Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

2 сыныптарға арналған ашық сабақтар топтамасы

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сыныпқа арналған ашық сабақтар топтамасында математика,әдебиеттік оқу,жаратылыстану пәндеріне арналған үлгі сабақтар жинақталған
Материалдың қысқаша нұсқасы



Күні:20.09.2018ж

Мұғалімі:Табынбаева Самал Алиевна

Сабақтың тақырыбы:

Сезім мүшелері туралы не білемін?

Я әрпінің жазылуы

Мектебі: №8ЖОББМ

Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сыныбы: 2 «б»

Сабаққа негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.1.4.1 - тірек сөздерді қатыстыра отырып,берілген тақырып бойынша әңгіме құрау.

2.2.5.1-дереккөздерден (сөздік, анықтамалық, энциклопедия) мәліметті табу жолын анықтап, берілген тақырып, сұрақ бойынша мәліметті іріктеп алу.

2.3.6.1 - бас әріп пен кіші әріптің биіктігі мен мөлшерін сақтап, оларды байланыстырып көлбеу және таза жазу.

2.4.1.2* - у, и, й әріптерінің емлесін сақтап жазу.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбіроқушылар:

Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі,тарих.

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланғанжаттығулар (төменде

Жоспарланған жаттығулармен қатар,

Ескертпелерді жазыңыз)

Ресурстар

Басталуы

5 минут


Психологиялық тренинг: «Көр,ұста,сөйле,дәлелде»


-Көзімізді жұмамыз.Енді ашамыз.Қияр мен пияз таратамын.

Көз

дерін ашқызып

-Қолдарыңдағы нелер?

-Енді осы көкөністерді сипаймыз не байқадық?

-Дәмі қандай?

-Қышқыл,ащы

-Қияр, пияз сөздерінде ортақ дыбыс қандай?

-Я дыбысы.


-Енді балалар осы іс –әркететердің барлығын денеміздің қандай мүшелері арқылы жүзеге асырдық


-Яғни көзбен,ауызбен, қолмен,құлақпен іске асырдық.Бұларды денеміздің қандай мүшелері деп атайды екенбіз?


-Я дұрыс айтасыздар. Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Сезім мүшелері туралы не білемін? Я әрпінің жазылуы деп аталады.

Қазір қолдарыңыздағы суреттер арқылы топқа бөлінеміз

І топ: Көз

ІІ топ Құлақ(ауыз,мұрын)

ІІІ топ: Қол

ІV топ: Аяқ


Суретке қарап топтарға бөлінеді.



(Көршілер қимыл – қозғалыстар арқылы жаттығуды жасайды)

Ортасы 15минут

Білу және түсіну 10 минут

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Әр топ мүшелері берілген топ атауларына байланысты бүгінгі сабағымызда тереңірек мағлұмат алу үшін кітабымыздағы

48-жаттығуға назар аударайық.-Қане тізбектей оқиық.

*Мәтін мазмұнын өз сөздерімен қысқаша атқызу

*Әр топ басшыларына Көз,Құлақ,Қол,Аяқ не деп таласқанын айтып көрші

*Аяқ сөзінің айтылуы мен жазылуын түсіндіру


*Сөзде йа дыбыстары естілгенімен,жазуда олардың орнына я әрпі жазылады: мая,сая,таяқ


Қолдану 8 минут

Жалпыға арналған тапсырма: Ережемен жұмыс.

Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.

Дәптермен жұмыс: баспа дәптердегі 50-жаттығуды орындау

І топ: Сәйкестендір

ІІ топ: Жасырынған сөздерді тауып жаз

ІІІ топ: Шашылған әріптерден сөз құра

ІV топ: Жұмбақты оқып,шешуін тап.Жұмбақтың жауабы болатын сөзде неше дыбыс,неше әріп барын анықта



Постер жасату.

Оқушылар өз ойларын постерге жазып оқып береді.

Сергіту сәті

2 минут

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»


Видео

жазбадағы би

Аяқталуы 18 минут

Синтез

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Үйге тапсырма: 51-жаттығу, 27 бет


Қорытынды бағамдау:



Пәні:

жаратылыстану

Пән мұғалімі:Табынбаева Самал Алиевна

Сабақтың тақырыбы:

Жер және ғарыш.Ғарыш дегеніміз не?

Оқу мақсаты

1.4.2.1 астрономияны ғарыш туралы ғылым ретінде сипаттау.
1.4.2.2 ғарышты зерттеуге арналған құрылғылар мен ұшу аппараттарын сипаттау.

• қоршаған әлемдегі құбылыстарды, үдерістерді және нысандарды зерттеудің қажеттілігін түсіну.
• жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар:
• Тірек сөздерді есте сақтайды.
• Оқушылар жер ғаламшарының шарға ұқсайтынын біледі;
• Ғарыштағы 4-5 ғаламшарларды есте сақтайды және ең алғаш ғарышқа ұшқан жануарларды біледі.

Оқушылардың басым бөлігі:
• Жердің шарға ұқсайтынын анықтайды;
• Ғарышкерлердің атын атайды.

Кейбір оқушылар:
• Шардың физикалық қасиетіне бақылау жүргізе алады;
• Тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде біледі және сабақты қолданады.

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөзтіркестер:
    Қазақша        Орысша      Ағылшынша
   Ғарышкер   Космонавт      Astronaut
   Скафандр    Скафандр        Space suit
   Зымыран        Ракета             Rocket

Сабақта диалог үшін қолданылатын тіл.
Талқылауға арналған сұрақтар:
Ғарышқа ұшқан жануарлардың аты қалай аталады?

Қазақстандық қандай ғарышкерлерді білесің?

Ю.А. Гагарин кім?

Ресурстар

Жұлдызды аспанның картасы;
Ең танымал шоқжұлдыздардың суреттері.
Интернет-ресурстар:
Астрономия тарихы туралы бейнефильм, мысалы, №244.
Астрономия
http://bilimland.kz/kk#lesson=13809;
№248. Ғарыш кеңістігін алғашқы зерттеу кезеңі,
http://bilimland.kz/kk#lesson=13813

http://bilimland.kz, http://imektep.kz/tabigat, интербелсенді тақта, флипчарт, тест.

Күтілетін нәтижелер

Оқушылар:
Ғарыш ұғымымен танысады;
Астрономияның аспан денелерін және оларда жүретін барлық үдерістерді зерттейтін ғылым екенін түсінеді;
Шоқжұлдыздар терминімен танысады және оның мағынасын түсінетін болады;
Ол үшін түрлі аңыздарды оқиды, өз беттерінше шоқжұлдыздар туралы жоба дайындайды.

Тірек сөздер

Астрономия, ғарыш, шоқжұлдыз.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, сұрақ-жауап, СТО, СКТ, ой толғау, ой шақыру, топтастыру, еркін сөйлеу, пікірсайыс, теориялық талдау, мәнерлеп оқу, топтастыру.


І. Қызығушылықты ояту.
Өткенді пысықтау

Сен не үйрендің? Өткен бөлім бойынша қайталау.
1. Қозғалыс дегеніміз - бұл ....
а) заттардың орын ауыстыруы;
ә) заттардың түсін өзгертуі;
б) заттардың пішіні.

2. Заттың қозғалыс траекториясы дегеніміз не?
а) қозғалыстағы заттың соңынан қалатын, көзге көрінетін сызығы;
ә) қозғалған заттың соңынан қалатын, әр уақытта көзге көріне бермейтін «ізі» (сызығы).

3. Заттар ненің әсерінен қозғалады?
а) заттар өз бетімен қозғалады;
ә) заттар күштің әсерінен қозғалады;
б) заттар қозғалмайды.

ІІ. Мағынаны тану



Сабаққа байланысты деректі материалдар

Астрономия — жер бетіндегі ең ежелгі ғылым. Ол ғаламды, аспан денелерін, олардың қозғалыстарын, пайда болуы мен дамуын зерттейді.
Ерте заманда адамдар жұлдызды аспанды бақылаған. Олар күн мен түннің және жыл мезгілдерінің, Ай фазаларының ауысуын байқаған. Ежелгі мысырлықтар аспанда жарық жұлдыз Сириус пайда болғаннан кейін төртінші-бесінші күні Ніл өзенінің арнасынан асатынын білген. Ежелгі диқандар Күн көкжиектен неғұрлым биік көтерілсе, соғұрлым жылы болатынын, яғни жақын арада көктем келетінін анықтаған. Бақылау нәтижесінде алғашқы күн тізбелер жасалған. Күн және Ай күнтізбелері әр халықта әртүрлі болған. Олар әлі күнге дейін қазіргі ғалымдарды зерттеулеріндегі дәлдігімен таңғалдырып келеді.
Ғалам — уақытпен және кеңістікпен шектелмеген алуан түрлі әлем. Ол — адамның санасынан тыс тіршілік ететін әлем. Ғалам өте көп аспан денелерінен тұрады, олардың көпшілігінің мөлшері Жерден бірнеше миллион есе үлкен.
Шоқжұлдыздар — шоғырланып түрлі мүсіндерді түзетін жұлдыздардың тобы. Олардың көпшілігінің атаулары грек аңыздарынан шыққан. Птолемейдің “Альмагестінде” аспан мен шоқжұлдыздар жан-жақты сипатталған. Бұл классикалық сипаттама. Жылдар өте келе кейбірі ұмытылып, жаңадан пайда болды. Бос орындар толтырылды. 1930 жылы қазіргі шоқжұлдыздардың тізімі жасалып, шекарасы бекітілді. (МАН)

1. Ғарыш, аспан, Жер, жұлдыз дегенде не елестейді? (оқушылар пікірін тыңдау).
2. Мұғалімінің кіріспе әңгімесі.
(Берілген суреттер бойынша аспан денелері, жұлдыз т. б. туралы баяндау)
— Сендердің елестеткендерің шындықпен сәйкес келді ме?
— Ғарышта не бар? (Ғарыш — бұл шексіз кеңістік, онда сан алуан ғарыш денелері бар)
Ерте заманда адамдар аспанда көрінетін жұлдыздарды аспан күмбезіне қағылып тұрған шегелер деп есептеген.
Ежелгі астрономия.
Оқушылар шағын топтарға бөлінеді.
— Балалар, қалай ойлайсыңдар “Ежелгі адамдар астрономиямен не үшін айналысты?
— Олар нені байқаулары мүмкін еді? (Олардың назарын суретке аударып, болжам жасап көруді тапсырамын)

Тыңдалым: топтарға сұрақтар беріледі.
— Адамдар ерте заманда немен айналысқан?
— Қандай құралдарды қолданған?
— Адамдар не үшін көшпенді өмір салтын ұстанды?
Оқушылардың жауаптарын тыңдай отырып, қосымша мағлұмат беремін.
Сол кездегі адамдардың негізгі іс-әрекеті диқаншылық, аңшылық және балық аулау болған. Көптеген халықтар, сонымен қатар қазақтар да көшпенді өмір сүрді. Сондықтан олар жұлдыздардың қозғалысын бағдарлап, жыл маусымдарының ауысуын болжаған. Себебі оларға қай уақытта егін егіп, қай уақытта жинап алу керектігін анықтау қажет болды. Сонымен қатар кейбір елдерде өзендердің арнасынан шығу кезеңдерін білу маңызды рөл атқарды. Оны алғашқы күнтізбелерден байқауға болады.
Оқулықпен жұмыс. Оқушылар оқып шығып, топта талқылайды.
№244. Астрономия
http://bilimland.kz/kk#lesson=13809

Бақылау. Тапсырманы орындай отырып, оқушыларға сұрақтар қойылады:
— Аспанда не көрінеді? (Ай, Күн, жұлдыздар)
— Жұлдыздардың барлығы бірдей болып көріне ме? (Жарық жұлдыздар, сонымен қатар күңгірттері де бар)
— Кейбір жұлдыздардың бір-біріне жақын орналасқанына қарай қалай атауға болады? (Осындай жұлдыздар тобын шоқжұлдыз деп атауға болады)

Зерттейік. №248. Ғарыш кеңістігін алғашқы зерттеу кезеңі, http://bilimland.kz/kk#lesson=13813
Топтық жұмыс. Топтарға жұлдыздар туралы аңыздардан үзінді беріледі. Оқушылар өздері оқи отырып, тауып алған ақпараттарын тірек сөздердің көмегімен жазып алуды тапсырамын.
Топ мүшелері міндеттерді бөліп алып: олардың жартысы шоқжұлдыздардың суреттерін салады, келесі бөлігі шоқжұлдыздарды бірнеше сөзбен сипаттай алады, қалған оқушылар кітаптың мұқабасын әзірлей алады. Тапсырманы орындап болған соң, әр топ өз жұмыстарын сыныптың талқылауына ұсынады.
Зерттеу барысында қойылатын сұрақтар:
— Не себепті осы шоқжұлдыз таңдап алындың?
— Ол несімен қызықты?
— Шоқжұлдыздарды ажырату не үшін қажет болды?
— Жұлдыздар қандай заңдылықтарға бағынады?
— “Астрономия” сөзінің аудармасы қалай екен?
Топтар бір-біріне «Неге?» – деп, сұрақ-жауап жүргізеді.

Бекіту




















ІІІ. Қорытынды

Мәтінді сатылай кешенді талдау.
Ғарыш дегеніміз не?
1. Анықтама.
2. Тану.
3. Ерекшелігі.
4. Салыстыру.
5. Экологиясы.
6. Қорытынды.
7. Нәтиже.
1. Анықтама.
Жерді қоршаған бүкіл дүние Әлем немесе Ғарыш деп аталады.
2. Тану.
Ғарыш денелеріне: ғаламшарлар, Жер серіктері, жұлдыздар, кометалар, астероидтар жатады.
3. Ерекшелігі.
Ғарыштағы қашықтық өлшемі үшін көп жағдайда жарықтың таралу жылдамдығы бірлік ретінде алынады. Жарық секундына 300 000 км жылдамдықпен таралады.
4. Салыстыру.
Күн – қатардағы жұлдыздардың бірі.
Жер – шар тәрізді дене.
5. Экологиясы.
Күн – жан-жағына жарық сәуле және орасан зор мөлшерде жылу таратады. Бұл болмаса жер бетін қара түнек басар еді.
6. Қорытынды.
Ғарышқа жол 1957 жылы 4 қазанда ашылды. Кеңес Одағында Жердің жасанды серігі ұшырылды. 1961 жылы 12 сәуірде Ю.А. Гагарин ғарыш кемесімен жер шарын айнала ұшты.
7. Нәтиже.
Жердің жасанды серіктері халық шаруашылығына үлкен қызмет көрсетеді. Телехабарлар беріледі. Радио, телефон байланыстары жүргізіледі. Ауа райы алдын ала болжанады.

Пәнаралық байланыс

Қосымша тапсырмалар

Дүниетану.
Ерте замандағы адамдардың өмір салты. Көшпенділер

Шоқжұлдызды құрастыр. Оқушылар “ғаламшар” сөзінің әріптерін тауып алып, жұлдыздарды ретімен жалғастыра алады. Тапсырманы орындау нәтижесінде оқушыларда Жетіқарақшы шоқжұлдызының бейнесі (ожау) пайда болады.

Бағалау

Оқушылар ғарыштың не екенін түсінеді.
Ғарышқа саяхат. Оқушылардан өздерін ойша ғарыштамыз – деп елестетуді өтінемін.
— “Айналадан не көріп тұрсыңдар?”
— “Айналада ауа бар ма? Шарлар ұша ала ма?” — деп сұраймын.
Тапсырманы орындай отырып, оқушылар өздерінің ғарыш туралы қиялдарының суретін салып беруді сұраймын.

Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеремін)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеремін)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетінін білдім?




















Тақырыбы: Менің cыныптас достарым

100-ге дейін санау

Мектеп: №8ЖОББМ

Күні: 06.11.17ж

Мұғалімнің аты-жөні: С.А.Табынбаева

2-сынып:

Қатысқандардың саны: 22

Қатыспағандардың саны:

Оқу мақсаттары

2.1.2.5. ** бір таңбалы жəне екі таңбалы сандарды ондықтан аттап қосу жəне азайту тəсілін қолданып 100 көлеміндегі сандарды ауызша қосу жəне азайтуды орындау; жүздіктерді қосу жəне азайту.

Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар:

алдын ала олардың модельдерін құрып, екі таңбалы сандар мен шамаларды оқиды, жазады жəне салыстырады.

Бірқатароқушылар:

екі таңбалы сандар мен шамаларды оқиды, жазады жəне салыстырады.

Кейбір оқушылар:

алдын ала оларды бірдей санау жəне өлшем бірліктеріне өрнектемей, екі таңбалы сандар мен шамаларды салыстырады.

Тілдік мақсаттар


















Пəндік лексика жəне терминология:

екі таңбалы сан, екі таңбалы сандардың моделі, ауызша қосу жəне азайту, салыстыру.

Сабақта диалог/жазу үшін пайдаланылатын сөйлемдер.Талқылау:

құрылған модельдерді пайдалана отырып, екі таңбалы сандардың қосындысы мен айырмасын табыңдар.

Жазу:

екі таңбалы сандар, екі таңбалы сандар модельдері.

Тірек білім, білік, дағдылар

екі таңбалы сандар, разрядтық қосылғыштар.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-əрекет

Ресурстар



0–3






Ынталандыру.

Мұғалім оқушылардан өзінің сыныптас достары туралы не ойлайтынын, олардың мектепке қандай көңіл күймен келетіні туралы айтуды сұрайды.

Мұғалім оқушыларға сабақтың ұранын оқуды ұсынады:Көп білгің келсе, ерінбей өзің ізден!

Мұғалім оқушылардан осы ұранның негізгі сөзін анықтауды сұрайды. (Өзің.)

-Қызығушылықпен оқуға бола ма? Оқуыңа кім көмектесе алады? (Мұғалім, достарым).

Оқушыларға өткен сабақта қандай тақырыпты оқығандарын, немен айналысқандарын еске түсіру ұсынылады.






4–6

Белсендіру.

Математикалық диктант:

1.Ерлан бір аптада 30 есеп шығарды, ал Асқат 16

Тексеруге арналған үлгі.



есепті кем шығарды. Асқат неше есеп шығарды?

  1. Тұрғын үйдің 100 терезесі бар, бірінші қабатта 48 терезе, қалғандары екінші қабатта. Екінші қабатта неше терезе бар?

  2. Қараша айында Олжаста 80 түрлі түсті қарындаш болды, ал желтоқсан айында оның 37 қарындашы қалды? Олжас неше қарындашын жоғалтты?

  3. Бірінші сатып алушы 16 кг картоп сатып алды, ал екіншісі 7 кг артық алды. Екінші сатып алушы неше кг картоп сатып алды?

  4. «Пломбир» балмұздағының бағасы 100 тиын, ал «Эскимо» 68 тиын тұрады. «Эскимо» «Пломбирден» неше тиынға арзан?

Математикалық диктант аяқталғаннан кейін, жұппен мұғалім көрсеткен үлгі бойынша өзара тексеру жұмыстары жүргізіледі.








7–11


Мақсат қою (проблемалық жағдай).

Оқулықтағы 1-ші практикалық тапсырма топпен орындалады. Əрбір топтағы оқушылар кестеден 3 санды таңдап, оларды фишкалармен жабады. Содан кейін бұл сандардың модельдерін құрайды.Бір топ осы сандардан құрылған модельдерді екіншісіне көрсетеді, оқушылар орындалған жұмыстың дұрыстығын тексереді, негіздейді, туындаған сұрақтарға жауап береді.

Мұғалім құрылған модельдерді пайдалана отырып екі санның қосындысын табуды ұсынады, тапсырманы күрделендіреді.

Оқулық.





12–29


Жаңаны ашу.

Туындаған қиындықтан шығу үшін мұғалім оқушыларға оқулықтағы 2-тапсырманы орындауды ұсынады. Оқушылар жұптасып, мұғалім ұсынған үлгілердің бірін пайдаланып, екі таңбалы сандарды қосуды жəне азайтуды орындайды. Оқушылар осы өрнектерді жазып, олардың мəндерін табады. Бірбірінің жұмыстарын тексереді. Оқушылар азайтуды (қосу арқылы), қосуды (азайту арқылы) қалай тексеруге болатынын түсіндіреді.

Түсіндіре отырып бастапқы бекіту.

Мұғалім сандардың модельдерімен практикалық жұмысты ұсынады. Тақтада (жинақ полотносында, партада) модельдер қойылады, балалар сандарды атайды, есептеуді модельдейді жəне есептеу тəсілдерін түсіндіреді.


Оқулық.



















Сандар модельдері жəне санау материалдары.







30–40


Жаңаны қолдану.

Оқушылар дəптердегі 1-тапсырманы орындайды. Тапсырма орындалғаннан кейін мұғалім оқушыларды табыс критерийімен таныстырады. Оқушы сəтті орындаған тапсырманы бағалайтын өлшемнің тұсына қанатша белгісін (٧) қояды.

Бағалау критерийі:

  • екі таңбалы санды жаза аламын;

  • екі таңбалы санды оқи аламын;

  • екі таңбалы санның моделін құра аламын;

  • екі таңбалы сандарды қалай салыстыру керектігін түсіндіре аламын. Өткенді қолдану.

Оқушыларға оқулықтағы 3(а) -тапсырманы топта орындауды, осыдан кейін сурет пен сызбаны қарау жəне есептер құрастыруды ұсынады. Мұғалім есептің неше амалмен шығарылатынын анықтау үшін сұрақ береді. Бұдан кейін əрбір топ сұрақты есеп екі амалмен шығатындай тұжырымдайды. Оқушыларға дəптердегі 2-тапсырма бойынша өзіндік жұмыс ұсынылады.

Дəптердегі 4-тапсырматиімді тəсілмен есептеуге берілген.

Дəптер.

41–45


Рефлексия.

Рейтингтехнологиясы: Жұмысты аяқтағаннан кейін оқушы өзіне баға қояды. Одан кейін оны мұғалім бағалайды. Бөлшек жазылады. Мысалы, 4/5, ондағы 4 – оқушының бағасы, 5 – мұғалімнің бағасы. Тəсіл бағалау өлшемдерін келісу мақсатында қолданылады. Біраз уақыт өткеннен кейін алым мен бөлім жиірек сəйкес келе бастайды. Өз еңбегін тұрақты бағалау білігін қалыптастыру осы мақсатты пайдаланудың тағы бір жолы болып табылады.










































































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
09.11.2018
740
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12