Материалдар / 2 сынып Шешендік өнер үйірмесі

2 сынып Шешендік өнер үйірмесі

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған үйірме
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2020
1120
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Өнер баспасы 2002 жыл

Қ.А.Иассауи атындағы халықаралық Қазақ Түрік университеті Шымент бөлімшесінің ғылыми кеңесінде талқыланып, баспаға ұсынылды.





Құрастырушы: Аюбай Құралұлы







Бұл 1-4 сыныптарға арналған оқу құралы үйірме курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептің бастауыш сынып оқушыларының сөздік қорын байыту, молайту мақсатында жасалынды. Шешендік өнер оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Бұл көмекші құрал әдебиеттік оқу пәніне көмек ретінде дайындалды.



























Түсінік хат



«Шешендік өнер» үйірме курсының бағдарламасы жалпы білім беретін мектептердің бастауыш сыныптарына арналып жасалынды. Көмекші құрал ҚР «Білім туралы» Заңының, ҚР «Білім» бағдарламасының, Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын ескере отырып жасалды.

Қазақ ауыз әдебиетінің ерекше бір жанры – шешендік өнер. Оқушыларды «Шешендік өнерге» баулудың маңызы зор. Қазақ халқы шешендік өнерді аса құрметпен бағалағандықтан, бастауыш сынып оқушыларын ата-баба ізімен шебер сөйлеу, тілдерін дамыта түсу, олардың үлгі-өнегесін бойларына дарыту – басты мақсат. Халқымыздың даналығының үлгісі шешендік сөздер – ғасырлар бойы халық сынынан ерекшеленіп өткен құнды мұра, асыл қазына. «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» дейді ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ал бесіктен басталатын тәрбиенің бірден-бірі – қазақ ауыз әдебиеті. Шешендік сөздердің алғашқы үлгілерін халық ауыз әдебиеті туындыларынан, ертегі, аңыз әңгімелерден, өлең – жыр, дастандардан ұшыратамыз. Осы сөз өнерінің кең қанат жайып, орнығып дамуында тапқырлық пен шешендіктің тамаша нұсқаулары – жыраулар толғаулары, айтыстар мен мақал-мәтелдердің орны ерекше.

Оқушыларға шешендік өнер туралы мағлұматтарын тереңдетіп, оның жан – жақты тарихи екенін таныту. Танымдық ой – өрісін кеңейту сөздік қорларын молайту, өзіндік пікір айта білу қабілеттерін дамыту мақсатын көздей отырып, «Шешендік өнер» үйірмесі ана тілі пәніне негіздей отырып, көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады. Бұл жинақ бастауыш білім беруде «Әдебиеттік оқу» пәніне қосымша сабақ ретінде алынып отыр.

















«Шешендік өнер» сабағының мақсаты:

1. Оқушылардың жеке басын қалыптастыра отырып, әдеби мұраларға деген талғамын тәрбиелеу;

2. Рухани дүниесін кеңейту, ақыл-ойы мен ұлттық сана-сезімін дамытуға ықпал ету;

3. Кітап оқуға деген ынтасын қалыптастыру.


Міндеттері:

  • оқушылардың оқу дағдысын қалыптастыру және жетілдіру;

  • көркем шығармаларды оқуға деген қызығушылығын дамыту;

  • шығарманың түпкі мазмұн - мәнін түсінуін, эмоциялық қабылдауын

(кейіпкерлердің көңіл-күйіне ортақтасу, күйіну, сүйіну т.б.) қамтамасыз ету;

  • шығармадағы көркем бейнелердің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;

ауызекі және жазба тілде байланыстырып сөйлеуін (ойын еркін жеткізу, сауатты да мәнді жаза білу) дамыту;

  • өзіндік ой пікірін айта білуге баулу;

  • оқушылардың бойына ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік

сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту.





Күтілетін нәтиже:

Көрген – білгенді көкейге тоқып, көп үйреніп, ізденудің арқасында шебер сөйлеуге жаттығады.

Би – шешендердің сөздерін жаттап өсіп, жаңа ұғымдармен танысады.

Мақалдың немесе өлең ұйқастарын таба отырып, берілген қысқаша мәтінді өз ойымен жалғастыра білуді үйренеді.

Сөздерді мақсатқа, негізгі ойға, мазмұнға сәйкес өз бетінше талдап қолдана алады. 
Шығармашылығын шыңдайды,танымдық қабілеттері дамиды,өзіндік ой қорытуға, ойын әдеби тілмен өрнектей білуге дағдыланады. 
Халықтың қанатты сөздерінің мәнін, мағынасын түсініп, одан тәрбие алады.











Сабақтардың тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Жеті ата туралы түсінік

1


2

Жеті атаның орыс тіліндегі атаулары

1


3

Пышақ және оның түрлері

1


4

Пышақтың құрылысы

1


5

Пышаққа қатысты тыйымдар мен ырымдар

1


6

Қазақша тәулік мезгілдерінің атаулары

1


7

Қазақша жыл мезгілдерінің атаулары

1


8

Қазақша жыл аттары

1


9

Жыл қайыру

1


10

Жыл санау

1


11

Мүшел жас

1


12

Туыстық атаулар

1


13

Орыс тілінде туыстық атаулар

1


14

Үй ішіндегі бөлме және орын атаулары

1


15

Үй ішіндегі орын атаулары

1


16

Үй үішіне қатысты тыйымдар

1


17

Үй жихаздарының атаулары

1


18

Асықтың түрлері және атаулары

1


19

Төрт түлікке қатысты ұғымдар

1


20

Төрт түлікке қатысты ұғымдар

1


21

Төрт түлік пірлері туралы өлеңдер

1


22

Төрт түлік малды және үй жануарларын шақыру

1


23

Жануарларға байланысты ұлттық ойындар

1


24

Төрт тұлікке қатысты тыйымдар

1


25

Төрт тұлікке қатысты тыйымдар

1


26

Тереңдік өлшемдері

1


27

Тереңдік өлшемдері

1


28

Адам бойына байланысты тереңдік өлшемдері

1


29

Мал тұрқымен байланысты тереңдік байланыстар

1


30

Мал тұрқымен байланысты тереңдік байланыстар

1


31

Бұйымдарға байланысты тереңдік өлшемдері

1


32

Бұйымдарға байланысты тереңдік өлшемдері

1


33

Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар

1


34

Қазақ халқында жиі қолданылатын сандар

1



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ