400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 27 материал табылды

2-сын Қарттарын қадірлеген ел ардақты тәрбие сағаты ҚМЖ

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сын Қарттарын қадірлеген ел ардақты тәрбие сағаты ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы



Мектеп:


Педагогтің Т.А.Ә.(болған жағдайда)


Күні:


Сынып: 2

Қатысушылар

Қатыспағандар саны

Сабақ тақырыбы:

«Қарттарын қадірлеген ел ардақты»

Құндылығы:

Үлкенге құрмет, кішіге ізет.

Құзыреттілігі:

Инновациялық ойлау

Сабақтың мақсаты:

 Қариялық — даналық пен өмір тәжірибесінің қайнар көзі екендігін ұғындыру

Апталық дәйексөз

«Ел- жұртымның бақыты аталатын,

Сөнбесін мәңгі сенің, Отан атың!»

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт


Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Сабақтың басы













Сабақтың ортасы
























































































Сергіту сәті





























Сабақтың соңы



















Қауіпсіздік сабағы









Кері байланыс

Сәлемдесу. Шаттық шеңбері.

-  Ал, балалар, бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз  шаттық шеңберін құрайық.


Армысың, Әлем!

Армысың, жарқын күн!

Армысың, Абзал адам!

Армысың, менің досым!

Тез тұра ғой, өтінем

Кім болады есімің?




«Хабарлама» әдісі.

Мұғалім қарттар күні қашан, не мақсатта белгіленгендігі туралы мәлімет береді.


Халықаралық Қарттар күні 1990 жылы 14 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланған.

Қарттар күнін атап өтудің мақсаты – қарттардың проблемаларына қоғамның назарын аудару; қоғамның демографиялық қартаю проблемасы, қарт адамдардың жеке және әлеуметтік қажеттіліктері, олардың қоғамның дамуына қосқан үлесі, қарт адамдарға деген қарым-қатынасты өзгерту мәселелерінен халықтың хабардарлығын арттыру, қарт адамдардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету, қоғам өміріне қатысуын, қажетті күтім, олардың ішкі әлеуеті мен абыройын қорғау үшін жағдайлар жасау.


«Қариялар азайып бара жатыр»

Бейнероликті тамашалайды

«Қариясы бар ел – қазынасы бар ел» деген қанатты сөз бар. Осы сөздің мағынасын қалай түсінеміз. Әр оқушы өз ойын айтады.




Поэзия минуты. Тыңдалым.

Жастық шақ –

даналықты меңгеруге арналған,
Кәрілік –

оны қолдануға арналған уақыт.

-демекші мұғалім оқушыларға ата, әже туралы өлең шумақтарын мәнерлеп оқып береді. Оқушылар зейін қойып тыңдайды.


Әжем ұйықтар алдында
Ертегі айтып береді.
Еркелеп ойнап жатқанда
Ылғи ұйықтап қаламын.


Әжем менің асыл жан
Жақсылыққа үйретіп,
Жамандықтан шектейді.
Әжеме ешкім жетпейді!


Атам менің аманда
Әдепті жан бол деген
Атам сөзі санамда
Жасы үлкенге жол берем
Алдын орап кісінің
Кесіп өтпе көлденең
Ізетімен кішінің
Сәлемдесіп қол берем.


Атам менің әманда
кішіпейіл бол деген.
Ата сөзі санамда
Мақтанбауды жөн көрем
Қалдыратын ұлтқа
Жалған сөзге төзбеймін
Жеткізеді мұратқа
Тек шындықты көздеймін.



Жоғалған сөзді тап.

Қарт адамдар жайлы нақыл сөздердің түсіп қалған сөзін тауып айту керек.


Алтыға дейін бала ерке,
Алпыстан кейін ...... ерке. \шал\


Жас жүрген жер — мереке.
Қарт жүрген жер — ..... \береке\


Қарты бар үйдің ..... бар. \құты\



Сергіту сәті.  «Жыланша» әдісі

Қатысушылар айнала отырады. Сосын бірі бастап, келесі баланың кезектеп қолын алып, тілегін айтады. Оның соңынан келесі бала ереді. Ойын осылайша қашан барлығы бір- біріне тілек айтып болғанша жалғасады.


Жағдаяттан шығу. Жеке жұмыс.

Жағдаятқа байланысты сұрақ қойылады. Оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай сол жағдайдан дұрыс жол тауып шығуға тырысады.


-Көшеде қыдырып келе жатыр едің. Алдыңнан бір қария кездесті. Көзінде мұң- қайғы байқалады. Сенімен сөйлескісі келіп әңгімеге тартты. Баласының қарамай, қарттар үйіне апаратынын сырттай естігенін айтып, мұңын шақты. Сен қалай жұбатар едің? Баласының пікірі туралы не айтар едің?

-Жалғыз тұратын жалғыз көршің бар. Үнемі сенен көмек сұрайды. Отын- су тасуға, дүкенге баруға, кейде үйін жинауға шақырады. Сенің әрекетің қандай? Ашуланбай көмек бере аласың ба?




Шығармашылық жұмыс

Топтық жұмыс


1 топ: Қариялар мақал-мәтел айтып, мағынасын түсіндіру.

2-топ: Қолыңда үлкен заттары бар қария кездессе не істейсіңдер?

3-топ: Жалғыз өзі тұратын көрші әжеге қалай көмектесесің?




Қорытынды:

Оқушылар үйлеріндегі өз ата әжелері туралы жақсы пікірлері мен тілектерін айтады





Қауіпсіздік уақыты

«5 секунд» ережесі, бейтаныс адаммен диалогты қалай дұрыс құруға болады?

Мұғалім балалардың өмір қауіпсіздігін қорғау мақсатында кездейсоқ кездескен бейтаныс адаммен қалай сөйлесу керектігін туралы түсіндіріп, бағыт- бағдар береді






Білім алушылар мұғаліммен сәлемдеседі, бірге шеңбер құрып, өлең шумақтарын қайталайды және есімдерін атап, оның мағынасын айтады










Оқушылар мұғалімнің түсіндіргенін мұхият тыңдайды.











Бейнероликті тамашалайды. Қанатты сөзге мән беріп, ой бөліседі.














Оқушылар мұғалімнің оқып берген өлең шумақтарын зейін қойып тыңдайды.










Өлең шумақтарын мән беріп тыңдайды
















Оқушылар қарт адамдар жайлы нақыл сөздердің түсіп қалған сөзін тауып айтады.






Оқушылар айнала тұрып бір біріне тілектерін айтады









Жағдаятқа байланысты қойылған сұрақтарға оқушылар мүмкіндігінше оң шешім айтуға тырысады.












Топтарға берілген тапсырмалар бойынша балалар өз ойларын айтады.





Ата әжелері туралы жақсы сөздер айтады.






Өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында кездейсоқ кездескен бейтаныс адамдармен қалай диалог құру керектігін түсіндіреді.






Өзі көрген, куә болған нәрселер туралы пікір білдіреді.
















































































































Кері байланыс жасайды.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
3 ұстаз жүктеп алған
4 желтоқсан
197
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі