Материалдар / 2 сынып "Көшбасшы" интеллектуалды ойыны

2 сынып "Көшбасшы" интеллектуалды ойыны

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған "Көшбасшы" интеллектуалды ойыны бастауыш сынып оқушыларына арналған.
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Тақырыбы: «ХХI ғасыр көшбасшысы»

Мақсаты: Оқушылардың білімін қорытындылау, ақыл-ойын, жылдам ойлауын, ептілігін, шығармашылығын дамыту. Адамгершілікке, ұйымшылдыққы, жолдастыққа қарым-қатынасқа,шапшаң қимылдай білуге тәрбиелеу.

Басқарушы: Сәлеметсіздерме ұстаздар, оқушылар. Бүгін сіздер 2 сынып оқушыларының «ХХI ғасыр көшбасшысы » атты зияткерлік ойынын ұсынғалы отырмыз. Ойынымыз сайыс түрінде өтеді. Ал енді ойын шартымен таныс болыңыздар.

I-бөлім: «Әудем жер»

II- бөлім: «Қозы көш»

III- бөлім: «Алтын көмбе»

IY- бөлім: «Жол айырық»

Y- бөлім: «Жорға»


Басқарушы: Ойынның бағасын беруші әділ-қазылар алқасын сайлап алсақ.

Әділ-қазылар алқасы таныстырылады.

Басқарушы: Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма,

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік, сол алда—дегендей ой мен білім сайысын бастаймыз.

Сайысқа қатысушылармен таныс болыңыздар.

Сайыскерлерге тілек:

Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздей өренді
Өмірдің биік шыңына!
Өмірдің биік шыңына
Қадамдарың оң болсын,
Сәт – сапар енді тілейік!



I-бөлім «Әудем жер»-Көшпелі өмірдің қажеттілігінен туындаған қашықтық өлшемінің ішіндегі сирек қолданатын түрі. «Әу» деп айқайлағанда дауыс жететін,естілетін жер,яғни жақын жер деген мағынаны аңғартатын тіркес.

Бұл бөлімде мақалдың жалғасын табу ұсынылады.Әр дұрыс жауапқа-10 ұпай.

1.Жақсы ай мен күндей,

(Әлемге бірдей.)

2.Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

(Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар)

3.Дұшпан күлдіріп айтады,

(Дос жылатып айтады)

4.Күннің шуағы жылы,

(Ананың құшағы жылы)

5.Бірлік болмай,(тірлік болмас)

6.Атаңа не қылсаң,(алдыңа сол келер)

7.Оқу инемен (құдық қазғандай)

8.Оқусыз білім жоқ,

(Білімсіз күнің жоқ)

9.Туған жердей жер болмас,

(Туған елдей ел болмас)

10.Еңбек етсең ерінбей,

(Тояды қарның тіленбей)

11.Жүз теңгең болғанша,

(Жүз досың болсын)

12.Еңбектің наны тәтті,

(Жалқаудың жаны тәтті)


II-бөлім «Қозы көш »-қашықтық өлшемі,көз ұшындағы 6-7 км жер «Әй» деп дауыс жететін жер. Ойын шарты: мына ұяшықтардан кез-келген сандардың біреуін таңдап сұраққа жауап бересіңдер. Егер сұраққа нақты жауап берсеңдер, сол ұпай сендердің еншілеріңе тиеді.

Бұл бөлімде ұпай саны аз ойыншы ойыннан шығады.

Қазақ тілі

10 ұпай-Зат есім дегеніміз не?

20 ұпай- «Алақай, жазғы демалысқа шығамыз!» сөйлемнің соңынан қандай тыныс белгісі қойылады.

30 ұпай-Қоянның құлағы ұзын,құйрығы қысқа.Оның түсі жазда сұр немесе қоңыр,ал қыста ақ түске өзгеріп тұрады.


Ана тілі

10ұпай-Ең алғаш қазақ даласында мектеп ашқан ұстаз.(Ы.Алтынсарин)

20 ұпай-Абай Құнанбаев кім,қай жерде,қашан дүниеге келген?

30 ұпай-Бес асыл істі ата(талап,еңбек,терең ой,қанағат,рақым ойлап қой)


Математика

10 ұпай-26+а өрнегі қандай өрнек?

20 ұпай-Екі бес неше?

30 ұпай-333 неше таңбалы сан.Неше жүздік,неше ондық,неше бірлік бар?


Дүние тану

10 ұпай-Тірі табиғатқа нелер қажет?

20 ұпай-Өсімдіктің топырақ астындағы бөлігі

30 ұпай-Адамдар қыста үй жануарларына қандай қамқорлық көрсетеді?

III-бөлім «Алтын көмбе»-қазына қойма,ерте кезде құнды заттарды көміп сақтайтын орын.

Бұл бөлімде жасырылған жұмбақтың жауабы қазақ және орыс тілінде айтылуы тиіс.Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Ойын соңында ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

1.Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық (қар-снег)

2.Жолбарыстан аумайды,

Тышқандарды аулайды. (мысық-кошка)

3.Әттең,даусым,тілім жоқ,

Құшағымда білім көп. (кітап-книга)

4.Бұлаңдаған құйрығы,

Бір алдарлық қулығы. (түлкі-лиса)

5.Қап-қара алып бар:

Ұстауға болмайды,

Уысың толмайды. (түн- ночь)

6.Тәтті іздеп жортады,

Аң бар балды қалаған

Үп-үлкен боп қорқады

Кіп-кішкентай арадан (аю-медведь)


IV-бөлім «Жол айырық»-алыс жолдың екіге айрылуын айтады.

Бұл ойында сөзден сөз шығарылады. Әрбір дұрыс жазылған сөзге 1 ұпайдан беріледі.Ойын соңында ұпайы аз оқушы ойыннан шығады.

«Қанағаттанарлық»

Ана,аға,анар,ар,тана,аттан,лақ,нақ,нан,қанат,қар,ағат,қырат..........

V-бөлім «Бәйге»- ат жарысында озып келген атты бәйге деп атайды.

Бұл ойында әр ойыншыға10 сұрақтан қойылады.Әр жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

1 ойыншыға

1.Ең кіші бір таңбалы сан (1)

2. Қойдың пірі (Шопан ата)

3.Тудың түсі (көк)

4.Сұйық зат (су)

5.1 сағатта неше минут бар?(60 минут)

6.Алфавиттің ең бірінші әрпі (А)

7.Екі өркешті жануар (түйе)

8.Бір аптада неше күн бар?(7)

9.Жұма аптаның нешінші күні?(5)

10.Жемістер қай мезгілде піседі?(күзде)


2 ойыншыға

1.Ең үлкен бір таңбалы сан (9)

2.Ешкінің пірі (Шекшек ата)

3.Аспанның түсі қандай? (көк)

4.Қой маңырайды, сиыр (мөңірейді)

5.1тәулікте неше сағат бар?(24)

6.Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?(42)

7.Күші адал,еті арам хайуан (есек)

8.Анаңның әкесі саған кім?(нағашы)

9.Аптаның үшінші күні қалай аталады?(сәрсенбі)

10.Ағаштар қай мезгілде бүршік атады? (көктемде)

Ән «Атамекен»

Қорытынды
Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты.
Білім мен тапқырлықтың жарысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты, - дей келе сөз кезегі әділқазыларға беріледі.


Мұғалім: «ХХI ғасыр көшбасшысын» марапаттау
Бастауышта оқиды,
Ойға білім тоқиды
Бұлар бізден жалындар
Ертеңгі ірі ғалымдар
Алдыңда ұзақ жолың бар,
Оқумен өсіп толыңдар
Қиындыққа мойымай
Аман – есен болыңдар.




























Shape1


Зияткерлік ойыны














Баймухаметова .Г.А

10 Қараша 2018
1077
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі