400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 22 материал табылды

2-жастағы балалардың даму ерекшелігі

Материал туралы қысқаша түсінік
материал балабақша тәрбиешілері мен ата-аналарға қажет
Материалдың қысқаша нұсқасы

2-жастағы балалардың даму ерекшелігі.

Балалның барлығы бақытты болуға тиіс. Халқымыз бала бауыр етіміз, балалы үй базар, баланың жасында көргені бүкіл өміріне азық болады деген даналық тұжырымдар жасаған. Балаға жағдайды жасап, құрмет тұтқан. Жас шыбық иілуге қандай икемді болса, бала да жас күнінде тәрбиені қабылдауға сондай икемді болады. Әрбір баланың өзімен бірге ала келетін табиғи ерекшеліктері болады.

Жалпы мектепке дейінгі педагогикада екі жасқа шығатын балалардың бүтіндей дамуы бір жасқа қарағанда баяу болатындықтан күн кестесін, тәрбие міндеттерін ескеріп отырған жөн.

Сәбилердің зейіні, есі, жалпы дамуы ескеріліп отырып, сабаққа қолданылатын көрнекіліктер мен әдіс-тәсілдер сұрыпталып алынуы керек. Көрнекіліктер ашық түсті, баланың қабылдауына жеңіл, сабақтың мазмұн ашатын болуы керек. Ал сәбилермен олардың әрқайсысымен жеке ерекшелігіне қарай қарым-қатынас жасап әрекет ету тиімді. Баланың дербес әрекет етуге талпынысын, әр іс-әрекеті мен сол сабақтағы немесе ойындағы қарапайым еңбегін (жауабы, эмоциясы,реакциясы) байқап, бағалап, құптап отыру тәрбиешінің басты міндеті. Балалардың бетінен қақпалай берсе ұяң, қызығушылығы төмен болып қалыптасады. Ондай сәбилердің өз дамуы мен мінезіне сай әрекеттерді іріктеп отыру, мадақтап, көтермелеп отыру балалардың әрі қарай дамуына, жаңа қарапайым дағдыларының қалыптасуына, өз бетімен әрекет етуіне себепші болады. бала бойындағы дамытуға тиісті қасиеттерге қырағылық таныту тәрбиешінің борышы екенің ұмытпағанымыз жөн.

2-жастағы сәбилердің даму ерекшіліктерін ескере отырып, сол кезеңде өмірлік дағдыларды қалыптастырып дамыту үшін жүргізілетін жқұмыстардың тізбегі мен мазмұны мына төмендегідей анықталып, нақтыланады. Атап айтсақ:

* каммуникативтік дағдыларын қалыптастыру мақсатында;

*дербес әрекет ету мен оған жетуге ұмтылу дағдысын қалыптастыру;

*өзара қарым-қатынас жасай білу дағдысын қалыптастыру;

* өз сезімдерін немесе эмоциялық қарым-қатынастарын жеткізу дағдысын қалып тастыру

Аталған өмірлік дағдыларды қалыптастырудың әдістемелік шарттары осы кезеңде қалыптасуға тиісті өмірлік дағдылар тізбесінің мазмұнын іске асыруға бағытталады.

Баланың емін-еркін қарым-қатынас жасап, қалыпты өмір сүруі үшін күнделікті өмірдегі дағдылардың тізбегіне іске асыру мен бала бойындағы дарыту мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлерінің педагогикалық шеберлігі мен біліктігіне, ата-аналардың жауапкершілігі мен біліміне, балабақша мен отбасының арасындағы ықпалдастыққа байланысты екені даусыз.

Баланың жан дүниесіне шынымен мән берсек, оның бұзылуының себебі түрлі-түрлі екенін білер едік. Мысалы: бір бала тынышсыз айтқан ескертуді тындамайды, назар аудармайды. Кейде тіпті мінез көрсетеді. Ал оның себебін білмей балаға ұрса берсек, "бұзықтығын" бұрынғыдан да көбейтеді.

Сондықтан баланың табиғи болмысына құрметпен қарап, оны сол тұрған-болған қалпында қабылдау керек. Баламен жеке тіл табысу жолын ойластыруымыз керек. Әдетте сәби өзін қоршаған өмірдегі үнге, сөзге тым әсерленгіш, сезімтал келеді. Әсіресе, баланың тұңғыш түлеп ұшатын ұясы-отбасындағы тіршілік салты бала жанына тасқа басқандай өшпес терең із қалдырады. Егер отбасындағы ата-анаға, аға-бауыр, апа-сіңілердің арасындағы қарым-қатынас өзара сый-құрметке негізделген биязы, әдепті болса, кішісі үлкенді сыйлап, үлкендері кішіге қайырымды-мейірімді болса, отбасындағы демалыс сәттеріндегі мағыналы, әсем, есті ән мен байсалды, тәтті күй тыңдап, содан рухани ләззат ала білсе, ал үлкендер арасында балаға үлгі боларлық жүрекке жылы, құлаққа жағымды аталы сөздер айтылса, отбасындағы, міне, осындай жағымды тіршілік салты, біркелкі, тәтті өмір тынысы бала жанын баурап, сол өнегелі салтқа қалыптасады, ол басқа жерлерден дөрекі мінез көріп, лас сөздер естісе, оған төбей үрке қарайтын болады. Ал керісінше, үйіндегі адамдар, әсіресе, ата-анасы тынышсыз, үнемі ұрысып-керісетін болса, бірін-бірі сыйламай, айқай-шу шығарып, жағымсыз, дөрекі сөздерге жол берілсе, немесе ішкілікке үйір болып өссе баланың адал сенгіш жүрегі сол қалпында қабылдайды. Қазақтың "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің" даналық сөзі сірә, осындай өмір тәжірибесінен алынса керек. Бала денінің сау, дұрыс өсіп қалыптасуы үшін ананың мейірге толы асыл сөздері бала жанына нұр құйып, қиялын шарықтатыа, байытатын қызық аңыз-ертегілері, бала санасына қонымды әсем ән мен тәтті күй, ана тілінің құдіретін бала бойына сіңіретін тамаша мағыналы тақпақ пен ғибрат сөздер, қызықты жұмбақтар сондай қажет.

"Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар" дегендей мұнымен айтпақ ойымыз-ата-ана бала тәрбиелеу де шет қалмай балабақша ұжымымен бірлесіп жұмыс атқарса деген ой.

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
15 мамыр
2944
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі