№
2
«Бөбек» санаториялық балабақшасы
коммуналдық
мемлекеттік мекемесі.
Мектепке
дейінгі жастағы балалардың
шығармашылық дағдыларын үздіксіз
дамыту жолдары .
(Қалалық
семинар)
Тақырыбы:
«Бақбақ гүлі»
Тобы:
«Балдырған» ортаңғы тобы.
Тәрбиеші:Сүлейменова
Б
2019жыл
Білім
беру саласы: Шығармашылық
Ұйымдастырылған
оқу қызметі: Аппиликация
Тақырыбы:
Бақбақ гүлі.
Мақсаты:
Білімділік:
Көктемнің
алғашқы гүлі жайлы білімдерін
кеңейту.Қағазды қию кезінде қайшыны
дұрыс ұстауға дағдыландыру.
Дамытушылық:
Жапсыру арқылы қолдың саусақтың бұлшық
еттерін дамыту, гүлдерге деген
қызығушылықтарын арттыру.
Тәрбиелік:Балаларды
дайын пішінге бақбақ гүлді жапсыру
жолдарын меңгерту .Әсемдікті сезіне
білуге тәрбиелеу.Бір-біріне мейірімді,
қамқор болуға баулу.
Қажетті
құрал-жабдықтар: ақ
қағаз, қайшы ,желім ,қол сүртетін
майлық, бейнежазба.
Көрнеліктер:
Ара
киімі, музыкалық аппарат, бақбақ
гүлі, слайд, тақтамен жұмыс.
Билингвальды
компонент Бақбақ-одуванчик,
көктем – весна, гүл-цветы.
Шаттық
шеңбері:
Күннің
көзі ашылсын,
Көкке
шуақ шашылсын.
Құтты
қонақ келіпті,
Төрімізге
еніпті.
Амандасу
үлкенге,
Тәрбиенің
басы ғой.
Ал,
қанекей бәріміз,
Сәлем
дейік үлкенге.
Сәлеметсіздерме
апайлар!
«Мнемотаблицасымен»
жұмыс.
-Қазір
жылдың қай мезгілі?
-Көктем
мезгілінде неше ай бар?
-Көктем
мезгілінің қандай белгілерін
білесіңдер?
-Жарайсыңдар,
балалар.Енді мен сендерге жұмбақ
жасырғым келіп отыр.
Сол
жұмбақ арқылы бүгінгі оқу қызметіміздің
тақырыбын табамыз.
Жұмбақ:
Өзiне
шап шақ,
Киген
қалпағы аппақ,
Балалар
тұр қаптап
-Бұл,
не балалар?
- Дұрыс
айтасыңдар,
-
Бақбақ.
-
Бақбақ гүлінің түсі қандай?
-Бақбақ
гүлі көктем мезгілінің алғашқы
айларында шығады.Бұл
гүл наурыз, сәуір айларында және жаз
айларында үлпілдек мақта тәрізді гүл
ашады. Гүліне сәл жел тисе болды, үлпілдек
мақта тәрізді гүл жүндері ұшып кетеді,
оны «бақ-бақ», «бақбақ гүл» деп те атайды.
Тосын
сый.
(Осы
кезде топқа бал арасы Майя келеді ).
Тыңдаңдаршы,
біреу ызылдап жатыр. Естіп тұрсыңдар
ма?
Топқа
бал ара Майя кіреді.
Майя:Саламатсыңдар
ма,
балалар.
Менің атым Майя.
Мен ерте оянып гүлдің нәрін жинайын
десем, гүлдер әлі гүлін ашпапты. Мен
гүлдің нәрін көп жинағым келеді. Сондықтан
да мен сендерге ұшып келдім. Мен сендердің
топтарынан көмек сұрап келдім,қолымда
бейнежазба бар.Сол бейнежазбада маған
керек гүлдің бейнесі бар.
Тәрбиеші:Ендеше
бал арасы Майяға көмек беремізбе?Ол
қандай бейне жазба алып келгенін
көрейік?
(
Көгілдір экранға назар аударайық).
Майя:Балалар,мен
неғұрлым көп нәр жинасам соғұрлым бал
көп болады.
Тәрбиеші:Балалар
бал арасы Майяға гүлдердің нәрін жинау
үшін көп гүл керек екен. Көп гүлді қайдан
алсақ екен?Бал арасы Майяға көмек
беремізба?
Майя:
-Балалар сендер бақбақ гүлін жасап
бергенше мен құр қарап отырмай басқа
жақтан гүлдің нәрін жинап келейін.
Егерде көп бақбақ гүлін жасасаңдар
мен достарымды да ертіп келемін.
Дамыта
оқыту технологиясы бойынша «топтау»
әдісі арқылы 2топта жұмыс жасаймыз.
1-топ:Бақбақ
гүлін дайын тұрған сұлбасына
жапсырамыз. Ақ
үлпесін мақталы дискімен желімдеп
жапсыру.
2-топ:
Сары гүлдің сұлбасы салынған дөңгелекке
қағаз қиындысымен пайдаланып желіммен
жапсырамыз.
Желім
жағу реті тәртібі:
-Сол
қолымызбен қағаздың бір шетінен
ұстап, дайын тұрған гүлдің бейнесіне
мақталы дискімен жапсырамыз.
-Дәл
осындай тәсілмен қағаз қиындысымен
гүл бейнесін жапсырамыз.
Қайшымен
жұмыс:
-қайшыны
белгілі бір жерде (қорапта) сақтау;
-
қайшымен жұмыс істегенде сақтық шараларын
сақтау;
-
қайшының қосылып жабылған ұштарын
өзіңнен әрі қаратып қою
Майя:
Балалар , сендерге көп-көп рахмет.Бақбақ
гүлі өте әдемі екен.Көп нәр жинайтын
болдым.
Сергіту
сәті:
Сәл
дем алып,
Тынып
ал.
Көктем
келді,
Біліп
ал.
Оң
колымда бес саусақ,
Сол
колымда бес саусақ.
Қосып
едім екеуін,
Шыға
келді күн шуақ.
Ақ
үлпе боп гүлдеген,
Бақ
– бақ гүлін көрдім мен.
Үрлеп
едім бақ – бақты,
Үлпе
жапты жан – жақты.
Дидактикалық
ойын:
«Бақбақ»
гүлін фетрдан жапсырамыз.
Мақсаты:Балалардың
ойлау қабілетін дамыту, ұйымшылдыққа
баулу.
-Балалар
бүгін бізге қонаққа кім келді?
-Майяға
біз көмек бере алдықпа?
-
Бақбақ гүлін немен жасадық?
-Жарайсыңдар
балалар,бүгінгі оқу қызметі сендерге
ұнады ма?
Кел
балалар, тұрайық,
Шеңберді
біз құрайық.
Көріскенше
күн жақсы
Сау
- саламат болайық!
-Деп,
келген қонақтарға сау , болыңыздар.Балалар
бүгінгі оқу қызметіне барлығыңда
жақсы қатыстыңдар мен сендерге
риза болдым.