2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары.

Тақырып бойынша 21 материал табылды

2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты- (ІІ)-топ металдарының жалпы қасиеттерін біледі. -Кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін анықтайды. -Табиғатта таралуын сипаттайды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім:

9.2С I,II,III топ элементтері және олардың қосылыстары

Педагогтің аты-жөні:

Cултанғазы М.А

Күні:


Сыныбы:

9

Қатысушылар саны


Қатыспағандар саны


Сабақтың тақырыбы:

2 (ІІ)-топ металдары және олардың қосылыстары.

8 зертханалық тәжірибе

«Кальцийдің сумен және қышқыл ерітіндісімен әрекеттесуі»

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

9.2.1.3-1 (І)ші және 2 (ІІ)-топ металдарының жалпы қасиеттерін салыстыру және реакция теңдеулерін құрастыру;

9.2.1.4-кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін түсіндіру және қолданылуын сипаттау;

Сабақтың мақсаты:

- (ІІ)-топ металдарының жалпы қасиеттерін біледі.

-Кальций оксиді мен гидроксидінің негіздік қасиеттерін анықтайды.

-Табиғатта таралуын сипаттайды.

Біртұтас тәрбие

Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында тақырыпты оқыту арқылы оқушылардың шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауын, функционалдық сауаттылығын, қарым-қатынас жасау қабілетін арттыру.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.


(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыруда «шаттық биі»әдісі жүзеге асырылады.

3. Оқушыларды топтарға біріктіру.

«Сыйлық» әдісі арқылы топқа бірігеді


Үй тапсырмасын қайталау wordwall

Платформасында «Шеңбердегі сұрақ» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

https://wordwall.net/resource/54696647



Сәлемдеседі.Оқушылар суреттегі іс-қимылдарды әуен қосылғанда қайталап жағымды көңіл-күй қалыптастырады.

«Сыйлық» әдісі арқылы топқа бірігеді.

1- Экспериментаторлар: тәжірибені орындайды,нәтижелерді жазып отырады.

2- Зерттеушілер: топтың нәтижелерін сыныпқа ұсынады.

3- Сарапшылар: тәжірибе бойынша теорияны түсіндіреді.


І. Сыныпта ынтымақтастық атмосферасы мен бірлескен оқу ортасын құрып wordwall платформасында өткен тақырыпты қайталап шығады.


Жеке жұмыс: Оқушылар wordwall платформасындағы «Шеңбердегі сұрақ» тапсырмасын орындайды

https://wordwall.net/resource/54696647




Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру





Өзін-өзі бағалау: Оқушылар презентацияда көрсетілген дұрыс жауаптар арқылы өздерін бағалайды.


Дескриптор

- 1 топ элементтерін сипаттайды-1 б

Топқа бөлу карточкалары

Жаңа сабаққа кіріспе


Оқушыларға бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу үшін жұмбақ жасырылады:

«Блиц турнир»әдісі














Мұғалім оқу мақсаты мен тақырыпты таныстырып,металлдарды алу әдістеріне бейнеролик көрсетіледі.

Топтық жұмыс

Оқушыларды үш топқа бөліңіз, әр топқа жеке зерттеу жұмысын береді. Оқушылар бұрын оқыған білімдерінің негізінде өздеріне берілген тақырып бойынша постер дайындайды.


Оқушылар жұмбақтың шешуі анықтаған кейін,сабақтың тақырыбы және мақсаты таныстырылады





Топтық жұмыс. №8 Зертханалық жұмыс

1-топқа сұрақ:Демонстрация көрсетілім.

2-топқа сұрақ: Блок-схема әдісі бойынша тақырыпты схемалармен бейнелеп постер қорғайды.

3-топ,Блум түймедағы бойынша жеңілден күрделіге қарай тапсырмалар мен сұрақтар әзірлеу.


Топтар өз постерлерін қорғайды, мұғалім қосымша сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдерін пысықтайды.


Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру














Дескриптор:

алған білімдерін қолдана отырып топпен мәліметтерді талқылай отырып, дәлелдер келтіреді -3 балл

презентация

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.


«Кім жылдам?» тәсілі арқылы жұптық жұмыс ұйымдастырады, бақылау жасайды,

2-тапсырма Пиза тапсырмасы

Тақырып: Кальций және оның қасиеттері

Мазмұны: Кальцийдің химиялық және физикалық қасиеттерін, оның табиғаттағы және адам ағзасындағы маңызын зерттеу.

Мәтін:

Кальций (Ca) – жер қыртысында ең көп кездесетін сілтілік-жер металдарының бірі. Ол табиғатта тек қосылыс түрінде кездеседі, мысалы, әктас (CaCO₃), гипс (CaSO₄·2H₂O) және кальций фосфаты (Ca₃(PO₄)₂). Кальцийдің физикалық қасиеттері оны жеңіл металл ретінде сипаттайды: күміс түстес және жұмсақ.

Адам ағзасында кальций сүйектер мен тістердің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Ол қанның ұюына, бұлшықеттердің жиырылуына және жүйке жүйесінің қызметіне қажет.
Өнеркәсіпте кальций металл ретінде, цемент пен шыны жасауда, сондай-ақ құрылыста кеңінен қолданылады.

Кальций сумен және қышқыл ерітінділерімен әрекеттесіп, сілті мен сутек газын түзеді. Бұл реакция оның химиялық белсенділігін көрсетеді.


Тапсырма: 1. Қарапайым сұрақтар (Білімді тексеру)

Кальций қандай периодтық топқа жатады?

A) Сілтілік металдар

B) Сілтілік-жер металдар

C) Галогендер

D) Бейметалдар

2. Орташа деңгейдегі сұрақтар (Қолдану)

Кальцийдің 5 граммы сумен әрекеттескенде қанша литр сутек бөлінеді?
Берілген: Ca = 40 г/моль, MH2=2 г/моль,Vқ.ж.=22.4 л/мольM_{H_2} = 2 \, г/моль, V_{қ.ж.} = 22.4 \, л/мольMH2​​=2г/моль,Vқ.ж.​=22.4л/моль.

3. Жоғары деңгейдегі сұрақтар (Талдау және түсіндіру)

Кальцийдің биологиялық маңызын қарастыра отырып, мына пікірді талдаңыз:
"Кальцийдің жетіспеуі адамдардың сүйек сынғыштығын арттырады, ал оның артық мөлшері бүйрек тастарының пайда болуына әкелуі мүмкін."

Бұл пікір дұрыс па? Түсіндіріп, кальцийдің ағзадағы тепе-теңдігінің маңыздылығын түсіндіріңіз.

-Табиғаттағы кальций қосылыстарының бірі – әктас (CaCO₃). Егер әктас қыздырылса, қандай реакция жүреді және оның нәтижесінде қандай заттар түзіледі? Реакцияны жазыңыз.

Дескриптор:

пайымдаулардың дұрыс немесе бұрыстығын анықтайды -1б

сутектің көлемін есептейді -1б

Кальцийдің биологиялық маңызын анықтайды-2б




презентация

Сабақты бекіту

Формативті бағалау




«Жылдам жауап» әдісі арқылы тапсырмалар беріледі.

https://view.genially.com/674197b2e1fdc3c5fb8d8e67/interactive-content-genial-quiz


    • «Жылдам жауап» әдісі арқылы кальций және оның қосылыстарына берілген сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор:

- кальций және оның қосылыстарын дұрыс жауабымен сәйкестендіреді-2б





Презентация

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Почтаға хат» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, сабақтың қай деңгейінде екендігін хатқа жазуын сұрайды.Үйге тапсырма:

Біліміңді тексер №4


Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай Өз көңіл-күйлері мен кері байланысын мұғалімге жазып тапсырады.


Мұғалім оқушылардың жалпы ұпайына қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Тақта,таратпа материалдар







Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.03.2025
302
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі