400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 19 материал табылды

2 сынып Тәрбие сағаты "Ақпыз, қара сарымыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мемлекеттік мейрамдар туралы жазылған мұғалімдерге, оқушыларға керек болар
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Ақпыз, қара, сарымыз,ағайынбыз бәріміз».

Мақсаты: Көп ұлтты Қазақстан халқының татулықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқаны жайлы танымдық ойларын дамытып, өзге ұлт өкілдерін құрметтей білуге тәрбиеленеді.
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, сто стратегиялары.
Көрнекілігі: тақырыпқа байланысты суретті плакат, бүктеме суреттер, нақыл сөздер.
Мағынаны   тану

Мұғалім сөзі
-Әрбір адам үшін дүниедегі ең қасиетті де киелі ұғым – Отан. Шынында да солай. Константин Паустовскийдің өз сөзінде: «Адам жүрексіз өмір сүре алмайтынындай, еш уақытта Отансыз өмір сүре алмайды». Осы айтқандай адамның барлық тіршілік-тынысы өз Отанымен тікелей байланысты әрі сабақтас.
-Иә, бүгін біз үшін Отаннан артық ұлы ұғым жоқ. Елімізде мекендейтін барлық халық өкілдері ынтымақ пен достық туын жоғары ұстап келеді.
Бейбітшілік – біздің басты ұранымыз әлемде бейбітшілікті сақтау адамның ең бірінші құқығы, өмір сүру құқығын сақтау деген сөз.

Айгерім:
-Қазақстанда тұратын жүзден астам ұлт өкілдері тату-тәтті тұрады. Мамыр – достық мерекесі. Бұл – еңбекшілердің халықтық мейрамы, бүкіл дүние жүзі жұмысшыларының ынтымақ күні.
Ырыс алды-ынтымақ, достық түбі-береке, мереке дейді.
Назеркем:
Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Бүкілхалықтық мейрам. Кең байтақ Отанымызда ынтымағы жарасқан жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері мекендейді.
Саяна:
-Міне, мерекелі мамыр айы да келіп қалды. Мамыр айы – ерекше ай. Ендеше, достым, себебін айтшы.
Назыл:

-Иә, бізің туған жеріміз Қазақстан кең байтақ. Бір шетінен екінші шетіне жету үшін құс қанаты талады.

Әли:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Достық тату өмірге

Дүние жүзі сенеді.

Соғыс өртін өшіре

Бейбітшілік жеңеді.

-Ал енді балалар саяхатқа шығайық.

Алдыменен бәріміз зымыранға нақты орналасайық,

Зымыран терезесінен қарайық,

3,2,1 қозғалтқышты басамыз,

Алақандарымызды қосамыз ууууу деп жер айналып ұшамыз.

Қараңдаршы, бұл қай ел балалар,

Кім біледі екен айтыңдар.

Оқушылар: Жапон елі.

Әрине дұрыс Бұл Жапон елі

Күн шығатын ел.

Жапон еліне алып келген өнерлерімізді көрсетейік

Бекхан:

Біз балдырған тең басқан,

Дос құшағын елге ашқан

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Сайда:

Бақытты боп жүргенім,

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Елім менің тірегім,

Құшағыңда гүл атам.

Рафхат:

Күлімде, күн күлімде

Күлсін барлық бала шат

Берекелі бүгіндей

Бейбіт болсын болашақ!

«Цыган» биі

-Ендеше балалар пароходка отырайык,

Америкаға қарай жол салайық.

Ал мынау Америка әлемі,

Бай болып келеді әр кезі.

Хеллоу достар, хеллоу достар,

Ортаға шығып би билейік замандастар.

Аяжан:

Шығысыңнан арайлы,

Күліп атқан құба таң,

Сенен бақыт тарайды,

Баршамызға Ұлы Отан.

Аяулым:

Отанды

Жас, кәріміз де,

Туған жер деп сүйеміз,

Өйткені онда бәріміз де

Туып, өмір сүреміз.

Ақансері:

Шекіссек те екеуміз,

Үйге жылап қайтпаймыз.

Сөзімізге бекімбіз,

Анамызға айтпаймыз.

-Әрі қарай саяхатымызды жалғастырайық.

Балалар тікұшаққа отырайық,

Жер бетінен бір айналайық.

Мұхиттың үстіменен де ұшайық,

Африка еліне ендеше біз қонайық.

Африка еліне үлкен сәлем!

Кездесеміз біз бұл елде жануарлардың түрімен:

Қолтырауын, пілдермен де, маймылмен де, шәует кит және «Чунга -Чанга» биіменде.

«Чунга -Чанга» биі

Наурызбек:

Сеніңдер менің сөзіме,

Құлақтарыңды тосыңдар.

Қатты ұнайтын өзіме,

Ғажайып бір досым бар.    

Айлита:

Көріспесек бір жұма,

Іздеп келер ол кілең,

Мен қайғырсам – ол жылап

Ол жымиса – мен күлем.

Мерей:

Үзім нанды бөліскен,

Ынтымағы келіскен

Достық аулақ тұрады

Ұрлық, ұрыс-керістен.

Әсемгүл:

Гуілдеген тоғайша

Күндерді еске алыңдар.

Досы жоқтар қалайша

Сүреді өмір, таңым бар.

-Ал ендеше балалар темір атқа мінейік,

Темір жолмен әрі қарай жол жүрейік.

Ресей жеріне де келіппіз,

Ресей біздің баяғыдан іргелес көршіміз.

Бір ән шырқап берейік,

Достығымызды әрі қарай бекітейік.

Рамина:

Не жетеді ғазиз досқа расында,

Қуансаң да, қайғырсаң да қасыңда

Қиналады, сен қиналсаң болғаны

Ұйықтамасаң, ұйықтамайды ол-дағы.

Әділет:

Достық деген ізгіліктің алаңы

Оған куә ғасырлар мен замандар.

Отанын да сатып кете алады

Қиын шақта, досын сатқан адамдар.

Хор: «Достық» әні

Бәрі:

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Бейбітшілік ұранымыз,

Достық, бірлік жыр-әніміз

Таңғажайып Ұлы Отанда

Тату-тәтті тұрамыз біз. 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
1732
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі