400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2 сынып Тәрбие сағаты "Адамгершілік рухани тәрбиенің маңызы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ұсынып отырған сабағым кез келген бастауыш сынып мұғаліміне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы



Сыныбы:

2 «а»

Күні Тәрбие сағаты

Тақырыбы

Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы

Мақсаты

Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеу, баланың жеке тұлғалық қабілетін қалыптастыру мен дамытудың аса маңызды бір саласы, ұжымға, қоғамға, Отанға, еңбекке, өз міндеттеріне және өз басына жауапкершілігін қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже



* Айналасындағы адамдарға адамгершілікпен қарау керектігін түсінеді

* Адамгершіліктің адам санасына әсері барын біледі

* Адам бойындағы жақсы қасиеттерді ажыратады.

Тәрбиенің бағыты

Рухани-адамгершілік тәрбие

Әдіс-тәсілдер

Диалогтық әдіс,Сыни тұрғыда ойлау.

Сабақтың барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе




Психологиялық дайындық

Шеңбер – бұл әлемдегі мейірімділік, жақсылық. Шеңбер арқылы бір-бірімізге күлімдеп қарап, бақыт, қуаныш, жылылық тілейміз.

Топтасу

1-топ:«Мейірімділер» 3-топ: «Инабаттылар»

2-топ:«Сабырлылар» 4-топ: «Кішіпейілділер»

Оқушылар тренингке шығады

Топқа бөлініп отырады


Тұсаукесер


«Сиқырлы сөздер»

Берілген сөздерді оқып,алғашқы әріптерін теріп шық.

Ақылды,дарынды,адал,мейірімді,гүлдену,еңбекқор,рақымшыл,шыдамды,ілтипатты,лайықты ,ізденімпаз ,кеңпейілді.

Жаңа сабағымызыдың тақырыбы: Адамгершілік-рухани тәрбиенің маңызы.

Оқушылар ойланады тақырып ашады

Негізгі бөлім














































Сергіту






I. «АҚИҚАТ» -Ақиқат дегенді қалай түсінеміз?

Мұғалім:

Адамгершілік парасатты сөз. Адамның бойынан адамгершілік қасиеттер табылса,әрине сымбатты, парасатты көрінеді.

Адамгершілік – адамның асыл қасиеті. Жүсіп Баласағұн адамгершілік пен инабаттылықтың төрт қасиетін 6600 тармақтан 72 тараудан тұратын “Құтты білік” дастанында көрсетіп берді.

II . «СҮЙІСПЕНШІЛІК»

  • Сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіздер?

Адамгершілікке байланысты проблемалық жағдаяттарды шешу
Сұрақтар:
1.Мектептен үйге қарай жүгіріп келе жатқанда, алдыңнан бір үлкен кісі шықты. Сен не істер едің?
– Үлкен кісімен амандасып жол беремін.
2.Өзіңнен үлкен кісілер әңгімелесіп отырған кезде сен не істеуің керек?
– Үлкендердің әңгімесін бөліп, сөзге араласуға болмайды.
– Егер тығыз шаруам болса, «кешіріңдер» деп айтар едім.
3.Көшеде біреу жөн немесе жол сұраса не істер едің?
– Асықпай түсіндіріп беремін.
4.Автобуста, қоғамдық орындарда егде адамдарды көрсең не істеген жөн?
– Үлкен кісілерге әрдайым орын беру керек.
5.Үлкен кісілермен қалай сөйлесу керек?
– Үлкен кісімен «Сіз» деп сөйлесу керек.
–6.Әдептілік деген не?
– Адамдардың жүріс - тұрысы мен өзара қарым - қатынасының ережелері.

-Бұл әрекеттің барлығы да жүрегімізден сүйіспеншілікпен шығуы керек.

  • Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа-адамгершілік-рухани тәрбие беру дейміз. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан сіздердің бойыңызда жастайыңыздан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікке тәрбиелеуге біз көмектесеміз.

III.«ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ»

-Қиянат жасамау дегенді қалай түсінесіздер?

Осы қағидаға топпен ереже құрастыру.

IV.«ДҰРЫС ӘРЕКЕТ»

-Дұрыс әрекет дегеніміз не?

  1. Үйде отбасыңмен теледидар қарап отырсың делік. Болып жатқан бағдарлама саған мүлде ұнамайды. Сенің басқа арнада болып жатқан киноны қатты көргің келіп отыр. Не істер едің?

2. Сыныптас досың үй тапсырмасының орындалмау себебін

өтірік айтып мұғалімді алдады. Сен не істер едің?


3.Қоңырау кезі. Сыныптағы оқушылардың барлығы

сыртта жүр. Сыныпқа кіріп келсең, сенің бір сыныптасың аяғын ауыртып алып жылап отыр.Не істер едің?


4. Велосипедпен жарысып келе жатқан Қанат жолдың

шетінде тұрған қарияны көреді. Не істеу керек? Жол беріп, өткізіп жіберсе, жолдастарынан қалып қояды. Жолдастарының жол шетінде тұрған қарияға қарар түрі жоқ. Жарыстың аты – жарыс. Қанат қарияның жолын кесіп кетті. Қанаттың қылығы дұрыс па? Егер Қанаттың орнында болсаңдар не істер едіңдер?

Ойын:«Сиқырлы айна»

-Балалар,біз Бердібек Соқпақбаевтың қандай фильмін білеміз?Осы фильмдегі басты кейіпкеріміз кім?

Олай болса,Қожа сияқты біз де өзімізге қарап өзіміздің қандай екенімізді айтып көрейік.

-Тап қазіргі таңда өзіңді қандаймын деп ойлайсың?

-Өзіңе қандай талап қоясың?



Ойындарын,тест орындайды.








Диалогтық әдіс


Әр топқа берілген қобдишадан жапырақ

тар

астынан ,

жасырын сұрақты тауып жауап береді.























Топпен талдау,

Пікірлесу



Жасырын жапырақты

алып,өз ойын білдіреді.











Ойынға ерікті түрде қатынасады

Монолог

Қорытын

ды





V. «ТЫНЫШТЫҚ»

Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жатқа оқып береді?

-Өлеңде не туралы айтылған?Не ұқтық?

- Біз анадан туғанда ананың ақ сүтімен берілетін осынау бес құндылылығымызды жүрегімізге орналастырып,қашанда айналамызыға жақсылық жасауға тырысайық.

Бұл құндылықтар біздің бойымызда туа бітеді.Егер осыларды жарыққа шығаратын болсақ,онда адам өз іс—әрекетін ,айтар ойын,сөйлер сөзін барлығын автоматты түрде басқара алады, дұрыс әркет жасайды,ішкі әлемін тынышталдырады,айналасының барлығына риязы сүйіспеншілікпен қызмет жасайды.Ақиқат қашанда шындықты айтады.Ешкімге ешқашан сөзбен,іспен де қиянат жасауға болмайды екен.Атап айтқан «Бес асыл істі» өзіміздің бойымызға дарытсақ жақсы адам болып ер жетеміз.Жан дүниеміз тынышталғанда біз рақат өмір сүреміз.Мен сіздерді тек жақсы адам болып ер жетесіздер деп сенемін.


Мәнерлеп оқу


Рефлексия

Кері байланыс Тақтада «Адамгершілік шыңы» суреті, етегіне стикерлер ілеміз.

Жақсы адам өзгені ғана қадірлеп қоймайды, балалар! Өзін де қадірлейді.

Өз бойындағы жақсы қадір-қасиеттерді біліп, соны сақтап, дамыта түседі. Мен ұстаз ретінде әрбіріңнің бойыңда қандай қасиеттер бар екенін жете білемін. Мен мақтана айтамын, менің сыныбымда адамгершілігі зор балалар оқиды. Ал сендер әрбірің өз бойларыңда қандай тамаша қасиет барын білесіңдер ме? Ал, қане бәріңе бірер минут ойлануға рұқсат. Жақсылап ойланып, өздеріңнің бойыңда бар ең жақсы бір ғана адамгершілік аясына жататын қасиеттерді жазып, іліңдер!

  1. Жақсы оқушы боламын

  2. Бастаған ісімді соңына дейін аяқтаймын

  3. Әрқашанда үлкенді сыйлаймын

  4. Ерінбей еңбек етемін

  5. Досымды құрметтеймін

  6. Барлық адамды жақсы көремін



Стикермен ілу














































Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
25 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
7793
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі