2- сыныптарға арналған бөлім және тоқсандық тесттер жинағы

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2- сыныптарға арналған бөлім және тоқсандық тесттер жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
2- сыныптарға арналған бөлім және тоқсандық тесттер жинағы
Материалдың қысқаша нұсқасы
Page 1

Жиынтық бағалауға арналған
әдістемелік ұсыныстар
Математика
2-сынып


Page 2

Ә -сынып білім алушыларына «Математика» пәні
бойынша жиынтық бағалауды жоспарлау, ұйымдастыру және өткізуге көмек құралы ретінде
құрастырылған. Әдістемелік ұсыныстар (қазақ тілінде білім беретін) бастауыш сыныптың (1-
4-сыныптары) «Математика» пәні бойынша оқу бағдарламасы (орта білім беру мазмұнын
жаңарту аясындағы) мен оқу жоспарының негізінде дайындалған.
Бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалаудың тапсырмалары мұғалімге білім
алушылардың тоқсан бойынша жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін анықтауға
мүмкіндік береді.
Әдістемелік ұсыныстарда бөлім / ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауды
өткізуге арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлары бар тапсырмалар ұсынылған.
Сондай-ақ, жинақта білім алушылардың оқу жетістіктерінің мүмкін деңгейлері (рубрикалар)
сипатталған. Дескрипторлары мен балдары бар тапсырмалар ұсыныс түрінде берілген.
Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу үшін спецификация мен балл қою кестесі
ұсынылған. Спецификация стандартталған және оны тоқсандық жиынтық бағалауды
өткізуде басшылыққа алу міндеттелген.
Әдістемелік ұсыныстар бастауыш сынып мұғалімдеріне, мектеп әкімшілігіне, білім
беру бөлімінің әдіскерлеріне, критериалды бағалау бойынша мектеп, өңірлік
үйлестірушілеріне және басқа да мүдделі тұлғаларға арналған.
Әдістемелік ұсыныстарды дайындау барысында ресми интернет-сайттағы қолжетімді
ресурстар (суреттер, фотосуреттер, мәтіндер, аудио және бейнематериалдар) қолданылды.
2


Page 3

Мазмұны
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР .................. 4
«Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................................ 4
«Сандармен амалдар орындау. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .............................. 7
«Шамалар және олардың өлшем бірліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ...................... 10
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ......................................................... 13
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ................ 17
«Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау ................................................................................................................................................ 17
«Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ..................................... 20
«Жиын және оның элементін белгілеу. ∈және ∉таңбалары» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау ................................................................................................................................................ 23
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ......................................................... 26
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ................ 31
«Геометриялық фигуралар және олардың өзара орналасуы» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау ................................................................................................................................................ 31
«Көбейту және бөлу. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ............................................. 34
«Санды және әріпті өрнектер. Теңдеулер. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .......... 37
3-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ......................................................... 40
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР ................ 45
«Тиімді есептеу тәсілдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................... 45
«Есептерді шешу тәсілдері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау ................................................ 48
«Геометриялық фигуралар. Периметр. Аудан» бөлімі бойынша жиынтық бағалау .................. 51
4-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы ......................................................... 54
3


Page 4

1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.1 Натурал сандар және 0 саны. Бөлшектер
Оқу мақсаты 2.1.1.1 100-ге дейінгі сандардың құрылу жолын түсіну;
100 көлеміндегі сандарды тура және кері санау,
натурал сандар қатарындағы орнын анықтау
2.1.1.2 Екі таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыру
2.1.1.3** Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамын анықтау,
разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Бағалау критерийі Білім алушы
•100 көлемінде тура және кері санайды
•Санның натурал сандар қатарындағы орнын
анықтайды
•100 көлеміндегі сандарды салыстырады
•Екіт аңбалы сандарды разрядтық қосылғыштардың
қосындысына жіктейді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1.Түсіп қалған сандарды толықтырып жаз.
2.Берілген сандардың көршілерін жаз.
3.Салыстыр.
23 3237 3 77 70
4


Page 5

4.Санды разрядтық қосылғыштардың қосындысы түрінде жаз.
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
100 көлемінде тура және
кері санайды
1 натурал сандарды тура санау
ретімен жазады;
1
натурал сандарды кері санау
ретімен жазады;
1
Санның натурал сандар
қатарындағы орнын
анықтайды
2 дөңгелек санның көршілерін
жазады;
1
ондық және бірлік разряды бар
санның көршілерін жазады;
1
100 көлеміндегі сандарды
салыстырады
3 бірдей цифрлармен жазылған
екітаңбалы сандарды
салыстырады;
1
екітаңбалы санды біртаңбалы
санмен салыстырады;
1
ондық және бірлік разрядтары бар
екітаңбалы санды дөңгелек санмен
салыстырады;
1
Екітаңбалы сандарды
разрядтық қосылғыштардың
қосындысына жіктейді
4 санды разрядтық қосылғыштардың
қосындысы түрінде жазады.
1
Жалпы балл 8
5


Page 6

«Екітаңбалы сандар» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты
ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні ______________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
100 көлемінде тура
және кері санайды
1 Натурал сандар қатарын
тура және кері ретпен
жазуда қиналады
Натурал сандар қатарын тура /
кері ретпен жазуда қате жібереді
Натурал сандар қатарын тура
және кері ретпен дұрыс жазады

Санның натурал сандар
қатарындағы орнын анықтайды

2 Санның натурал сандар
қатарындағы орнын
анықтауда қиналады
Дөңгелек сандардың / ондық
және бірлік разряды бар сандардың көршілерін
анықтауда қате жібереді
Санның натурал сандар
қатарындағы орнын дұрыс
анықтайды
100 көлеміндегі
сандарды салыстырады 3
100 көлеміндегі сандарды
салыстыруда қиналады
Екітаңбалы сандарды/
екітаңбалы және біртаңбалы сандарды/ екітаңбалы санды және дөңгелек сандарды салыстыруда қате жібереді
100 көлеміндегі сандарды
дұрыс салыстырады
Екі таңбалы сандарды
разрядтық қосылғыштардың
қосындысына жіктейді

4 Санның разрядтық
құрамын анықтауда және
санды разрядтық қосылғыштардың
қосындысына жіктеуде қиналады
Санның разрядтық құрамын
анықтауда / санды разрядтық қосылғыштардың қосындысына
жіктеуде қате жібереді
Санның разрядтық құрамын
анықтайды және санды разрядтық қосылғышта рдың
қосындысына дұрыс жіктейді
6


Page 7

«Сандармен амалдар орындау. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
2.1 Санды және әріпті өрнектер
5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 2.1.2.5** Бір таңбалы сандарды ондықтан аттап ауызша қосу
және азайтуды орындау
2.2.1.6 Екі-үш амалды жақшалы және жақшасыз өрнектерде
арифметикалық амалдардың орындалу тәртібін
анықтау, олардың мәнін табу
2.5.1.8** Барлық арифметикалық амалдарға берілген жай
есептердің шешуін санды өрнектер түрінде модельдеу және шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
•Біртаңбалы сандарды ондықтан аттап қосады және
азайтады
•Жақшалы және жақшасыз өрнектердегі амалдардың
орындалу тәртібін анықтайды және өрнектің мәнін
табады
•Мәтіндік есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1.Өрнектерді сәйкес мәнімен байланыстырып сыз.
2.Амалдардың орындалу ретін көрсет. Өрнектердің мәнін тап.
100 – (15+45) = 10 + 40 – 20 =
13 14 15 6 7 8
13- 7 8 + 6
7


Page 8

3.Есепті шығар.
Жанардың 54 ашықхаты бар еді. Ол 20 ашықхатын Әселге сыйлады. Жанарда қанша
ашықхат қалды?
Бағалау критерийі
Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Біртаңбалы сандарды
ондықтан аттап қосады
және азайтады
1 біртаңбалы сандарды ондықтан аттап
қосады;
1
біртаңбалы сандарды ондықтан аттау
арқылы азайтады;
1
Жақшалы және
жақшасыз өрнектердегі
амалдардың орындалу
тәртібін анықтайды
және өрнектің мәнін
табады
2 жақшалы өрнектегі амалдардың
орындалу ретін анықтайды;
1
жақшалы өрнектің мәнін табады; 1
жақшасыз өрнектегі амалдардың
орындалу ретін анықтайды;
1
жақшасыз өрнектің мәнін табады; 1
Мәтіндік есептерді
шығарады
3 есептің қысқаша шартын жазады
/сызбасын сызады;
1
есепті шешу амалын таңдайды және
өрнек түрінде жазады;
1
өрнектің мәнін табады; 1
есептің жауабын жазады. 1
Жалпы балл 10
8


Page 9

«Сандармен амалдар орындау. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні ______________________________________________
Бағалау критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Біртаңбалы сандарды
ондықтан аттап қосады
және азайтады
1 Ондықтан аттап қосу мен
азайтуды орындауда
қиналады
Біртаңбалы сандарды ондықтан
аттап қосуда / азайтуда қате
жібереді
Ондықтан аттап қосу және
азайту амалдарын дұрыс
орындайды
Жақшалы және
жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу тәртібін анықтайды және өрнектің мәнін табады
2 Екі амалды жақшалы және
жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауда және өрнектің
мәнін табуда қиналады
Екі амалды жақшалы /
жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу ретін анықтауда, екі амалды
жақшалы/жақшасыз өрнектердің мәнін табуда қате жібереді
Екі амалды жақшалы және
жақшасыз өрнектердегі амалдардың орындалу ретін дұрыс анықтайды
және өрнектің мәнін шығарады
Мәтіндік есептерді
шығарады
3 Мәтіндік есептерді шығаруда
қиналады
Есептің шарты бойынша санды
өрнек құрады, есептің қысқаша
шартын жазуда немесе сызбасын сызуда / өрнектің мәнін табуда / есепт ің жауабын
жазуда қате жібереді
Мәтіндік есептерді дұрыс
шығарады
9


Page 10

«Шамалар және олардың өлшем бірліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.3 Шамалар және өлшем бірліктер
Оқу мақсаты 2.1.3.3** Шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг,
ц)/ көлем (сыйымдылық) (л) өлшем бірліктерін
салыстыру және амалдар орындау
2.1.3.4** Ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг, ц) өлшем
бірліктерін олардың арақатысына сүйеніп
түрлендіру
Бағалау критерийі Білім алушы
•Ұзындық, масса, сыйымдылық шамаларының
мәндерін салыстырады
•Атаулы сандармен қосу және азайту амалдарын
орындайды
•Ұзындық және масса өлшем бірліктерін түрлендіреді
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1.Салыстыр.
2.Амалдарды орында:
32 кг + 68 кг =
7дм 4см – 43 см =
3.Ш амаларды өрнекте және жауабын бос торкөздерге жаз.
10


Page 11

Бағалау
критерийі
Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Ұзындық, масса,
сыйымдылық
шамаларын
салыстырады
1 ұзындық шамаларын см – дм қатынастары
бойынша салыстырады;
1
ұзындық шамаларын м - дм қатынастары
бойынша салыстырады;
1
масса шамаларын ц – кг қатынастары
бойынша салыстырады;
1
сыйымдылық шамаларын салыстырады; 1
Атаулы
сандармен қосу және азайту

амалдарын
орындайды
2 масса шамаларының қосындысын табады; 1
масса шамаларының айырмасын табады; 1
Ұзындық және
масса өлшем бірліктерін түрлендіреді
3 үлкен ұзындық өлшем бірлігі дм-ді кіші
өлшем бірлігі см-ге түрлендіреді;
1
кіші ұзындық өлшем бірлігі см-ді үлкен
өлшем бірлігі дм-ге түрлендіреді;
1
үлкен масса өлшем бірлігі ц-ді кіші өлшем
бірлігі кг-ға түрлендіреді.
1
Жалпы балл 9
11


Page 12

«Шамалар және олардың өлшем бірліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат
ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні ______________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Ұзындық, масса,
сыйымдылық
шамаларын
салыстырады
1 Ұзындық, масса және
сыйымдылық шамаларын
салыстыруда қиналады
Ұзындық / масса / сыйымдылық
(көлем) шамаларын
салыстыруда қате жібереді
Ұзындық, масса және
сыйымдылық (көлем)
шамаларын дұрыс
салыстырады
Атаулы сандармен
қосу және азайту
амалдарын орындайды
2 Атаулы сандармен қосу және
азайту амалдарын орындауда
қиналады
Масса / ұзындық шамаларымен
қосу/ азайту амалдарын орындауда қате жібереді
Атаулы сандармен қосу және
азайту амалдарын дұрыс
орындайды
Ұзындық және масса
өлшем бірліктерін
түрлендіреді
3 Ұзындық және масса өлшем
бірліктерін түрлендіруде
қиналады
Ұзындық / масса өлшем
бірліктерін түрлендіруде қате
жібереді
Ұзындық және масса өлшем
бірліктерін дұрыс түрлендіреді
12


Page 13

1-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Математика» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Математика» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы)
бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4- сыныптар).
3.1-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 15
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын
4 тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы есептелген мәні, сөздер немесе
қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау
үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
13


Page 14

№ Бөлім Бөлімше Оқу мақсаты Тапсыманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 1А бөлімі –
Екітаңбалы сандар
1.1 Натурал
сандар және 0
саны. Бөлшектер
2.1.1.3** Екітаңбалы сандардың
разрядтық құрамын анықтау, разрядтық қосылғыштарға жіктеу
Білім алушы қысқа жауапты
қажет ететін ашық түрдегі
тапсырманы орындайды
1 3
2
1В бөлімі –
Сандармен амалдар орындау. Есептер

5.1 Есептер және
математикалық
модель
2.5.1.8** Барлық арифметикалық
амалдарға берілген жай есептердің шешуін санды өрнектер түрінде модельдеу және шығару
Білім алушы ашық түрдегі
толық жауапты қажет ететін 1 тапсырма орындайды 1 4
3
1С бөлімі –
Шамалар және олардың өлшем бірліктері
1.3 Шамалар және
өлшем бірліктері
2.1.3.3** Шамалар мәндерін:
ұзындық (см, дм, м)/ масса (кг,
ц)/ көлем (сыйымдылық) (л)
өлшем бірліктерін салыстыру
және амалдар орындау
Білім алушы ашық түрдегі
қысқа жауапты қажет ететін 2 тапсырманы орындайды
2 8
14


Page 15

4.Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Математика» пәнінен 1- тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.Бос орындарды толтыр.
29 = +
82 = онд. бірл.5 онд. 7 бірл.=
[3]
2.Есепті шығар.
Мектеп асханасына 45 кг банан және одан 7 кг артық алмұрт әкелінді. Мектеп
асханасына неше килограмм алмұрт әкелінді?
[4]
3.Амалдарды орында.
1 м – 33 см = 42 кг + 58 кг = 42 л – 13 л =
[3]
4.Салыстыр. таңбаларының тиістісін қой.
[5]
Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1
29 = 20 + 9 1
82 = 8 онд. 2 бірл. 1
57 1
2
Банан – 45 кг
Алмұрт - ?, 7 кг артық
1
сызбасы қабылданады
45 + 7 =
1
Өрнектің дұрыс
құрастырылғаны үшін балл
қойылады
45 + 7 = 52 (кг)
1
Өрнектің мәнін табу үшін балл
беріледі
>, <, =
15


Page 16

Мектеп асханасына 52 кг алмұрт
әкелінді/52 кг алмұрт
1
52 кг жауабы да қабылданады
3
67 см 1
100 кг 1 1 ц жауабы да қабылданады
29 л 1
4
> 1
< 1
> 1
= 1
< 1
Барлығы 15
5. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер,
плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға
жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынш а жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
16


Page 17

2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер» бөлімі бойынша
жиынтық бағалау
Бөлімше 1.2 Сандармен амалдар орындау
4.3 Тізбектер
5.1 Есептер және математикалық модель
Оқу мақсаты 2.1.2.8 Мынадай жағдайларда: 34+ 23, 57-23, 47+33, 80-47,
100-35 екі таңбалы сандарды қосу және азайту
алгоритмдерін қолдану
2.4.3.1 100- ге дейінгі сандар, 1000- ға дейінгі жүздіктер
тізбектерінің заңдылығын анықтау
2.5.1.7** Екі амалмен шешілетін есептерді модельдеу
және шығару
Бағалау критерийі Білім алушы
•34+23, 57-23, 27+34, 61-27, 47+33, 80-47 түріндегі
өрнектердің мәнін табады
•100-ге дейінгі екітаңбалы сандар тізбегіндегі және
1000-ға дейінгі жүздіктердің тізбегіндегі
заңдылықты анықтайды және жалғастырады
•Құрама есептерді шығарады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1.Есепте.
14 + 76 = 90 - 36 =
2.Заңдылықты анықта және тізбекті тағы 3 санға жалғастыр.
27, 33, 39, … , … , …
710, 610, 510, … , … , …
3.Есепті шығар.
Мектептің спорт залында 24 футбол добы және одан 1 3-і артық теннис добы бар.
Спорт залда барлығы неше доп бар?
17


Page 18

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
34+23, 57-23, 27+34,
61-27, 47+33, 80-47
түріндегі өрнектердің
мәнін табады
1 екітаңбалы сандардың қосындысын
табады;
1
толық ондықтан екі таңбалы санды
азайтады;
1
100-ге дейінгі екі
таңбалы сандар тізбегіндегі және 1000-
ға дейінгі жүздіктердің тізбегіндегі заңдылықты анықтайды және
жалғастырады
2 екі таңбалы сандар тізбегінің
заңдылығын анықтай отырып, тізбекті тағы үш санға жалғастырады;
1
үш таңбалы сандар тізбегінің
заңдылығын анықтай отырып, тізбекті тағы үш санға жалғастырады;
1
Құрама есептерді
шығарады
3 есептің қысқаша шартын
жазады/сызбасын сызады;
1
шешу жолының бірінші амалын
таңдайды және өрнек түрінде жазады;
1
бірінші өрнектің мәнін табады; 1
шешу жолының екінші амалын таңдайды
және өрнек түрінде жазады;
1
екінші өрнектің мәнін табады; 1
есептің жауабын жазады. 1
Жалпы балл 10
18


Page 19

«Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Есептер» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні ______________________________________________
Бағалу критерийі Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
34+23, 57-23, 27+34, 61-
27, 47+33, 80-47 түріндегі
өрнектердің мәнін табады
1 Екі таңбалы сандардың
қосындысының және
айырмасының мәнін табуда
қиналады
Екі таңбалы сандардың
қосындысының / айырмасының мәнін табуда қате жібереді
Екі таңбалы сандардың
қосындысының және айырмасының мәнін дұрыс табады
100-ге дейінгі екі таңбалы
сандар тізбегіндегі және 1000-ға дейінгі
жүздіктердің тізбегіндегі заңдылықты анықтайды
және жалғастырады
2 Екі таңбалы және үштаңбалы
сандар тізбегінің
заңдылығын анықтауда қиналады
Екі таңбалы / үштаңбалы
сандар тізбегінің заңдылығын анықтауда қате жібереді
Екі таңбалы және
үштаңбалы сандар тізбегінің заңдылығын
дұрыс анықтайды
Құрама есептерді
шығарады.
3 Құрама есептерді шығаруда
қиналады
Есептің қысқаша шартын
жазуда немесе сызбасын сызуда / шешу жолының
бірінші амалын таңдауда /
екінші орындалатын амалды таңдап, өрнек түрінде жазуда / екінші өрнектің мәнін табуда/ есептің жауабын жазуда қате
жібереді.
Құрама есептерді дұрыс
шығарады
19


Page 20

«Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Бөлімше 1.3 Шамалар және өлшем бірліктері
Оқу мақсаты 2.1.3.3 Шамалар мәндерін: ұзындық (см, дм, м) / масса (кг,
ц) / көлем (сыйымдылық) (л) / уақыт (сағ, мин, ай,
жыл) өлшем бірліктерін салыстыру және амалдар
орындау
2.1.3.5 Циферблат бойынша уақытты анықтау: сағат және
минут
Бағалау критерийі Білім алушы
•Шамалардың арақатынасын пайдалана отырып,
атаулы сандарды салыстырады
•Атаулы сандармен қосу және азайту амалдарын
орындайды
•Уақытты анықтау үшін циферблатты қолданады
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма
1. Салыстыр.
2. Өрнектің мәнін тап.
8 дм + 30 см = 1 м – 56 см = 3 сағ 20 мин – 20 мин = 24 кг + 76 кг =
3.Сағатта көрсетілген таңертеңгі уақытты жаз.
4. Циферблаттағы сағат тілдері 04 сағат 30 минутты көрсететіндей сурет сал.
20


Page 21

Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Шамалардың
арақатынасын
пайдалана отырып,
атаулы сандарды
салыстырады
1 ұзындық шамаларын салыстырады; 1
масса шамаларын салыстырады; 1
уақыт шамаларын салыстырады; 1
сыйымдылық шамаларын салыстырады; 1
Атаулы сандармен
қосу және азайту
амалдарын орындайды
2 ұзындық өлшем бірліктерінің
қосындысының мәнін жазады;
1
ұзындық өлшем бірліктерінің
айырмасының мәнін жазады;
1
уақыт өлшем бірліктерінің
айырмасының мәнін жазады;
1
масса өлшем бірліктерінің
қосындысының мәнін жазады;
1
Уақытты анықтау
үшін циферблатты
қолданады
3 сағатта көрсетілген уақытты жазады; 1
циферблатқа берілген уақытқа сәйкес
тілшелер салады.
1
Жалпы балл 10
21


Page 22

«Шамалар және өлшем бірліктері» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата- аналарға ақпарат ұсынуға
арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні ______________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Шамалардың
арақатынасын
пайдалана отырып,
атаулы сандарды
салыстырады
1 Атаулы сандарды
салыстыруда қиналады
Ұзындық / масса / уақыт/
сыйымдылық шамаларын
салыстыруда қате жібереді
Атаулы сандарды дұрыс
салыстырады
Атаулы сандармен қосу
және азайту амалдарын
орындайды
2 Атаулы сандармен қосу
және азайту амалдарын орындауда қиналады
Ұзындық / уақыт / масса
шамаларымен қосу / азайту
амалдарын орындауда қате жібереді
Атаулы сандармен қосу
және азайту амалдарын дұрыс орындайды
Уақытты анықтау үшін
циферблатты
қолданады
3 Циферблат бойынша
уақытты анықтауда және
сағаттың моделіне берілген уақытты бейнелеп
көрсетуде қиналады
Циферблат бойынша уақытты
анықтауда / сағаттың
моделіне берілген уақытты
бейнелеуде қате жібереді.
Циферблат бойынша
уақытты дұрыс анықтайды және берілген уақытты сағаттың моделіне дұрыс
бейнелейді
22


Page 23

«Жиын және оның элементін белгілеу. ∈және ∉таңбалары» бөлімі бойынша жиынтық
бағалау
Бөлімше 4.4 Заттардың комбинациялары
5.2 Математикалық тіл
Оқу мақсаты 2.4.4.1 Қоршаған ортадағы заттардан «үш -үштен»
комбинациялар жиынын құрастыру
2.5.2.2 Жиынды белгілеу үшін латын алфавитінің бас
әріптерін, жиын элементтерін белгілеу үшін латын
алфавитінің кіші әріптерін; жиынға
тиістілігін/тиісті еместігін белгілеу үшін , және

таңбаларын пайдалану
Бағалау критерийі Білім алушы
•Кез келген жиынның үш элементін қолданып
ко
мбинациялар құ растырады
•Берілген элементтер бойынша жиын құрастырады
және белгілейді
•Элементтердің жиынға тиісті немесе тиісті еместігін
анықтайды
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты 15 минут
Тапсырма
1.Қоян (Қ), жолбарыс (Ж) және түлкі (Т) бір қатарға тұрмақшы болды.
1)Оларды неше түрлі тәсілмен орналастыруға болады? _____________
2)Орналастыру тәсілдерін үлгі бойынша жаз.
1.Қ – Ж – Т
________________ ________________ ________________ ________________ ________________ ________________ ________________ ________________
Қ Ж Т
23


Page 24

2.Берілген сандарды екі жиынға бөл және белгіле.
33 66 400
44 600
99 700 100
3.а) «Мəшин елер» және «Жасыл түсті заттар» жиындарының қиылысуына тиісті
затты қорша.
b) Бұл жиындардың екеуіне де тиісті емес затты сызып таста.
Бағалау критерийі Тапсырма

Дескриптор Балл
Білім алушы
Кез келген жиынның үш
элементін қолданып
комбинациялар
құрастырады
1 комбинация құру тәсілдерінің санын
анықтайды (6 тәсіл);
1
комбинацияларды жазып көрсетеді
(үштен кем емес);
1
Берілген элементтер
бойынша жиын
құрастырады және белгілейді
2 элементтерді екі жиынға біріктіреді; 1
жиындарды латынның бас әріптерімен
белгілейді;
1
Элементтердің жиынға
т
иісті немесе тиісті
еместігін анықтайды
3 жиындардың қиылысуына тиісті
з
атты (жасыл мəшине) қоршайды;
1
екі жиынға да тиісті емес затты (кілт)
анықтайды.
1
Жалпы балл 6
24


Page 25

«Жиын және оның элементін белгілеу. ∈және ∉таңбалары» бөлімі бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-
аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика
Білім алушының аты- жөні ______________________________________________
Бағалау критерийі
Тапсырма

Оқу жетістіктерінің деңгейі
Төмен Орта Жоғары
Кез келген жиынның
үш элементін
қолданып
комбинациялар
құрастырады

1 Берілген заттардан «үш-
үштен» комбинация құрастыруда қиналады
Кез келген жиын
элементтерінен «үш-үштен»
комбинация құрастыруда
қате жібереді
Берілген заттардан «үш-
үштен» комбинация құрастырады
Берілген элементтер
бойынша жиын
құрастырады және белгілейді
2 Жиын элементтерін ортақ
белгілері бойынша біріктіруде, жиындарды белгілеуде қиналады
Жиын элементтерін ортақ
белгілері бойынша біріктіруде / жиындарды белгілеуде қате жібереді
Ортақ белгілері бойынша
жиын құрастырады және жиындарды дұрыс
белгілейді
Элементтердің
жиынға тиісті немесе
тиісті еместігін
анықтайды
3 Элементтердің жиынға
тиістілігін анықтауда
қиналады
Элементтердің жиынға
тиістілігін/ тиісті еместігін
анықтауда қателеседі
Жиынға тиісті және тиісті
емес элементтерді дұрыс анықтайды
25


Page 26

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың спецификациясы
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы оқу
бағдарламасының мазмұнына сәйкес білім алушылардың оқу мақсаттарына жеткендігін
тексеруге және тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларын анықтауға
бағытталған.
Спецификация 2-сыныпта «Математика» пәні бойынша тоқсандық жиынтық
бағалаудың мазмұны мен өткізу рәсімін сипаттайды.
2.Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
«Математика» пәні бойынша (орта білім беру мазмұнын жаңарту аясындағы)
бастауыш мектепке арналған оқу бағдарламасы (1 - 4- сыныптар).
3.2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу
3.1 Ұзақтығы - 40 минут
Балл саны - 15
3.2 Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалауда әр түрлі тапсырмалар: көп таңдауы бар сұрақтар,
қысқа немесе толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Берілген нұсқа қысқа және толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4
тапсырмадан тұрады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушы есептелген мәні, сөздер немесе
қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау
үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады.
Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
26


Page 27

№ Бөлім Бөлімше Оқу мақсаты Тапсыманың
сипаттамасы
Тапсырма
саны
Жалпы
балл
1 2A бөлімі –
Екітаңбалы
сандарды қосу
және азайту.
Жүздіктер.
Есептер

4.3 Тізбектер 2.4.3.1 100-ге дейінгі сандар, 1000-
ға дейінгі жүздіктер тізбектерінің
заңдылығын анықтау
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа жауапты
қажет ететін тапсырманы
орындайды
1 1
5.1 Есептер және
математикалық модель
2.5.1.7** Екі амалмен шешілетін
есептерді модельдеу және шығару
Білім алушы ашық
түрдегі толық жауапты
қажет ететін
тапсырманы орындайды.
1 6
2 2B бөлімі –
Шамалар және өлшем бірліктері
1.3 Шамалар және
өлшем бірліктер
2.1.3.3 Шамалар мәндерін:
ұзындық (см, дм, м) / масса (кг, ц)/
көлем (сыйымдылық) (л)/ уақыт
(сағ, мин, ай, жыл) өлшем
бірліктерін салыстыру және
амалдар орындау
Білім алушы ашық
түрдегі қысқа жауапты
қажет ететін тапсырманы орындайды.
1 2
3 2С бөлімі –
Жиын және оның элементін белгілеу.
∈және
∉ таңбалары
4.4 Заттардың
комбинациялары
2.4.4.1 Қоршаған ортадағы
заттардан «үш-үштен»
комбинациялар жиынын құрастыру
Білім алушы қысқа
жауапты қажет ететін ашық түрдегі
тапсырманы орындайды.
1 6
27


Page 28

4.Тапсырма үлгілері және балл қою кестесі
«Математика» пәнінен 2-тоқсанға арналған
жиынтық бағалаудың тапсырмалары
1.Заңдылығын сақтай отырып, үш сан жаз.
970, 870, 770 … , … , … .
[1]
2.Есепті шығар.
Жаңа жылдық шыршаға арнап 17 алтын түсті және одан 19-ы артық қызыл түсті
шарлар сатып алынды. Жаңа жылдық шыршаға арнап барлығы неше шар сатып алынды?
[6]
3.Өрнектердің мәнін та п.
36 кг + 23 кг =
6 дм + 15 см =
[2]
4.Шан аның әр тақтайшасын жасыл, сары, көк түсті қарындаштармен боя. Шана
тақтайшаларының боялу реті қайталанбауы керек.
[6]
28


Page 29

Балл қою кестесі
№ Жауап Балл Қосымша ақпарат
1
670, 570, 470
1
2
Алтын түсті – 17 ш. ?
Қызыл түсті - ?, 19 ш. артық
1
сызбасы қабылданады
Білім алушының ықтимал жауабы
Жеке амалдар түрінде:
17 + 19 =
17 + 19 = 36 (ш.) – қызыл
36 + 17 =
36 + 17 = 53 (ш.)
Өрнек түрінде:
(17 +19) +17 = 53 (ш.)
4
Есепті жеке амалдар түрінде
шығарған жағдайда:
- бірінші орындалатын амалды таңдауы мен өрнекті жазғаны үшін 1 балл қойылады;
- өрнектің мәнін есептегені үшін
1 балл қойылады;
- екінші орындалатын амалды
таңдауы мен өрнекті жазғаны үшін 1 балл қойылады;
- екінші өрнектің мәнін
есептегені үшін 1 балл
қойылады.
Есепті бір өрнекпен шығарған
жағдайда 4 балл қойылады.
Шыршаға арнап барлығы 53 шар
сатып алынды/53 шар/53ш
1
3
59 кг 1
75 см 1 7 дм 5 см жауабы да қабылданады
4 6
Әр дұрыс боялған комбинацияға
1 балл қойылады (6 шана- 6 балл)
Жалпы балл 15
5. Тоқсандық жиынтық бағалауды өткізу ережелері
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға
мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойған дұрыс.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқау
оқылып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығы хабарланады. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі. Нұсқаулықпен
таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынш а жиынтық бағалау
басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтылады.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау
барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар
29


Page 30

(спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына
мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіледі. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне
көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығы ескертіледі.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен
сызып қою ұсынылады.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім
алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға
көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге
тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі
хабарлап отыру қажет.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын
тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтіну керек.
6. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация
үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін
балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
30


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
pdf
29.01.2019
759
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі