400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

2 сынып Тәрбие сағаты:"Доссыз өмір - тұзсыз астай"

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ұсынып отырған сабағым кез келген бастауыш сынып мұғаліміне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақтың тақырыбы: Доссыз өмір, тұзсыз ас

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға дос, достық туралы әңгімелей отырып олардың достық қарым – қатынасын нығайту; оқушыларды адалдыққа, шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдік, менмендік, тағы басқа жаман ізеттерден аулақ болуға үйрету; оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір – біріне деген достық сезімдерін нығайту.

Көрнекілігі: маркер, сұрақнама қиықшалары, сызбалар, түрлі түсті қағаз, қайшы.

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру

І. Кіріспе.

Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар

«Арайлап атты жаңа күн,

Шуағын шашып баршаға.

Қане досым, күлімде,

Қуаныш орнасын жер жүзінде» деп бүгінгі «Доссыз өмір тұзсыз ас» тақырыбына өткізілетін ашық тәрбие сағатымызды бастаймыз. Балалар сендер дос болу не екін білесіңдер ме? Әрине, білесіңдер, дос болмайтын ешбір адам болмайды. Тәрбиелік шарамызды бастамас бұрын топқа бөлініп, дос туралы пікір таластырамыз.

1-топ «Бірлік» тобы

2-топ «Ынтымақ» тобы

3-топ «Достық» тобы

Сайыстың кезеңдері

  1. Бейнефильм

  2. Сұрақ – жауап

  3. Жағдаяттан шығу.

  4. «Сиқырлы орындық» ойыны

  5. Мақалды жалғастыр

  6. «Менің ойымша нағыз дос ... »

  7. «Мінездеме беру» тренингі

І. Бейнефильм.

Енді экранға назар аударайық.

- Сен нағыз дос бола аласың ба?- Сен досыңнан таяқ жесең не істер едің ?

- Достар неге айрылмады ?

ІІ. Сұрақ – жауап

1-топ «Бірлік» тобы

Дос деген кім? Сауалына сызба арқылы жауап беру


Сырын бөлісетін адам

Мені өте жақсы түсінетін адам

Дос Көмекке әрдайым дайын адам

Қандай жағдай болмасын бірге болатын адам.

Сенімді адам


2-топ «Ынтымақ» тобы

Достық дегенді қалай түсінеміз ? (Әр оқушы өз жауаптарын береді)

Бірінші жауап: Адамдар арасындағы байланыс






3-топ «Достық» тобы

3) Дос қандай болу керек?


ақылды

адамгершілік

жомарт




Дос

салмақты


адал




сабырлы

төзімді





ІІІ. Жағдаяттан шығу.

1-топ «Бірлік» тобы

1. Сен бүгін сабаққа ақша әкелмедің. Саған аяқ астынан ақша керек болды, өзіңнің досыңнан ақша сұрадың. Сен досыңда ақша бар екенін білесің. Ақша бола тұра досың саған көмектесуден бас тартады. Сен қандай ойда қаласың?

2-топ «Ынтымақ» тобы

2. Сырым мен Дина дос болатын. Бірде Сырымның лақтырған добы Динаның басына барып тиді. Сырым добын домалатып, теуіп ала жөнелді.

- Дина мен Сырымды шан дос деуге бола ма ? Неліктен?

3-топ «Достық» тобы

3. Сенің досыңды үлкен балалар күш көрсетіп соғып жатыр. Сенің оларға шамаң жетпейді. Сен не істейсің ?

(оқушылардың талқысына салу, шешім қабылдау)

ІV - бөлім. «Сиқырлы орындық» ойыны

Ортадағы орындыққа бір оқушы отырады. Қалғандары сол оқушының ұнамды жақтарын айтады.

1-топ «Бірлік» тобы

2-топ «Ынтымақ» тобы

3-топ «Достық» тобы

V –бөлім. Мақалды жалғастыр

1-топ «Бірлік» тобы

  1. «Кемшілік іздеген адам доссыз қалады»

  2. Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылытып айтады

2-топ «Ынтымақ» тобы

  1. Досы көппен сыйлас, Досы жоқпен сырлас.

  2. Досы жақсының өзі жақсы

3-топ «Достық» тобы

  1. Досың мың болса да аз, Дұшпаның біреу болса да көп.

  2. Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам

VI. «Менің ойымша нағыз дос ... »

1-топ «Бірлік» тобы

«Менің ойымша нағыз дос ... » тақырыбында эссе

2-топ «Ынтымақ» тобы

«Менің ойымша нағыз дос ... » тақырыбында эссе

3-топ «Достық» тобы

«Менің ойымша нағыз дос ... » тақырыбында эссе

«Жарысты жалғастыр» ойыны. Мақал-мәтелден тек бір-екі сөзі ғана айтылады. Ал оқушылар оны толық табу қажет.

Мысалы:

1. « Кемшіліксіз ......... адам .........қалады ».

2. «Дұшпан ........айтады, дос........айтады ».

3. «..........теңгең ......, ..........досың ......».

4. «Досы ..........,

........... көппен ............».

5. «Досы ........, өзі де ........».

6. «.......... басқа ...........,

........... аяққа ...........».

7. «Ақылсыз .......... дұшпан .........».

8. « Досың мың ............,

....................... біреу .............».

9. «Досы ..................... алмайды».

10. .«Дос ..................... айтады

Дұшпан ...................айтады».

Жауаптары

1. «Кемшіліксіз дос іздеген адам доссыз қалады».

2. «Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.

3. «Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын».

4. «Досы жоқпен сырлас,

Досы көппен сыйлас».

5. «Досы жақсының-өзі де жақсы».

6. «Дос басқа қарайды,

Дұшпан аяққа қарайды».

7. «Ақылсыз достан ақылды дұшпан артық».

8. «Досың мың болса да-аз,

Дұшпаның біреу болса да-көп».

9. «Досы көпті жау алмайды».

10.«Дос - жылатып айтады

Дұшпан - күлдіріп айтады».

VII. «Мінездеме беру» тренингі

5 саусағын салдырып, өзінің жақсы көретін досының жақсы жақтарына мінездеме беру.

Қорытынды. Дос қандай болу керек?

Адал

жомарт

адамгершілігі мол

қарапайым

мейірімді

Дос кешірімді

төзімді

ақылды

сабырлы

салмақты

кек сақтамау

ашықтық, бүкпесіздік


Дос емес достың сөзін көтермесе,

Саған жердің түбінен жетем десе.

Не қылып дос атына қосылады,

Көтермей бір сөзіңді бүйтем десе.

Нағыз дос бірін - бірі жамандамас,

Араға көп өкпе сап табандамас,

Көңілі татулықтың шабандамас.

Жақсының әрбір сөзін қайырмаңыз,

Жасыған жездей болып мойымаңыз.

Сыр алмаған біреумен дос болам деп,

Сыр алған досыңыздан айырылмаңыз.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
28.03.2019
855
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі