2 кіші тобына арналған кіріктірілген сабақ «Түстер мен пішіндер»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2 кіші тобына арналған кіріктірілген сабақ «Түстер мен пішіндер»

Материал туралы қысқаша түсінік
Балалардың түстер мен пішіндер туралы білімдерін тапсырмалар орындау арқылы бекіту. Геометриялық фигуралардың ерекшеліктерімен және оларды қолдана отырып, құрастыруды бекіту. Балалардың зейін, қабылдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту. Балаларды ұқыптылыққа, жануарларға қамқорлықпен қарауға, өзара көмектесуге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әулиекөл ауданының әкімдігінің Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы МКҚК



.



























Тәрбиеші: Дюмбаева А.В











2015-2016 оқу жылы

Әулиекөл ауданының әкімдігінің

«Аманқарағай «Бөбек» балабақшасы МКҚК 20 мамыр 2015 жыл


2 кіші «Ақбота» тобына

арналған оқу жұмыстарын ұйымдастырудың

ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КАРТАСЫ


БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫ: Таным, шығармашылық, қатынас.

БӨЛІМІ: Құрастыру, қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру, тіл дамыту.

ТАҚЫРЫБЫ: «Түстер мен пішіндер»

МАҚСАТЫ: Балалардың түстер мен пішіндер туралы білімдерін тапсырмалар орындау арқылы бекіту. Геометриялық фигуралардың ерекшеліктерімен және оларды қолдана отырып, құрастыруды бекіту.

Балалардың зейін, қабылдау қабілеттерін дамыту, сөздік қорларын молайту.

Балаларды ұқыптылыққа, жануарларға қамқорлықпен қарауға, өзара көмектесуге тәрбиелеу.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН КӨРНЕКІ ҚҰРАЛДАР: презентация, геометриялық пішіндер, түстер, Дьенеш блоктары, үлгі суреттер.

БИЛИНГВАЛЬДЫ КОМПОНЕНТ: сары-желтый, қызыл-красный, көк-синий, жасыл-зеленый, балапан-цыпленок, алма-яблоко, шар-шар, бақа-лягушка, шаршы-квадрат, дөңгелек-круг, үшбұрыш-треугольник, төртбұрыш-прямоугольник,бұзау-теленок, құлын-жеребенок, күшік-щенок, марғау-котенок.

СӨЗДІК ЖҰМЫС: шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.


ОҚУ ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ КЕЗЕҢДЕРІ


ТӘРБИЕШІНІҢ ІС-ӘРЕКЕТІ


БАЛАЛАРДЫҢ ІС-ӘРЕКЕТІ


Мотивациялық - қозғаушылық


Шаттық шенбері.

Сәлем!-дейміз достарға.

Сәлем!-дейміз апайға.

Сәлем!-дейміз құстарға .

Сәлем!-дейміз аңдарға.



Балалар шаттық шеңберді бірге орындайды.

Ұйымдастырушылық -ізденістік

- Балалар, бүгін бізге қонаққа саяхатшы Даша келді. Онымен амандасып алайық.

Даша: -Жұлдыздарды қу түлкі жинап алып, тығып тастады. Егер біз жұлдыздарды қайтарып алғамыз келсе, онда оның тапсырмаларын орындауымыз керек. Сендер дайынсыңдар ма?


1 тапсырма «Түстерді ата»

Шарты: Суреттерге қарап, олардың атауларын атай отырып, түстерін атау.

Балапан- сары, жұмсақ.

Алма-қызыл, дәмді, дөңгелек.

Бұлт-көк,аспанда болады.

Бақа-жасыл, көлде, өзенде өмір сүреді.


Билингвальды компонент: сары-желтый, қызыл-красный, көк-синий, жасыл-зеленый, балапан-цыпленок, алма-яблоко, шар-шар, бақа-лягушка.






- Қане балалар бақа туралы қандай жаттығу білеміз?

Бақа, бақа, балпақ,

Басың неге жалпақ?

Темір терсек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

Бақа, бақа, балпақ,

Көзің неге тостақ?

Қарауылға көп қарап,

Көзім содан тостақ.

- осы тапсырманы дұрыс орындаған үшін, түлкі бізге жұлдыздардың біразын қайтарып берді.


2 тапсырма: «Пішіндерді ата»

Шарты: Берілген жануарлардың көлеңкесіне қарап, жануарды табу, төлін атап, қалай дыбыстайтындарын айту. Әр табылған жануардың артында пішін жасырылған соларды тауып, атау.

Сиыр – мөңірейді, төлі – бұзау. (шаршы)

Жылқы- кісінейді, төлі- құлын.(дөңгелек)

Ит- үреді, баласы- күшік.(үшбұрыш)

Мысық- маяулайды, баласы – марғау. (төртбұрыш)

Сөздік жұмыс: шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.



Билингвальды компонент: шаршы-квадрат, дөңгелек-круг, үшбұрыш-треугольник, төртбұрыш-прямоугольник,бұзау-теленок, құлын-жеребенок, күшік-щенок, марғау-котенок.





Осы тапсырмадан кейін тағы 5 жұлдызды жапсыру.

Сергіту сәті.

«Аяқпенен топ-топ-топ».




3 тапсырма: «Кім жылдам?»

Шарты: шашылып жатқан пішіндерді бірдей жинау (дөңгелектерді-дөңгелектерге, үшбұрыштарды-үшбұрыштарға, шаршыларды-шаршыларға). Пішіндерді түстеріне қарай жинау.

Осы тапсырмадан кейін 5 жұлдызды жапсыру.


4 тапсырма. «Сиқырлы пішіндер»

Шарты: берілген кестелерге қарап, пішіндерді таңдап, олардан әр түрлі заттар құрастыру.

Балалардан құрастырған заттарын, олр қандай пішіннен жасалғанын, олардың түстері туралы жеке- жеке сұрау.

Осы тапсырмадан кейін 5 жұлдыз жапсыру

Балалар тәрбиешіні тыңдайды, Дашамен амандасады.




Балалардың жауаптары.



Балалар тапсырманы мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларды орындайды. Суреттерге қарап, атауларын атай отырып, түстерін табады.



Сары-желтый, қызыл-красный, көк-синий, жасыл-зеленый, балапан-цыпленок, алма-яблоко, шар-шар, бақа-лягушка сөздерін қайталайды, жеке, хормен.







Тәрбиешімен бірге тақпақты қайталай отырып, қимылмен көрсетеді.










Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдап, берілген тапсырмаларды орындайды.

Жануарларды тауып, олардың қлай дыбыстайтынын айтып, төлдерін табады. Берілген пішіндерді атайды.



Қайталайды: шаршы, дөңгелек, үшбұрыш, төртбұрыш.


Шаршы-квадрат, дөңгелек-круг, үшбұрыш-треугольник, төртбұрыш-прямоугольник,бұзау-теленок, құлын-жеребенок, күшік-щенок, марғау-котенок сөздерін қайталайды, жеке, хормен.


Балалар музыканың ырғағымен сөздерін тыңдап, қимылдарды қайталайды.


Балалар тапсырма бойынша, пішіндерді түрлеріне қарай, түстеріне қарай жинайды.






Балалар үлгілерге қарап, тапсырманы орындайды. Әр бала құрастырған фигураларды атап, қандай бөлшектерден құралғанын, оныңтүстерін атап береді.

Рефлексиялық - түзетушілік

- Балалар, біз Дашаға барлық жұлдыздарды тауып бердік. Ал енді Дашамен қоштасайық.




Балалардан сұрақ-жауап арқылы не істегендерін сұрастыру.

Балалар әр тапсырманы орындағанда жұлдыздарды жинайды. Тәрбиешіні тыңдап, Дашамен қоштасады.


Балалар берілген сұрақтарға жауап береді.


КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕ:



Орындайды: геометриялық фигуралады және түстерді бір-бірінен ажырату;



Түсінеді: түстердің ерекшеліктерін, Дьенеш блоктарын пайдалану әдістерін;

Қолданады: берілген үлгілерге қарап, белгілі бір пішіндерді қолданып құрастыру, берілген кеңістікке дұрыс орналастыруды.

Тәрбиеші: Дюмбаева А.В.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
17.03.2019
5369
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі