Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

§29. Терінің құрылысы мен қызметі, оның маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
8.1.5.3 - терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау;
Материалдың қысқаша нұсқасы


8 сынып №34

ДӘІЖО___________

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«» КММ
(білім беру ұйымының атауы)
Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі. §29. Терінің құрылысы мен қызметі, оның маңызы. БЖБ№1

(Сабақ тақырыбы)


Бөлім:

«Бөліп шығару»

Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы: 8 «а»

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Терінің маңызы, құрылысы мен қызметі. Тер бөлінудің реттелуі. §29. Терінің құрылысы мен қызметі, оның маңызы. БЖБ№1

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.5.3 - терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттайды және бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы



Бұрынғы білімін еске түсіру


Оқушылармен амандасу, түгендеу, сынып тәртібін қадағалау.


"Құпия сөз" әдісі

Мақсаты: Оқушыларды зәр шығару жүйесінің құрылысы мен қызметін түсінуге, ақпаратты жинақтап, оны нақты әрі қысқаша жеткізуге үйрету.


Тапсырма: Оқушыларға зәр шығару жүйесі мүшелері мен олардың қызметі туралы түсінік алу үшін құпия сөздер беріледі. Олардың міндеті — осы сөздерді пайдаланып, қысқаша түсініктеме немесе қорытынды ұсыну.


Құпия сөздер:

Бүйрек: "Сүзу"

Нефрон: "Фильтрация"

Қуық: "Жинақтау"

Несепағар: "Тасымалдау"

Зәр шығару жолы: "Шығару"


Оқушылар амандасады, сынып тәртібін сақтайды.

Оқушылар үй жұмысы бойынша өткен білімдерін еске түсіреді. Берілген тапсырманы орындайды.


Жауап:

"Бүйрек сүзу процесін жүргізіп, нефрон арқылы қанды тазалайды, ал несепағар арқылы сүзілген зәр қуыққа тасымалданып, онда жинақталады. Қуықтың толуы зәр шығару жолымен организмнен шығуына мүмкіндік береді."

Дескриптор:

Құпия сөздерге сәйкес түсінік берді — 2 балл

Ақпаратты қысқаша әрі нақты жеткізді — 2 балл

Тақырып бойынша дұрыс қорытынды жасады — 1 балл

Интерактивті панель, презентация




Оқушылардың назарын аудару

Ой қозғау» әдісі

«Мәселелі оқыту әдісі»

Мақсаты: Оқушылардың нақты өмірлік жағдайларды шешуге қабілетін арттыру.


Мәселелік тапсырма:

Суретте терінің құрылысы мен оның денсаулық үшін маңызы көрсетілген.

Сұрақ: Терінің дұрыс жұмыс істемеуі денсаулыққа қалай әсер етеді? Өз жауабыңызды түсіндіріңіз.



Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.



Дұрыс жауабы:

Терінің дұрыс жұмыс істемеуі (мысалы, тері аурулары немесе терінің құрғауы) ағзаның қорғау қабілетін төмендетеді, бұл инфекцияларға және су-тұз балансының бұзылуына әкелуі мүмкін.

Мысал: Экзема немесе дерматит сияқты аурулар терінің қорғаныс қызметін әлсіретеді, бұл бактериялардың енуіне себеп болады.

Дескриптор:

Терінің қызметін денсаулыққа әсерін дұрыс сипаттады – 1 балл.

Мысал келтіріп, түсіндірді – 1 балл.

Интерактивті панель, презентация


Сабақтың мақсатын таныстыру

8.1.5.3 - терінің құрылысы мен оның бөліп шығарудағы маңызын сипаттау;


(Көрнекілік үшін)

Дәйек сөз немесе цитата:

"Тері — адам ағзасының сыртқы қалқаны, денсаулығымыздың айнасы."


«Қызықты деректер»

- Тақырыпқа байланысты қызықты фактілер, оқиғалар немесе нақты өмірден алынған мысалдар оқушылардың назарын аударуға көмектеседі және олардың материалды жақсырақ есте сақтауына ықпал етеді.


Тері - ағзаның ең үлкен органы: Адамның терісінің жалпы ауданы шамамен 2 м², ал оның салмағы дененің жалпы салмағының 16%-ын құрайды.


Терінің көп қызметі: Тері дене температурасын реттеу үшін тер бөледі, бұл арқылы дене қызуының тұрақтылығын сақтайды. Қалыпты жағдайда адам терісі минутына 500 мл-ге дейін тер шығара алады.


Терінің қалпына келу қабілеті: Тері жарақат алған жағдайда, ол өте тез қалпына келеді. Эпидермис қабаты өздігінен жаңарып отырады және терінің үстіңгі қабаты 28-30 күнде толық жаңаруы мүмкін.


Терінің әртүрлі түрлері бар: Тері тері бездерінің көптігі мен мөлшеріне байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, бет терісі мен дене терісі бір-бірінен құрылымы мен қызметі бойынша ерекшеленеді.


Кілт сөздер (жұп/топ бөлу үшін):

Эпидермис,

терінің мүйізді қабаты, меланин, дерма,

теріасты майжасұнығы, амортизатор,

жылуоқшаулағыш

Жаңа сабақтың оқу мақсатын жазады.


Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Құндылық:

«жасампаздық және жаңашылдық»

Теориялық білім: Терінің құрылысы, қызметі және оның маңызы туралы білу.


Практикалық дағдылар: Терінің құрылымын зерттеу және оның қызметін бақылау әдістерін меңгеру.


Функционалдық сауаттылық: Терінің бөлінуді реттеу және дене температурасы мен судың тепе-теңдігін сақтау маңызын түсіну.

Сабақтың оқу мақсатымен байланысты басты құндылықтармен танысады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация

Сабақтың ортасы


Жаңа тақырыпты таныстыру

«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.



Оқушылар жаңа сабақ бойынша дайын кестені дәптерге түртіп жазады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель, презентация


Оқушыларға бағыт бағдар беру

"Жасушалық деңгейде түсіндіру" әдісі

Мақсаты:

Тақырыпты жасуша деңгейінде қарастыру арқылы оқушылардың биологиялық процестерді терең түсінуіне көмектесу.


Тапсырма:

Суретте адамның терісінің құрылысы мен оның негізгі қабаттары көрсетілген. Әр қабатты анықтап, олардың қызметін және тер бөлінудің реттелуіндегі рөлін жасушалық деңгейде сипаттаңыз.

Сурет:
(Суретте терінің негізгі қабаттары: эпидермис, дерма, гиподерма, сондай-ақ тер бездері мен қан тамырлары көрсетілген.)


Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.


Дұрыс жауап:

Терінің негізгі қабаттары:

Эпидермис:

Қызметі: Қорғаныс қабаты, сыртқы әсерлерден сақтайды.

Жасушалық деңгейде: Мүйізденген жасушалар теріні механикалық зақымданудан қорғайды.

Дерма:

Қызметі: Қан тамырлары мен тер бездері орналасқан, терінің серпімділігін қамтамасыз етеді.

Жасушалық деңгейде: Тер бездері тер шығару арқылы ағзаны салқындатады.

Гиподерма:

Қызметі: Май жасушалары энергияны жинайды және жылуды сақтайды.

Жасушалық деңгейде: Термореттеуді қамтамасыз етеді.

Тер бөлінудің реттелуі:

Қызметі: Ағзадағы температураны тұрақты ұстап тұру.

Жасушалық деңгейде: Қан тамырларының кеңеюі және тер бездерінің белсенділігі ағзаны қызып кетуден қорғайды.

Реттелуі: Гипоталамус тер бөлінуді жүйке жүйесі арқылы бақылайды.

Дескриптор:

Әр қабатты дұрыс анықтайды – 2 балл

Әр қабаттың қызметін сипаттайды – 2 балл

Тер бөлінудің реттелуін түсіндіреді – 2 балл

Интерактивті панель, презентация


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж

Практикалық тапсырмалар беру.

«Бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары»

Мақсаты: Оқушылардың бөлім бойынша алған білімдерін қорытындылау дағдыларын дамыту.

Оқушылар бөлім бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларын орындайды. Ой қозғау жүзеге асады.

Дескриптор ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель, презентация

Жұмыс дәптерлері

Үлестірме парақтар

Бағалау

«Функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар»

Мақсаты: Оқушылардың ақпаратты талдау, салыстыру және қорытындылау дағдыларын дамыту.

Оқушының логикалық ойлау қабілеті дамиды.

Өз ойын, ой-пікірлерін білдіреді. Берілген тапсырманы орындайды.

Дескриптор ҚМЖ қосымшасында орналасқан.

Интерактивті панель

Презентация


Сабақтың соңы



Кері байланыс беру

Әдіс: «Тері қызметінің шкаласы»

Мақсаты: Оқушылардың терінің қызметі мен маңызы туралы түсініктерін тексеру.

Оқушылар терінің әр қызметін (қорғаныс, температураны реттеу, сезімталдық және т.б.) 1-ден 5-ке дейінгі шкала бойынша бағалайды, әр қызметті нақты мысалдармен сипаттайды.


1 – Мүлдем түсінбедім

2 – Аздап түсіндім

3 – Орташа түсіндім

4 – Түсіндім, бірақ кейбір тұстары әлі түсініксіз

5 – Толық түсіндім

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Интерактивті панель

Презентация


Білімді игеруді жақсарту және оны тәжірибеге көшіру

Шығармашылық жұмыс.

§30. Тері аурулары және гигиенасы.




Білім алушылар келесі тақырыптың тақырыбымен және тірек сызба сызады. Ой қозғау жүзеге асады.

Кері байланыс:

«Бас бармақ» әдісі арқылы бағаланады.

«Керемет!» және т.б

Жұмыс дәптері


Биология 8-сынып,Автор: А.Соловьева, Б.Ибраимова. Алматы «Атамұра» баспасы 2018ж



ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАРҒА ҚОСЫМША


«Бейнетүсіндіру» әдісі. мұғалім жаңа сабақты бейне сурет, кесте арқылы түсіндіру.


Тақырып

Мазмұны

Терінің құрылысы

1. Эпидермис – терінің сыртқы қабаты, қорғаныш қызметін атқарады.
2.
Дерма – терінің орта қабаты, сезімталдық пен механикалық қорғауды қамтамасыз етеді.
3.
Гиподерма – терінің ішкі қабаты, май және қан тамырларын қамтиды.

Терінің қызметі

1. Қорғаныш – механикалық, химиялық және микробтық зақымданудан қорғау.
2.
Температураны реттеу – тер шығару және қан айналымын өзгерту арқылы температураны тұрақтандыру.
3.
Сезімталдық – қоршаған ортадан ақпарат қабылдау.
4.
Қоректік заттарды сақтау – май мен су жинау.

Тер бөлінудің реттелуі

Тері бөлінудің үш негізгі түрі:
1.
Тер шығару – артық су мен тұздарды ағзадан шығарады.
2.
Май бөлу – терінің ылғалдылығын сақтау және қорғаныс қабатын қалыптастыру.
3.
Қышқылдар мен токсиндер шығару – ағзадан зиянды заттар мен қышқылдарды бөледі.

Тері қандай жағдайда не бөледі?

1. Ыстықта – тері көп тер бөледі, бұл ағза температурасын төмендету үшін.
2.
Қорғаныс үшін – қышқылдар мен майлар тері арқылы бөлінеді, бұл теріні құрғаудан және микробтардың әсерінен қорғауға көмектеседі.
3.
Жаттығу кезінде – тер арқылы токсиндер мен артық заттар шығарылады.

Терінің маңызы

1. Денсаулықты сақтау – тері зиянды заттар мен инфекцияларды бөгейді.
2.
Терінің тұрақты функциясы – дене температурасын тұрақтандырады, ылғалдылықты сақтайды және қорғаныш қабатын қамтамасыз етеді.



«Бөліп шығару» бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары


Оқу мақсаттары:

8.1.5.1- адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау;

8.1.5.2- бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу;


1a.1-суретте адамның зәр шығару жүйесі көрсетілген.

1-суреттегі А,В және D құрылымын анықтаңыз.

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________[3]

1b.С мүшесінің атын атаңыз және оның зәр шығару жүйесіндегі қызметін сипаттаңыз.

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________[1]

1c.Зәр шығару жүйесі экскреция процесіне жауап береді. Экскреция терминіне анықтама беріңіз.

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________[1]

1d.Көмірқышқыл газы-ағзадан шығарылатын заттардың бірі. Көмірқышқыл газын шығарудың маңызын түсіндіріңіз.

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________[1]


2a.1-суретте бүйректегі нефронның құрылымы көрсетілген.

1-сурет

а(i) 1-суреттегі 1-құрылымды анықтаңыз. [1]

а(ii) 1-құрылымда жүріп жатқан процесті сипаттаңыз. [2]

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________


2b.1-суреттегі нефронның 2 құрылымы бойымен қозғалатын сұйықтық фильтрат ретінде белгілі және ол әртүрлі заттардан тұрады. 2-құрылымдағы фильтраттың бір бөлігін құрайтын екі затты көрсетіңіз.

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________[2]

2c.Фильтраттан су нефрон бойындағы әртүрлі нүктелерде, мысалы, 1-суреттегі 3 құрылым сияқты, қанға қайта сіңеді.

(i)1-суреттегі 3 құрылымды анықтаңыз. _________________________[1]

(ii) (i)бөлімінде анықталған құрылым судың қанға қайта сіңуіне қалай мүмкіндік беретінін сипаттаңыз.

_______________________________________________________

_______________________________________________________

_______________________________________________________[2]

2d.5-ші құрылым ағзаның қажеттіліктеріне байланысты қанға қайта сіңетін судың мөлшерін реттейтін жинау арнасын білдіреді. Жинаушы түтіктегі судың реабсорбциясы және шығарылуы туралы келесі сөйлемді аяқтаңыз.


Ыстық, шуақты күнде дене терлеуге байланысты ....................................................көбірек су алады. Суды үнемдеу үшін жинау түтігі............................суды қанға қайта сіңіреді. Бұл .............................несептің көбірек шоғырлануына әкеледі.[3]



Балл қою кестесі


Оқу мақсаты

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

8.1.5.1- адамның зәр шығару жүйесі мүшелерінің құрылысы мен қызметін сипаттау;

1a

суреттегі А,В және D құрылымын анықтайды;

3


1b

С мүшесінің атын атаңыз және оның зәр шығару жүйесіндегі қызметін сипаттайды;

1


1c

Экскреция терминіне анықтама береді;

1


1d

Көмірқышқыл газын шығарудың маңызын түсіндіреді;

1

8.1.5.2- бүйректің құрылымдық бөліктерін танып білу;

2a (i)

1-суреттегі 1-құрылымды анықтайды;

1


2а(ii)

1-құрылымда жүріп жатқан процесті сипаттайды;

2


2b

1-суреттегі нефронның 2-құрылымдағы фильтраттың бір бөлігін құрайтын екі затты көрсетеді;

2


2c(i)

1-суреттегі 3 құрылымды анықтайды;

1


2c(ii)

2c(i) бөлімінде анықталған құрылым судың қанға қайта сіңуіне қалай мүмкіндік беретінін сипаттайды;

2


2d

1-суреттегі 5 нөмерге қатысты сөйлемнің бос орындарына тиісті сөздерді жазады;

3

Жалпы балл



17





«Функционалдық сауаттылықты арттыруға арналған тапсырмалар»



Тапсырма:

  1. Терінің құрылымы мен оның қызметі:
    Суретте көрсетілген терінің бөліктерін анықтап, олардың әрқайсысының қызметін түсіндіріңіз. Әр бөліктің қандай рөл атқаратынын нақты көрсетіңіз.

  2. Тері және оның компоненттері:
    Теріде қан айналымы қалай жүреді және оның әрбір бөлігі қалай бірігіп жұмыс істейді?

Жауап:

  1. Терінің құрылымы:

  • A: Терідегі пот безі (тер безі) – тер шығару үшін жауапты, теріні салқындатуға көмектеседі.

  • B: Эпидермис – терінің сыртқы қабаты, қорғаныс қызметін атқарады.

  • C: Меланоцит – тері түсін анықтайтын пигментті жасушалар.

  • D: Сальниковая безі – тері майын шығарып, ылғалдандыруға көмектеседі.

  • E: Шаш (волос) – терінің құрамындағы шаш фолликулдары.

  • F: Қан тамырлары – теріге қан тасымалдайды.

  • G: Нерв талшықтары – сезімталдықты қамтамасыз етеді.

  • H: Подкожная клетчатка – терінің астындағы майлы ұлпа, қорғаушы және жылуды реттеуші қызмет атқарады.

  • I: Папиллярлы тамырлар – қан айналымына қатысады, терінің жоғарғы қабаттарына оттегі жеткізеді.

  • J: Гиподерма – терінің ішкі қабаты, тері астындағы май мен қан тамырларынан тұрады.

  • K: Шаш фолликулдары – шаштың өсуін қамтамасыз етеді.

  1. Қан айналымы: Терінің қан айналымы теріде орналасқан тамырлар мен артериялар арқылы жүзеге асады. Қан айналымы тері астындағы клеткаларға оттегі мен қоректік заттарды жеткізеді. Бұл процестер тері қызметін, соның ішінде температураны реттеу мен қорғаныш функцияларын орындауға көмектеседі.

Дескрипторлар және балл:

  • 4 балл – Барлық құрылымдар мен олардың функциялары толық сипатталған.

  • 3 балл – Құрылымдардың көпшілігі түсіндірілген, бірақ кейбір қызметтері толық емес.

  • 2 балл – Құрылымдардың кейбірін ғана сипаттап, олардың қызметі толық ашылмаған.

  • 1 балл – Құрылымдардың бір бөлігі ғана түсіндірілген.

  • 0 балл – Құрылымдар мен олардың функциясы түсіндірілмеген.

Тапсырма:

  1. Терінің құрылымы мен функциясы:
    Суретте көрсетілген терінің бөліктерін анықтап, олардың әрқайсысының қызметін түсіндіріңіз. Әр бөліктің қандай рөл атқаратынын нақты көрсетіңіз.

  2. Тері мен оның компоненттерінің арасындағы байланыс:
    Тері және оның компоненттері қалай үйлесімді түрде жұмыс істейді? Әр компоненттің қызметі мен терінің жалпы қызметіне қосқан үлесін түсіндіріңіз.

Жауап:

  1. Терінің құрылымы:

    • A: Шаш фолликулы – шаштың өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді.

    • B: Подкожная клетчатка (май ұлпасы) – қорғаушы және жылуды реттейтін қызмет атқарады, тері мен ішкі ағзалар арасындағы буфер болып табылады.

    • C: Потовая железа (тер безі) – тер шығару арқылы дене температурасын реттейді.

    • D: Кровеносные сосуды (қантамырлар) – теріге оттегі мен қоректік заттарды жеткізеді.

    • E: Эпидермис – терінің сыртқы қабаты, қорғаныс қызметін атқарады, сыртқы зиянды факторлардан қорғап, сұйықтықтың жоғалуын болдырмайды.

  2. Тері мен оның компоненттерінің байланысы:
    Тері барлық компоненттердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етеді. Қантамырлар теріге қан жеткізеді, ол арқылы терінің қорғаныс қызметі және сезімталдық функциялары іске асады. Шаш фолликулдары мен тер бездері теріні ылғалдандыруды және қорғаныш қабатын қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Май ұлпасы қорғаныс пен жылуды реттейді, тері үшін қажетті тығыздықты сақтайды.

Дескрипторлар және балл:

  • 4 балл – Барлық құрылымдар мен олардың қызметі толық сипатталған, олардың өзара байланысы түсіндірілген.

  • 3 балл – Құрылымдардың көбісі түсіндірілген, бірақ байланыстар толық емес.

  • 2 балл – Құрылымдардың кейбірі ғана сипатталған, бірақ олардың байланысы толық ашылмаған.

  • 1 балл – Құрылымдардың бір бөлігі ғана түсіндірілген.

  • 0 балл – Құрылымдар мен олардың қызметі түсіндірілмеген.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
12.01.2025
257
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12