400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2 сынып Дүниетану

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүние тану Ашық сабақ
Материалдың қысқаша нұсқасы


Shape1






Shape2


Shape3








12.04.2016ж


Тақырыбы: Көліктер

Мақсаты: Балаларға көлік туралы түсінік беру. Көлік түрлерін ерекшеліктеріне қарай топтастырып (жерде, суда, әуеде), атқаратын қызметі аясына қарай салыстыра білуге үйрету. Олардың қызметінің маңыздылығы туралы ұғымдарын кеңейту. Балалардың қызығушылықтарын , сөйлеу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Жол ережелерін сақтауға тәрбиелеу.

Қолданылатын құралдар: Үнтаспа, көліктер түрлерінің суреттері, ойыншықтар : кеме, ұшақ, автобус; бағдаршам және оның белгілері.

Пән  аралық  байланыс:  ағылшын ,  орыс  тілі және құрастыру

Әдіс-тәсілдері: жылулық шеңбері, әңгімелеу, көрсету,түсіндіру, сергіту сәті, жұмбақ шешу,қортынды.

Көрнекіліктер: көліктер туралы слайдтар,

Билингвалдық компонент: машина-машина, автобус-автобус, ұшақ-самолёт, тікұшақ –вертолёт, пойыз-поезд, қайық –лодка, кеме- корабль, көліктер-транспорт, жүргізуші – водитель.

Оқу іс –әрекетінің барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

Тәрбиеші: — Балалар көңіл күйлерің қалай?

Балалар: Жақсы.

Тәрбиеші: Тамаша, балалар қараңдаршы бізге көптеген қонақтар келіпті. Келген қонақтармен амандасып алайықшы.

Қане,қане тұрайық,

Жылулық шеңберін құрайық.

Жылулық шеңбері.
«Шолпан» атты бақшаның,
Тәрбиелі баласы.
Алдыменен үлкенмен,
Амандасып алады.

Алтын күннің шуағы,

Бақыт үшін туады.
Қайырлы таң апайлар!
Қайырлы таң достарым!

Сабақ тақырыбын білдіретін мәселелер.

Балалар сендер саяхатқа шыққанды ұнатасыңдар ма?

Саяхатқа немен шығуға болады? (автобуспен, машинамен, самолетпен, т.б...)

Осыларды бір сөзбен қалай атауға болады?
Балалар біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетімізде көшедегі көліктермен және олардың атқаратын қызметтері жайлы толығырақ мәлімет аламыз.

Ой қозғау: Жұмбақ шешу:

Кеудесінде жаны жоқ,

Тамырында қаны жоқ.

Май жейді ,

Су ішеді. Көлік

Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар алыс жерлерге қалай барған? Ауыр жүктерді бір жерден екінші жерге қалай жеткізген?
Балаларға ерте заманғы көліктер туралы қысқаша түсінік беру. Сурет бойынша әңгімелеу.
Балалар ерте заманда көлік түрлері болмаған кезде адамдар көлік ретінде және жүк тасу үшін үй жануарларын пайдаланған. Ат, түйеге арба жегіп адам, жүк тасымалдаған. Алыс жерлерге жету үшін айлап, жылдап жүріп барған.

Ғылыми-техникалық жетістіктерге орай көлік малын бірте-бірте автомобиль, пойыз, ұшақтар ығыстыра бастады. Қазіргі кезде де мініс малы – автомобиль, трактор бара алмайтын жерлерде көлік ретінде пайдаланылады.

Көліктерді 3 топқа бөлуге болады: жер көлігі, теңіз көлігі, әуе көлігі

Әуе көлігіне: ұшақ, тікұшақ жатады. Олар арнайы әуежайларға тұрақтайды.

Жер  – машина, жүк көлігі, мотоцикл, велосипед, автобус , поезды жатады. Олар аялдамалрға тоқтайды. Машиналар тас жолдармен , ал поезды темір жолмен жүреді.

Су көлігі – кеме, қайық жатады. Порттарға тоқтайды. Олар суда жүреді.

Қазақша үнтаспаны көрсету, аттарымен таныстыру . Суретпен жұмыс: Балаларға суретте көрсетілген көлік атауларын сұрау есте сақтау қабілеттерін тексеру.

Билингвальды компонент. Суретпен жұмыс: көлік атауларын орыс және ағылшын тілдерінде атату.

Д/о: «Не артық?» Балалардың алдына көліктердің суреті көрсетіледі. . Ал, балалар оның ішінен артық затты алып тастайды.   (ұшақ, зымыран, жүк машина)

Мақсаты: Балалардың есте сақтау қабілеттерінің қаншалықты деңгейде екендігін анықтау.

Өздерінің көліктер жайлы жаттаған тақпақтарын айтады

***

Отойдите! Я — машина!
И внутри меня — пружина!
И с утра всегда она
На весь день заведена.

***

Үлкен болып өскенде
Машина алам мен де.
Бірақ ол үшін әрине
Оқу керек күнде

Қиылған қағаздардан сурет құрастырамыз.

1. Дидактикалық ойын: «Дұрыстап орналастыр»

Мақсаты: Балалар көліктерді өз тұрақтарына дұрыстап орналастыру керек.

Сергіту сәті

Ал, паравоз, баста алға,

Бәрімізді басқар да!

«Пш-пш, пш-пш!» біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.

Гу-гу, гу-гу, гуілде,

Қалып қойма бірің де,

«Пш-пш, пш-пш!» біз кеттік,

Жүрісті біз үдеттік.


Логикалық тапсырмалар:

Балалар автомобиль көлігі жолда жүреді. Сондықтан жол ережесін сақтау керек. Жол ережесін сақтау үшін бізге бағдаршам керек. Бағдаршам жайлы не білеміз?

1.Бағдаршам жол ережесін реттеуші, жол қиылысынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды.

2.Бағдаршамның үш көзі - үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыста адамдар өтетін ақ жолақтар болады.

3.Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді.-

4. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады.- Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді.

5. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлік пен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор.

5..Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан жүгіріп өтуге болмайды

6.Көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек.

7.Жол қиылысында аса абай бол, көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға, болмайды


Дидактикалық ойын «Шындық, жалған» Балаларға шындыққа сай келмейтін және келетін сөйлемдерді айту. Балалар оның дұрыс, дұрыс еместігін айтады.

Көшеде доп ойнау

Көшеде арнайы ақ жолақтан өту

Жолдан жүгіріп өту

Көшеден өткенде солға оңға қараймын.

Көшенің ортасында доп ойнаймын.

Жол ережесін сақтаймын.

Бағдаршамның сары көзі жанғанда дайындаламын.

Жасыл көзі жанғанда жүремін.

Қорытындылау:

- Қандай көлік түрлерімен таныстық?    
- Көліктің қызметі қажет пе?
- Жол жүру ережесін  не үшін сақтау керек?
- Автобустан түскенде не істеу керек?
- Жол бетіндегі ала жолақ кім үшін?


Күтілген нәтиже:

Білуі тиіс: Көлік және оның түрлерін білуі тиіс

Болуы тиіс: Жол ережесі жөнінде түсініктері болуы тиіс

Жасай алады: Артығын табу, жетіспеген бөлігін салу, көліктерге байланысты тақпақтарды мәнерлеп айта алуы тиіс.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
800
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі