|
Оқу
мақсаты
|
5.1.2.1. Әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени,
тақырыптарға байланысты диалог, монологтердегі (ән мәтіні,
хабарлама, жарнама, хабарландыру) көтерілген мәселені
түсіндіру
5.4.4.1 - жұрнақ арқылы
жасалған туынды сөздерді және күрделі сөздерді ауызша және жазбаша
тілдесім барысында қолдану
|
|
1-тапсырма.
Мәтінді мұқият оқы.
Мәтін бойынша сұрақтарға жауап
беріңдер.
Уақыт -
алтыннан да қымбат
Жаздың жарқыраған күні. Дала ерекше әдемі. Онда
ақ, сары, қызыл, көк гүлдер құлпырып өсіп
тұр. Алыстан дала гүлдері көз
тартады.
Жайқалған гүлдердің үстінде аралар ұшып жүр.
Бір кезде
ара мен көбелек өте жақын кездесіп қалды. Сол кезде ақшыл көбелек араға тіл қатты:
-
Сен, ара,
ана гүлден мына гүлге ұшып-қонып не іздеп жүрсің?
-
Ә,
мен жұмысшы арамын ғой. Мен жаз шыға сала алғашқы гүлдердің
шырынын сорып, гүл тозаңын жинап омартаға тасимын. Біз тасыған гүл
шырыны мен тозаңы — аралардың өскелең ұрпағы және ұрпақ өрбітетін аналықтар үшін нағыз керек тамақ. Біз,
жұмысшы аралар, аналықтарды, аталықтарды асырап отырмыз. «Қыстың
қамын жаз ойла» деген даналық сөздер дәл біз үшін айтылғандай. Біз жаз бойы
еңбек етеміз. Гүл шырынын, тозаңын іздеп бармайтын даламыз жоқ.
Жұмысшы аралардың әкелген шырындары мен гүл тозаңдарынан тәтті бал
пайда болады. Біз күн суыта ұямыздың тесіктерін жел, суық кірмес
үшін тығындап, бекітеміз де, қаһарлы қыстың суығында бал жеп қыстан шығамыз,- деді жұмысшы
ара.
-
Ал
мен болсам көбелекпін. Мен орамжапырақ және сол тұқымдас өсімдіктердің жапырақтарына жұмыртқа
саламын. Менің жұмыртқаларымнан шыққан құрттарым орамжапырақтың
жапырақтарын жеп адамға залалын тигізеді. Ал, сен ара, керісінше
адамға пайдаңды тигізеді екенсің. Сенің балың — адамға
дәрі-дәрмек, - деді көбелек.
-
Рақмет,
көбелек, уақыт тығыз, мен басқа гүлдерден шырын
соруға кеттім. Уақыт — алтыннан да қымбат. Сау бол! - деді
ара.
-
Сау
бол, ара, нағыз еңбексүйгіш екенсің!
-
Мәтін қалай жазылған? (1
ұпай)
А. Монолог түрінде Ә. Диалог
түрінде Б. Хабарландыру
-
Мәтінде көтерілген мәселені
анықта. (1 ұпай)
А. Гүлдердің ерекшелігі Ә.
Уақыттың құндылығы Б. Балдың емдік қасиеті
-
Мәтіндегі
“Біз
күн суыта ұямыздың тесіктерін жел, суық кірмес үшін тығындап,
бекітеміз” деген сөзді кім айтты? (1
ұпай)
А. Ақшыл көбелек Ә. Ара Б.
құрттар
-
“Уақыт - алтыннан да қымбат”
дегеніміз (1 ұпай)
А. Алтынның қымбат екені
туралы айтылып тұр Ә. Уақыттың бағалы екені айтылып
тұр
Б. Алтын мен уақыттың бағасын
салыстырып тұр
-
“Қыстың қамын жаз ойла”
деген даналық сөзді өз ойыңмен түсіндір. (2
ұпай)
______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
|