жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
2 санына көбейту және бөлу
76-сабақ. 2 санына көбейту жəне бөлу кестесі.
|
Тақырыбы: Таза ауада ойнайтын ойындар. |
Мектеп: Абай атындағы орта мектеп МДШО |
||||
|
Күні: 25.01 |
Мұғалімнің аты-жөні: Азимканова Д.Д |
||||
|
2-сынып |
Қатысқандар саны: |
Қатыспағандар саны: |
|||
|
Оқыту мақсаттары Оқушы үшін |
2.1.2.4** 2; 3; 4; 5 сандарына көбейту жəне бөлу кестесін құру, білу жəне қолдану. 2.5.1.3. Бірдей қосылғыштардың сомасын табуға; мазмұнына қарай жəне бірдей бөліктерге бөлуге берілген есептерді талдау жəне шығару; кері есеп құру жəне шығару. |
||||
|
Сабақтың мақсаттары Мұғалім үшін |
Барлық оқушылар: •көбейту жəне бөлу амалдарының өзара байланысын түсінеді. |
||||
|
Көптеген оқушылар: •2-ге көбейту жəне бөлу кестесін құрастыруды біледі жəне қолданады. |
|||||
|
Кейбір оқушылар: •2-ге көбейту жəне бөлу кестесін жылдам жəне дұрыс қолданады. |
|||||
|
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар: •көбейту жəне бөлу амалдарының өзара байланысын түсіндіруді біледі. Пəндік лексика жəне терминология: Көбейту, бөлу, 2-ге көбейту жəне бөлу кестесі. |
||||
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Талқылау: 2 санына көбейту кестесі қалай құрылғанын түсіндіре аласың ба? 2 санына көбейту кестесін қалай құратынын түсіндіре аласың ба? |
|||||
|
Жазу: 2 санына көбейту жəне бөлу кестесі. |
|||||
|
Тірек білім, білік, дағдылар |
Көбейту мен бөлу амалдарының мағынасы, көбейту мен бөлуге берілген практикалық есептерді шығару. |
||||
|
Жоспар |
|||||
|
Жоспарланған уақыт (минут) |
Жоспарланған іс-əрекет |
Ресурстар |
|||
|
0–3 |
Ынталандыру. Мұғалімоқушылардың таза ауадағы қандай қимылды ойындарды білетіні туралы əңгіме ұйымдастырады. Оқушыларға 3-4 топқа бөлінулерін ұсыныңыз. Əр топқа саны 20,30,40 дана болатын санау материалының (асық модельдері, моншақтар, үрмебұршақ, тастар) жинағы беріледі. Мұғалім бұлардың ойынға арналған жинақ екенін жəне əр топ оларды жылдам санап шығуы керектігін |
|
|||
|
|
хабарлайды. –Оны қалай жасаған ыңғайлы? Оқушылар санап шығады, кейбіреулері бірнеше заттан санайды (2-ден, 3-тен топтап санайды). Оқушылар математикалық білім мен дағдының ойын барысында көмегі бар екендігі туралы қорытынды жасайды. |
|
|
4–6 |
Өзектендіру. Мұғалім оқушыларға 2-ден 20-ға дейін екіден топтап тура жəне кері санауды ұсынады. Қосу амалын қолдана отырып көбейтуді есептеңдер. 4 · 2 7 · 2 9 · 2 5 · 2 Өзара байланысты өрнектер төрттігін құрастыруды сұраңыз. Көбейту жəне бөлу амалдарының компоненттері мен нəтижелерінің барлық байланыстарын дауыстап айтыңыз. |
Құрастырмалы жинақ. Оқулық. |
|
7–11 |
Мақсат қою (проблемалық жағдаят) Оқулықтағы 1- тапсырмаға арналған суретке қараңдар. –Əр алақанда неше асықтан бар? –Барлығы қанша асық бар? Мұны қосудың көмегімен жазып есептеуді ұсынады. Оқушылар оқулық бойынша практикалық жұмысты түсіндіре отырып орындайды: –Көбейту жəне бөлу амалдарының жазылуын түсіндір. –Əр сан нені көрсетеді? –Ол қалай аталады? –Өрнектердің мəнін есепте. –Теңдіктің мағынасын түсіндір. Мұғалім оқушылардан: – Бірдей қосылғыштарды қосуды жүргізе отырып көбейтуді орындаған ыңғайлы ма? - деп сұрайды? (Ыңғайсыз емес, ұзақ). –Жылдам санау əдісі бар ма? Көбейту мен оған сəйкес бөлу жағдайларының кестесін құрастырып, оны жаттап алу керек. |
|
|
12–29 |
Жаңаны ашу Оқушылар оқулықтағы көбейту кестесі қалай құрылғанын қарастырады. – Қосындыларды көбейту түрінде жазыңдаржəне олардың мəнін есептеңдер. –Келесі мəнді есептеу үшін алдыңғы мəнді қолданыңдар. Оқушылар көбейту кестесінің бірінші бағанын құрастырады. Оқушылардан неліктен бірден төрт баған құрастырылатынын сұраңыз. Алдымен бірінші бағанды қалай құрастырғандарына қараңыз. Оқушылардан көбейтіндіні қалай тез табуға болатынын сұраңыз. Ары қарай оқушылармен бірге екінші бағанды құрастыру үшін бірдей қосылғыштарды қосуды жүргізу міндетті емес, көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін қолдана |
Сабаққа арналған тұсаукесер. 2-ге көбейту кестесі. |
|
|
отырып бірінші бағанның нəтижесін пайдалануға болады деген қорытынды жасаңыз. Үшінші жəне төртінші бағанды құрастыруда оқулықтағы сандардың бірдей түсті болуы жəне көбейту мен бөлу амалдарының өзара байланысы туралы ескертпе көмекке келе алады, оны сабақтың алдында тақтаға іліп қоюға болады. ЖЖ Дəптердегі 1-тапсырмадағы кестелердің толтырылуын сабақта міндетті түрде тексеру керек. Өйткені оқушылар қате нəтижелерді жаттап алуы мүмкін.Оқушыларға орындағандарын үлгімен салыстыру жəне бағалау критерийлерімен салыстыру ұсынылады. Бағалау критерийлері
Түсіндіре отырып алғашқы бекіту Содан кейін оқушыларға көбейту кестесін жаттап алуға кеңес беріледі. Кестені есте сақтаудың мағыздылығы тағы да аталып өтеді. Оқулықтағы 2тапсырма 2 санына көбейту мен бөлуге құрылған кестеге сүйене отырып орындалады. Өздік жұмыс Дəптердегі 2-тапсырма орындалады. |
Дəптер. Оқулық. Дəптер. |
|
|
Жаңаны қолдану. Оқулықтағы 4-тапсырма өз беттерінше тексерумен орындалады.
ЖЖ Жұптық практикалық жұмысқа оқулықтағы 3тапсырма ұсынылады. Дəптердегі 3-тапсырма өз бетінше орындалады. Қосу мен көбейтуге өрнек жазуды жəнекөбейту мен бөлуге мысалдар төрттігін құрастыруды ұсынуға болады. Өткенді қолдану Дəптердегі 4-тапсырма өз бетінше орындап, үлгі бойынша тексеруге немесе өзара тексеруге берілген. |
Оқулық. Санау материалы. |
|
40 |
Рефлексия. Жетістік деңгейін бағалау. Оқушылар: •көбейту жəне бөлу амалдарының өзара байланысын түсінеді. •2-ге көбейту жəне бөлу кестесін құрастырады, біледі жəне қолданады. •көбейту жəне бөлу кестесін жылдам жəне дұрыс пайдаланады. |
Жетістіктер жолағы |

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген