерді жүйелеу маңызды.

5. Нәтижелерді салыстыру

Тәжірибелік және бақылау өсімдіктерінің нәтижелерін салыстыру.

Фитогормон әсерінің тиімділігі тәжірибе және бақылау үлгілерін салыстыру арқылы анықталады.

6. Қорытынды жасау

Өсімдіктің өсуі мен дамуына ауксиннің қалай әсер еткенін сипаттау.

Алынған мәліметтер негізінде фитогормондардың әсері туралы тұжырым жасау.

Мақсат:
Бұл кесте арқылы оқушылар әр кезеңнің маңызын түсініп, зертханалық жұмысты дұрыс орындауға және нәтижелерді нақты талдауға мүмкіндік алады.





Оқушының аты-жөні:_____________________________________________________________сыныбы_____


6 зертханалық жұмыс (жауабымен)


Тақырыбы: «Ауксиннің өсімдіктерге әсерін зерттеу»

Мақсаты: өсімдіктердің өсуі мен дамуына әсер ететін заттардың әрекетін талдау

Құрал-жабдықтар: жас бөлме өсімдітері (пеларгония, циперус немесе кез келген басқа тез өсетін жас өсімдіктер; мүмкіндігінше аналық өсімдіктен вегативті жолмен көбейтілген; қалемшесін алу үшін шегір гүл немесе циперус жапырағы) ауксин негізінде дайын өсу стимуляторы, дистелденген су, таразы, сынауықтар қоятын тұрғы (штатив) , сынауықтар, дозаторлар.

Ескерту: №6 зертханалық жұмыс мақсатын орындау үшін таңдалған нысанға байланысты тәжірибелер зертханалық жұмыстан 6-14 күн бұрын жасалуы тиіс.



Жұмыс барысы

Оқушының жұмыс нәтижесі (қорытындысы)

1

Ауксин (немесе гормондар қоспасы) әсеріне ұшыраған және бақылау өсімдігінің вегативті мүшелерінің жағдайын бағалаңдар.

Ауксин қолданылған өсімдік мүшелерінде бақылау өсімдігіне қарағанда жасушалардың бөлінуі мен созылуы айтарлықтай жоғарылаған. Бұл өркендердің ұзындығының артуына және тамырлардың жақсы дамуына себеп болды.

2

Ұзындығын өлшеп, тәжірибе кезінде түзілген өлкендер мен (немесе) тамырларды санаңдар

Ауксин ерітіндісімен өңделген өсімдіктерде тамырлар саны көбейіп, ұзындығы ұлғайды.

Бақылау өсімдіктерімен салыстырғанда өркендердің саны да артық болды.

3

Мәліметтерді дәптерге кестені сызып алып толтырыңдар.


4

Қандай стимуляторлар немесе олардың қандай концентрациясында едәуір дамыған вегативті мүшелер түзілгенін көрсетіңдер.



Тәжірибиелік (стимулятор типі немесе концентрациясы) немесе бақылау данасы

Сынауық (өсімдік) №

Өркендер

Тамырлар



Ұзындығы

Саны

Ауксин (конц. 0,01%)

1

15 см

5

Ауксин (конц. 0,1%)

2

18 см

6

Бақылау (су)

3

10 см

3


Фитогормондар әсерінің тиімділігі туралы қорытынды жазыңдар.

Қорытынды:

Ауксиннің концентрациясы артқан сайын өсімдіктің вегетативті мүшелерінің дамуы да жоғарылағаны байқалады.

0,1% ауксин концентрациясы өсімдіктің тамыры мен өркендерінің ең жақсы өсуін қамтамасыз етті.

Фитогормондар өсімдіктердің өсуін белсендіретін маңызды фактор болып табылады, бірақ олардың тиімділігі концентрациясына байланысты өзгеріп отырады.

Бақылау өсімдіктерімен салыстырғанда фитогормондар қолданылған өсімдіктердің даму көрсеткіштері айтарлықтай жоғары болды.



Дескриптор:

- жұмыстың тақырыбы мен мақсатын жазады – 2 балл;

- ауксин (немесе гормондар қоспасы) әсеріне ұшыраған және бақылау өсімдігінің вегативті мүшелерінің жағдайын бағалайды – 2 балл;

- ұзындығын өлшеп, тәжірибе кезінде түзілген өлкендер мен (немесе) тамырларды санайды – 2 балл;

- фитогормондар әсерінің тиімділігі туралы қорытынды жазады – 2 балл;

- қандай стимуляторлар немесе олардың қандай концентрациясында едәуір дамыған вегативті мүшелер түзілгенін көрсетеді – 2 балл;





























































«Кілт сөздерді сәйкестендіру» әдісі бойынша оқу мақсатына сай тапсырма беріледі.


  1. Стимулдау

  2. Фитогормондар

  3. Ингибирлеу

  4. Ауксин

  5. Гиббериллин

  6. Цитокинин

  7. Абсциз қышқылы

  8. Этилен

  1. Жеміс пен тұқымның пісіп-жетілуі.

  2. Жапырақтың сарғаюы және түсуі.

  3. Тамыр түзілі, Жапырақтың пайда болуы және өсуі.

  4. Жасушалардың, әсіресе сабақтың, тамырдың өсуі және созылуы.

  5. Өсімдіктің барлық бөлімінің, әсіресе төбе меристеманың өсуі, тамыр түзілуі.

  6. Ағзаны қысқы ұйқыға әкелетін.

  7. Арнайы өсімдік ұлпасында синтезделетін және өсімдік ағзасына әсер ететін биологиялық белсенді заттар.

  8. Өсімдік ағзасын белсенді күйге әкелетін.




Оқушыға беретін мәтін


Фитогормондар – арнайы өсімдік ұлпасында синтезделетін және өсімдік ағзасына микроскопиялық концентрацияда әсер ететін биологиялық белсенді заттар

Гүлдеуге, бүр жаруға стимулдайтын фитогормондар өндіріледі: Түзуші ұлпа жасушасында

Ағзаны тыныштық күйге әкелетін фитогормондар түзіледі: Піскен жеміс жасушаларында


Фитогормондардың ерекшелігі:

Бүкіл ағзаға әсер етеді

Бір-бірден емес, бір мезгілде өндіріліп жиі бірге әсер етеді


Фитогормондар әсер ету типіне байланысты 2 үлкен топқа бөлінеді:

Стимулдайтын

Ингибирлейтін


Стимулдайтын фитогормондар:

Ауксин

Гиббереллин

Цитокинин


Ингибирлейтін фитогормондар:

Этилен

Абсциз қышқылы


Әсер ету типі

Әсері

Фитогормон әсері

Фитогормон әсері

Стимулдайтын

Өсімдік ағзасын белсенді күйге келтіреді

Ауксин

Өсімдіктің барлық бөлімінің, әсіресе төбе меристеманың өсуі, тамыр түзілуі

Гиббереллин

Жасушалардың, әсіресе сабақтың, тамырдың өсуі және созылуы

Цитокинин

Тамыр түзілі, Жапырақтың пайда болуы және өсуі

Ингибирлейтін

Өсімдік ағзасын қыс мезгіліне дайындайды

Этилен

Жеміс пен тұқымның пісіп-жетілуі

Абсциз қышқылы

Жапырақтың сарғаюы және түсуі



Фитогормондардан басқа өсімдіктердің өсуін стимулдайтын заттар: Өсу факторлары, өсу заттары

Өсімдік шаруашылығында кеңінен қолданылады: Аусин және басқа фитогормондар

Немен өңделген өсімдіктер бақылау даналарымен салыстырғанда 2-3 есе артық өседі: Ауксин-Гиббереллин қоспасымен

Гүлсидам түзілуін тездетеді де, өсімдікті тез гүлдетеді: Гиббереллин



Ауксин

Ауксиндер - бұл жасушаның өсуіне, бүйректің пайда болуына және тамырдың басталуына оң әсер ететін қосылыстар. Олар басқа гормондардың пайда болуына ықпал етеді және цитокининдермен бірге сабақтардың, тамырлардың және жемістердің өсуін бақылайды және сабақтарды гүлге айналдырады. Ауксиндер өсудің реттегіштерінің бірінші класы болды. Олар жасуша қабырғасының иілгіштігін өзгерту арқылы жасушаның созылуына әсер етеді. Олар мербиемалық жасушалардың қосалқы түрін, кумбиді қоздырады, бөлінеді және сабақтарда қайталама ксилеманың дифференциациясын тудырады. Ауксиндер бүйректің сабақтарының астынан өсуіне жол бермейді (апикальды үстемдік), сонымен қатар бүйірлік және кездейсоқ дамуына және тамырдың өсуіне ықпал етеді. Жапырақтардың құлауы өсімдіктің өсу нүктесінен басталады, ол ауксиндер шығаруды тоқтатады. Тұқымдардағы ауксиндер белгілі бір ақуыздың синтезін реттейді, өйткені олар тозаңданудан кейін гүлде дамиды, нәтижесінде гүлде дамып келе жатқан тұқымдары бар жеміс пайда болады. Ауксиндер жоғары концентрациядағы өсімдіктерге улы; олар екі денелі өсімдіктер үшін ең уытты, ал монокотилондар үшін аз.

Цитикининдер

Цитикининдерді 1957 жылы Скоог пен Миллер ашқан; жағдайында каллуса жұмыс кезінде жылы экстракорпоральды . Олар өзектерден және тамырдан тұратын элементтерден тұратын каллус жақсы дамитыны анықтады. Тек тығын жасушалары бар түсіндірмелер каллусты тудырады, бірақ ауксиндердің оңтайлы концентрациясы болса да, оның одан әрі өсуі тоқтайды. Себебі, каллустегі жасуша қандай да бір түрде жасушаның бөлінуіне қабілетсіз болады. Егер мұндай каллусты тамырлы тіндер, тамырлы ұлпа сығындысы, кокос сүті немесе уыт сығындылары ауыстырса, сүйек кемігінің өсуі қалпына келеді және жасушалар митоздық белсенділік көрсетеді. Бұл әсер ауыстырылған кокос сүтінде қандай да бір белсенді принциптің болуына байланысты. Кокос сүтіндегі цитокининдер басқа гормондармен немесе олардың аксессуарларымен үйлесімде әр түрлі қызмет атқарады. Тидиазурон - цитокининдердің жаңа класы, ол цитокинин оксидазасын тежейді, сондықтан өсімдік тіндерінің мәдениетінде кеңінен қолданылады. 200 немесе одан да көп синтетикалық цитокининдер бар.

Гиббереллиндер

Гиббереллиндер (GA) өсімдіктер мен саңырауқұлақтар табиғи жолмен шығаратын көптеген химиялық заттарды қамтиды. Олар алғаш рет жапон зерттеушілері, соның ішінде Эйичи Куросава, күріш өсімдіктерінің өсуіне себеп болатын Гибберелла фуджикурой саңырауқұлақтан пайда болған химиялық затты байқап, ашқан кезде табылды . Кейінірек ГА-ны өсімдіктердің өздері шығаратындығы және олар өмір бойы дамудың көптеген аспектілерін бақылайтындығы анықталды. GA синтезі ұрықтану кезінде тұқымға күшті енеді, сондықтан оның болуы өну үшін қажет. Көшеттерде және ересектерде GA жасушалардың ұзаруына айтарлықтай ықпал етеді. ГА сонымен қатар вегетативті және репродуктивті өсу арасындағы ауысуға ықпал етеді және ұрықтану кезінде тозаң қызметі үшін қажет.

Абсцис қышқылы

Абсцис қышқылы ( ABA деп те аталады ) өсімдік өсуінің маңызды ингибиторларының бірі болып табылады. Ол екі түрлі атпен ашылды және зерттелді, оның химиялық қасиеттері толығымен белгілі болмай тұрып, оны Дормин және Абцицин II деп атады . Екі қосылыстың бірдей екендігі анықталғаннан кейін оны абцис қышқылы деп атады. Абцис қышқылы деген атау берілді, өйткені ол жуырда жоғалған немесе жаңадан құлаған жапырақтарда жоғары концентрацияда болған.

Бұл ПГР класы химиялық қосылыстардан тұрады, әдетте өсімдіктердің жапырақтарында, хлоропластардан пайда болады, әсіресе өсімдіктер күйзеліске ұшыраған кезде. Жалпы алғанда, ол бүйректің өсуіне, сондай-ақ тұқым мен бүйректің демалу күйіне әсер ететін ингибиторлық химиялық қосылыс ретінде әрекет етеді. Апикальды меристемадағы өзгерістерге делдал болады, бүйректің ұйқысыздығын және жапырақтың соңғы қатарының бүйректің қорғаныс қабығына айналуын тудырады. Ол жақында төмендетілген жапырақтарда табылғандықтан, бұл жапырақтардың табиғи түсу процесінде маңызды рөл атқарады деп сенді, бірақ кейінгі зерттеулер мұны жоққа шығарды. Дүние жүзінің қоңыр бұрыштарынан шыққан өсімдік түрлерінде ол өсуге кедергі келтіретін жапырақтары мен тұқымдарының ұйқысыздығында маңызды рөл атқарады, бірақ ол тұқымдардан немесе бүршіктерден таралғандықтан, өсу басталады. Басқа өсімдіктерде ABA деңгейі төмендеген кезде өсу гиббереллин деңгейі жоғарылаған кезде басталады. АВА болмаса, бүршіктер мен тұқымдар қыстың жылы кезеңінде өсе бастайды және олар қайтадан қатқан кезде өледі. 

 

Этилен

Этилен - метиониннің ыдырауы нәтижесінде пайда болатын газ, ол барлық жасушаларда болады. Этилен суда өте шектеулі ерітіндіге ие және жасуша ішінде жиналмайды, бірақ жасушадан бөлініп, өсімдіктен шығады. Оның өсімдік гормоны ретіндегі тиімділігі оның атмосфераға шығарылу жылдамдығымен салыстырғанда өсу жылдамдығына байланысты. Этилен тез өсетін және бөлінетін жасушаларда, әсіресе қараңғыда, тезірек өндіріледі. Жаңа өсінділер мен өсіп шыққан көшеттер өсімдік қалдыратыннан гөрі көп этилен шығарады, бұл жапырақтардың кеңеюіне жол бермейтін этиленнің көбеюіне әкеледі. Жаңа қашу жарыққа ұшырағандықтан, өсімдік клеткаларындағы фитохромдық реакциялар жапырақтардың кеңеюіне мүмкіндік беретін этилен өндірісін азайту туралы сигнал береді. Этилен жасушаның өсуіне және жасуша формасына әсер етеді; өсіп келе жатқан өсінді жер астындағы кезде кедергілерге тап болған кезде, этилен өндірісі едәуір артады, бұл жасушаның созылып кетуіне жол бермейді және сабақтың ісінуіне әкеледі. Алынған қалың баған затқа қатты қысым көрсетіп, оның бетіне түсуіне жол бермейді. Егер қашу беткейге жетпесе және этиленнің қоздырғышы ұзаққа созылса, бұл магистральдың табиғи геотропты реакциясына әсер етеді, ол объектінің айналасында өсуіне мүмкіндік беретін тігінен өсуден тұрады.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.12.2024
342
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі