Материалдар / 2-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәні бойынша жылдық бақылау жұмыстары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

2-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәні бойынша жылдық бақылау жұмыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Қуаныш. Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді. Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын тапсырды. Талғаттың қуанышында шек жоқ. Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті. Талғатқа анасы қуанып батасын берді. (27 сөз)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қараша 2018
6351
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мерзімі

тақырыбы

түрі

сынып

19.09.2016

«Қуаныш»

диктант

2

07.10.2016

«Әдепті бала»

Шығарма

2

17.10.2016

« Күз болды »

диктант

2

27.10.2016

Тест жұмысы

Тест жұмысы

2

29.10.2016

«Жаралы үйрек»

Диктант

2

12.11.2016

«Менің досым»

мазмұндама

2

03. 12.2016

«Менің отбасым»

шығарма

2

15. 12.2016

« Доп.»

Бақылау диктанты

2

15. 12.2016

«Отбасы»

мазмұндама

2

12.01.2017.

«Аулада»

диктант

2

19.01.2017

«Пайдалы кеңес»

диктант

2

19.01.2017

«Аңшылық»

диктант

2

11.02.2017.

«Немере»

диктант

2

23.02.2017.

Әжесінің баласы.

мазмұндама

2

10.03.2017

«Аяулы анам»

шығарма

2

16. 03.2017

Әдепті бала

Бақылау диктанты.

2

20.04.2017

«Татулық»

диктант

2

06.05.2017

«Қарлығаш»

диктант

2

15.05.2017

Менің күшігім.

мазмұндама

2

14.05.2017

« Демалыста»

диктант

2

24.05.2017

«Жаз»

шығарма

2

2-сынып оқушыларына арналған қазақ тілі пәні бойынша жылдық бақылау жұмыстары





























Қуаныш.

Талғат бірінші сыныпты үздік бағамен бітірді. Соңғы қоңырауда оған мақтау қағазын тапсырды. Талғаттың қуанышында шек жоқ. Ол қағазын ең алдымен анасына көрсетті. Талғатқа анасы қуанып батасын берді. (27 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Кім? Не? сұрақтарына жауап беретін сөздердің астын сыз.

Диктант.
Күз болды.
Күз болды. Жапырақтар қурай бастады. Жұрт саудырап кепкен пішендерін қораларына тасып жатыр. Қырман дәнге толды. (15 сөз)
Жаралы үйрек.

Есіл баяу ағып жатыр. Аспан ашық екен. Бір топ үйрек ұшып келеді.Кенет мылтық дауысы естілді. Бір үйрек су бетіне құлап түсті. Ысқақ үйректі аяды.Жаралы үйректі үйіне алып келді.Біраз күннен кейін үйрек жазылды.Ұшатын халге жетті.Ол көп ұзамай ұшып кетті. (43)

Менің досым.

Менің ең жақын досым –Асқар. Оның бойы ұзын, көзі қара. Ол -тәртіпті оқушы.Асқар сабақтан кешігуді білмейді.Оқулықтарын таза ұстайды. Қызықты кітапты көп оқиды. Сабақтан кейін апасына көмектеседі.

Бақылау диктанты.
Доп.

Сұлтан үйде кітап оқып отыр еді. Мұншама қызық болар ма! Ол өзін өзі ұмытып, қым-қиғаш оқиғаның ішіне еніп кеткендей. Кенет қатты тарс-тұрс, шатыр-шұтыр дыбыс шықты. Басын көтерем дегенше доп кеудесіне топ ете түсті. Сұлтан есін жиды. (38 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Сұлтан есін жиды. Сөйлемдегі етістікті тап.



Диктант.
Аулада
Біздің үй өте үлкен.Ол бес қабатты.Ауланы таза ұстаймыз.Ауламызда қызыл,ақ,көк гүлдер өседі.Оларды өзіміз күтеміз. (19 сөз)

Тапсырма
Сөйлемдердің ішінен сан есім мен сын есімдерді тауып астын сыз,сұрақ қой.

Диктант
Пайдалы кеңес.
Кітап-сенің досың. Кітапты күтіп ұста.Бетін бүктеме.Кітап-білім бұлағы. Кітапты көп оқу керек. Көп оқыған көп біледі.(19 сөз.)
Тапсырма
Үш буынды сөздерді буынға бөліп жаз.
Кітап –сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Диктант.
Аңшылық.
Қазақ даласында аңшылықтың кең тараған түрі – аңды бүркітпен аулау. Бүркіт ұстаған адамды саятшы дейді. Бүркітті аңшылар тез қолға үйренгіш деп есептейді. (21 сөз)
Тапсырма.
1) Бүркіт сөзіне дыбыстық талдау жаса.
2) Соңғы сөйлемдегі жіңішке дауысты дыбыстарды тауып, бір сызықпен сыз
И әрпінің емлесі.
Диктант
Немере

Әжейдің немере қызы бар еді. Бұрын немере қызы кішкентай болатын.Ол ылғи ұйықтап жататын. Ал әжей өзі нан пісіріп, үй сыпыратын. Кейін әжей қартайды.Ал немересі әжесі үшін нан пісіретін болды. (Л.Толстой)

Әдепті бала
Автобусқа сегіз-тоғыз жасар бала мінді.Билет алып,бір бос орынға отырды.Екі-үш аялдамадан кейін автобусқа алпыс-жетпіс жастағы әже мінді.Бала әжеге өз орнын ұсынды.Әже оған алғыс айтты.(31 сөз)


Мазмұндама
Әжесінің баласы.

Есін білетін күннен Алмас әжесіне үйір болды. Жанынан бір елі аттап шықпайды. Дүкенге де бірге барады. Сірә, әжесіндей ертегіні көп білетін адам жоқ шығар жер бетінде. Алмас әжесінің осыншалықты ертегілерді қайдан білетініне таң қалды. Қалай ұмытпайтынына қызығады. (36 сөз)

Бақылау диктанты.
Әдепті бала
Автобусқа сегіз-тоғыз жасар бала мінді.Билет алып,бір бос орынға отырды.Екі-үш аялдамадан кейін автобусқа алпыс-жетпіс жастағы әже мінді.Бала әжеге өз орнын ұсынды.Әже оған алғыс айтты.(31 сөз)


Диктант.
Қарлығаш.

Арада екі күн өткен соң қарлығаш оралып қораға ұя салды. Өзіне серік тауып жаздай мекендеп жүрді. Асан ылғи бақылап отырды. Күз келіп құстар қайта бастағанда бұл қарлығаш та көрінбей кетті. (28 сөз)

Грамматикалық тапсырма:
Асан ылғи бақылап отырады сөйлемдегі сөздердің байланысын көрсет.

 

 Мазмұндама

Менің күшігім.

Менің күшігім бар. Өзі сүп-сүйкімді, әрі пысық. Күшігімнің аты – Ақтөс. Айтқаныңды екі етпейді. Қозыларды да сол бағады. Үйді де күзетеді. Есік алдына бөтен мал келе қалса, қуып жібереді. Менің сондай күшігім болғанына өте қуанамын. (33 сөз)

Диктант.
Демалыста.

Нұрлан менің сыныптасым. Биыл екеуміз де екінші сыныпқа көштік. Үйіміз фермада. Екеуміздің әкеміз бақташы. Нұрлан жазғы демалысты балық аулаумен өткізді. Әкесіне де мал қайыруға көмектеседі. (24 сөз)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!