400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2-сынып Әдебиеттік оқу. ТЖБ 3-тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
3-тоқсанға арналған әдебиеттік оқу пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау 2-сынып 2024-2025 оқу жылы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Әдебиеттік оқу» пәнінен 3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары

Сынып: 2 «___»

Күні:_____________________

Оқушының аты-жөні: _______________________________


Тапсырма

1.Мәтінді мұқият тыңда.


Спортшы Бейбіт

Бейбіт – сыныптағы балалардың ең кішісі, әрі нәзігі. Бұл дене шынықтыру сабағында

байқалатын. Сапқа тұрғанда оқушылардың ең соңында қалатын. Оған өзі де намыстанатын.

Тез өсіп, үлкен болу оның арманы еді.

Ағасы аулаға турник орнатып берді. Бейбіт күн сайын турникке тартылып жүрді. Денесін шынықтыру, спортпен айналысу Бейбіттің бұлжымас әдетіне айналды. Үшінші сыныпқа келгенде бойы өсіп, қайраттана түсті.

Жазда ол ауыл балаларымен бірге бокс үйірмесіне барып жүрді. Бокстасамын деп жүріп өзінен үлкен балалардан таяқ жеп қалған кездері де болды. Бірақ Бейбіт алған бетінен қайтпады. Бокс өнеріне деген ынтасы арта түсті.


Мәтін бойынша сұрақтарға жауап бер.


1)Бейбіт не үшін намыстанды?

________________________________________________________________________________


2)Оның арманы не еді?

________________________________________________________________________________


3)Бейбіт нені бұлжымас әдетке айналдырды?

________________________________________________________________________________


4)Ол қай спорт түрімен әуестенді?

________________________________________________________________________________


2.Оқылым. Мәтінді түсініп оқы.

Аңшы артынан естілген сыбдырға жалт қарайды. Өзіне қарай келе жатқан сары ала жолақты, сойдақ тістері ақсиған жолбарысты көріп, қорқып кетеді.Ал жолбарыс аңшыға тиіспей, алдыңғы аяғын созыпты.Аяғы ісіп кеткен екен..Аңшы пышағымен жолбарыстың аяғын тіліп, іріңін шығарады. Белбеуімен мықтап таңады. Сөйтеді де орнынан тұрады.

Жолбарыс аңшыны жібермейді . Аңшы оның соңынан ереді. Жолбарыс аңшыны қазынасы бар жартасқа ертіп әкеледі де, бір ақырып алып, жөніне кетіпті.


1)Мәтін не туралы? Мәтінге ат қой ____________________________________



2)Аңшының бұл әрекетін қалай бағалайсың? 2 тұжырымды белгіле (+) .


Қорқақтық Батылдық Аңқаулық Жанашырлық









3)Мәтіннен жолбарысты сипаттайтын сөздерді теріп жаз.

________________________________________________________________________________



4)Мәтіннен қандай ой түйдің? Жаз. _________________________________________________

________________________________________________________________________________



3. Сұрақтардың көмегімен оқыған мәтінге жоспар құрастыр.


1)Оқиға неден басталды? Аңшы қандай аңға кезікті?

2)Ары қарай не болды? Аңшы жолбарысқа қалай көмектесті?

3)Оқиға немен аяқталды? Жаралы аң қандай жақсылық жасады?


Жоспар:


1)____________________________________________________________________


2)____________________________________________________________________


3)____________________________________________________________________



4.Сөйлемдегі қатені тауып, дұрыс жаз.


Қамыс арасынан үлкен шыға келді жолбарыс.


________________________________________________________________________________

Жолбарыс жөніне кетті бір ақырып алып.


________________________________________________________________________________














Балл қою кестесі


Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

№








1

Білім алушының ықтимал жауабы:

1

Білім алушылардың


Саптың соңғы жағында тұратыны үшін


сұрақтың мазмұнына


намыстанатын/денесі балалардан кіші


сәйкес кез келген дұрыс


болғаны үшін/өзінің басқалардан кіші


жауабы қабылданады.


болғанына/ ең кішкентай, ең нәзік




болғанына








Тез өсу/ Үлкен болу/Тез өсіп, үлкен

1



болу/Басқа балалар сияқты үлкен болу








Дене шынықтыруды/ Спортпен

1



айналысуды/Турникке тартылуды








Бокспен/Бокс спортымен/Бокс өнерімен

1








4






Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

№








2

1) Аңшы/Аңшы мен

1

Білім алушының


жолбарыс/Мейірімді аңшы/Жаралы


мәтіннің мазмұнына


жолбарыс/Жақсылыққа жақсылық/...


сәйкес басқа да дұрыс




нұсқалары қабылданады.







2

Әр дұрыс жауапқа 1балл




қойылады.






сары ала жолақты, сойдақ тістері

1



ақсиған








Жақсылыққа жақсылықпен жауап беру

1

Білім алушының


қажет/ Біреуге жақсылық жасасаң қор


сұрақтың мазмұнына


болмайсың/Әлсізге көмектесу керек.


сәйкес кез келген дұрыс




жауабы қабылданады.





Барлығы


5




















Тапсырма

Жауап

Балл

Қосымша ақпарат

№









Күтпеген кездесу/Жолбарыспен

1

Жоспардың әр бөлігіне

3

кездесу/Кездесу/Қорқыныш


1 балл қойылады. Басқа




да дұрыс нұсқалар


Жаралы жолбарыс/Жолбарысқа

1


қабылданады.


көмек/Көмек көрсету/Көмек








Жақсылыққа жақсылық/

1



Жолбарыстың алғысы/Алғыс








Қамыс арасынан үлкен жолбарыс

1


4

шыға келді.








Жолбарыс бір ақырып алып, .жөніне

1



кетті.







Барлығы


5























Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
5 ұстаз жүктеп алған
17 наурыз
307
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі