400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2-сынып сын есім Қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдері үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пән: Қазақ тілі

Мектеп: «Қосағаш » жалпы орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:Берданова Б

Сынып: 2

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Бөлім

Оқиға құрастыра аламын.

Сабақтың тақырыбы

Сын есім

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

(О) 2.2.3.1 - мәтін мазмұнын анықтауға бағытталған сұрақтар құрастыру және жауап беру

(Т.н.қ) 2.4.2.3 - сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажырату

Сабақтың мақсаттары

Оқушылардың барлығы: сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады. Мәтін туралы біледі.

Оқушылардың көбісі: сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады. Мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/әңгімелеу мәтіндерін құрап жазуды түсінеді.

Оқушылардың кейбіреуі:

- сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады. Мұғалім көмегімен жеке сурет/сюжетті суреттер арқылы шағын сипаттау/ әңгімелеу мәтіндерін құрап жазуды меңгереді, өз бетінше жұмысты орындай алады.

Жетістік критерийлері

Білім алушылар:

- сөз таптарын (зат есім, сын есім, сан есім, етістік) ажыратады

-суреттер бойынша мәтін құрап жаза алады.

Құндылықтарды дарыту

Жұптасып, топтасып жұмыс жасай білуге, өзара көмек көрсете білуге тәрбиелеу.

Алдыңғы меңгерілген білім

Сын есім. Түс, пішін, көлем, дәм туралы көркем еңбек, математика , дүниетану, сауат ашу пәндерінен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

5мин.

Қызығушылықты ояту. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.

Үй тапсырмасына шолу жасау. «Сұрақ -жауап» әдісі

Оқушылар бір-бірінің жақсы мінездерін айтады.




Сабақтың ортасы

30 мин

Мағынаны ажырату. «Миға шабуыл» әдісі

65-жаттығу (М.К, Ө,Ұ ,Қ) Оқылым, жазылым, тыңдалым дағдысы жүзеге асады.

Ертіс – үлкен өзен. Оның бойына сәулетті қалалар салынған.

Ертіс жағасының құнарлы топырағы мол өнім береді.

• Мәтіндегі сын есімдерді тап. Олардың қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.

Дескриптор Білім алушы :

-сын есімдерді таба алады

-сын есімдерге сұрақ қоя алады

-сын есімдердің қай сөзбен байланысып тұрғанын айтады.

Бағалау. «Бас бармақ» тәсілі арқылы бағалау


66-жаттығу(М.К,Ұ, Қ )

Айтылым , жазылым дағдысы жүзеге асады.

Сызба бойынша бір зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып айтуға басшылық жасау


Дескриптор Білім алушы :

-Берілген сызбадан сын есімді анықтай алады.

Бағалау. Өзін өзі бағалау


67-жаттығу (Ж, Ұ,Қ; ) «Ойлан –жұптас-талқыла » әдісі

Оқылым ,тыңдалым, айтылым дағдысы жүзеге асады.

Түйені сипаттап, мәтін құрастырады.


Дескриптор Білім алушы :

-сын есімдер қатарын таба алады

-сын есімдерге сұрақ қоюды біледі.

Сын есімдер мен зат есімдерді дұрыс сәйкестендіреді.

Бағалау . «Қол шапалақтау» әдісі арқылы бағалау.


68-жаттығу( М.К, Т,Ө, Қ ) «Автор орындығы » әдісі

Тақтамен жұмыс . Оқылым ,жазылым дағдысы жүзеге асады.

Көп нүктенің орнына мағынасы сәйкес сын есімдерді қойып,

сөйлемдерді көшіріп жазады.

1. Үлкен бастар, ... қостар.

2. Мақта жеңіл, тас ... .

3. Пияздың дәмі – ащы, қанттың дәмі – ... ..

Дескриптор Білім алушы :

-мәтінді қатесіз көшіреді

-сын есімді ажырата алады

-сын есімге сұрақ қоя алады.

69-жаттығу ( М.К, ОТ,Ө, Қ ) Қара –жап-жаз әдісі

Мақалдарды жатқа жаз. Мағынасын түсіндір.

1. Мәуелі ағашқа тас атпа.

2. Берекелі елден мереке кетпес.

Бағалау . «Бас бармақ » тәсілі арқылы өзін-өзі бағалау.

(Ө, Қ)Шығармашылық тапсырма.

Дәптердегі шығармашылық тапсырма орындалады. Кестедегі әріптерден сөздер құрастырып , шыққан сөздерді қасындағы бос торкөздерге жазады.


Оқулық


Жұмыс дәптері.









АКТ

Тақырыптық суреттер

Оқулық

Филипчарт , маркер




Жұмыс дәптері.






Оқулық










Оқулық

Тексеру парақшасы











Дескрипторлар

Білім алушы.

  1. Сауатты жазады

  2. Көркем жазады

  3. Шығармашылық жұмыстарды орындайды.


Сабақтың соңы

5 мин

Қалыптастырушы бағалау. (ҚБ)



Қалыптастырушы бағалау парақшасы

Кері байланыс.

Жұмыс дәптеріндегі «Өз жұмысыңды бағала » тапсырмасы орындалады.


ҮТ

64-жаттығу


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Өзіндік жұмыс орындау барысында көмекті қажет ететін оқушыларға қолдау көрсетемін. Өзіндік тапсырманы шапшаң орындаған оқушыларға қосымша тапсырманы ұсынамын.

Сабақ барысында мадақтау сөздер айту арқылы бағалау. Оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау. Кері байланыс беру арқылы бағалау.

Партада отыру ережесін, сынып ішіндегі қауіпсіздік ережесін ескерту.

Сергіту сәтін өткізу

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттарышынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?


Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
9 ұстаз жүктеп алған
5 маусым
3119
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі