400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

2-сынып Қазақ тілі Т2 ҚМЖ "Менің сүйікті үйірмем"

Материал туралы қысқаша түсінік
2-сынып Қазақ тілі Т2 ҚМЖ "Менің сүйікті үйірмем"
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім

ӨЗІМ ТУРАЛЫ

Педагогтің аты-жөні


Күні


Сынып: 2

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

10-сабақ. Менің сүйікті үйірмем

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

2.2.1.1 өз сөзінде ақпаратты сұрау, іс-әрекетке түсініктеме беру үшін сөздер және сөз тіркестерін қолдану;

2.2.4.1 суретті жоспар және тірек сөздер/сұрақтар негізінде шағын мәтінді мазмұндау.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар жасай алады: өз сөзінде ақпаратты сұрау үшін сөз тіркестерін қолданады, мәтінді мазмұндайды.

Оқушылардың көбі жасай алады: ақпаратты сұрау үшін сөз тіркестерін қолданады, мазмұндайды.

Оқушылардың кейбірі жасай алады: сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады.



Сабақтың барысы:

Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (5 мин)

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар бір-біріне жақсы көңіл күй сыйлайды.

Шеңберге тұрып, бір-бірін мадақтайды. Мысалы: Шашың қандай әдемі!

ҚБ: мадақтау


Сабақтың ортасы (35 мин)

Жаңа сөздер: үйрен, биле, ән айт, тарту.

Жаңа сөздермен бұйыру мағынасында сөйлемдер құрап үйренеді.

Сен шахмат үйрен. Сен әдемі биле. Сен ән айт. Сен домбыра тарт.

ҚБ: өзін-өзі бағалау

жаңа сөздер


1-тапсырма. Тыңдайық.

Мектепте сурет үйірмесі, ән үйірмесі, домбыра үйірмесі бар. Мен домбыра

үйірмесіне барамын. Маған домбыра тартқан ұнайды.

*Мектепте қандай үйірмелер бар?

*Сен қандай үйірмеге қатысасың?

Жұптық жұмыс.

Мәтінді тыңдап, сыныптасымен жауап береді.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі







Сергіту сәті.

Қолды белге қояйық. Басты оңға бұрайық, Басты солға бұрайық. Бір отырып, бір тұрып, Біз демалып қалайық.

(музыкамен билеп көрсетеді)




2-тапсырма. Оқиық.

Домбыра туралы сыныптасыңа айтып бер. Керекті сөздер: домбыра, ұлттық, аспап, үйірмеде, үйрен, ән айт, күй, орында.

Жұптық жұмыс. Мәтінмен жұмыс.


Дескриптор:

  • мәтінді тыңдайды;

  • жұбымен сұрақтарға жауап береді;

  • домбыра туралы әңгімелейді;

  • керекті сөздерді қолданады.

ҚБ: сұрақ тармақтары

оқулық


интербелсенді тақта


музыка


Дәптердегі №1 тапсырма.

Дәптермен жұмыс.





3-тапсырма. Айтайық.

Сурет бойынша әңгіме құрастырып айт.

«Суретті әңгімеле» әдісі.

Оқушыларға суреттер көрсетіліп,

әңгімелетіледі. Оқушылар өздері құраған әңгіме мен әңгіменің шынайы сюжетін

салыстырады. Оқушыларға әңгімедегі негізгі ойды табу тапсырылады.


Дәптердегі №2 тапсырма. 4-тапсырма. Жазайық.

Суреттерге қарап, сөйлемдерді толықтырып жаз.

Сен ... үйірмесінде ... ойнайсың. Сіз ... үйірмесінде ... билейсіз.

Ол ... үйірмесінде ... айтады.

Суретпен жұмыс.

Оқушыларға суретте бейнеленген сәттің

алдында не болғаны және кейін не болатыны болжатылады. Оқушылардың өз әңгімелері тыңдалғаннан кейін бағаланады.




Дәптермен жұмыс.

Жазылым тапсырмасымен жұмыс.


Дескриптор:

  • сурет бойынша әңгіме құрастырып айтады;

  • сөйлемдерді толықтырып жазады.

ҚБ: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

сұрақтар суреттер

Сабақтың соңы (5 мин)

Кері байланыс. «Неге? Неге?» әдісі.

Сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды.

  1. Неге үйірмеге барады?

  2. Неге домбыра тартады?

  3. Неге үйірмеге шақырады?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
7 ұстаз жүктеп алған
09.10.2023
1258
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі