400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2 сынып Зат есім

Материал туралы қысқаша түсінік
Менің ұсынып отырған сабағым кез келген бастауыш сынып мұғаліміне қажет деп ойлаймын.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қазақ тілі

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:Дені саудың-жаны сау

Мектеп:Шаған ЖОББМ

Күні: 15.01.19ж

Мұғалімнің аты-жөні: Бекжанова Б.С.

Сынып: 2а

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы:

Сөз және оның мағынасы. Синоним дегеніміз не?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

2.1.1.1 - тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру

2.1.2.1* - синоним, антоним, омоним (сөздік қолдану) сөздерді ажырату және мағынасын түсіну, сөйлеу барысында қолдану

2.3.5.1 – жіберілген пунктуациялық, орфографиялық қателерді мұғалімнің көмегімен түзету

Сабақ мақсаттары

Оқушылардың барлығы мынаны орындай алады: Оқулықта берілген және қосымша тапсырмаларды орындайды. Жазба жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді.

Оқушылардың көбісі мынаны орындай алады: Топтық жұмысты брлесе орындайды.Өз бетінше жұмыс жасайды. Сұраққа жауап береді. Қосымша үлестірме ресурстармен жұмыс жасайды.

Оқушылардың кейбіреуі мынаны орындай алады:

Оқулықтан тыс берілген қосымша тапсырмалады орындайды, тақырып бойынша қосымша мәліметтер мен дәлелдер келтіре алады.

Бағалау критерийлері

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында

тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, білу, түсіну,талқылау, анықтау, құрау, жазу.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминология:

Синоним сөздер, гимнастика.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Мағынасы бір-біріне жақын мағыналас сөздер,.

  • Рақат қой салқын су.

  • Бір! Екі! Үш! –деп

Қолды серме.


Құндылықтар-ды дарыту

Зайырлы қоғам және жоғары руханият.

Пәнаралық байланыстар

Музыка, қазақ тілі.

Бастапқы білім

Мағынасы бір-біріне жақын дыбысталуы әр басқа сөздер туралы түсініктері бар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

тексеру.










.











Сабақтың ортасы


































































Сабақтың соңы


Ұ. Ынтымақтастық ортасын құру. «Ертеңгілік шеңбер» Психологиялық ахуал қалыптастыру. «Жан жылуы». Қолддарынан ұстап  хормен айтады. Мен  сенен  жылу аламын  (бір-біріне қарап, қолдарын созады) Жүрегіме саламын (қолдарын жүрегіне қояды)

Достарыма сыйлап, сәттілік тілеймін  (қолдарын жан-жаққа сермейді)

Айтылым-Балалар, біз күнделікті таңертеңгілік ұйқыдан тұрғаннан соң не жасаймыз? (ертеңгілік жаттығу) Таңертеңгілік жаттығу, спортпен шұғылдану, денемізді шынықтыру арқылы біз денсаулығымызды, дене бітімімізді шынықтырамыз. Денсаулықтың қадірін, әдетте, адам ауырғанда ғана біледі. Денсаулықтың мықты болуы адамның өзіне де байланысты. Адамдар әрқашан қимыл қозғалыста жүрсе біздің ағзамыздағы қан жүрісі де қозғалыста болып, жұмысы жақсарады. Ауруларға қарсы тұра алатын боламыз. Еске түсірейік айдары "Шеңбердегі доп" допты бір-біріне жағалату арқылы өткен сабақты қорытындылау. «Шашу» ойыны. Ойын шарты: Ойынға 5-6 оқушы қатысады.Әрбір конфет қағазына сұрақтар жазылады. Қағаздарды жерге шашып тастаймыз.Ойынға шыққан оқушылар қағаздарды алып, сұрақтарға жауап береді. Бағалау. "Жапырақтар арқылы"

Топқа бөлу. Тыңдалым

Сымбат – жүру әдемі,

Дене қалпын тік ұстап:

Көтеріп сәл кеудені,

Иық жазып дұрыстап.

Түзу отыр, қисаймай,

Бүкіреймей, жантаймай.

Күш сап бас пен арқаға,

Жатып алма партаға.

Оқушының сыни ойлау дағдыларын дамыту, сабақтың тақырыбын анықтау.

-Мына сөздерге мағынасы ұқсайтын сөздер айтыңдаршы!

Әдемі-... , батыр-... , шалғай- ... , зәулім- ... .

12-жаттығу. Қарамен жазылған сөздерді салыстырып, мағынасының жуық екенін дәлелдеу.

Ереже:Тілімізде мағынасы жақын дыбысталуы басқа сөздер кездеседі: әдемі –сұлу, зәулім-биік.

Мұндай сөздерді синоним сөздер деп атайды.

Т. 13-жаттығу.«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.

Өлеңді оқып мағынасын ашу. Синоним сөздерді табу.

Сурет көрсетіледі.

Дескриптор:

* Өлеңнің тақырыбына қарап мағынасын болжайды.

* «Рақат қой салқын су»өлеңін оқып, мағынасын түсінеді.

* Салқын сөзінің синонимін табады.

Ұ. 14-жаттығу.

Ребусты шешу. Picture 1

Алыс –шалғай. Дескриптор:

* Ребусты шешеді. * Алыс сөзінің синонимін табады.

Ө. 15 -жаттығу. Синоним сөздерді жұптау.

әдемі

сұлу

қашық

шалғай

ер

батыр

биік

зәулім

аяз

суық

Сергіту. Ұ. 16-жаттығу. «Гимнастика» өлеңін оқып, ондағы қимылдарды жасау.

Picture 1

Дескриптор:

* Гимнастиканың пайдасы туралы айтады.

* Күнделікті гимнастика жасаудыәдетке айналдырған пайдалы деп түсінеді.

Қ. «Шапалақ» әдісі Тапсырмалармен жұмыс. 1-топ Мына сөздерді синонимдерімен ауыстырыңдар. Оны атасы бірден ұқты.                                            мәз болды Апыл-ғұпыл шайларын ішіп, жолға шықты.        қорықты     Бұған бүкіл сынып қуанды ерте Ертайдың зәресі ұшты.        тез                2-топ: Синонимдерді сәйкестендір. Ықылас            байсалды, сабырлы, ұстамды, салмақты. Алыс                әсем, әдемі, көрікті, ажарлы. Шыдамды        қашық, шет, ұзақ               Сұлу                 ынта, ниет, көңіл, ілтипат. Жылдам           сәлемдесу, есендесу.                                Амандасу         тез, шапшаң, лезде. 3-топ:Графикалық диктант Синоним сөздердің екі сыңарын табу.  адам байлық әлем әуелі мықты күшті      жаһан      алдымен      қазына       кісі 4-топ: Тест жұмысы.
1. Синоним дегеніміз –
А) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
В) Мағыналары қарама - қарсы сөздер
С) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір - біріне жуық сөздер
2.
«Даңқ» сөзінің синонимін тап.
А) Мықты          В) Атақ         С) Дәулет
3. «Адам» сөзінің синонимін тап.
А) Шәкірт           В) Дос          С) Кісі
5. Синонимдік қатардың дұрысын тап.
А) Күлу, сықылықтау, жылау В) Зат, мүлік, бұйым С) Көне, жаңа, ескі
Бағалау.

Электронды оқулықпен жұмыс. (МК) Кері байланыс. Жұмысты орындауда не қиын, не жеңіл болды? Неліктен? + Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.

Өз-өзін бағалау

Оқушылар өз жетістіктерін «Білім қоржынына» стикерді таңдап, жапсыру арқылы бағалайды.




Picture 1













Shape1



















































Picture 1








Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Оқушыларға синоним сөздермен қатар суға шомылу, гимнастика жасау пайдалы екендігін айтамын.

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?


Бүгінгі сабақтан алған әсерін, жетістігін айтып, өзін-өзі бағалауға мүмкіндік беру.

Денсаулық және қауіпсіздік техника-сының сақталуы


Қауіпсіздік шаралары ескертіліп отырады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Сабақ мақсаттары мен оқу міндеттері орындалды.

Сабақ өз дәрежесінде өтті. Жоспарланған саралау сабақ барысында өз нәтижесін берді. Синоним сөздердің мағынасын түсінді. Жаттығулардан дұрыс таба білді. Спорт денсаулыққа пайдалы екендігін түсінді.





Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Мағынасы жақын сөздердің синоним деп аталатынын білді.

2: Спорт денсаулық негізі екендігі жөнінде қосымша мағлұматтар алды.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Мысалдар келтіру, сөйлемдерден синоним сөздерді табу.

2: Топтық жұмыстарда жаңа сабақты талдау жақсы нәтиже береді.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?














Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.03.2019
691
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі