400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 19 материал табылды

№2 практикалық жұмыс «Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
химия пән мұғалімдеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 7.2В Ауа. Жану реакциясы

Мектеп: №17 Ы.Алтынсарин ОМ

Мұғалімнің аты-жөні: Коштаева Нурбала Турганбековна

СЫНЫП: 7 Қатысқандар: Қатыспағандар:


Сабақтың тақырыбы

№2 практикалық жұмыс «Күкірттің, фосфордың, темірдің ауада және оттекте жануын салыстыру»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.4. Затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін білу

7.3.1.5. Тез тұтанатын, жанғыш және жанбайтын заттарға мысалдар келтіру

7.3.1.6. Заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсіну

7.3.1.7. Металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін білу


Сабақ мақсаты

-Затты жағуға қажетті жағдайларды атайды, жану реакциясының өнімдерін біледі, атайды.

-Заттардың жануын салыстырады, заттардың ауада және таза оттегінде жануын анықтайды.

-Зертханалық техникалық құралдармен жұмыс жасау машықтарын меңгереді, қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

-Фосфордың, темірдің, күкірттің оттекте және ауада жануы туралы салыстырып қорытынды жасайды.

Бағалау критерийі

-Затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін атайды;

-Заттардың таза оттекте жақсырақ жанатындығын түсінеді;

-Металдар мен бейметалдардың жануы кезінде оксидтер түзілетіндігін біледі;

-Тәжірибенің мақсатын түсініп жасайды.

Тілдік мақсаттар

Лексика мен сөз тіркестері:

Заттардың ауада және оттекте жақсы жануын талдауға берілген сұрақтарға жауап береді, жану реакциясы туралы өз ойларын тұжырымдайды, өнімдерін атайды

Сөздік қор мен терминдер: реактивтер, индикатор, дистилденген су, күкірт, фосфор, темір, тұрғы, шыны түтікше, колба, спиртшам, таңба, элемент, жану.

Диалогтер мен жазылым үшін пайдалы тілдік тіркестер:

1.Ауа құрамындағы газдарды ата және құрамының мөлшері қанша?

2. Жану қандай құбылысқа жатады?

Жалын түзілуінің үш құраушысы ... ... ...(отын, оттек, жылу)

Жану-жоғары жылдамдықпен жылу және жарық бөліп шығаратын ... ....


Құндылықтарға баулу

Қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілікті сезіну, топтық жұмыс барысында өзара сыйластықпен ынтымақтаса бірлесе жұмыс жасау, белсенді болу, сын тұрғысынан ойлау, ғылыми зерттеу дағды қалыптастыру, өмір бойы білім алуға дайын болу.

Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану, физика, экология

Алдыңғы оқу


5.1. Энергия түрлері мен көздері. 5.1.3.1. Зерттеуді жоспарлау

7.1.1.2. Химиялық лабораторияда және кабинетте жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері. 7.3.1.1Ауа және оның құрамы. 7.3.1.2. Жану үдерісі

Сабақ барысы


Сабақтың кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы


Ұйымдастыру кезеңі:

1.Психологиялық ахуал тудыру: «Жақсы көңіл күй» бір-біріне сәттілік тілейді.

2.Білім алушылар «Фосфор», «Темір», «Күкірт» таңбасы бойынша бөлінеді. 3.Топ ережелерін құрады.


Үй тапсырмасын сұрау: «Қоржындағы сұрақтар» әдісі(жеке жұмыс)

Әр оқушы «Мен осы мәселені қалай түсінемін? Ол бойынша ұстанымым қандай?» деген сынды сұрақ төңірегінде назарын сабаққа шоғырландыра отырып, үй тапсырмасымен жаңа сабақты байланыстырып тақырыпты ашу.

1. Ауа құрамындағы газарды атаңыз және пайыздық мөлшері қанша?

2. Тыныс алуға жарамды газ бен орман газын атаңыз?

3. Жану реакциясының нәтижесінде түзілетін өнімдер қалай аталады?

4. Заттардың оттекте жануы мен ауада жануында қандай айырмашылық бар?

5. Жану реакциялярының теңдеулеріне мысал жазыңдар?

Бағалау критерийі

1.Ауаның құрамын біледі.




Дескриптор

1.Ауа құрамындағы газдарды атайды

2.Ауа құрамындағы газдардың пайыздық мөлшерін біледі.

3.Орман газын тыныс алуға жарамды газдан ажыратады.

2.Затты жағуға қажетті жағдайларды және жану реакциясының өнімдерін атайды.


1. Жану реакциясының нәтижесінде түзілетін өнімді атайды.

2. Заттардың оттекте жануы мен ауада жануындағы айырмашылықты ажыратады.

3. Жай заттар мен күрделі заттардың жануының ұқсастығы мен айырмашылығын біледі.

4. Жану реакциялярының теңдеулеріне мысалы жазады.


Қалыптастырушы бағалау: «Ауа құрамы» арқылы бағаланады:

Азот, оттегі, көміртегі диоксиді


Топ аттары жазылған прақтар


Қоржындар























Химиялық таңба

N, O, CO2


Сабақтың ортасы






























































































«Фронтальды әңгіме». Жану –бұл адам баласына таныс бірінші химиялық реакция екендігін

ескеріп, жанудың маңызы мен қауіптілігі туралы талқыланады.


Бағалау критерийі

Жану үдерісін біледі

Дескриптор

Білім алушының ой-өрісінің жүйріктілігі.

Ойын ашық жеткізетіндігі .

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» арқылы бағаланады:

Бейнеролик. Тақырып ашылады

Жаңа сабақтың мазмұнын ашу үшін АКТ-ны кеңінен қолдана отырып фосфордың, темірдің, күкірттің оттекте қарқынды жану үрдісін көрсетемін.

№2 сарамандық жұмыс ( Топтық жұмыс)

Білім алушыларға техника қауіпсіздік ережесін қатаң ұстану ескертіледі. Сарамандық жұмыс барысында, өзінің теориялық білімін практикамен ұштастырып өмірде тиімді пайдалануға машықтанады және өзіндік білім алады. Әр топқа өз атына сәйкес фосфордың, темірдің, күкірттің оттекте жану процесін көрсетуге қажетті құрал-жабдықтар ұсынылады. Осы процес барысында байқалған жағдайларды тапсырма барысында білім алушылар элементтердің оттекте жану процесін көрсетіп түсіндірме жұмысын жүргізеді және дәптерге кестені толтырып отырды.

Тапсырманы орындап болған топ, қол шапалақтау арқылы белгі береді.

1-тапсырма:«Конверттегі экспресс сұрақтар» әдісі (топтық жұмыс )

1.Берілген суреттен химия кабинетінде жұмыс жасау барысында сақталатын кауіпсіздік техникасының ережесін түсіндіріңіз .

2.Бүгінгі тәжірибені не үшін жасаймыз?

3.Тәжірибеден не күтеміз?













2-тапсырма: Ауада заттардың жану процестерін салыстыра отырып, айырмашылығын ажыратады және түзілген өнімдерді анықтайды.


Бағалау критерий

Дескриптор

Ауада заттардың жану процестерін салыстыра алады.

1.Күкірттің,фосфордың және темірдің жану процесін анықтайды.

2.Заттар жанғанда түзілетін өнімді анықтайды.

Қалыптастырушы бағалау :

Топтар өзара бір-бірін «Бассбармақ» әдісі бойынша бағалайды.













Деңгейлік тапсырма.

1-тапсырма

Оттекте жану Ауада жану






  1. Жанудың жарқырап жануына байланысты анықтайды;

  2. Екі суретті салыстырып айырмашылықты сәйкестендіреді.


2.Тапсырма

Ұсынылған заттарды жану қабілетіне байланысты жанғыш, тұтанғыш, жанбайтын деп үш топқа бөліңіз:

Шырпы, мүсәтір спирті, темір, тас, антистатикалық сұйықтық, қағаз.


Тез тұтанатын заттар

Жанғыш заттар

Жанбайтын заттар









Дискриптор

  • Тез тұтанатын заттарды анықтайды;

  • Жанғыш заттарды анықтайды;

  • Жанбайтын заттарды анықтайды;

  • Тез тұтанатын заттарға екі мысал келтіреді;

  • Жанғыш заттарға екі мысал келтіреді;

  • Жанбайтын заттарға екі мысал келтіреді;


  1. Тапсырма

Жануды қолдайтын және болдырмайтын жағдайларды атап, кестені толтыр

Жануды қолдайтын жағдайлар

Жануды тоқтататын жағдайлар

Жануды тоқтату әдістері







Дескриптор

− жануды қолдайтын жағдайларды атайды;

− жануды болдырмайтын жағдайларды атайды;

− жануды тоқтату әдістерін атайды.


Тапсырма соңында оқушылар берілген критерий бойынша бірін-бірі тексереді және қалыптастырушы бағалау бойынша бірін-бірі смайликтер арқылы бағалайды.


Бағалау

«Кім жылдам?» ойыны ойнатылады.

Оқушылар жаңа тақырыпқа байланысты жану реакциясына мысалдар келтіріп тақтамен жұмыс жасайды яғни рекция теңдеуін жазады.

2Сa+O2=2CaO

4P+5O2=2P2O5

4Al+3O2=2Al2O3

4Na+O2=2Na2O

4K+O2=2K2O

Тапсырманы орындаған оқушылар смайликпен марапатталады.










Бағдаршам


АКТ

https://youtu.be/o9Rvc3Vae_c








Приборлар, қажетті құралдар







Конверт




















Сурет









Үлестірме қағаздары












Суреттер, оқулық


Қалыптастырушы бағалау /сілтеме/




смайликтер












Кеспе қағаздармен жұмыс




































Сабақтың соңы





Бағалау критерий

Дескриптор

Қауіпсіздік техникасының ережелерін біледі.


Қауіпсіздік ережелерін ескереді. Қауіптіліктің алдын алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Жалауша» әдісі.

2-тапсырма: «Түйінді ой» әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап, нәтижесімен таныстырып, бірлесіп қорытынды шығарады. Дәптерге жазады.


Бағалау критерий

Дескриптор

Заттардың жануын салыстырады


Фосфордың, темірдің, күкірттің оттекте және ауада жануын бақылайды. Арасындағы өзгерісті салыстырып қорытынды жасайды.

Қалыптастырушы бағалау: «Басбармақ» әдісі арқылы топтар өзара бағаланады.

3-тапсырма: «Реакцияны толықтыр» әдісі. Бұл әдісте алған білімдерін қолданады, жинақтайды (жазылым дағдысы қалыптасады). Бүгінгі сабақта білім алушылардың нені игергендері анықталады.

  1. ...+оттек == күкірт ( ) оксиді

  2. фосфор + ...== фосфор ( ) оссиді

  3. ... + == темір қағы (темір оксидтерінің қоспасы)

Бағалау критерий

Дескриптор

Жану реакциясы теңдеуін жазады.

Күкірттің,фосфордың және темірдің жану процесі теңдеуін сөзбен жазады.

Қалыптастырушы бағалау: «Химиялық элемент таңбасы» алтын, күміс, темір арқылы бағалау.


Сабақты қорыту.

Сабақты бекіту мақсатында «Интервью» әдісі арқылы ашық сұрақтар қою aрқылы оқушылaрдың білімін тексеріп, тілдік мақсаттарының орындалғандығы бақыланады.

1. Қандай құбылыстарды байқадыңыз?

2. Неліктен оттекте жану белсенді жүреді деп ойлайсыз?

3. Реакция өнімдері ретінде қандай заттар түзіледі? Т.б.

Бағалау критерий

Дескриптор

Құбылысты айқындайды.

Құбылыстарды ажыратып айтады;

Оттегі газы жануды қолдайтынын айтады;

Реакцияның өнімдерін дұрыс атай алады

Қалыптастырушы бағалау: «Химиялық элемент таңбасы» бағалаймын.

Рефлексия:

«Көк алма, қызыл алма» стикері таратылады, көк алмаға «Сабақта не түсініксіз болды?», Қызыл алмаға «Бәрін түсінген оқушы» пікірін жазады, Алма ағашына іледі.
Үйге тапсырма. Күнделікті тұрмыста тез тұтанатын және жануды қолдамайтын заттарды анықтап келіңіз.






Қызыл, сары, көк жалауша











Таратпа қағаздары









Химиялық таңба

Au, Ag, Fe



Микрофон











Химиялық таңба

Au, Ag, Fe



Стикер


Қосымша ақпарат



Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – білім алушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және

қауіпсіздік техникасын сақтау




  1. Топта жұмыс жасағанда қабілеті жоғары білім алушыларға сұрақтарды түрлендіріп қою арқылы ынталандырамын.

  2. Белсенді білім алушылардың жылдамдығын арттыратын әдістерді қарастырамын.

  3. Бідім алушыларға сабақтың тақырыбын өз бетімен зерттеу жүргізу арқылы түсінуге мүмкіндік беремін.

1.Химиялық таңба

2.Басбармақ

3.Жалаушалар (қызыл,сары, көк)

4.Күлегештер

5.«Көк алма, қызыл алма» стикері

Білім алушылардың үйренгенін тексеруді тиімді бағалау әдістері арқылы жоспарлаймын.

-Жаратылыстану, физикада, химиядағы термин сөздер көп кездеседі.

-Тақырыпты толық түсінуде АКТ маңызды.

-Топтық жұмыста проблемаларды шешу қабілеті, білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті құндылықтары байқалады.


Рефлексия

Сабақ \оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін бідім алушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.




Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген бідім алушы туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім?



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
2 ұстаз жүктеп алған
29 қаңтар
3930
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі