Материалдар / 2-тоқсан БЖБ қазақ тілі

2-тоқсан БЖБ қазақ тілі

Материал туралы қысқаша түсінік
Бжб тапсырмасы қазақ тілі 2-тоқсан
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

2-тоқсан бойынша жиынтық бағалауға арналған тапсырмалар

6-cынып № 1 БЖБ

Бөлім «Астана – мәдениет пен өнер ордасы. Лексика»

Оқу мақсаты

6.2.6.1- оқылым стратегияларын қолдану: комментарий жасау, іріктеп оқу, рөлге бөліп оқу;

6.4.3.1 неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданыс аясын түсіну және ажырата білу;

Бағалау критерийі Білім алушы

    • Мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды;

    • неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданылуын ажыратады;


Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары


Орындау уақыты 15 -20 минут


Тапсырма

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі тірек сөздердің, астын сызыңыз.

Елордамыз Астана қаласы әрбір қазақстандық үшін ерекше ыстық, жанына жақын қала. Ол кең байтақ қазақ жерінің соққан жүрегі іспетті.

Бүгінгі Астана еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту, саяси, рухани орталығы болып табылады. Қала орталығындағы 105 метр биіктікті құрайтын «Бәйтерек» еліміздің басты нышан-символына айналған терең мағыналы архитектуралық нышан. Бүгінде әлемдік лидерлер осы жерді жиі бас қосып тұрады. Астанаға бірінші рет барған кез келген жан ең алдымен Бәйтерекке көтеріліп, биіктен айналаға көз тастары анық.

Сәулет өнерінің бірегей туындылары болған асқақты, айбатты Ақорда, Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Қазақ елі» монументі, «Хазірет Сұлтан» мешіті мен «Нұр Астана» мешіті, «Астана – Арена» заманауи үлгідегі стадионы, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы, тұрғын үй кешендері, басқа да көрікті ғимараттар көрген жанның мерейін тасытып, болашаққа деген сенімін нықтай түседі. Кең көшелері, жасыл желекке бөленген гүлзарлар мен саябақтар үздік үлгідегі салынған су бұрқақтары бәрі де жанынды рахатқа бөлеп, санаңды сергітеді.

Қала күн сайын гүлдене бастады. Жай ғана елорда емес, түрлі саммиттер мен халықаралық кездесулер өтетін орынға айналған. Елордада балалар мен оқушыларға арналған арнайы тақырыпқа бөлінген көрмелер, еліміздің өткен тарихы туралы танымдық сағаттар, концерттер, қойылымдар, спорттық біріншіліктер және т.б. өткізіледі.

Сәні мен салтанаты жарасқан, айдай сұлу Астана біздің мақтанышымыз, елдігіміздің бейбіт өміріміздің алтын арқауы. Астана – егеменді еліміздің бас қаласы. Жасай бер, жайнай бер, ару қала- Астана!

http://old.baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_kogam/aru_kalaastana



2-тапсырма. Көрікті Астана қаласында өтетін елеулі іс-шараларды мәтіннен іріктеп жазыңыз.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма. Семантикалық карта. Берілген сөздерді бағандарға бөліңдер.

Мысалдар

Неологизм

Термин сөз

Кәсіби сөз

Диалект сөз

Атауыз





Бәдірен





Синоним





Торлама





Радиус





Желі





Ауқат





Ермексаз





Бағалау критерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

*Мәтіннен қажетті ақпараттарды іріктеп оқиды;

неологизм, термин, диалект сөз, кәсіби сөздердің қолданылуын ажыратады;

1



Мәтінді мұқият оқып, негізгі тірек

сөздерді анықтайды;

1

1

Негізгі тірек сөздердің астын сызады;

1

1

Мәтіндегі автор сипаттаған Астана қаласында өтетін елеулі іс-шараларды мәтіннен іріктеп жазады;

1

1

Неологизмдерді ажыратады;

1

Термин сөздерді ажыратады;

1

Кәсіби сөздерді ажыратады;

1

Диалект сөздерді ажыратады.

1

Барлығы – 10 балл


Дұрыс жауаптар

1-тапсырма. Мәтінді мұқият оқыңыз. Негізгі тірек сөздердің, астын сызыңыз.

Елордамыз Астана қаласы әрбір қазақстандық үшін ерекше ыстық, жанына жақын қала. Ол кең байтақ қазақ жерінің соққан жүрегі іспетті.

Бүгінгі Астана еліміздің әлеуметтік-экономикалық, мәдени-ағарту, саяси, рухани орталығы болып табылады. Қала орталығындағы 105 метр биіктікті құрайтын «Бәйтерек» еліміздің басты нышан-символына айналған терең мағыналы архитектуралық нышан. Бүгінде әлемдік лидерлер осы жерді жиі бас қосып тұрады. Астанаға бірінші рет барған кез келген жан ең алдымен Бәйтерекке көтеріліп, биіктен айналаға көз тастары анық.

Сәулет өнерінің бірегей туындылары болған асқақты, айбатты Ақорда, Бейбітшілік пен келісім сарайы, «Қазақ елі» монументі, «Хазірет Сұлтан» мешіті мен «Нұр Астана» мешіті, «Астана – Арена» заманауи үлгідегі стадионы, «Хан шатыр» ойын-сауық орталығы, тұрғын үй кешендері, басқа да көрікті ғимараттар көрген жанның мерейін тасытып, болашаққа деген сенімін нықтай түседі. Кең көшелері, жасыл желекке бөленген гүлзарлар мен саябақтар үздік үлгідегі салынған су бұрқақтары бәрі де жанынды рахатқа бөлеп, санаңды сергітеді.

Қала күн сайын гүлдене бастады. Жай ғана елорда емес, түрлі саммиттер мен халықаралық кездесулер өтетін орынға айналған. Елордада балалар мен оқушыларға арналған арнайы тақырыпқа бөлінген көрмелер, еліміздің өткен тарихы туралы танымдық сағаттар, концерттер, қойылымдар, спорттық біріншіліктер және т.б. өткізіледі.

Сәні мен салтанаты жарасқан, айдай сұлу Астана біздің мақтанышымыз, елдігіміздің бейбіт өміріміздің алтын арқауы. Астана – егеменді еліміздің бас қаласы. Жасай бер, жайнай бер, ару қала- Астана!

http://old.baq.kz/kk/news/aimaktik_bak_kogam/aru_kalaastana



2-тапсырма. Көрікті Астана қаласында өтетін елеулі іс-шараларды мәтіннен іріктеп жазыңыз.

Жай ғана елорда емес, түрлі саммиттер мен халықаралық кездесулер өтетін орынға айналған. Елордада балалар мен оқушыларға арналған арнайы тақырыпқа бөлінген көрмелер, еліміздің өткен тарихы туралы танымдық сағаттар, концерттер, қойылымдар, спорттық біріншіліктер және т.б. өткізіледі.

_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________


3-тапсырма. Семантикалық карта. Берілген сөздерді бағандарға бөліңдер.

Мысалдар

Неологизм

Термин сөз

Кәсіби сөз

Диалект сөз

Атауыз



+


Бәдірен




+

Синоним


+



Торлама



+


Радиус


+



Желі

+




Ауқат




+

Ермексаз

+










Жариялаған:
Нурбайқызы Жайна
13 Желтоқсан 2024
128
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі