2. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму. 2.6 Эволюциялық даму

Тақырып бойынша 11 материал табылды

2. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму. 2.6 Эволюциялық даму

Материал туралы қысқаша түсінік
2. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму. 2.6 Эволюциялық даму
Материалдың қысқаша нұсқасы





«Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ-ң

«Талғар жоғары медициналық колледжі» ШЖҚ МКК


ГКП на ПХВ

«Талгарский высший медицинский колледж» ГУ «Управление здравоохранения Алматинской области»

Теория сабағының қысқа мерзімді жоспары




Қоғамдық-гуманитарлық бағыттың «Биология» пәні бойынша

техникалық және кәсіптік білімнің үлгілік оқу бағдарламасы

Мамандық бағыты-Мейіргер ісі.


Бағдарламаның бағыты: Қоғамдық-гуманитарлық бағыт


Білім беру ұйымының атауы:

ШЖҚ «Талғар жоғары медициналық колледжі» МКК

Ұзақ мерзімді жоспарлау тарауы:

2. Көбею, тұқым қуалаушылық, өзгергіштік, эволюциялық даму.

2.6 Эволюциялық даму

Оқытушының аты-жөні:

Есимкулова Шарафат

Күн:


Топ:

Қатысты:

Қатыспады:

Сабақ тақырыбы.

Эволюцияның дәлелдемелері.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

ЕБҚ білім алушылары үшін де осы оқу мақсаттары қарастырылады

  • Эволюцияның салыстырмалы – анатомиялық, эмбриологиялық және палеонтологиялық дәлелдемелерімен танысады.

  • Эволюциялық дәлелдемелердің айырмашылықтарын біледі.

Оқыту

нәтижелері

ЕБҚ білім алушылары үшін де осы оқу нәтижелері қарастырылады


  • Гомологиялық және аналогиялық мүшелерді біледі.

  • Эволоюциялық дәлеледемелердің түрлерін жіктейді.

  • Рудименттер мен атавизмдерді ажырата алады.


Бағалау критерийлері

ЕБҚ білім алушылары үшін де осы бағалау критерийлері қарастырылады

    • Эволюциялық дәлелдемелермен танысады.

    • Эволюциялық эмбриологиялық дәлелдемелерін атайды.

    • Эволюциялық дәлелдемелердің маңызын түсіндіреді.

Түйінді тұжырым

Өзгеріс – ағзаларда болатын эволюцияның дәлелдемелері, бастапқы ағзаның дәлелдемелер салдарынан ағзада болатын өзгерістер.

Пәндік тұжырым

Салдар - эволюциялық дәлелдемелердің бақыланатын немесе сандық тұрғыдан бағаланатын әсерлер, нәтижелер бұрынғы оқиғамен немесе оқиғалармен байланысты

Қоршаған орта - эволюциялық дәлелдемелердің денеге, популяцияға немесе қоғамдастыққа әсер ететін және олардың өмір сүруіне, эволюциясы мен дамуына әсер ететін барлық биотикалық және абиотикалық факторлар.


Сабақ барысы

Оқытушы әрекеті


Білім алушылар әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

минут





15 мин



















































Жаңа сабақты бастау 20 мин



















Білу

10 мин
























Түсіну,

Қолдану


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Білім алушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.


«Бірлік» әдісі Білім алушылар шағын топ құрамында бір қолын жұдырыққа жұмып, бір мезгілде саусақтарын ашады.

Мақсат: Білім алушылар барлығы бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек. /Бұл оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызады, ынтымаққа баулиды/.

Мақсаты:білім алушыларды ақпараттандыру, назарларын сабаққа аударту,ой қозғау


ЕБҚ :-Екінші топ жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (қандастар).Білім алушы шеңберде пайдалы ақпарат айтуы тиіс.Ыңғайлы орта қалыптастырамын.


Бағалау критерийлерімен таныстырамын.Білім алушыларға бағалау парақтары таратылады.




Үй тапсырмасын еске түсіру сұрау

«Алтын саха» ойыны әдісі арқылы өткен тақырыпты сұрау, білім алушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы өткен тақырыпты естеріне түсіреді.


ЕБҚ : ауызша және жазбаша жауаптарын қабылдаймын




«Doozy.live» платформасы арқылы білім алушыларға тест тапсырмасын беремін











Жаңа сабақтың тақырыбын ашу

«Атаулар туралы үш сұрақ» әдісі.

Білім алушыларға интерактивті тақтада эволюция дәлелдемелері кқрсетіледі..Қайда?Қалай?Қандай? сұрақтарын қою арқылы алдыңғы білімдерін еске түсіреді


ЕБҚ сlasstime -да осы сұрақтарға жауап береді, тапсырманы орындайды.Ыңғайлы орта қалыптастырамын










Жаңа сабақты түсіндіру

Эволюцияның дәлелдемелері.Білім алушылар біле бермейтін қызықты ақпараттармен бөлісемін.


ЕБҚ үшін ақпараттардың жеткізілуін қадағалаймын

















«Кестемен жұмыс»

(Жұптық жұмыс)

Кестені тотырғызамын

Мәтін беремін

Эмбриологиялық дәлел әр алуан ағзалардың ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты. Бұл саладағы ойдағыдай алғашқы маңызды зерттеулердің бірін Э. Генкель және Ф. Мюллер іске асырды. Олар биологияға биогенетикалық ұқсастық заңын анықтады. Оны қысқаша былай жазуға болады: «Онтогенез дегеніміз филогенезді қысқаша және толық емес қайталау». Онтогенез - бұл бір дарақтың туу үдерісінен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Ал филогенез - бұл барлық тіршілік атаулының тарихи даму үдерісі. Биогенетикалық заң биологиялық терминсіз былай тұжырымдалады: «Әрбір тірі ағза ғаламшарда тіршіліктің даму тарихын тұтасымен қайталайды». Әрине біз өсімдіктердің даму сатыларын қайталамаймыз, сондай-ақ саңырауқұлақтар жануарлардың пайда болу жолын қайталамайды. Алайда тірі ағзалардың барлығына өздерінің ата тектерінің негізгі қалыптасу кезеңдері тән қасиет.

Палеонтологиялық дәлел өліп біткен тірі ағзалардың қазынды қалдықтарына негізделген. Бұл салада дәлелді мынадай екі топқа бөлуге болады: өтпелі формалар және филогенездік қатар. Өтпелі формалар деп бір мерзімде екі ірі жүйелік топтың белгілерін үйлестіретін ағзаларды айтады. Оған тек өліп біткендер ғана емес, сондай-ақ қазір де тірі ағзалар мысал бола алады.

Анатомиялық дәлелдер жеке мүшелер, сондай-ақ тұтас ағзаны салыстырып, қатарлап орналастыруға негізделген. Атап айтқанда алғашқы эволюциялық теория пайда болғанға дейін трансформистер (Сент Илер) дәлелдеудің осы тобын негізге алған.

https://clck.ru/34hJeT

ЕБҚ үшін қолайлы орта қалыптастырамын.


Білім алушылар оқытушымен амандасады





Білім алушылар барлығы бірдей саусақ санын көрсетуі керек. Ойын оқушылардың біркелкі саусақ көрсеткенге дейін жалғасады. Ойын кезінде оқушылар сөйлеспеуі керек. /Бұл оқушыларға психологиялық жағымды ахуал туғызады, ынтымаққа баулиды/.


























Білім алушылар


Бір-біріне сұрақтар қояды, пікірін толықтырады



Өз ойларымен бөліседі







Білім алушылар тест тапсырмасын орындайды











Білім алушылар сұрақтарға жауап береді.Өз ойларымен бөліседі

  • Көп деректер ағзалардың дамуы барысында бір- біріне белгілі бір сатыда ұқсас екендігін білдіреді.Бұл теорияға көзқарасыңыз қандай?

  • Егер ұқсас белгілер болса неге ағзалар арасында әралуандылық бар?

  • Эволюциялық процесске сыртқы орта факторлары әсер етеді деп ойлайсыз ба?











Сабақты мұқият тыңдау,қажет ақпараттарды дәптерге жазып алу.
























Салыстырмалы-анатомиялық дәлелдемелер

Эмбриологиялық дәлелдемелер

Палеонтологиялық дәлелдемелер









  • Дәлелдемелерге анықтама береді, кесте толтырады

  • Гомологиялық және аналогиялық мүщелерді ажыратады

  • «Онтогенез дегеніміз филогенезді қысқаша және толық емес қайталау» деген тұжырымды қалай түсінесіз?

  • «Әрбір тірі ағза ғаламшарда тіршіліктің даму тарихын тұтасымен қайталайды» бұл дәлелдеме, қай дәлелдемеге сай және неге, ойыңызды дәлелдеңіз.

  • Сент Илер зерттеулеріне талдау жасаңыз.

  • Тақырыпты қорытындылаңыз.



Мадақтау арқылы жүргізіледі
















http://surl.li/hzonz










Дескриптор:(1-5 балл)


  • Сұрақтарға нақты жауап беру

  • Тақырыпқа байланысты сұрақ қоя білу

  • Тесттен жоғары алған 5 білім алушы жоғары бағаланады












Мадақтау арқылы бағаланады




















Орындау қадамдары:


  • Мұқият тыңдау

  • Түсінбеген тұстарын сұрау






















Дескриптор(1-15)




  • Эволюциялық дәлелдемелер түрлерін жіктейді

  • Эволюциялық дәлелдемелердің маңызын біледі

  • Эволюциялық дәлелдемелердің басым түрін анықтайды.










http://surl.li/hzocx





https://clc.ink/560A4gmp














https://clc.ink/4565KOTjW





https://clck.ru/34hHR4

https://clck.ru/34hHxw



https://clck.ru/34hJ6S


Қосымша 1


https://clck.ru/34hJCr





Қосымша 2


https://clck.ru/34hJDp


https://clck.ru/34hJQ7

Қосымша 2



https://clck.ru/34hJhR



Сабақтың ортасы

минут 25 минут

Түсіну(жеке жұмыс)

ЖҒС тапсырмасы(оқу біліктілігі)

Палеонтологиялық дәлелдемелер

біржасушалы эвгленаларға жататын балдырлар фотосинтезді іске асыру мүмкіндігі болмаған кезде (жасыл эвглена) гетеротрофты жолмен қоректенуге көшеді, яғни олар өсімдіктер мен жануарлардың арасындағы өтпелі форма. Клоақалы (жұмыртқалаушы) үйректұмсық пен түрпі (эхидна) - жорғалаушылар мен сүтқоректілер арасындағы жануарлардың өтпелі формасы. Ал тірі қазынды латимерия (саусаққанатты балық) — балықтар мен қосмекенділер арасындағы өтпелі форма. Қазындылардан ең мәлім өтпелі формалар - көнеқұс (археоптерикс) және иностранцевий.Көнеқұс (археоптрикс) - жартылай құс, жартылай кесірт (ящер). Бұл - мөлшері қазіргі кептердей немесе сауысқандай, шағын денелі тіршілік иесі. Ол ағашта немесе жер бетінде өмір сүрді. Сірә, бір бұтақтан екіншісіне ұшып-қонып, едәуір қашықтыққа ұша алған болса керек.






Талдау

Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма

Анатомиялық дәлел

Мүшелердің құрылысын зерттеп, олардың күрделенуін қадағалап байқау Ламаркты эволюциялық идеяға итермеледі. Ламарк жүйке және қантарату жүйесін салыстыра отырып, жануарлар тобында кластан класқа, типтен типке күрделенудің үздіксіз қатарын бақылап жүрді. Бүгінгі күні тірі ағзалардың туыстас топтары біртіндеп күрделене түсетініне тіпті өздерің-ақ қорытынды жасайсыңдар. Бұл ең алдымен жеке мүшелер мен олардың жүйелерінің мүлде жетілуінен көрініс береді. Мәселен, ішекқуыстылардың шашырап таралған жүйке жүйесі жалпақ құрттардың сатылы жүйесіне орын берді. Бұдан соң буылтық құрттарда сатылардың екі жүйке желісі бір құрсақ жүйке тізбегіне бірікті. Ол ұлулар мен буынаяқтыларда орнықты да, ең жоғары жаралымды өкілдерде 2 - 3 бөлімді ми түзді. Желілердің жүйке түтігі одан әрі эволюция жолымен дами берді. Балықтардың бес бөлімді миы қосмекенділерде (әсіресе алдыңғы миы) ірілене түсті. Ақырында құстардың мишығында ирелендер пайда болды. Оның есесіне алдыңғы мидың үлкен сыңарлары ұлғая-ұлғая мидың өзге бөлімдерін жауып қалды. Ал сүтқоректілерде мишығында ғана емес, алдыңғы мида үлкен ми сыңарларында қыртыс түзді.

ЕБҚ үшін қолайлы орта қалыптастырамын.Тапсырманы ауызша және жазбаша орындай алады.











Функционалдық сауаттылыққа арналған тапсырма

Эмбриологиялық дәлелдемелер

Өсімдіктер мен жануарлардың жеке дамуын зерттеу жұмыстары олардың жыныс жасушаларының түзілу әрекеті ұқсас екенін,көп жасушалы ағзалардың барлығы дерлік ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан дамитынын көрсетеді.Ұрықтық дамудың неғұрлым ертерек сатысында омыртқалылардың барлығының дерлік ұрықтары дене пішіні жағынан өте ұқсас келеді. Эмбриологиялық дәлел. Эмбриологиялық дәлел әр алуан ағзалардың ұрықтық даму сатысын зерттеумен байланысты.Бұл саладағы ойдағыдай алғашқы маңызды зерттеулердің бірін Э.Геккель мен Ф.Мюллер іске асырды.Олар биологияға биогенетикалық ұқсастық заңын анықтады.Оны қысқаша былай жазуға болады. "Онтогенез дегеніміз филогенезді қысқаша және толық емес қайталау".Онтогенез -бұл бір дарақтың туу үдерісінен өлгенге дейінгі жеке дамуы. Ал филогенез -бұл барлық тірілік атаулының тарихи даму үдерісі.биогенетикалық заң биологиялық терминсіз былай тұжырымдалады.Әрбір тірі ағза ғаламшарда тіршіліктің даму тарихын тұтасымен қайталайды".Әрине біз өсімдіктердің даму сатыларын қайталамаймыз, мұндай саңырауқұлақтар жануарлардың пайда болу жолын қайталамайды.Алайда тірі ағзалардың барлы5ына өзднрінің ата-тектерінің негізгі қалыптасу кезеңдері тән қасиет.

https://clck.ru/34hKVY


ЕБҚ үшін қолайлы орта қалыптастырамын.Тапсырманы ауызша және жазбаша орындай алады.


Білім алушылар сұрақтарға жауап береді

  • Неге палеонтологиялық зерттеулер жүргізіледі?

  • Палеонтологиялық зерттеулердің арқасында қандай жетістіктерге қол жеткізілді?

  • Палеонтологиялық дәлелдемелер не үшін маңызды?

  • Плаеонтологиялық дәлелдемелерде берілген ағзалардың тіршілік сипатына қарай оттырып қандай қорытынды шығаруға боалыд?



























Білім алушылар сұрақтарға жауап береді

  • Анатомиялық дәлелдемелер түрлеріне талдау жасаңыз

  • Рудименттік белгілерге мысалдар келтіріңіз

  • Рудименттік беліглер нені дәлелдейді

  • Атавизмдік белгілер дегеніміз?

  • Биохимиялық дәлелдемелердің маңыздылығын түсіндіріңіз

  • Генетикалық дәлелдер не үшін маңызды?





AutoShape 1




































Білім алушылар сұрақтарға жауап береді

  • Эмбриологиялық дәлелдемелердің маңызын түсіндіреді

  • Э.Геккель мен Ф.Мюллер зерттеулерін талдайды

  • Эмбриологиялық дәлелдемелерге сүйене отырып, ағзалардың өзгерістерін сипаттайды, қоректену типтері мен көбею түрлерін көрсетеді



Дескриптор: (5-20)

  • Палонтологиялық дәлелдемелері бар ағзалармен танысады

  • Палеонтологиялық дәлелдемелердің маңыздылығын біледі

  • Палеонтологиялық дәлелдемелер ұғымымен танысады.

























Дескриптор: (5-30 балл)

  • Сұрақтарға жауап береді

  • Сұрақтарға нақты жауап береді.











































Дескриптор: (5-20 балл)

  • Креативті ойларын ұсынады

  • Су мәселелерін шешеді

  • Су жетіспеушілігін шешеді


























https://clck.ru/34hKg5


Қосымша 3

























Қосымша 4

https://clck.ru/34hKM8



































https://clck.ru/34hKXb


https://clck.ru/34hKaq



https://clck.ru/34hKbZ


Сабақтың соңы

Ой толғаныс.10-минут

Қолдану «Класстер»

Эволюция дәлелдемелері тақырыбына класстер құрастырылады.

Білім алушылар пікірталасқа қатысады

  • Арнайы факттармен ойларын дәлелдейді

  • Өз ойларын білдіреді.

Мадақтау арқылы бағаланады

https://clck.ru/34hKmf

Рефлексия

5- минут.

«Білем. Түсінем. Қолданам» рефлексиясы − Осы сабақтың нәтижесі ретінде мен:

Білемін ... .

Түсінемін ... .

Келесі жағдайларда ақпаратты пайдалана аламын... .

Білім алушылар ауызша кері байланыс жасайды

Білім алуышалр мұқият тыңдайды


https://clck.ru/34hKot


Үй

тапсырмасы

5 минут



«Жоба»

Эволюцияның дәлелдемелері тақырыбында жоба құрастырылады





  • Білім алушылар жобаны презентация түрінде қорғайды

  • Жоба талаптарына сай жоба құрылымын қағаз түрінде шығарып көрсетуі тиіс







  • Жобаны қорғау 7 минут

  • Жобаның тиімділігі болуы шарт




https://clck.ru/34hK5K



Қосымша 1


Эволюциялық ілімге қарсы жақтар Дарвиннің жаңа түрлердің түзілу теориясына көбінесе күдікпен қарайды. Алайда туыстар, тұқымдастар, отрядтар және кластар тәрізді ірі таксондар қалыптасуының табиғи сұрыпталу теориясына ешқандай байланысы жоқ. Макроэволюцияның секіртпелі емес, тұрақтылығын дәлелдейтін өліп біткен де, сондай-ақ қазір өмір сүретін өтпелі формаларының саны жеткілікті мөлшерде табылды. Оның үстіне бүгінгі күні өмір сүретіндерге қарағанда өліп біткен жануарлар мен өсімдіктер көп. Егер орасан көп мөлшердегі формалар ақыр соңында жойылып кететін болса, осыншама ұзақ уақыт аралығында соншалық алуан түрліліктің қандай жаратылу мәні бар? Атап айтқанда макроэволюциялық үдеріс туыстан дүниеге дейінгі ірі жүйелеу санатында қоса жүрді.

Эволюция биологиядан алыс адамдарға ғана абстрактілі болып көрінеді. Бүгінгі таңда эволюция ғылыми факт, яғни толығымен бақыланатын құбылыс болып саналады. Биологтар мен олардың жақын салалардағы әріптестері оның көріністерімен үнемі кездеседі, сондықтан ғалымдар арасында оған күмән келтірмейді. Эволюцияның бақылаулары бар екендігі эволюция сынын толығымен жояды.


Қосымша 2

Мүшелердің құрылысын зерттеп, олардың күрделенуін қадағалап байқау Ламаркты эволюциялық идеяға итермеледі. Ламарк жүйке және қантарату жүйесін салыстыра отырып, жануарлар тобында кластан класқа, типтен типке күрделенудің үздіксіз қатарын бақылап жүрді. Бүгінгі күні тірі ағзалардың туыстас топтары біртіндеп күрделене түсетініне тіпті өздерің-ақ қорытынды жасайсыңдар.


Қосымша 3

Түсіну

ЖҒС тапсырмасы(оқу біліктілігі)

Кесірттерден көнеқұс қанатындағы тырнағы бар саусақтарды алған. Қабырғалары төс бөлімінде ғана емес, бүкіл омыртқа жотасы бойлай орналасқан. 20 омыртқасы бар нағыз сүйектен тұратын құйрығы болған. Көнеқұстың құстармен туыстастығы қауырсынды жабынының және қанатының болуы. Тұмсығы да бар, бірақ жақсүйектің түр өзгеру үдерісі аяқталмағандықтан, тұмсығында мүйізді қаптамасы болмайды. Қазіргі заманғы құстардың барлығы көнеқұс ұрпағы деп бір жақты тұжырым жасауға болмайды. Алайда зерттеушілердің көпшілігі көнеқұс осы заманғы қанаттылардың негізін қалаушысы деген пікірді қолдайды. Кенеқұстан басқа (әзірге 5 данасы табылған) геологиялық түрғыда сақталмаған немесе қазіргі құстар түріне бастама болған, әзірге палеонтологтар таба алмаған езге де өтпелі формалардың өмір сүруі мүмкін. Алайда біз көнеқұс мысалында жорғалаушыларды құстарға жеткізген эволюциялық өзгерістердің жолын бақылай аламыз.

Иностранцевий - екі түрден тұратын өліп біткен кесірттер туысы. Бұл тұрқы 3-3,5 м, басы үлкен (0,5 м) ірі жыртқыш жануар болған. Жиі-жиі оларды аңтісті кесірттер деп те атайды. Олардың тіске тән белгілері айқын көрінеді. Үстіңгі жақсүйекте ірі күрек тістері бар. Аузынан өте үлкен тістері сорайып шығып тұрады. Иттістер екі жағынан қысыңқы, имек және ішкі жағы ара тісті болып шектеледі. Азу тістері де бар. Тістердің күрек тіске иттіске және азу тіске бөлінуі сүтқоректілерге тән маңызды белгі. Жалпы айтқанда палеонтологтар кесірттерді әжептөуір жақсы зерттеді, өйткені олар едәуір бұрынырақ және ұзақ уақыт үстемдік етті. Олардың қалдығы көптеген мөлшерде табылды. Көптеген ғалымдар қазірдің өзінде қазіргі сүтқоректілерге тән ерекшеліктерің кесірткеде болуы туралы пікірді мақұлдауда. Мәселен, балыққесірткелердің (ихтиозаврлардың) тірілей туатыны (болжалды) байқалды. Ұшатын кесірттерде (ықтималдығы зор) төрт бөлімді жүрек болған. Сондай-ақ олардың түкті терісі және жылықанды екендігі де жорамалдануда. Жәндіктерде (омыртқасыздарда) де өтпелі формалар бар. Мысалы, өліп біткен қалқаншаян шаянтәріздестерден бастама алған өрмекшітәріздестердің алғашқыларының бірі болды деген болжам болды. Тұқымды қырықжапырақтар өсімдіктердің өтпелі формаларына мысал бола алады.


Филогенездік қатарлар

Қазып табылған және эволюциялың жүйелілікте орналастыру арқасында бұрынғы қалпына келтіру мүмкіндігі болған осы заманғы жануарлардың (сирек те болса өсімдіктердің) барлық ата тектері осылай аталады. Палеонтология саласында ашылатын жаңалықтар өлі де жалғасуда, сондықтан бұл «қатар» үнемі толықтырыла түседі. «Филогенездік қатар» термині барлық ата тектерді түгелдей немесе түгелге жуық табу мүмкіндігі болып, жинақтама айтарлықтай толық болғанда қолданылады.Осы заманғы, мысалы, жылқы және адам үшін филогенездік қатарлар жақсы орналастырылған.


Қосымша 4


Бунақденеқоректілерде (ең ежелгі және қарапайым қағанақтыларда) ол нашар дамиды. Алайда приматтарда (адам да соларға жатады) ми барынша дами түсті. Осыған ұқсас кез келген өзге мүшелер жүйесінің анатомиялық дәлелін қадағалап бақылауға болады. Бұл үдеріс сүйек жүйесі, каңқа эволюциясын айқын көрнекілейді. Көптеген омыртқалыларда өзгеруге қарағанда сүйек әлдеқайда сирек жойылды немесе пайда болды. Жер бетіндегі желілілердің барлығына дерлігінде аяқ-қолдарында барлығында бар сүйектер сақталып қалған. Алайда олардың құрылысы белгілі қызмет атқаруға бейімделген.


Генетикалық дәлел

Генетикалық дәлелдер хромосомалардың құрылысын, саны мен мөлшерін салыстыруға негізделген. Ағзалардың жақын туыстас топтарында алшақ топтарына қарағанда хромосомалары әлдеқайда көбірек ұқсас болады. Мәселен, астық тұқымдастар түрінің көпшілігінде хромосома саны жеті еселі. Демек, жаңа түрлер полиплоидтар нәтижесінде - хромосома санының еселеп өсуі арқылы түзілген. Бұлай болу үшін мейоз кезінде бөліну шүйдесінің жібі үзіліп, диплоидты гамета қалыптасуы және оның ұрықтануға қатысуы кажет. Адамда және адамтәріздес маймылдарда бар болғаны 2 хромосомаға айырмашылық бар. Адамда - 46, ал горилла мен шимпанзеде 48 хромосома болады. Сонымен бірге хромосомалардың мөлшері мен пішіні ғана емес, реңі де біріне-бірі сай келеді; бұл хромотин төсемінің, яғни ДНҚ-ның біркелкілігін дәлелдейді. Қазіргі заман әдістері едәуір нәзік молекулалық-генетикалық зерттеулер істеуге мүмкіндік береді. Талдауға адам және адамтәріздес маймылдар хромосомасынын, ДНҚ-сы алынады. Бастапқыда сынақтәжірибе аяқталғанда осы молекулаларды ажыратуды тану үшін оларды әр түрлі изотоптармен белгілейді. Бұдан соң ДНҚ ерітіндісін бірге құйып, 80- 90°С температураға дейін қыздырады. Мұндай температура кезінде ДНҚ «балқи» бастайды, яғни ондағы сутектік байланыс үзіледі де екі тізбекті молекулалар бір тізбекті болады. Еселену кезінде жасушада осыған ұқсас үдеріс етеді. Бірақ онда еншілес тізбектер синтезделгенге дейін қысқа мерзімде барлық молекулалар толық ыдырап, жасушаның шағын үлескісі ғана қалады. Бұдан соң температураны физиологиялың қалыпқа дейін (37°С) азайтады. Сөйтіп ДНҚ молекуласы өз құрылымын, яғни қос шиыршықты қалпына келтіре бастайды. Бірін-бірі толықтыру — тиминнің қарсысында аденин; цитозин қарсысында гуанин қағидасы бойынша сутектік байланыс түзіледі. Молекулалар өте ұзын, сондықтан едәуір ұзын үлескілерге негіздер жұбының үлкен мөлшері тура келуі қажет. Табиғи қалпына келтіру (ренатурация) соңынан талдау әдісімен маймылдардың және адамның ДНҚ-сын анықтайды. Түзілген қос шиыршықты молекула - ДНҚ - бұдан 82-90% болып шықты, яғни оның бір тізбегі - маймылға, екіншісі адамға тиесі. Олардағы нуклеотидтер реті едәуір тура келеді. Бұл генетикалық кодтың жақындығын, сондай-ақ сәйкестігін, туыстығын дәлелдейді. ДНҚ молекулаларын және нәруыздарды талдауға негізделген тағы да көптеген қазіргі әдістер бар. Ғалымдар солардың көмегімен тірі ағзалар арасындағы туыстық деңгейді жоғары дәлдікте анықтай алады. Бұл әдістердің дәлме-дәлдігі соншалық эволюциялық теорияны қолдау үшін ғана емес, туыстықты анықтау үшін де, сондай-ақ қылмыстылықты анықтап, зерттейтін бөлімде де (криминалистика) қолданылады. Биохимиялық дәлелдер молекулалық-генетикалық дәлелдерден кейінірек пайда болды. Бұл да сол қағидаларга негізделген, алайда мұнда негізінен жұмыс нәруыздардың аминқышқылды құрамымен жүргізіледі. Белгілі нәруыздардың әр алуан түрлеріндегі аминқышқылдардың реті айқындалады, сондай-ақ олардың ұқсастық дәрежесі бойынша туыстық дәрежесі туралы пікірлер айтылады. Әр алуан химиялық препараттардың реакцияларын зерттеу де осыған жатады. Жаңа дәрі- дәрмектерді сынау алдымен шимпанзеге жасалады, өйткені жануарлардың бұл түрі биохимиялық тұрғыдан адамға жақын. Бұдан басқа адам және адамтәріздес маймылдардың қан тобы ортақ. Биохимиялық тұрғыдан жақын әр алуан түрлер дарақтарына ұлпалары мен мүшелерін ауыстырып отырғызуға болады. Мәселен, сусамырмен (диабет) ауырған науқас тек адам инсулинін ғана емес, шошқанікі де пайдаланылады. Шұғыл жағдайларда адамға уақытша шошқа да бауыр доноры бола алады. Осының барлығы жақын туыстас топ ағзаларындағы биохимиялық үдерістердін, ортақтығын дәлелдейді және генетикалық ақпарат ұқсастығының салдары болып табылады. Ғалымдар биохимиялық эволюция карқыны, бір нақтылы нәруыздың өзгерісі едәуір тұрақтылығын анықтады. Осы деректерді пайдаланып, қандай да бір түрдің қашан пайда болғанын, яғни бастапқыдан дивергенциясын (айырылысуын) анықтауға болады. Алайда биологиялық эволюциялық қарқын биологиялық қарқыннан артта қалады. Сөйтіп биохимиялық жақын түрлердің маңызды морфологиялық және физиологиялық айырмашылығы болуы мүмкін.

Қалдықтар (рудимент) мен арғы тектік белгілердің (атавизм)эволюциялық дәлел екені. Алыс ата тектеріне тән болған мүшелер қалдықтар (рудимент) деп аталады. Олар өз мәнін жойғанмен де түр бойында сақталып қалады. Киттектестердің жамбас сүйектері қалдықка мысал бола алады. Сулы ортада өмір сүруге көшуіне байланысты киттердің артқы аяғы өзгеріп (жойылып), өз міндетін жойғанына қарамастан, жамбас сүйектері сақталып қалды. Адамда да қалдықтар көп. Бүкіл адам денесіндегі (табанда, еріннің қызыл көмкермесі және алақаннан басқа) түк баданасы; омыртқа жотасының құйрық бөлігіндегі қалдық - құйымшақ; түктерді тікерейтуге қатысатын бұлшықеттер; құлақ қалқанын қимылдататын бұлшықеттер қалдықтарға жатады. Барлық қалдықтардың саны 200-ге дейін жетеді. Бұл мүшелер өмір бойы, әдетте, пайдаланылмайды, алайда біздің ата тектерімізің генінде болып, дамығандықтан, сақталып қалады.




Қосымша 5

ЕБҚ-Екінші топ жергілікті қоғамға бейімделуде қиындықтарға тап болған балалар (қандастар)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
20.03.2025
211
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі