2 ге көбейту және бөлу кестесі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2 ге көбейту және бөлу кестесі

Материал туралы қысқаша түсінік
бастауыш сынып мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Пәні: Математика

Мектеп:

Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі:

Күні:

Сынып: 2

3В-бөлім


Мұғалімнің аты-жөні:

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

2 санына көбейту және бөлу кестесі

Осы сабақ

арқылы жүзеге

асатын оқу

мақсаттары

2.1.2.2 - көбейту және бөлу - өзара кері амалдар екенін түсіну, көбейту және бөлу амалдарының компоненттері арасындағы байланысты анықтау

2.1.2.3 - қосудың ауыстырымдылық, терімділік қасиеттерін/көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін тиімді есептеулер жүргізу үшін қолдану


Сабақ мақсаты:

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты бірлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар санау барысында тақ, жұп сөздерін қолданады.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: көбейту, бөлу, көбейтудің ауыстырымдылық қасиеті.

Сыныптағы диолог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі: ауызша - жазбаша

Талқылауға арналған сұрақтар :

  • Көбейту мен бөлу өзара байланысты ма?

  • Көбейтудің компоненттерін ата

  • Бөлудің компоненттерін ата

  • Тақ және жұп сандарды қалай түсінесің?

  • Көбейтіндінің ауыстырымдылық қасиеті дегеніміз не?

Ишара: «Шапалақ» әдісі. «Алақан» әдіс. «Бағдаршам», «Смайлик» әдісі

Жоғары қарай- мен түсіндім,көлденең – мен түсінгендеймін,

төмен қарай – мен түсінбедім. «Бағалау ағашы»

Бағалау

критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Өте жақсы, жақсы, орташа

Құндылыққа баулу

Салт-дәстірімізді ұмытпау, жалғастыру, келешек ұрпаққа дәріптеу.

Пәнаралық байланыс

Дүниетану, жаратылыстану, тарих

Тақырып бойынша алдыңғы білім

2- ге көбейту және бөлу кестесін жаттау, көбейту мен бөлудің өзара байланысты екенін білу, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут



Топқа бөлу





3-минут






Түсіну


9 минут



Топқа бөлу:

Асықтар арқылы топқа бөлу.

4 топқа бөлу. Ол үшін асықтарға 1 ден 4 ке дейінгі сандарды жазып қоямын. Оқушылар асықты таңдағанда, асықтағы сандарға байланысты топқа бөлініп отырады.


Слайд №1

Психологиялық дайындық

Жақсылық бар менде де

Жақсылық бар сенде де

Жақсылық бар әлемде

Жақсылық тілеймін бәріңе


Бүгінгі сабақта біз асық ойынын ойнаймыз. Топтық жарыс болады. Қай топтың оқушылары мерген екенін көрелік. Әр дұрыс шығарылған есепке, дұрыс жауапқа бір,бір асықтан беріп отырамын. Сабақ соңында қай топ асықты көп жинайды, сол топ мерген топ болады.

  • Әр топта қоржын бар, сол қоржындарыңды асыққа толтырыңдар дегім келеді. Барлық топқа сәттілік!


Асық ойыны – Қазақ балаларының ең сүйіп ойнайтын ойыны болған. Бұл ойын балаларды мергендікке, төзімділікке баулиды. Қазақтың өмірінде мал шаруашылығы қандай маңызды болғандығының бір дәлелі осы – асық ойыны. Асық уақ малда қой, ешкіде, киікте, тау текеде болады. Асықтың бір кереметі оны ешкім қолдан жасап жатпайды. Табиғи нәрсе. Оның жақсы салмақты түрлерінен сақа жасайды. Қазақта «Қой асығы болғанмен қолыңа жақса сақа тұт, жасы кіші болса да ақылы асса аға тұт»деген мақал бар. Бір нәрсенің дайын екенін білдіретін «Сақадай сай» сөз тіркесі де бар.

  • Кәнекей, онда «Сақадай сай» дайын болсақ, асықтарды дәлдеп көрелік. Ол үшін, есептерді дұрыс шығаруымыз керек.


Слайд № 2

  • 1 ші және 2 ші топ тақтаға кезекпен 2-нің көбейту кестесін жазса, 3 ші және 4 ші топ 2-ге бөлу кестесін кезекпен жазады. Тексеру

Білім ленд сайтынын бейне жазба көрсетіп, қателерін түзеу , әрі бекіту

https://bilimland.kz/kk/subject/matematika/2-synyp/sandy-2-ge-kobejtu-zhane-bolu-kestesi-taq-zhane-zhup-sandar 3:28 секундтан бастап көрсету.

Кері байланыс «Смайлик» тәсілі.



Слайд № 3


« Бір қадам алға ...» әдісі арқылы тақ және жұп сандарды табу. Қай қатардағы сандар екіге бөлінеді? тақ сандар ма, әлде қатардағы жұп сандар ма, ажырату, анықтау. Екіге бөлінетін қатардың жанына + таңбасын қой.

  • Оқушыларға қағаз қиындыларын беріп, бір оқушыны тақтаға шығару. Тақтадағы оқушының қолына қағазбен бірге асық беру. Топтағы оқушылар тапсырманы дұрыс орындаған сайын бір қадам алға басады және асықты топқа ұпай ретінде алып келеді. Егер топтағы оқушылар тапсырманы дұрыс шығармаса бір қадам артқа шегінеді де, асықты топқа ұпай ретінде алып келе алмайды.

  • Бұл әдістің мақсаты, тапсырманы топтағы оқушылар дұрыс, әрі тез орындау керек.


1-топ 2-топ

Жалғастыр: Жалғастыр:

1)2,4,6, ..., ..., ..., ..., ...., 1) 4, 6, 8, ..., ..., ...., ..., ....

2)7, 10, 13, ..., ..., ..., ..., 2) 5,7,9, ..., ..., ..., ...,

3) 8, 12, 14, ..., ..., .... 3) 6, 11, 15, ..., ..., ....,

4) 5, 10,15, ..., ..., 4) 2, 6, 10, ..., ....,


3 -топ 4- топ

1)4, 8, 10, ..., ...., ...., ..., ..., 1) 3, 7, 11, ..., ..., ..., ..., ...,

2)3, 6, 9, ..., ..., ..., ..., 2) 8, 12, 16, ..., ...., ...., ...,

3) 6, 8, 10, ..., ...., ..., 3) 6, 9, 12, ..., ..., ...,

4) 2, 5, 8, ..., ..., 4) 10, 14, 18, ..., ....,

Дескриптор

  1. Топтағы бір оқушы тақтаға шығады.

  2. Қалған оқушылар топта жұмыс жасайды.

  3. Есептеулерді дұрыс жазған сайын тақтадағы оқушы бір қадам алға басады.

  4. + таңбасын 2 санына бөлінетін қатарға жазады.

  5. Тақтадағы топ мүшесі 3 қадам жасап, топқа бірінші барады. Асықты ұпай ретінде алып барады.


Кері байланыс «Қол шапалақ» тәсілі.




Асықтар














АКТ-ны пайдалану



Ортасы

Қолдану


4 минут

















3 минут















Сергіту сәті

2 минут









Талдау

13 минут

Слай № 4

Топтық жұмыс. Көбейту мен бөлу.

  • Барлық топқа бірдей тапсырма беріледі, тапсырманы орындап болған соң, бір топ екінші топты, қызыл қарындашпен тексереді.

  • Тапсырманы орындап біткеннен кейін, тақтаға шығып, қатесін тексеру. Барлық есептеулері дұрыс болған топтарға бір асық беру.

2 · 2= 12:2=

4· 2= 14:2=

8·2= 20:2=

9· 2= 16:2=


Дескриптор

  1. Топта жұмыс жасайды.

  2. Топтың ережелерін сақтайды.

  3. 2-ге көбейту кестесін біледі.

  4. 2-ге бөлу кестесін біледі.

  5. Жауабын дұрыс тауып, жазады.


Кері байланыс «Бағдаршам» тәсілі.


Слайд № 5


Бейне баян көрсету. «Қанталапай»



Слайд № 6

Дәптермен жұмыс.

Жұптық жұмыс.

28 беттегі №1 тапсырманы суретте берілген жазуларды қара. Мысалдардың қалай құрастырылғанын түсіндір. Тиісті сандарды жаз. Дұрыстығын тексер. Оқушылар жұпта бірінің дәптерін бірі қызыл қарындашпен тексереді. жұптағы тапсырманы дұрыс орындаған әр бала, топ қоржынына бір асық алып келеді.







Дескриптор

  1. Көбейту мен бөлу арасындағы байланысты түсінемін.

  2. Бұл амалдардың кщмпоненттері мен нәтижелері арасындағы тәуелділікті білемін.

  3. 2 санына көбейту және бөлу кестесін қолдана аламын.

  4. Есептеуде үштен артық қате жібермеймін.


Кері байланыс «Қарындаш түстері» тәсілі.















Слайд № 7


29 бет № 2 Кестені толтыр.

Өрнектердің мәнін «Блиц кездесу» әдісі арқылы орындау.

  • Топтан тақтаға 1 оқушы шығады. Тақтадағы оқушыға қарама қарсы екінші оқушы шығып, тапсырманы тақтадағы оқушыға айтып тұрады. Тақтадағы оқушы екінші оқушының айтқанын жазып, жауабын табу керек. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларға бір асықтан беру. Бір топтан екі оқушы шыққандықтан екі асық беріледі.


Дескриптор

  1. Бөлудің компоненттерін біледі.

  2. Тақтадағы оқушы бөлудің компоненттерін дұрыс жазады.

  3. Бөлгішті табады.

  4. Бөлгішті дұрыс жазады.


Кері байланыс «Бас бармақ» тәсілі.


Қима қағаз тарату








Қима қағаз тарату



АКТ-ны пайдалану

































Жұмыс дәптер.

Қызыл қарындаш



















Оқулық.

Жұмыс дәптер.

Жинақтау

Соңы


4 минут






Үйге тапсырма



Рефлексия



  • Кәнекей, қоржындағы асықтарды санап, қай топтың оқушылары көбірек асық жинаса сол топ «Асығы алшысынан түскен топ» деп марапатталады.

  • Қоржындағы асықтарды санау. «Асығы алшысынан» түскен топты ортаға шақырып, сыйлық ретінде асықтың сақаларын сыйлап, марапаттаймыз.


Үй жұмысына жұмыс дәптердегі 29 беттегі №3,4 тапсырмалар беріледі.


Слайд № 8

(Балаларды ортаға шақырып, шеңбер құрастыру)

Менің қолымда ақ түсті бір шүйке жіп. Қазір мен оны шеңбер бойы жіберемін. Қолға түскен жіпті саусаққа орап,  бүгінгі сабақтан не түсінгенімізді, жіпке тізіп шығайық.   (Жіп мұғалімге келеді.)

Бізбен жіп не істеді?

Қалай ойлайсыңдар, бұл жақсылықтың белгісі ме?   (Балалардың пікірі)

Дұрыс, жіп бізді біріктірді. Әрқашанда бірге болуымыз керек, бір-бірімізге көмектесуіміз керек. Бір шаңырақ астында тату өмір сүруіміз керек.  Мектепте  болып жатқан әр түрлі шаралардан қалыспауға, өзіміздің үлесімізді қосуға ұмтыламыз.








Қосымша мәліметтер

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға үш тапсырма беріледі.

  1. Оқушылар көбейту мен бөлуді шығару арқылы көбейту кестесін бекітеді.

  2. Жұпта жұмыс жасай алады.

  3. Топта жұмыс жасайды.

  4. Бір-бірін тексергенде қателерін табады.

Бағалау – өзін-өзі бағалау

Пәнаралық байланыс – дүниетану, жаратылыстану,тарих.

Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс. Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементі)- «салт – дәстүр, асықтар»









































Өз сабағыңызды талдау үшін берілген сұрақтарға жауап беріңіз?


Рефлексия

1.Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма?

2.Бүгін оқушылар не үйренді, не білді?

3.Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

4.Сыныптағы ахуал қандай болды?

5.Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма(тапсырмалар сәйкес болды ма)?

6.Уақытты қалай пайдаландым?

7.Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?


Қорытынды бағалау

Қандай екі нәрсе табысты болды(оқыту мен оқуға қатысты)

1.

2.

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді(оқыту мен оқуға қатысты )?

1.

2.

Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім?

1.

2.









Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
27.01.2019
1493
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі