жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
2 сынып "Ана өмірдің күн шуағы"
Алматы қаласы
Түрксіб ауданы
№198 жалпы білім беретін мектеп
«Ана өмірдің күн шуағы»
Сынып жетекшісі: Дурменова Умитгул Алтынбековна
2019 жыл
«Ана - өмірдің шуағы»
Тақырыбы: «Ана - өмірдің шуағы»
Мақсаты:
Оқушыларға
әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі
туралы түсінік беру. Мейірімділікке,
сый - құрметке тәрбиелеу, ұлтқа тән жақсы
қасиеттерді қалыптастыру.
Көрнекілік:
АКТ
залды мерекеге лайық безендіру, даналық
сөздер жазылған плакаттар слайд.
Интерактивтік тақта. Презентация.
Барысы:
Ұйымдастыру
кезеңі: Оқушыларды сахна төріне тұрғызу.
Мұғалімнің сөзі:
- Қош, келдіңіздер!
Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді. Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлемейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. –8 НАУРЫЗ ортамызға келді! Осы мерекенің иелері, бар адамзаттың табынары мен киелері, қуанғанда қасыңнан табылып, қиналғанда сүйенері, мейірімділік пен тыныштықтың жаршылары, адамдық пен адамшылықтың мөп-мөлдір тамшылары, сүйкімді қылығымен сағындырған, қажет десе аһ ұрғызып сабылдырған, әсем көркімен, жүрегінің өртімен небір дана мен данышпандарды табындырған, сүйкімді қыздар, аяулы аналар, асыл әжелер мерекелеріңіз құтты болсын!
Сүйікті жар, ардақты ана болыңыздар,сіздерге дүниедегі барлық бақытты тілейміз!
— Бүгінгі «Ана – өмірдің күн шуағы » атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын.
Енді сіздерге арналған ән бағдарламасын қабыл алыңыздар.
1
- жүргізуші:
Құрметті асыл аналар, әжелер мен
қыздар!
Сіздерді
көктемнің алғашқы айында еліміздің
барлық жерінде тойланатын
8
- наурыз әжелер, аналар, қыздар мейрамымен
шын жүректен құттықтаймыз.
2 - жүргізуші:
Сіздерге әлемнің нұрын, өмірдің гүлін,
көктемнің шуағын тілейміз. Мына жарық
дүниенің мәні де, сәні де сіздерсіздер!
1 - жүргізуші:
Ананың тілегі, ананың жүрегі, ананың
махаббаты, ананың ыстық құшағынан
қасиетті ештеңе жоқ. Ең ыстық күннің
нұры да, ананың шапағат мейіріміне
жетпейді.
2 - жүргізуші:
Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң
да, қарызын өтей алмайсың.
1 - жүргізуші:
Иә, дұрыс айтасың. Біздің әрқайсымыз
үшін өмірдегі ең жақын, ең әзиз жан ол
– анамыз.
2 - жүргізуші:
Бүгінгі 8 - наурыз – аналар мерекесіне
арналған «Ана - өмірдің шуағы»
атты
мерекелік кешімізді ашық деп жариялауға
рұқсат етіңіздер! Барлық өнеріміз аналар
сіздер үшін.
1 - жүргізуші:
Бүгінгі мейрамда көктемдей көңіл
сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға
арнап жазған өлең шумақтарын қабыл
алыңыздар.
Би: « Вальс»
1- оқушы Ананың тілі, ананың махаббаты, ананың тілегі тіл жетпес бір жатқан теңіз емес пе! Па, шіркін, айналып - тоғанатыны кімнің есінен кетеді!
1- оқушы Шырылдап жерге түскеннен –ақ сенің ең бір жақының, ең бір досың, ең бір ұстазың бар. Ол-ана: қара жерді баспай жатып, есіңді білмей жатып, тырмысып бауырына жабысатының, шырылдап уанбай, жылап іздейтінің –ол ана. Сен жан болып дүниеге келдің. Сенің іздемейтінің бір-ақ жан. Ол-ана Ол саған бәрінен қымбат. Сен үшін ол жалпақ дүниеденде үлкен. Сондықтанда сен бір – ақ жанды білесің. Ол-ана.
1- оқушы Міне, анаға деген махаббат сенің құндақта жатқан күніңнен –ақ басталады. Ананың жолы басқа . Ана деген сөздің өзі ыстық. Ана десе толқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім болуға мүмкін емес!
1- оқушы Мен білетін қазақ әйелі – қазақпын дейтін қара көз, қара баланың анасы, сенің жүрегің нәзік, сенің махаббатың балаға тіл жеткісіз биік.
1
- жүргізуші:
Құлақтан
кіріп, бойды алар,
Әсем ән мен тәтті
күй.
Көңілге түрлі ой салар,
Әнді
сүйсең, меніңше сүй, – деп, Абай атамыз
айтқандай оқушымыздың орындауындағы
«Ақ мамам » әнін, қабыл алыңыздар.
Ән:
«Мама» Айғаным Жанна Жарқынай
Көрініс: «Шмән апа»
1
Оқушы:
Құтты
болсын аналардың мейрамы!
Жарқыраңдар
жаз күніндей жайдары!
Мерекесі
бұл көктемнің алғашқы,
Бақыт
берсін әр көктемнің айлары!
2
Оқушы:
Ана
десем – алғыс алам халқымнан!
Ана
десем – теңіз балам шалқыған.
Ана
десем – ашылады қабағым,
Ана
десем – әділдікті ұғамын.
3
Оқушы:
Сіздер
– күнсіз аспанда жарқыраған,
Сіздер
– өзен, тау суы сарқыраған.
Сіздер
– ана, сіздер – жар, сіздер – қыздар,
Сіздер
– жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған.
4
Оқушы:
Дүниеде
ең кемеңгер дананы,
Ана
табады, аялайды бағады.
Сол
үшінде құдіретіңе бас иіп,
Құрметтейік
қасиетті – ананы
5- оқушы
Ана
десем шешек ашып жанары,
Өмірімнің
бастау алар жанары.
Ана деген тіршілікке
пана боп,
Әрбір үйде жұлдыз болып
жанады.
6
- жүргізуші:
Үкілі кәмшат, бүрмелі
көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз
билеп,
Иықтан шашып, төгіліп
жерге,
Күмісті шашбау, жарасып белге
– демекші, ендігі кезекте қазақтың
«Қамажай»,
қабыл алыңыздар.
Би:
«Қамажай»
Көрініс: «Гаишник»
Би:
«Микки Маус»
Хор: «Аналарға арналған әндерден » попури (қыздардың орындауында)
Аналар сіздерге рахмет!
Жарық дүниеге әкелгенің үшін
Ақ сүт бергенің үшін
Мейірімің үшін
Қамқор болғаның үшін
Ауырғанда уайымдағаның үшін
Түнде бөлінген ұйқың үшін
Әрбір сәтіме қуанғаның үшін
Алғашқы сөзіме қуанғаның үшін
Алғашқы қадамыма қуанғаның үшін
Мені ойлап уайымдағаның үшін
Мен деп бетіңе түскен әжім үшін
Үйдегі татулық үшін
Үйдегі береке үшін
Үйдегі молшылық үшін
Тәлім –тәрбиең үшін
Мені кешіргенің үшін
Мен деп ағарған шашың үшін
Маған қорған болғаның үшін
Рахмет сізге!
Рахмет сізге!
Рахмет сізге, Анашым!

Бұл курс Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігімен келісілген