400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

2 сынып Атадан қалған асыл мұра. Аңқау арыстан (Ертегі)

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ұсынып отырған сабағым кез келген бастауыш сынып мұғаліміне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

САБАҚ:

Атадан қалған асыл мұра.

Аңқау арыстан (Ертегі)

Мектеп: Шаған ЖОББМ

Күні:22.02.2019ж

Мұғалімнің есімі:Бекжанова Б.С.

СЫНЫП: 2 «а»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.2.4.1 - Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің, соның ішінде ертегілердің жанрлық ерекшеліктерін анықтау.

2.2.6.1 - кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау

2.2.3.1- мұғалімнің көмегімен мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтау

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • . Халық ауыз әдебиетінің түрлерімен танысады. Ертегі мазмұнын түсінеді

Оқушылардың басым бөлігі:

  • .Ертегі жанрының ерекшеліктерін анықтайды. кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттап, мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарай ажыратады.

Кейбір оқушылар:

  • Ертегінің негізгі ойын анықтап ,тұжырымдама жасайды..

Бағалау критерийі

. Халық ауыз әдебиеті үлгілерінің, соның ішінде ертегілердің жанрлық ерекшеліктерін анықтайды.

Кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттап, мінез-құлқы мен іс-әрекетіне қарай ажыратады.

Ертегінің негізгі ойын анықтап ,тұжырымдама жасайды..

Тілдік мақсаттар

Тілдік дағды:

Тыңдалым: электронды оқулықтағы мәліметтерді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Оқылым: Мәтінмен жұмыс жасап мазмұндайды

Айтылым: Берілген сурет бойынша ертегінің қай бөлігіне сәйкес екендігін анықтап мазмұндайды

Жазылым:Топта кейіпкерлердің ерекшеліктерін сипаттап, кестеге салып жазады


Терминдер:(жаңа сөздер)

Ауыз әдебиеті, асыл мұра





Құндылықтарды дарыту

Диалогқа түсіретін сөз тіркестері

-Атадан қалған асыл мұра деген не екен?

-Осы ертегіден қандай ой түйдің?

-Бұл ертегі қай ертегі түріне жатады?

Атадан қалған асыл мұраларымыз-халық ауыз әдебиетін сақтап, кейінгі ұрпаққа асыл қазына ретінде жеткізе білуге баулу.

Пәнаралық байланыс


Алдыңғы оқу

қазақ тілі



Жұмбақ жасыруды, жаңылтпаш, ертегі, мақал-мәтел айтуды біледі.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы


Психологиялық ахуал

-Балалар,көңіл-күйлерің қалай? -Тамаша!

-Сабаққа дайындықтарың қалай? -Керемет!

-Ендеше сабағымызды бастайық! -Бастайық!

(Орындарына отырады)

Аңдар арқылы топқа бөлу.

Оқушылар орындарында тұрып тұрады.


Ортасы


Білу және түсіну

Тыңдалым. Элекронды оқулық арқылы Атадан қалған асыл мұралар жайында және ертегі туралы мәлімет тыңдату.

-Атадан қалған асыл мұраларға не жатады екен?

-Олар бізге қалай жекен екен?

-Ауызша жеткен шығармаларды бір сөзбен қалай атайды?

«Ой шақыру» Жұмбақтар жасыру арқылы бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу.

1.Өзі ширақ, өзі қу, Жүрген жері айқай –шу. (Түлкі)

2.Бір аң бар қайраты көп, болған күшті,

Басынан өткізеді әрбір істі. (Арыстан)

3. Әртүрлі , орта бойлы, ұзын құлақ,

Өзіне міндеттесе, қызмет қылмақ. (Есек)

-Жұмбақтың шешуіндегі кейіпкерлер қандай шығармаларда кездеседі деп ойлайсыңдар? - Ертегілерде.

Ендеше, біздің тақырыбымыз не туралы болмақшы?

Аңқау арыстан (Ертегі)

«Ойлан бірік,талқыла» әдісі бойынша топтарға ертегіні бөліктерге бөліп беремін. Топтардағы оқушылар жеке, жұппен, топпен оқып талдайды.

Топтан бір оқушы шығып өздеріне берілген бөліктерінен не түсінгендерінұжымда айтады. Сосын осы төрт топтан бір оқушы шығып, ертегіні толықтай мазмұндайды. Ертегіні жеке оқи отырып, түсініксіз сөздерді түртіп алады да, сол сөздердің мағынасын ашамыз.

Дескриптор: Түсініп оқиды Түсініксіз сөздерді түртіп алады

Оқыған бөлігі туралы жұпта талдайды Топта талдайды

Оқыған бөліктерінің мазмұнын ұжымда айтады

Сөздікпен жұмыс. (Тақтадан көрсету)

Қулығына басады- қулық жасайды, алдайды.

Жері отты- жері шөпті.

Ауыр азап шегіп-шаршап, қиналып.

Жұғын да жоқ- түк те жоқ.



Электронды оқулық







Кейіпкерлер суреттері













Сөздік жазылған

слайд

Аяқталуы































Соңы

Синтез Топтық жұмыс: 1-топ: Ертегі құра

Ертегінің мазмұнын суреттер желісі бойынша өрбітеді. Сурет қиындылары беріледі, соны ретімен қоюлары керек.

Дескриптор:Сурет қиындыларын ретімен қояды

Неліктен олай орналастырғандарын дәлелдейді

2-топ: Әр бағандағы сөздер қай кейіпкерге тиісті екенін анықта.Әр бағанда бір сөз артық.Ол басқа кейіпкердің сөзі, соны тап

1.

2.

3.

Кез болады. Қулығына басады.Ауырып жатады.

Хал жайын сұрайды.Шомылып келуге кетеді. Айқай салады.

Мұңын шағады.Тұра ұмтылады.Соңынан ереді.

Дескриптор:

Әр бағандағы сөздер қай кейіпкерге тиісті екенін анықтайды

.Әр бағандағыартық бір сөзді табады.

Неге артық деп санағандарын айтып дәлелдейді

3- топ :Берілген суретке зер сал. Ертегідегі оқиғаның қай сәтіне сәйкес келеді? (Мазмұндау)

Дескриптор:

Суретке қарап, ертегінің қай бөлігіекенін ажыратады.

Сол бөлігінін тізбектей отырып мазмұндайды

4- топ: Кейіпкерлерді өзара топта сипаттайды Басты сипаттарын жазады.

Кейіпкерлер

Басты сипаты

Арыстан

Аңқау, сенгіш,

Түлкі

Аңқау, біреуге ор қазам деп сол орға өзі түсті.

Есек

Қу, айлакер, өз қамын ғана ойлайды,

Дескриптор:

Кейіпкерлерді топта ерекше белгілеріне қарай сипаттайды

Жазады,оқиды

Өзара бағалау "Басбармақ әдісі"

Әр топ бір-біріне ауызша кері байланыс береді.

Ертегі түрлеріне тоқталу

1.Жан-жануарлар туралы ертегі2. Қиял ғажайып ертегі

3.Тұрмыс-салт ертегісіСабақтың түйіндісі:-Бүгінгі ертегіміз қай түріне жатады?-Оны қалай анықтадыңдар?

Қорытынды:Осы ертегіден қандай ой түйдің?

Халық осы ертегі арқылы , бізге не айтқысы келді? «Ешкімге ор қазба, өзің түсерсің».Ешкімге ешқашан жамандық ойлама. «Анық - қанығына бармай іс істеме, асықпа»

Сыни тұрғыдан сұрақтар: (10дұрыс 15қате)

1. Ертегі кейіпкерлері – түлкі, арыстан, есек? - Иә.

2. Арыстан аңқау? – Иә. 3. Түлкі қу? – Иә.

4. Бір күні түлкі ауру арыстанға кездеседі? – Иә.

5. Арыстанға бір ем айтады? – Иә.

6. Оның айтқан емі дұрыс ем? – Жоқ.

7. Есектіңмиын жесең жазыласың дейді? – Иә.

8. Есекті табуға құмырсқа көмектеседі? – Жоқ.

9. Сөйтіп түлкі баяғы қулығына салады? – Иә.

10. Түлкі көл жағасында жайылып жүрген есекке кездеседі? – Жоқ.11. Есек түлкіге қуанышты хабар айтады? –Жоқ.

12. Түлкі есекті орманға апаратынын айтты? - Жоқ.

13. Сол жерде еркін өмір сүресің дейді? - Иә.

14. Бұған есек ашуланады? – Жоқ.

15. Есек түлкіден аулақ кетеді? – Жоқ.

16. Түлкі оны өліп жатқан арыстанның қасына әкеледі? – Иә.

17. Есек көк шалғынға тойынады? - Иә.

18. Арыстан оған ұмтылады, бірақ есек қашып кетеді? – Жоқ.

19. Түлкі арыстанға миды жемес бұрын көлге барып су ішіп кел дейді? – Жоқ.

20. Арыстан келгенде, түлкі оған миды дайындап қояды? – Жоқ.

21. Мынаның миы көп екен дейді арыстан? – Жоқ.

22. Арыстан сен сондай ақылдысың дейді түлкі? – Жоқ.

23. Түлкінің аңқаулығы байқалды? – Жоқ.

24. Арыстан өз-өзіне қуанады? – Жоқ.

25. Түлкінің іс-әрекеті әділ? – Жоқ.

байланыс

- Балалар, сендерге сабақ ұнады ма?

Ендеше бүгінгі сабаққа кері байланысымызды күлегештерді жоғары көтеру арқылы берейік.

Жарайсыңдар,балалар!


Ертегі суреттері

А3 формат ватман, желім








кесте

!











сурет




Кесте




















Сабақ ұнаса -жасыл

Әлі де болса көмек керек -сары

Түсінбедім-қызыл


Үйге тапсырма: Аңқау арыстан ертегісін мазмұндау және сахналауға дайындал.

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?


Өзара бағалау, ауызша кері байланыс

Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

байланыс


Рефлексия Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал

қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?
































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
4 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
4868
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі