
2 « » сынып
____________________________________________________
2 тоқсан ТЖБ Орындау уақыты 40 минут Балл саны – 15
Айтылым бөлек тексеріледі
Тыңдалым
1. Мәтінді тыңда. Тапсырмаларды орында.
Жазылым
Сөйлемдерді толықтырып жаз.
Қажет сөздер: есеп шығарамыз, ән айтамыз, жаңа сөздер жазамыз, секіреміз, жүгіреміз.
Біз «Денешынықтыру» сабағында_________________________________________________.
Біз «Қазақ тілі» сабағында_________________________________________________.
Біз «Математика» сабағында_________________________________________________.
Біз «Музыка» сабағында_________________________________________________.
(4)
Бір күні оқу пәндері өздерінің пайдасы туралы айтысып қалады. Айтысты
Математика пәні бастайды.
- Мен - барлық пәндердің патшасымын. Адамдарға санауды, сандарды қосу мен
азайтуды үйретемін, есеп шығарамыз, - деп мақтанады.
- Ал мен әдемілікті түсінуді үйретемін. Олар мен арқылы сурет салады, – дейді
Өнер пәні.
Айтысқа басқа пәндер де араласып кетеді.

Оқылым
Мәтінді оқы. Тапсырмаларды орында.
Менің Отаным - Қазақстан. Ол кең байтақ даласымен, асқар тауларымен, мөлдір көлдерімен бай
ғажайып ел. Ол менің туған жерім. Мен өз Отанымды сүйемін және онымен мақтанамын. Қазақстан
- көпұлтты мемлекет. Біздің елімізде 130 ұлт өкілдері тұрады, олар бірге тату-тәтті өмір сүреді.
Қазақстанның табиғаты керемет әсем. Шығысында Алтай таулары, оңтүстігінде Тянь-Шаньның
биік шыңдары бар. Батыста Каспий теңізінің жағасында демаламыз. Солтүстігінде жасыл
ормандарының таза ауасын тамашалаймыз. Қазақстанның табиғаты - біздің ұлттық мақтанышымыз.
1) Мәтін не туралы?
А) жануарлар туралы
В) теңіздер туралы
С) Отан туралы
D) орман туралы (1)
2) Мәтіннің жанрын анықта:
А) өлең
В) ертегі
С) әңгіме
D) жұмбақ (1)
3) Алтай таулары қайда орналасқан? ________________________________________
(1)
4) Біз немен мақтанамыз? _________________________________________________
(1)
Айтылым
Сурет бойынша әңгіме айт
(4)