400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2 сынып Қазақ тілі. сыны есім

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сыгып мұғалімдеріне көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Жаңа бағдарлама бойынша жазылған. Код оқу мақсаттарына сай қойылған. оқулықпен жұмыс жасап, жазба жұмыстарын орындап, өтілген тақырыпты өмірде қолдана білу бойынша оқулықтан тыс тапсырмалар мен ойын түрлері жүргізіледі. Білім алушылар сын есімді толық меңгеріп, өмірде қолданып, дәлел келтіре алады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Пәні: қазақ тілі

Мектеп: Ж.Құдайбергенов атындағы ом

Күні: 01. 03. 2019

Мұғалім: Джаксылыкова Жадыра Бердыбековна

Сынып: 2 сынып

Қатысқандар саны: 21 Қатыспағандар саны: 0

Тақырыбы

Сын есім

Ортақ тақырып

Қоршаған орта

Бөлім

Тілдік нормалардың қолданысы

Тыңдалым және айтылым

Жазылым


Бөлімше

4.2 Грамматикалық нормаларды сақтау

1.4 Берілген тақырып бойынша әңгіме құрау

3.5 Қатені табу және түзету


Оқу мақсаттары

2.4.2.3 сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

2.1.4.1 тірек сөздерді қатыстыра отырып, берілген тақырып

бойынша әңгіме құрау

2.3.5.1 жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің қолдауымен тауып түзету және құрастырған сөйлемін толықтыру


Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар:

  • Сын есім, оған қойылатын сұрақтар туралы біледі

  • Сын есімді қатыстырып сөйлем құрайды


Көптеген оқушылар:

  • Мәтіннің ішінен сын есімді тауып, сұрақ қояды

  • Тірек сөздерді үш тілде айтады


Кейбір оқушылар:

  • Пунктуациялық және орфографиялық қателерді түзетеді

  • Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмаларды орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіреді


Ойлау дағдыларының деңгейлері

Білу

Түсіну

Қолдану


Бағалау критерийлері:

1. Сын есімді ажыратады, оған қойылатын сұрақтар туралы біледі.

2. Мәтін ішінен сын есімді тауып, сөйлем құрайды, сын есім туралы дәлелдер келтіріп, қорытынды жасайды.

3. Пунктуациялық және орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзетеді.

Пәндік лексика және терминдер












Тақырыпқа байланысты үш тілде айтуға үйрету.

Казақша

Орысша

ағылшынша

Сын есім

Имя прилагательная

Adjective

Мүйізтұмсық

Носорог

Rhinoceros

Таза

Чистый

Clean

Ірі

Большой

Big

Айбарлы

Впечатляющий

Impressive

Қарбыз

Арбуз

Watermelon

Жіңішке

Тонкий

Thin

Қызыл

Красный

Red

Жұмсақ

Мягкий

Soft

Тәтті

Сладкий

Sweet


Талқылауға арналған сұрақтар

Зат есім дегеніміз не?

Зат есімнің қандай түрлері бар?

Етістік дегеніміз не?

Етістіктің қандай түрлері бар?

Мәтін не туралы?

Мәтіннің қандай түрлері бар?

Мүйізтұмсық туралы мәтін мәтіннің қай түріне жатады?

Сын есім дегеніміз не?

Сын есімге қандай сұрақтар қойылады?

Сын есімге мысал келтір


Құндылықтар

Оқушыларды тілін сүюге, сөз өнерін бағалауға, ынтымақтастыққа, бірлікке тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дүниетану, ағылшын, орыс тілі

АКТ мен байланыс

Слайд

Бұған дейінгі меңгерілген білім

Сын есім туралы түсінік бар

Жоспарланған уақыт (40 минут)

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

Басы



1 минут




2 мин


3 мин

Психологиялық дайындық:

Сәлеметсіңдер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын.

Амансың ба, Алтын Күн?

Амансың ба, Көк Аспан?

Амансың ба, достарым?

Сендерді көрсем қуанам!

Көктемде алғаш шығатын гүлдер қызғалдақ, бәйшешек, бақбақ гүл арқылы топқа бөлу.

«4 сөз 1 жауап» әдісін қолдану. Оқушылар тақырыпты өздері ашады. Оқу мақсатымен таныстыру


Музыка




Гүлдер арқылы топтастыру



«4 сөз 1 жауап» слайд

Ортасы






5 минут

1 тапсырма. ( Т, МК )

Оқылым. Мәтінді түсініп оқы. Мәтін не туралы? Оқиғаның мәтін екенін дәлелдеу. Мәтіннің түрін анықта.

Мәтіндегі қарамен жазылған сөздерге сұрақ қой, бұл сөздер нені білдіреді?

1 – топ: Мәтін мазұнын айтады.

2 – топ: Мәтіннің түрін анықтайды.

3 – топ: Мәтіннің ішінен қандай? сұрағына жауап беретін сөздерді табады.


Белсенді оқыту: «Нұсқау беру және айту»

Саралау: «Жіктеу»

ҚБ «Сиқырлы кілт» әдісі

Әр тапсырма аяқталғанда білім алушы өз-өзін бағалап отырады.

Топтар бір-бірін бағалайды.


Толық


Толық емес


Қалыпты


Оқулық












«Сиқырлы кілт» әдісі


Бағалау критерийі:

1. Сын есім ажыратады, оған қойылатын сұрақтар туралы біледі


Дескрипторлары:

1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтады.

2. Мәтін ішінен сын есімді табады

3. Сын есімге сұрақтар қояды











4 минут

Заттың түрін, түсін, сапасын білдіретін сөздерді сын есім деп атайды. Сын есімдерге қандай? қай? деген сұрақтар қойылады. Мысалы: сұлу, жақсы, таза, қоңыр.

2 тапсырма (Ж)

Жазылым.

Жұмбақты көркем жаз, шешуін тап. Сын есімдердің астын сыз. Жұмбақтың шешуін табуға қандай сөздер көмектесті? Содан соң қорытынды жасап көр.

Іші қызыл, сырты қатты,

Еті қызыл, сүті тәтті. (Қарбыз)

Белсенді оқыту: «Сұрақ қою және талқылау»

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету»


ҚБ. «Сыйлықтар» әдісі.

Топтың бірін-бірі бағалайды.

толық

толық емес

қалыпты





Оқулық, дәптермен жұмыс








«Сыйлықтар» әдісі


Бағалау критерийі:

2. Мәтін ішінен сын есімді тауып, сөйлем құрайды, сын есім туралы дәлелдер келтіріп, қорытынды жасайды.


Дескрипторлары:

1. Жұмбақты көркем жазады.

2. Жұмбақтың шешуін табады

3. Сын есімдердің астын сызады.









5 минут

3-тапсырма (Ө, Ұ)

Жазылым

Ребусты шеш. Шешуіндегі сөзді қатыстырып сөйлем құра.

Рисунок 1


Белсенді оқыту: «Түсіндіру және сипаттау»

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету»


ҚБ. «Көңілді баскиімдер» әдісі.

Өзін өзі бағалауы.


түсіндім

көмек керек

түсінбедім


Оқулық















«Көңілді баскиімдер» әдісі


Бағалау критерийі:

2. Мәтін ішінен сын есімді тауып, сөйлем құрайды, сын есім туралы дәлелдер келтіріп, қорытынды жасайды.


Дескрипторлары:

1. Ребустың шешуін табады

2. Сын есімді қатыстырып сөйлем құрайды

3. Ребустың шешуін үш тілде айтады.



Сергіту сәті

2 минут

«Қаражорға» биі


Музыка






5 минут

4-тапсырма (МК, Ж, Қ)

Жазылым.

Жаңылтпашты қатесін түзеп, көшіріп жаз. Сын есімдерді тап.

Үшкір тұмсұқ (тұмсық)

Сұр шымшық

Сордан ұшты (тордан)

Құрыт шымшып (құрт)

Белсенді оқыту тәсілі: «Бекіту және қолданысқа енгізу»

Саралау: «Қорытынды»

ҚБ. «Көбелектер» әдісі.

Жұптың бірін бірі бағалауы.

толық

толық емес

қалыпты





Оқулықпен, дәптермен жұмыс






«Көбелектер» әдісі


Бағалау критерийі:

3. Пунктуациялық және орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзетеді

Дескрипторлары:

1. Жаңылтпаштың қатесін түзетеді.

2. Жаңылтпашты көркем жазады.

3. Сын есімдерді тауып, сұрақ қояды.










3 минут

5 –тапсырма Шығармашылық жұмыс: «Семантикалық карта»

Тиісті жерге «+» таңбасын қою. (Ж, Ұ)

Белсенді оқыту: «Қорытынды шығару және есте сақтау»

Саралау: «Тапсырма»


Сөйлемдер

тәртіпсіз

тәртіпті

ұрыншақ

ұстамды

керіс

ұнамды

…….бала –сүйініш,

Төбең бір көкке жетеді







…….. бала – күйініш,

Төмендеп басың кетеді







........ бала жанында







Ұрыс пен .......айқай-шу







.......... бала маңынан







……… қылық байқайсың








ҚБ. «Қолшатыр» әдісі.

Бірін бірі бағалауы.

толық

толық емес

қалыпты














«Қолшатыр» әдісі.



Бағалау критерийі:

2. Мәтін ішінен сын есімді тауып, сөйлем құрайды, сын есім туралы дәлелдер келтіріп, қорытынды жасайды.


Дескрипторлары:

1. Семантикалық карта бойынша 2 сын есімді тиісті орынға қояды.

2. Семантикалық карта бойынша 4 сын есімді тиісті орынға қояды.

3. Семантикалық карта бойынша 6 сын есімді тиісті орынға қояды.




4 минут

«Блиц кездесу» ойыны арқылы сабақты қорытындылау. (Ұ)

Белсенді оқыту тәсілі: «Түсіндіру және сипаттау»

Саралау: «Диалог және қолдау көрсету»



Мұғалімнің мадақтау сөздері

ҚБ «Қызықты кітаптар» әдісі

толық

толық емес

қалыпты


«Блиц кездесу» әдісі




«Қызықты кітаптар» әдісі










Бағалау критерийі:

2. Мәтін ішінен сын есімді тауып, сөйлем құрайды, сын есім туралы дәлелдер келтіріп, қорытынды жасайды.


Дескрипторлары:

1. Затты сипаттайды.

2. Сипаттау сөздері арқылы жасырынған суреттердің атауын табады.

3. Сын есім туралы дәлелдер келтіріп, қорытынды жасайды.


Аяқталуы






5 минут

Бағалау:

Өзін-өзі бағалау парағы

Оқушының аты___________________


Қалыптастырушы бағалау

1-т

2-т

3- т

4-т

5

6-т






































Кері байланыс

Оқушылар сабақтан алған әсерлері бойынша кері байланыс береді.

Бағалау парақшасы



ҚБ

«Сиқырлы кілт» әдісі

«Сыйлықтар» әдісі

«Көңілді баскиімдер» әдісі

«Көбелектер» әдісі

«Қолшатыр» әдісі «Қызықты кітаптар» әдісі

Үйге тапсырма

1 минут

5-тапсырма Сурет бойынша әңгімелеу, суреттегі оқиғаны болжау. Сурет бойынша қандай оқиға болғанын анықтап, мәтін құрайды.





Қосымша ақпарат


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Деңгейлері жоғары оқушыларға арналған тапсырма

«Алма» тақырыбында сипаттау мәтінін жазу.

Бағалау

толық

толық емес



Рефлексия

Сабақтың оқу мақсаты шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен орындаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен бүкіл уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Оқу мақсаттары шынайы оқуға негізделді.


Сын есім және оған қойылатын сұрақтар туралы білді

Жақсы, қызықты, көңілді

Жоспарлаған саралау жақсы іске асты


Уақыт сәйкес келді


Топтық жұмыс, түрлі әдіс-тәсілдер, қалыптастырушы бағалау

Қорытынды бағамдау


Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. «Сиқырлы кілт» әдісі топтық жұмыста бір-бірін бағалауда тиімді болды.


2. Шығармашылық жұмыс орындауда «Қолшатыр» әдісі өзін-өзі бағалуда тиімді болды.


Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды? (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

1. Топтық жұмыс оқушыларды өздігінен жұмыс жасауына ықпал етті.


2. «Блиц кездесу» ойыны арқылы оқушылар тақырыпты өмірмен байланыстырып, қорытында шығара алды.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

1. Постермен жұмыс жасау керектігін білдім.


2. Сын есімді басқа сөз таптарынан ажырата алуын тексеру үшін сөз таптарына арналған семантикалық карта қолдану керек екендігін білдім.





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
29.03.2019
1412
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі