400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2 сынып Тәрбие сағаты "Жыл басы - наурыз"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ұсынып отырған сабағым кез келген бастауыш сынып мұғаліміне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Жыл басы - Наурыз
Жүр
гізуші : Армысыздар, құрметті ата-аналар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жаңа-жыл келді. Ұлы мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жаңұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз. Ұлы мереке сіздерге бақыт, қуаныш сыйласын! Наурыз – күн мен түннің теңелген, дала нұрға бөленген, малдың ауызы көкке, адамның ауызы аққа тиген ұлық мереке. Бауырмалдық, тазалық, қамқорлық, теңдік, елдік тоғысқан торқалы той. Қазақтың ғана емес ғаламға ортақ жаңғыру мерекесі.
Салтымен ата –бабамның Жаңғырды қайта заманым
Жаңа –жыл басы –бұл Наурыз Қайырлы болсын қадамың!–(Наурыз қыз, бір топ балалармен келеді)

Мерей Құт береке, Наурыз айым келді деп, Жер түледі, жасыл желек желбіреп,
Айналайын атамекен кең далам. Толықсиды нұрға толып, елжіреп

Айна: Наурыз келді құт болып
Мына бізге сүт болып
Аққа аузымыз толады
Бар жақсылық болады
Осыншама жақсылық
Алып келген наурызым
Төрлет, бізге нұр беріп
Шуақ шашып, ақ жүзің
Назлы:Наурыз айы –гүл айы
Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның
Құлпыра түсер шырайы

Әдемі: Наурыз келді, көктем келді ағайын,
Жадырайды, жаңғырады маңайым.
Назды, сазды науан Наурыз, армысың?
Сұлу мүсін саған біткен бар мүсін.
Қайнарындай қалың қуат, қайраттың,
Сен келдің де ғаламшарды жайнаттың.
Тіршілікке тіл бітіріп өзгеше,
Дүниенің бұлбұлдарын сайраттың.

Жанерке: Қош келдің, Наурызым төрлет бері,
Қыр төсін жауқазындай өрнектеді.
Тіршілік тамырына нәр жүгіріп,
Жадырады адамдардың келбеттері.

Наурыз, жыл он екі ай елдің жүгін,
Арқалап арамызға келдің бүгін.
Дамытып бейбіт елдің еркіндігін,
Жайлауын жарастырдың елдігімнің.
Наурыз түріп тастап жер түндігін,
Айығып ақ күмістей серпілді күн.
Сұлудай сылаңдаған мөлдір сулар,
Жылғамен ағып жатыр еркін бүгін.

Наурызбек: Наурыз – бұл мереке Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін Жақсы тілек әкелсін.
Жүр: Енді ортамызға ақ ниетпен, шын пейілмен, дархан көңіл, жарқын ниетпен, қызыр ата келеді. Қане, қарсы алайық. (музыка ойналады)
Барлығы амандасады: Қош келдіңіз қызыр ата!
Әли: Қызыр ата: (бата береді)
Жарқыра жайна Наурызым! Қабағы жаудың түйілсін
Береке байлық –дәм тұзың Халқыма мәңгі бұйырсын
Ұрпақтардың бағы болсын Арайланған таңы болсын
Ақ батамен қол жайғанның Тілегінің бәрі болсын! Барлығы: Айтқаныңыз келсін! Рахмет!
Наурыз қыз: Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық ойындар мен айтыс өнерін тамашалаған. Қане, балалардың арасында суырып салма айтысатын балалар бар ма екен? Болса, шықсын ортаға, өнерін тамашалайық. (Бақдаулет пен Назеркем )

Бақдаулет:Айналайын халқым –ай
Құтты болсын салтың –ай
Шықтық біздер жырлауға
Қазағымның салтын –ай
Назеркем :Айналайын халқым –ай
Болсын жүзің жарқын –ай
Ата салтын сақта деп
Ұран етем жалықпай

Бақдаулет:
Айтсам егер жаңылтпаш
Жаңыласың қалқам –ай
Жұмбағымды шеше алмай
Қиналасың қалқам –ай
Назеркем:Қына тасқа бітеді
Ақыл басқа бітеді
Жұмбағыңды шешуге
Білім бізде жетеді

Бақдаулет:Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінде
Самал еркін еседі
Біліміңді көрейін
Жауабын кім біледі?
Назеркем:Үйлеріңдей қаланың
Бөлек –бөлек бөлме жоқ
Макетіндей даланың
Болады ол дөңгелек
Қазағымның үйі ғой
Хормен екеуі бірге: Наурыз құтты болсын
Еліміз тыныш болсын
Ерекше заман болсын
Келер Наурыз тойына
Аман –есен жетейік!
ұлдар биі

жүргізуші: Рахмет балалар! Балалар мен сендерге сұрақ қойғым келіп тұр.
- Қандай ұлттық ойындарды білесіңдер? (арқан тартыс, көкпар, аударыспақ, қыз қуу, ақсүйек, тақия тастамақ, теңге алу, бәйге, алтыбақан, ханталапай.)
- Дұрыс айтасыңдар, балалар. Ендеше, қазір біз «Көкпар» ойынын ойнаймыз. Шарты түсіндіріледі.
- «Теңге көтеру» ойыны.
Жүр: Мерей келді әнімен
Салтанатты сәнімен
Қуантады біздерді
«Наурыз» атты әнімен
Жүр: Балалар өздерінің наурыз туралы ән жолдарын айтады:

Бекхан Біреуім екеу болды - мал қосылды,
Қораға бұзау, лақ, қозы толды.
Ызғарлы суық қыстың кәрі кеміп,
Аспаннан күн күлімдеп, шырай оңды.
Ұзамай қарда кетер, жаз да болар,
Сай - сала гүрілдесіп суға толар.
Бөленіп жер жібекке, мың құлпырып,
Шалғынға көкорайлы ауыл қонар.

Айгерім:

Наурыз тойы — тамаша,  Наурыз тойы — жаңаша. 

Табиғат та тамаша,  Тамылжып тұр жараса. 

Наурыз келді сан құрып  Жасарып жаңғырып 

Құлпырды жер мен көк  Мейірім таң күліп.  

Рафхат: Наурызбен құттықтап, 

Алыс жақын қауышты. 

Көктемдегі жарқын сәт, 

Көңілдерге ауысты.

Саяна:Ақ қар кетіп қыс өтіп,
Шырайлы шуақ жаз жетіп.
Шаруаның ұлы кенелген.
Күн мейрамы ежелден –
Құтты болсың бұл 
Наурыз!

Айсезім: Наурыз менің елімнің берекесі,
Жаңа жылы қазақтың мерекесі.
Шаңырағы биіктеп күнге жақын,
Ұлаңғайыр керілсін керегесі.
Қымбат білген адамға сөз өнері,
Бұрқ - сарқ етіп қайнасын көжелері.
Жаңа жылда елімнің көркі өсіп,
Гүлге толсын көгеріп көшелері.
Рамина: Уа, халайық, халайық! Әсем әнге салайық
Наурыз тойын көңілді Бірге қарсы алайық
Наурыз келді тамаша Ән айтамыз таласа
Атам, әжем той тойлап Қуанып жүр балаша Би билейміз тамаша!

Ұлдар биі
Жүр: Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ендеше, ақ кимешегі наурыздың аппақ қарындай, ананың аппақ арындай, әжеміз наурыз көже әкелді. Қош келдіңіз!
Балалармен амандасады. Әже: (қолында тостаған)
Наурыз құтты болсын, осы мейрам әр шаңыраққа бақыт, табыс, қуаныш әкелсін!
Ұлыс бақты болсын, әр күндерің жақсы болсын, ақ мол болсын, төрт –түлігі ақты болсын, қайда барса жол болсын! - Балалар «наурыз көже» не туралы білесіңдер?

Ақан: Наурыз тойы әдемі Әжем еске түсірді Біздерге арнап әдейі Наурыз көже пісірді
Айлита: Ашылды да кебеже Дәм әзірлеу басталды Әжем наурыз көжеге Жеті түрлі ас салды
Бидай, күріш, тары бар Бар сүр ет пен шұжығы Ащы құрты тағы бар Көже елдің ырзығы
Әже: Дұрыс айтасыңдар, балалар! Наурыз көжені дайындау үшін жеті түрлі тағам салады. -Қане, қандай тағам түрлері? (күріш, тары, бидай, құрт, су, тұз, сүр ет, )
- Ал, қонақтар, балалар жыл бойы тоқшылық болсын, қазанымыз оттан түспесін, дастарханымыз кең жайылсын деген, ақ тілекпен наурыз көжеден дәм татыңыздар!
- отырған қонақтарға наурыз көжені ұсынады.

1сұрақ: Қазақтың ұлттық тағамдарын ата? 2 сұрақ: Ұлттық киімдерді ата?
3 сұрақ: Жылқының сүті қалай аталады? 4 сұрақ: Түйенің сүті қалай аталады?
- Рақмет балалар! Көп нәрсе біледі екенсіңдер Бесікке салу рәсімі.

Жүр: «Дастархан» әнін қабыл алыңыздар.

Аяжан: Наурыз көктем, наурыз жыр,
Ана мейрім, шуақ нұр. Жан иесін жаңартқан,
Аққан бұлақ, нәзік сыр
Наурыз әлем, наурыз құс,
Сұлу дала, сағым түз.
Самғай ұшқан қарылғаш,
Аққу қаздар мамық төс.
Наурыз дала, наурыз гүл,
Тентек сезім, үнсіз тіл. Ақ қайыңның аясында айқасқан, Балуан білек, қыпша бел.
Саида: Наурыз жауын, наурыз сән, Әсем әуен, сазды ән.
Қыз бозбала қыдырған, Жаcыл желек, көк аспан.

Наурыз самал, наурыз таң, Қалың орман ұйқысынан оянған.
Сағынышпен қауыштырған жұптарды, Жылдың басы, он екі айда тоғысқан.
Айжан: Су жылтырап бүрін ашқан жас талдан, Бу бұрқырап қатып қалған тастардан.
Күн күркіреп, жасын ойнап аспаннан, Бар тіршілік Наурыздан басталған!
Ел де тыныш! Жер де тыныш – бұл күні, Көреміз тек қуаныш пен күлкіні.
Табысқан жұрт таныс тауып жатады, Жамалғандай жүректердің жыртығы! Дамир: Елім менен жеріме, Ырысын шашқан Наурыз. Күлімдеген көктемге, Шуағын шашқан наурыз.Жеті түрлі дән салып, Дәм татқызған наурыз.

Жақсылық тілеп халыққа, Молшылық әкелсін наурыз.

Мархабат: Наурыз айы –гүл айы Наурыз айы – нұр айы
Наурыз айда халқымның Құлпыра түсер шырайы

Аяулым: Ақбоз үйді үлпілдеткен, Боз даланы бүлкілдеткен.
Қуанышты күлкің – көктем, Әсем едің, шіркін, неткен,Наурызым! Құлпырады сәнді бақтар,
Жұлқынады арғымақтар. Сылқылдайды бал бұлақтар, Мерекемсің мәңгі мақтар,
Наурызым! Жарқыраттың шығыс Күнін, Бар адамдар туыс бүгін. Тілеп елдің тыныштығын,
Жүректерде жүр ұшқының, Наурызым!

Ән: «Наурыз көктем» Орындайтын: Айлита
Жүр:
Келген жыл сіздерге шаттық әкелсін! Отбастарыңызға бақыт әкелсін!
Келген жыл көтеріңкі көңіл сыйласын Отанымызға шаттық өмір әкелсін
Мерекелеріңіз құтты болсын!

Picture 1 Picture 2 Picture 3 Picture 4 Picture 5 Picture 6

Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
766
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі